Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Картоп қосылған сырниктерді



Pdf көрінісі
бет152/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Картоп қосылған сырниктерді келесідегідей дайындайды: тазартылған 
картопты қайнатады, езгілейді, езгіленген сүзбе, шиік жұмыртқалар, ұнның 
қалыпты мөлшерінің 
2
/
3
-
ін, тұз қосып, жақсылап араластырады. Алынған 
массаны сырниктерге бөліп, оларды қалған ұнға аунатып қуырады.
Сәбіз қосылған сырниктерді дайындау технологиясын қарастырайық. 
Тазартылған шикі сәбізді ұсақтап, сары маймен аз мөлшердегі суда (сәбіз 
массасына 10%) бөктіреді. Одан кейін ұнтақ жармасын қосып, араластыра 
отырып, ісінгенше пісіреді.
Массаны салқындатып, оған езгіленген сүзбе, шикі жұмыртқалар, қант 
және ұнның қалыпты мөлшерінің 
2
/
3
-
ін қосып, мұқият араластырады. 
Алынған массадан сырниктер қалыптап, оларды ұнға аунатып, қуырады.
Ұннан дайындалған тағамдар және аспаздық өнімдер. Тұшпара, жұқа 
құймақ, құймақ, сондай-ақ бәліштер, ватрушкалар сияқты тағамдар 
балалардың сүйікті тағамдарының қатарында. Жұқа құймақтар мен 
құймақтардың тағамдық құндылығын көтеру үшін қамырға жидекті
көкөністі немесе жемісті езбелерді (сәбізді, асқабақты, кәділі, алмалы және 
т.б.) қосады.
Тәтті тағамдар. Үлкендер тәрізді балалар да тәтті дәмді сезінуге құмар. 
Сондықтан олардың тамақтануында тәтті тағамдар мен тәттілер міндетті 
түрде болуы қажет. Тек тамақтану арасында емес, олардың біреуінің не 
бірнешеуінің құрамында болады. Ең алдымен балғын жемістер мен жидектер 
пайдалы. Сонымен қатар, мектеп асханаларының мәзіріне компот, кисель, 
желе, ыстық тәтті тағамдар қосады.
Бөлішкелі және ұнды кондитерлік өнімдер. Бұл өнімдер дәмді
калориялы, балалар сұранысына ие. Оларды мектеп таңғы асының, мектеп-
интернаттары мен лагерьлердің бесіндіктерінің мәзіріне қосу керек. Түрлі 
бөлішкелер, піспенандар, пірәндіктер, кішкентай шелпек нандар, үгілмелі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет