кеңшілігінен дүние, мал-мүлік, байлыққа кенелтсе,
садақа беріп, игілерден болатындықтары жайлы
Аллаһқа сөз береді. Ал, олар Аллаһ тағала байлыққа
қауыштырған кезінде, байлықтарына сараңдық
қылып, Аллаһтан жүздерін бұрып (әміріне қарсы
келіп), берген уәделерінен айныды».
22
Осы аят арқылы Салабаның екі жүзділер
қатарына жатқызылғандығы білініп, жаны ашыған
бір туысының Салабаның жанына батыра айтуымен
Салаба кедейлердің ақысын беріп, Аллаһ алдында екі
жүзділіктен арылмақ болып, малын айдап әкелді. Алай-
да оған Аллаһ тағаланың тыйымымен енді қабылдай
алмайтындығын айтып, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
қарсылық білдірді.
Кейіннен Мұхаммед пайғамбар дүниеден қайтып,
одан кейінгі халифалар Хазірет Әбубәкір мен хазірет
Омарға малының зекетін беру үшін барса да, олар:
«Пайғамбарымыз қабылдамаған зекет малдарыңды біз
қайтіп қабылдамақпыз?!» – деп, Салабаның зекетін
керексінбеді.
Үшінші халифа Осман тұсында, қайтыс болар ал-
дында Салабаның құлағында: «Шүкірін өтей алатын
22
Тәубе, 75-76.
116
Тағылым тамшылары
аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық
емес пе еді?!» деген Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
осы бір ғибратты сөздері жаңғырып тұрды...
Надандықтың кесірі
Жабир сахаба (р.а.) әңгімелеуде:
Жолдастарымызбен бірге сапарға шықтық.
Арамыздағы біреудің басына тас тиіп қатты жаралан-
ды, тіпті бас сүйегіне зақым келді. Артынша әлгі кісі
ұйқыда жатып ихтилам
23
болғандықтан:
– Жайым болса мынау, менің таза топыраққа
тәйаммум соққаным дұрыс шығар? – деп сұрады.
Жолдастары:
– Жоқ, су бар жерде тәйаммум соғуға болмайды, –
деп рұқсат етпеді.
Сонда әлгі жігіт сумен ғұсыл құйынамын деп
басындағы жарадан ішке су кетіп сол мезет тіл тартпай
қайтыс болды.
Пайғамбарымыздың қасына келгенімізде оған бар
жайды баяндадық.
Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Қарап отырып кісіні өлтіргені несі, Аллаһ та
оларды өлтірсін! – деді де сөзін жалғастырды, – Білмесе
сұрамай ма екен? Надандықтың бірден бір емі – сұрап
білу. Әлгі кісіге жай ғана топыраққа тәйаммум соға
салғаны жеткілікті еді. Жарасын таңып үстін ғана си-
пап өтіп, қалған денесін сумен жуса да болатын еді
24
...
23
Бой дәретін қажет ететін жағдай
24
Әбу Дауыт
117
Сахабалар сабағы
Достарыңызбен бөлісу: |