143
Салқын тағамдар: ет, балық, балғын көкөністер теңіз өнімдерінен
әзірленген салаттар; винегреттер;
қайнатылған, турама толтырылған балық,
суланған майшабақ; тұщы және майсыз ірімшік; докторлық, сүтті, диеталық
шұжықтар.
Сорпалар: сүтті макарон өнімдерімен, көкөністі,
жармалы көкөністі
қайнатпада, жемісті; жаңа піскен қырыққабаттан борщ, щи (вегетариандық);
қызылша сорпасы, көк сорпа.
Картоп және көкөністер: шикі, асылған, бұқтырылған, пісірілген
көкөністер пайдаланылады; алдын ала жидітілгеннен
кейінгі тағамдағы
басты пияз; тұщы ашытқан қырыққабат, пікен қызанақтар, жасыл бұршақ,
бақшалылар; майдалап туралған көк пияз және
шикі басты пиязға салаттар
мен винегреттерге қоспа ретінде рұқсат беріледі.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі жармалардан, әсіресе, арпа
және қарақұмық жармасынан ботқалар, кептірілген жемістерден, сәбізден
палау; сәбіз және сүзбемен пудингтер; ірімшік,
жұмыртқа қосылған
қарақұмық ботқасы, қайнатылған макарон өнімдері.
Жұмыртқалар: тек қандай да бір тағамдардың құрамында ғана, ал
сарыуызын тұтыну күніне 1 данадан ғана рұқсат етіледі. Жұмыртқа
ақуыздарынан буландырылған немесе пісірілген омлет жасайды.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған сүт, қышқыл сүтті
балғын сусындар (ацидофилин, айран, майлы айран), тұщы, майлы,
жартылай майлы, майсыз сүзбе және одан дайындалатын тағамдар –
пісірмелер, варениктер, буланған
немесе пісірілген пудингтер; 6%
майлылықтағы қаймақ (тағамдарға қосуға), кілегей, сүт. Майлы сүзбе, тұзды,
майлы ірімшікке шектеу қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: