Танымдық ойын



бет3/6
Дата30.03.2023
өлшемі82,75 Kb.
#77438
1   2   3   4   5   6
1-жүргізуші: Алдарыңызда білімді де, алғыр 9 «А» сыныбынан құралған «Жас химиктер» тобы!


1-жүргізуші: Ардайым белсенді, әрі ақылды 9 «Ә» сыныбынан құралған «Индикатор» тобы!
(Командаларға қошемет көрсетеді)


1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі сайысымызды бастаймыз, барлық қатысушы командаларға сәттілік серік болсын! Орындарыңызға жайғасыңыздар!


1-жүргізуші:
Ақыл-білім қыздарды жарыстырсын,
Талас-тартыс қызықты жарыс қылсын.
Мен мықтымын деген топ суырылып,
Сахнада өздерін таныстырсын, - деп ортаға таныстыру кезеңін бастау үшін «Жас химиктер» тобын шақырамыз. Әр топ өзінің төсбелгісін, топтың атын, ұранын фантазиялары бойынша еркін форматта таныстырады.
1-жүргізуші: Екінші болып өздерін таныстыратын «Индикатор» тобы.


1-жүргізуші: Керемет, рақмет! Бүгінгі жарыс тартысты өтетін сияқты. Ал қазір бірінші кезең бойынша топтардың қандай бағаларға ие болғанын білу үшін әділ-қазы алқаларынан ұпайларын сұраймыз!


2-жүргізуші: Бірінші болып өнер көрсеткен «Жас химиктер» тобының ұпайлары?!
1-жүргізуші: «Индикатор» тобының бағаларын көрсетсеңіздер.
1-жүргізуші:

  • Білмейтінін білем деп олжа қуар

  • Кейбіреудің әр заттан болжамы бар

  • Химияны болжаммен ұға алмайсың

  • Формуланың оң жағы, сол жағы бар.

Ендеше, келесі кезең «Формула жаза білесің бе?». Бұл кезеңде интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес 20 түрлі заттардың формулаларын жазу тапсырмасы беріледі. Әр топ үшін арнайы дайындалған қағазға формулаларды жылдам жазып шығу керек. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт 4 мин. Уақыт аяқталғаннан кейін орындалған тапсырманы сарапшыларға тексеруге береді.

1. Күкірт (ІV ) оксиді - SO2


2. Кальций оксиді - CaO
3. Магний гидроксиді - Mg(OH)2
4. Азот қышқылы - HNO3
5. Мыс (ІІ ) сульфаты – CuSO4
6. Натрий дигидрофосфаты - NaH2PO4
7. Магний гидрокарбонаты - MgHCO3
8. Аммиак - NH3
9. Фосфин - РH3
10. Күкірт қышқылы -H2SO4
11. Чили селитрасы - NaNO3
12. Үнді селитрасы – КNO3
13. Аммоний сульфаты – (NH4)2SO4
14. Күкіртсутек - H2S
15. Патша арағы - HCl +3HNO3
16. Тұз қышқылы - НСl
17. Күкірт қышқылы -H2SO4
18. Кальций хлориді - CaCl2
19. Натрий гидроксиді - NaOH
20. Калий оксиді - K2O
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, уақыттарыңыз аяқталды. «Формула жаза білесің бе?» кезеңі бойынша жасаған жұмыстарыңызды әділ қазылар алқасына, сарапшыларымызға тапсырсаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет