Тамшылары



Pdf көрінісі
бет61/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84
Әулиенің кішіпейілділігі
Үлкен әулиелердің бірі Ибраһим Әдхам 
әңгімелеуде:
Әкем Хорасан Бәлх басшыларының бірі еді. 
Бір күні атқа мініп аң аулауға шықтым. Алдымнан 
шыққан түлкі ме, қоян ба, әйтеуір, бір аңды қуып бара 
жатқанмын. Бір уақытта ту сыртымнан: «Әй, Ибраһим! 
Саған әмір етілген іс бұл емес. Сен мұндай тірлік 
үшін жаратылған жоқсың!» деген дауыс естілді. Жан- 
жағыма қанша қарағаныммен ешкімді көре алмадым. 
Кейіннен дәл осы дауысты алыстан және жақыннан екі 
рет тағы естідім. Сол сәт ойландым да, іштей былай 
деп түйдім: «Бұл маған білдірген аян болар, мүмкін 
Аллаһ тағаланың ескертпесі шығар. Не дегенмен бұдан 
былай бұл теріс жүрісті қойып, Аллаһтың айтқанымен 
ғана жүрейін».


150
Тағылым тамшылары
Атыма мініп әкемнің малшыларының біреуіне 
келдім. Өзім сол малшының киімін киіп, малшыға 
өзімнің бағалы киімдерімді кигіздім. Күн-түн демей 
жүріп, тау-тасты басып өтіп, Иракқа келдім. Иракта 
бірталай күн қара табан жұмысшы болдым. Алайда 
астың адалын ғана ойлағандықтан ол жерде де әбден 
мазам кетті. 
Кейбір есті кісілер табысты адалымен ғана табам 
десең Шам мен Тарсус қалалары жаққа бар деген ақыл 
айтты. Мен сол жаққа тарттым. Тарсуста көп күн бойы 
біреудің бақшасын күзеттім. 
Бір күні бақша қожайынының достары келді. 
Қожайын маған: – Ей, бақша күзетшісі! Бар да, анардың 
ең жақсысынан біраз алып келші? – деді. Мен барып 
біраз анар әкелдім. Әлгі кісі анардың дәмін көргенде 
қышқыл екенін байқады. Сөйтті де маған қарап 
ожырайған күйі: – Сен осынша уақыт бақшаға қарауыл 
болып жүрсің. Бақшадағы жеміс-жидектерден, анар-
лардан жейсің. Сонда осылардың қайсысының тәтті
қайсысының қышқыл екендігін әлі күнге ажырата 
алмағаның ба? – деді. Мен оған: – Аллаһ атымен ант 
етейін! Мен жемістеріңізден бір түйір де жеген емеспін. 
Тәттісі мен қышқылын да бір-бірінен ажырата алмай-
мын, – дедім. Ол маған таңғалған күйі: – Ой, тамаша! 
Бұндай да болады екен-ау? Сен Ибраһим Әдхам болсаң 
да бұдан артық бола алмассың, – деген еді. 
Бұл оқиға ертесі күні-ақ халық арасына тарап 
кетті. Таңғалған кісілер топ-тобымен бақшаға ағыла 
бастады. Келген жұрттың көптігін көріп, мен бір жер-
ге барып тығылып қалдым. Бәрі бақшаны аралап мені 


151
Әулие-абыздар 
іздей бастағанда ақырын ғана білдірмей араларынан 
сытылып шықтым да қашып кеттім
29
...  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет