Тамшылары



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
періштелермен пәктелу
Сахабалардың бірі Ханзаланың (р.а) жаңа 
үйленген ең алғашқы түні. Дәл сол түні таңға жуық 
сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын жинап 
үлкен дайындықпен, исламға тұтқиылдан тап бер-
ген дұшпанға қарсы соғысқа жиналуды шұғыл түрде 
бұйырды. Хабаршыдан соғыс хабарын естігенде Хан-
зала (р.а) да дереу киіне сала, ғұсыл дәретін алуға да 
мұршасы келмей, апыл-ғұпыл соғыс майданы Ұхыдқа 
қарай құстай ұшты. 
Соғыс бітіп, мұсылмандар Мәдинаға қайта ба-
стады. Әркім-ақ аман қайтқан жақындарын іздеп жол 
бойына тізілді. Бұлардың арасында үйленгеніне бір-
ақ күн болған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұйрығына 
мойынсұнып ертемен соғысқа аттанып, дұшпан 
қолынан шейіттік шәрбатын ішкен Ханзаланың (р.а.) 
жесірі де бар. Елдің бәрі жапа-тармағай аман қайтқан 
өз жақындарын сұрастырғанымен, сахабалардан ешкім 
тіл қатпастан жай ғана пайғамбарымызды мегзесті. 
Сұралған сұрақтардың бәріне де Пайғамбарымыз өзі 
жауап беріп келе жатты. Ең соңынан Ханзаланың (р.а) 
әйеліне кезек келгенде, ол да Пайғамбарымызға имене 
жақындаған күйі:
- Уа, Аллаһтың елшісі! Ханзала қайда?- деп 
сұрады.
- «Ханзала шейіт болды»,- деп жауап берді ол. 
Сол кезде Ханзаланың әйелі:
- Уа, Расулаллаһ! Менің сізге айтпағым, бәлкім, 
отбасылық сыр болар. Кеше ғана үйленгенімізді 
өздеріңіз де білесіздер. Түннен шыққандықтан күйеуім 
таң ата ғұсыл дәретін алып үлгірместен соғысқа ат-


104
Тағылым тамшылары
танып кете барды. Соғыста шейіт түскені мәлім бол-
ды. Енді рұқсат етсеңіз, сол жуынуға мүмкіншілігі 
болмаған күйеуімді жуғызып, арулап көмсек деген 
тілек айтпақпын,- дегенде Пайғамбарымыз оған: 
- Сен Ханзаланы уайымдама! Мен періштелердің 
оны рақым суымен жуып-шайып жатқанын көрдім,- 
деп үлкен сүйінші хабар айтты. 
Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхыдқа бет 
түзеп, Ханзаланы іздестірді. Бір таңғаларлығы, са-
хабалар Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында 
тауып алды. Сүйікті Пайғамбарымыздың бұл жолғы 
айтқанының да рас шыққанына елдің тағы бір рет көзі 
жетті. Сондықтан Ханзаланы ел «Ғасилул-мәлаика» 
(«Періштелер жуған Ханзала») деп еске алатын бол-
ды. 
Кейіннен Ханзаланың артта қалған әйелінен үлкен 
сахабалардың бірі, асылдың сынығы Абдуллаһ дүниеге 
келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет