Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет67/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Қарақұмық ботқасы. Бұл өнім үшін шашыраңқы қарақұмық немесе 
бидай ботқасын пісіріп, 70-60°С-қа дейін салқындатады. Езілген сүзбе, қант, 
маргарин, шикі жұмыртқа қосып, араластырады. Содан кейін кәдімгі пісірме 
секілді әзірлейді. Маймен не қаймақпен береді. 
Пудингтер. 60-70°С температурадағы жабысқақ ботқаға майда 
бөліктермен туралған цукаттарды, қантпен үгілген жұмыртқа сарысын
мейізді, ванилинді, майды араластырып, қою көбік болғанша шайқалған 
жұмыртқа ақуызын қосады. Қайтадан ептеп араластырып, май жағылып, 
кепкен нан себілген үлесті табаға немесе жайпақ табаға салып, үстіңгі 
қабатын жұмыртқа және қаймақ қоспасымен жауып, пісіреді. Берер алдында 
өрік не мүкжидек тұздығын құяды, не болмаса тосаппен береді. 
Атақты гурьевтік ботқа да пудинг болып табылады. Оны әзірлеу үшін 
жабысқақ ұнтақ ботқасын пісіріп, 70-60°С-қа дейін салқындатады. Сары май, 
қант және ванилинмен шайқалған жұмыртқа қосады. Массаның жартысын 
тегіс қабатпен май жағылып, кепкен нан себілген үлеспелі табаға салып, сәл 
қуырылып ұсақталған жаңғақтарды себеді. Оның үстіне қуыру шкафында 
піскен сүттен алынған көбікті салып, ботқаның екінші жартысымен жабады. 
Үстіңгі қабатын тегістеп, қант сеуіп, қуыру шкафында қызарған қабықша 
пайда болғанша пісіреді. 
Ыстық күйінде үстіңгі қабатын шәрбатта қыздырылған консервіленген 
жемістермен әрлеп, үгітілген жаңғақ сеуіп береді. Бөлек өрік тұздығын 
береді.


78 
8.4.
Бұршақтылардан әзірленген тағамдар
Бұршақтылардан және картоптан дайындалған пісірме. Пісірілген 
бұршақтыларды, асылған картопты және шала қуырылған пиязды ыстық 
күйінде араластырып, езгілейді. Массаны тұздап, шикі жұмыртқаларды 
қосып, дайын тұрған жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатына қаймақ жағады. 
Аунатылған кепкен нан сеуіп, 10 минут ішінде пісіреді. Берер алдында 
қызыл тұздық немесе қаймақ құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет