Тамшылары



Pdf көрінісі
бет74/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Жеті ғасырлық насихат
Төмендегі жазу – атақты ислам ғалымы Шейх 
Әдәб-Алидың насихаты. 
Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл 
өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, 
одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын 
сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.
«Балам, таң қылаң бере туылып, кешкі азан 
оқылғанда өлетін адамдар болады. 
Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-
қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану 
керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, 
қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел 
соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне 
түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ 
боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз 
бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын. 
Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен 
емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің 
парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз. 


183
Таңдамалы әңгімелер
Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде 
берекеттің қатар жүретінін ұмытпа! 
Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар 
болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. 
Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді 
көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр 
көргеніңді айта берме. 
Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген 
сый-құрметтен айрыларсың. 
Үш кісіге жаның ашысын:
Надандар арасындағы ғалымға,
Байлығынан қол үзген кедейге,
Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ 
күнде айрылған пендеге.
Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер 
секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!
Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!»
Ана өсиеті
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген 
ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен 
үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мына-
дай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы 
жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін 
болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. 
Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін 
жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған. 
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-
шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара 
жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның 


184
Тағылым тамшылары
ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің 
алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны 
сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды 
істейтін болады. 
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен олар-
ды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-
қатынасыңда мін болмайды:
Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен 
қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне 
жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен 
себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы 
біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен 
сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. 
Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу 
шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай 
сақта, ысырапшылдыққа жол берме. 
Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да 
құрметпен қара. 
Оған қарсы шығушы болма. 
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң
саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, 
қиянаттан көз ашпайтын боласың. 
Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты 
болма, күйеуің қуанышты кезде – сен қайғырма»
31

31
Ө. Рыза Кәһһала, Аламун-Ниса, 1/75; Меһмед Зихни, 
Мәшахирун-Ниса


185
Таңдамалы әңгімелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет