Тамшылары



Pdf көрінісі
бет58/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84
Жалаңаяқ әулие
Бишри Хафи – ірі әулиелердің бірі. 
Жас кезі еді. Күнәдан бас алмайтын. Күн сай-
ын небір жиіркенішті қылықтардың бірінен соң бірі 
қайталанатын. 


143
Әулие-абыздар 
Бір күні тағы да арақ ішіп ұйықтап қалған жерінен 
әрең дегенде тұрып, кешкісін тәлтіректей басып үйіне 
бет алды. Басы әңкі-тәңкі. Бір уақытта жол шетіндегі 
шалшықта ағараңдап жатқан бір нәрсеге көзі түсті. 
Анықтап тұрып ұзақ қарады. Қағаз секілді. Барып 
алды. Шалшықта жатып кірлеген қағазда «Бисмиллаһ» 
деген жазу бар екен. Бірден есін жиып ала қойды. 
Бұндай қасиетті жазудың аяқасты болып шалшық суда 
жатқаны несі деп ойлады. «Аллаһ тағаланың атын 
аяқпен басып кеткендер оңбас» деді өз-өзіне. Сөйтті 
де қағазды сүртіп, тазалап, сүйіп-сүйіп алды. Тіпті 
қағазға жақсы әтір сеуіп, үйіне апарып ең бір көрнекті 
жерге іліп қойды.
Сол түні маңайдағы әулие кісілердің біреуі 
таңғажайып түс көрді. Түсінде: «Бар да, Бишрге айт, 
менің атымды балшықтан қалай тазаласа, мен де оны 
дәл солай бар күнәсынан тазаладым. Менің атымды 
қалай жоғары қойса, мен де оны жоғарылаттым. Аты-
ма қалай әтір сеуіп хош иіс берсе, мен де оның көңлін 
хош қылдым. Абыройыммен ант етейін, Бишрдің атын 
екі дүниеде де таза әрі ардақты етемін!» деген дауыс 
естіледі. Бұл түс қатарынан үш рет қайталанды. 
Түс көрген кісі таң атысымен Бишри Хафиді іздеп 
жүріп сыраханалардың бірінен тапты. Маңызды бір 
хабары бар екендігін айтып сыртқа шақырды. Бишр 
шыққан бойда:
– Жаңалығың кім жайында? – деп сұрады. 
Әлгі кісі: – Саған Аллаһ тағаладан жаңалығым бар, 
– деді. Бұны естігенде Бишр жылай бастады, сөйтті де: 
– Маған ашуланып жатыр ма екен, қатты азаптаймын 
дей ме? – деп сұрады мұңайып. 


144
Тағылым тамшылары
Түсті соңына дейін тыңдап болған соң жолдаста-
рына қарап:
– Ей, достарым! Мені енді бұл жерден көре 
алмайсыңдар! – деді. 
Келген әулие кісінің қасында тұрып тәубаға келді. 
Дәл сол мезет жалаң аяқ тұрғандықтан, бұдан былайғы 
уақытта аяғына аяқкиім ілмеді. Себебін сұрағандарға:
– Тәубама келіп, өз-өзіме уәде берген кезімде 
жалаңаяқ болатынмын, сол тәубамды еске салып 
тұрсын деп аяққиім кимедім, – деп жауап беретін. 
Аяқкиімсіз жүретіндіктен жұрт оны «Хафи» /яғни 
жалаңаяқ/ деп атап кеткен еді. 
Иә, «Немен қарайсаң сонымен ағар» деп халқымыз 
тегін айтпаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет