154
диеталарда тұздықтардың қолданылуына шектеу қойылған. Ол жағдайда
тағамға сары май немесе қаймақ құяды (диетаны есепке алумен).
Диеталық тамақтандыруда жалпы тамақтандыруда жоқ тұздықтарды да
дайындайды.
Ваниль тұздығы (№1 және 2 диеталар). Жұмыртқа сарыуыздарын
қантпен үгіп, кілегей қосады да жақсылап араластырады. Үздіксіз араластыра
отырып, қайнаған сүт құяды. Тұздықты сулы жылытқышта 75-80°С
температурада қоюланғанша қайнатып, ванилин қосып, сүзгіден өткізеді.
Алайда аттары сәйкес келетін тұздықтар
жалпы тамақтандыру
тұздықтарынан
рецептурасы
және
дайындалу
технологиясымен
ерекшеленеді. Мысалы, қоңыр сорпаны қайнатуда пісірілген көкөністерді
қоспайды; негізгі қызыл тұздықты пиязсыз дайындайды; май ретінде
ерітілген майды қолданады; дәмдеуіштер қоспайды.
Радиацияға қарсы диеталарға арналған көптеген
тұздықтарды пісіруде
сорпа немесе судың бір бөлігін бидай кебектерінің қайнатпасымен
алмастырады (негізгі ақ, сүтті, қаймақты, саңырауқұлақты тұздықтарда).
Кептірілген наннан жасалған тұздыққа кептірілген нандардың орнына
қуырылған ұнтақты кебектерді қосады.
Майонез тұздығын жұмыртқа
сарыуыздары бөлігінің орнына пектин негізінде әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: