«Жұптық жұмыс» - саралаудың V тәсілі
бет 11/18 Дата 06.01.2022 өлшемі 4,41 Mb. #11412
Байланысты:
Саралаудың он қағидасы Жұптық жұмыс оқушыларға мәселені немесе тапсырманы талқылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың түсінігін дамытуға көмектеседі. Сіз әлеуеті жоғары оқушы мен әлеуеті төмен оқушыны жұптастырсаңыз болады , сонда бірі екіншісіне жеке орындауға қиын болған тапсырмаға қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, сіз екі әлсіз оқушыны жұптастырсаңыз да болады, сонда сіз олармен өзіңіз жұмыс істей аласыз. Бұл сізге олардың екеуіне де жақсы нәтижеге жетуге көмек көрсетуіңізге мүмкіндік береді. Тыңдалымға арналған тапсырма Оң жағыңыздағы әріптесіңізбен жұптасыңыз; Менің сұрақтарымды мұқият тыңдаңыз ; Сұрақтарды тыңдай отырып, БИНГО парақтарыңызды толтырыңыз, естіген сұрақтың дұрыс жауабын тапқан болсаңыз , сол ұяшықты Х белгісімен белгілеңіз, бірден қолыңызды көтеріп “жауап дайын” деп айтыңыз; Мен жауапты тексеріп , сұрақтарды әрі қарай жалғастырамын; Егер сіздің БИНГО парағыңызда үш қатар Х белгісі болса, “БИНГО” деп айқайлаңыз , Бұл сіздің ЖЕҢІМПАЗ екендігіңізді білдіреді. Достарыңызбен бөлісу: