144
тосап, қант, бал, жеміс қағынан жасалған кәмпит, мармелад,
орынды
мөлшердегі шоколадты емес кәмпиттер.
Сусындар: сүтпен шай, сүтпен кофе, тәтті жемісті және жидекті
шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шектеу қойылады: ащы және майлы басытқылар, етті және балықты
консервілер, сүрленгендер, қымыздық қышқылы
мен эфир майларына бай
көкөністер; саңырауқұлақтар; бұршақ тұқымдастар; бітеу пісірілген және
қуырылған
жұмыртқалар; кілегей және ащы ірімшік; субөнімдер – бауыр,
бүйрек, ми; мүкжидек, қызыл қарақат, қарлыған; шоколад; балмұздақ; сүтсіз
кофе, какао, газдалған сусындар.
14.2.4.
№7 диета
Жалпы сипаттамасы. Бүйрек ауруларына тағайындалады. Оның емдік
мақсаты – бүйректерді орынды есіркеу,
олардың қалыпты қызметтерін
қалпына келтіруге жәрдемдесу, ас тұзын жедел шектеу жолымен ағзадан
азоттық және зат алмасудың басқа өнімдерін шығаруға ықпал ету,
тұтынылатын ақуыз, бос сұйықтық, айтарлықтай мөлшердегі холестерині бар
(бауыр, ми, жұмыртқалар, малдың майы) өнімдер мөлшерін азайту.
Құрамында липотропты заттектері бар өнімдерді (сүзбе, сүтті
қышқыл
өнімдер, өсімдік майлары), сондай-ақ бүйректердің қызметін жақсартатын
көп мөлшердегі калийі бар көкөністер мен жемістерге (картоп, жасыл
бұршақ, қызанақ, қызылша, қарақат, жүзім, өрік, кептірілген жемістер) кеңес
беріледі.
Балық пен етті асылған күйде дайындайды. Артынша қуыруды және
пісіруге рұқсат етіледі.
Тағамдардың дәмі тұздықтармен, дәмдеуіштермен,
лимон қышқылымен жақсара түседі. Тамақты тұзсыз әзірлейді, Ал науқасқа
қандай да бір тағамға себуі үшін күніне 2-3 г тұз береді.
Тұздай түсуді қажет ететін өнімдерді тұзсыз да керемет дәмге ие
өнімдермен (сүзбе, жемістер және т.б.) үйлестіру тәсілі кеңінен
қолданылады.
Ыстық тағамдарды 75°С, салқын тағамдарды 15-20°С
температурада
береді.
Достарыңызбен бөлісу: