Сіз неғұрлым жеңілдеу тілді қолдансаңыз, соғұрлым сіздің оқушыларыңыз мағынаны жеңілдеу меңгереді.
Сөздік қорыңызды/өз тіліңізді жеңілдету арқылы саралауды іске асыра аласыз.
Сіз саралаудың бұл түрін сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануыңыз мүмкін:
Бүкіл сыныпқа сөйлеген кезде;
Жекелеген оқушыларға сөйлеген кезде;
Оқушыларға кері байланыс (comments) жазғанда;
Таныстырылым слайдтарында;
Үлестірме материалдарында;
Сөйлеу тілін қарапайым ету кейбір жайттарды тастап кетуді білдірмейді, керісінше ол кей жайттарды анығырақ түсіндіруді, түсінуді жеңілдетуді білдіреді.