Тамшылары



Pdf көрінісі
бет46/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Аллаһ бергенін алады
Үммү Сүләйм ары таза, тәрбиелі, иманы берік 
әйел болатын. Құшағындағы баласы қайтыс болғанда 
асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жуып, өзі 
кебіндеген соң үйдің бір тұсына апарып қойған күйі 
көршілерге қарап: – Әзірге әкесіне хабар айтпаңдар! – 
деп қатаң табыстады. 
Әкесі Әбу Талха сахаба ол кезде маңайда жоқ бо-
латын. Кеш бата үйге келгенде баласының жағдайын 
сұрады, әйелі: – Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір, – 
деп жауап берді. 
Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда Үммү 
Сүләйм күйеуінен сұрады: – Ей, Талха! – деді көзіне 
көзін қадаған күйі, – Қарызға алған нәрсені қайтарған 
жөн бе, жөн емес пе?
– Ол не дегенің? Қарызға алынған нәрсе, әрине, 
қайтарылуы керек. 
– Олай болса, Аллаһ тағала саған аманаттаған 
ұлын өзі қайтып алды!
Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы:
– Е,е, біз бәріміз де Аллаһ тағала үшін жаратылдық. 
Ерте ме, кеш пе түбінде соған қайтамыз ғой, – деп 
Жаратушының ісіне ризашылықпен мойынсұнып 
көнгеннен басқа артық қылық жасамады... 
Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын 
жайып: – Я, Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі 
ісін оған екі есе ғып қайтара гөр! – деп дұға етті. 
Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Талха үйі 
шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тапты. 
Атын «Абдуллаһ» деп қойысты. 


118
Тағылым тамшылары
Пайғамбарымыздың қорғауында өскен Абдуллаһ 
кейіннен исламға аянбай қызмет еткен ұлы тұлғалардың 
бірі болды. 
«Иә, Аллаһ! Бергеніңді алсаң да береріңді алма» 
деген.
Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
Амр ибн Астың өзі әңгімелеуде:
«Хәндек» соғысынан Меккеге орала сала өзіммен 
ойы бір жерден шығатын Құрайыш тайпасының 
біраз кісілерінің басын қостым. Олар бастан-аяқ мені 
тыңдады. Сөз соңы:
– Бәріңіз онсыз да біліп-көріп жүрсіздер, 
Мұхаммед барған сайын дес бермей күшейіп бара жа-
тыр. Осы орайда менде тамаша бір пікір бар, – дедім. 
Олар:
– Ол қандай пікір? – деп сұрады. 
Мен:
– Бәріміз 
бір 
кісідей 
барып 
Хабаштық 
(Эфиопиялық) патша Нәжашиді паналайық. Мұхаммед 
біздің тайпамызды жеңіп кетсе, онда соны паналап 
тұра берерміз. Мұхаммедтің қол астына кіргеннен гөрі 
Нәжашидің қол астына кірген әлдеқайда артық. Ал 
егер біздікілер жеңіп кетіп жатса, онда бізге жақсылық 
болмаса жамандық келмесі анық, – дедім. 
Бәрі бірауыздан пікіріме қолдау білдірді. Мен:
– Ендеше, Нәжашиға апаратын сыйлықтарды 
әзірлеңдер! – дедім. 
Нәжашиға апаратын сыйлықтардың біразына 
келісті иленген бағалы терілер таңдалды. Артынша 
Меккеден шығып Нәжашиге бардық. 


119
Сахабалар сабағы
Біз сол жақта болғанда Амр ибн Үмейя да келді. 
Хазірет Пайғамбар Жәфар мен жолдастары үшін Амр-
ды Нәжашиге жіберген болатын. 
Амр Нәжашидің құзырына кіріп шықты. 
Мен достарыма қарап:
– Амр ибн Үмейя деген осы. Мұхаммедтің ада-
мы. Нәжашиға кіріп бұны маған тапсыр деп өтініш 
білдірсем, Нәжаши оны маған берсе, мен оның басын 
кесіп алсам! Менің Мұхаммедтің елшісін өлтіруім – 
Құрайыштар үшін үлкен бір сый болар еді, – дедім. 
Сөйттім де Нәжашидің құзырына кірдім. Әдет бой-
ынша патша алдында барынша басымды жерге тигізіп, 
сәждеге жығылдым. Ол маған:
– Амр, достым, сәлем! – деді, – Маған қандай сый-
сияпатпен келдің?
– Әй, патша! Саған иленген теріден мол ғып 
әкелдім, – дедім. 
Сөйттім де әкелген терілерімді жалма-жан Нәжаши 
патшаның алдына жайып салдым. Тарту-таралғым оған 
қатты ұнады. Артынша:
– Әй, патша! Мен жаңа ғана сіздің қасыңыздан 
шыққан бір кісіні көрдім. Ол – менің дұшпанымның 
елшісі. Соны маған берсеңіз, мен оны өз қолыммен 
өлтірсем. Өйткені ол біздің алдыңғы қатарлы бірнеше 
жастарымызды қыршынынан қиды, – деп көкейімдегі 
көксеген ойымды айттым. 
Алайда Нәжаши патша бұған қатты ашуланды. 
Сөйтті де мен еш күтпеген оқыс қылық жасады. Әй-
шайға қаратпай жұдырығымен мұрнымнан қойып 
қалды. Көзімнің оты жарқ етті. Сірә, мұрным сынып 


120
Тағылым тамшылары
кеткен болар деп ойладым. Қатты қорыққаным сонша 
не істерімді білмей қалшиып тұрдым да қалдым. 
Сәлден кейін есімді жиып:
– Әй, патша! Бұл өтінішімді ұнатпайтындығыңды 
білгенде оны сұрамас едім, – дедім әлгіндегі 
айтқандарыма іштей өкініп. 
Нәжаши болса:
– Мұса пайғамбарға келген Жәбрейіл періште 
Мұхаммедке де келеді екен. Мен ондай ардақты 
адамның елшісін саған қалай ұстап бермекпін?! – деді 
қатуланған күйі. 
– Әй, патша! Айтқаныңыз рас па? 
– Ей, азапқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұрған 
неме! Білмесең мені жақсылап тыңда! Одан да сен сол 
адамның етегіне жармасып , айтқанына көн! Аллаһқа 
ант етейін, өйткені ол ақиқат жолындағы адам, 
шын пайғамбар. Мұса қалайша өзіне қарсы келген 
Перғауындықтарды жеңсе, оның да дәл солай түбінде 
өз дұшпандарын тұқыртары сөзсіз. 
– Олай болса, сіздің қолыңызды алып көз 
алдыңызда иманға келетіндігіме уәде берсем бола ма? 
– деп сұрадым. Нәжаши болатындығын айтты. Мен 
Нәжашиге уәде бердім. 
Нәжашиден шығып, жолдастарымның қасына 
бардым. Мұсылмандықты қабылдағанымды іштей 
жасыра тұрғанды жөн көрдім. Артынша Пайғамбарға 
баруға жолға жиналдым. Жолда Халид ибн Уәлидті 
жолықтырдым. Бұл оқиға Мекке қаласын азат етердің 
сәл-ақ алдында болған еді. Ол да Меккеден келе жатыр 
екен. Одан:


121
Сахабалар сабағы
– Әй, Сүлейменнің әкесі! Қайда жол тарттың? – 
деп сұрадым. 
– Ақ пен қараны, ақиқат пен надандықты ажырата 
алмай не көрініпті? Мен Мұхаммедтің хақ пайғамбар 
екендігіне анық сендім. Соның тікелей өзіне барып 
мұсылмандықты қабылдамақпын. Сен де қашанғы 
тісіңді қайрамақсың, одан да иманға келсеңші? – деді. 
Мен оған:
– Растығына ант етейін, негізі мен де мұсылман 
болуға бара жатқан едім, – дедім. 
Халид екеуміз Мәдинаға бірге бардық. Пай-
ғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қатар келдік. Халид 
менен бұрын мұсылманшылықты қабылдады. Артын-
ша мен де:
– Уа, жалғыз Жаратқаннан басқадан жебеу 
күтпеген ардақты Пайғамбар! Мен өткен күнәларыма 
зор өкініш білдіре отырып ислам дінін шын ынта-
ниетіммен қабылдамақпын, – дедім. 
Хазірет Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Ей, Амр! Ислам бұрынғы кемшілік-күнәларыңның 
бәрін жуып-шаяды. Хижрат етіп Меккеден Мәдинаға 
көшкендер де күнәларынан дәл осылай құлан-таза 
арылған болатын, – деді.
Расулаллаһ алдында мұсылманшылықты қабылдап 
кері қайттым...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет