Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Сублимациялық кептірілген өнімдердің



Pdf көрінісі
бет156/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174
15.3.2.
Сублимациялық кептірілген өнімдердің 
сипаттамасы мен оларды қолдану технологиясы
Тез мұздатылатын өнімдер оларды өндіру мен сақтауда минустық 
температураларды қамтамасыз етуде қуаттың көп шығынын талап етеді.
Кептірілген өнімдер бұл қатынаста артықшылыққа ие. Бірақ жылумен 
кептіруде өнімдерден көптеген табиғи заттектер ұшып кетеді. Балғын өнімге 
тән емес дәм мен иісті заттектер түзілуі мүмкін. Бұл кемшіліктер 
сублимациялық кептірілген өнімдерде болмайды. Өнімдегі ылғалдылық 
минустық температураларда вакуумда жоғалады. 
Сублимация әдісімен еттерді үлесті және майда кесекті жартылай 
фабрикат, шикі не піскен еттен турама, қышқыл-сүтті өнімдер (сусын, 
қаймақ, сүзбе), жемістер мен жидектер, дайын аспаздық өнімдер түрінде 
кептіреді. Төменгі ылғалдық пен дымқыл жібермейтін қаптамасының 
арқасында өнімдер 20°С температурада бірнеше жыл сақтала алады.
Бұндай өнімдердің бірінші тұтынушылары болған геологтар мен 
таушылар болған. Олар оны өте жоғары бағалады. Табиғи өнімдерге 
қарағанда сублимациялы кептірілген өнімдер 10 есе аз салмақта екенін 
ескере кету қажет. Геологтар үшін аспаздық өнім 1, 2 және 4 адамға арналған 
таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа арналған тамақ жинағы ретінде жинақталады. 


171 
Соңғы жылдары бұндай өнімдер ғарышкерлер тамақтануында да пайдала-
нылуда.
Тұтынуға дайындық кезінде тағамдарды қаптамасынан алып, суда немесе 
1-2%-
дық тұз ерітіндісінде 10-25 минут малып алады (бұл үдеріс «қайта 
қалпына келтіру» атауына ие болды). Жемістер мен жидектерді алдын ала 
дымқылдатпайды, бірден қайнап жатқан шәрбатқа салып жібереді, онда олар 
ісініп, дайын болады. Қайта қалпына келтіруде су мен өнімнің қатынасы – 1 
кг өінмге 2-4 л су (қаптама сыртында көрсетілген). 
15.3.3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет