Танымдық ойын



бет4/6
Дата30.03.2023
өлшемі82,75 Kb.
#77438
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЦЕНАРИЙ ХИМИЯЛЫК КЕШ (копия)

1-жүргізуші: Әділ-қазы алқалары бағаларын шығарғанша ортада 1-ші «Жас химиктер» тобының жанкүйерлерін өнерлерімен қарсы алыңыздар. (Топтық тик-ток флешмобы!)


1-жүргізуші: Әділ-қазы алқаларынан екінші кезең бойынша ұпай сандарын сұраймыз.


2-жүргізуші: «Жас химиктер» тобының ұпайлары?!
1-жүргізуші: «Индикатор» тобының бағаларын көрсетсеңіздер.


1-жүргізуші:
Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –, дей келе келесі кезең «Алфавит» ойыны. Бұл кезеңде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Екі топқа 8 сұрақтан қойылады. Қойылған сұраққа таңдаған әріптерінен басталатын жауап қайтару керек.


«С» әрпі
1.Химиялық элемент(сутегі,скандий)
2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)
3.Металл (сынап)
4.Қышқыл (сірке қышқылы)
5. І валентті элемент (сутек)
6.Физикалық құбылыс (судың қатуы)
7.Натрий гидроксиді (сілті)
8.Судың агрегаттық күйі (сұйық)


«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.
3.Бейметалл (көміртек,күкірт)
4.Сілтілік металл (калий)
5.Екі валентті элемент (калций)
6.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)
7.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)
8.Химиялық байланыс (ковалентті)
1-жүргізуші: Әділ-қазы алқаларынан үшінші кезең бойынша ұпай сандарын сұраймыз.

«Жас химиктер» тобының ұпайлары?!


«Атом!» тобының бағаларын көрсетсеңіздер.


1-жүргізуші:
Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі –, дей отырып, келесі төртінші кезең «Жүйрік болсаң, озып көр!» кезеңі. Сайысқа қатысушы екі топқа да ортақ, интерактивті тақта арқылы сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын сұрақтың астында берілген әріптерді құрастыра отырып, жылдам жауап беру керек. Ең жылдам, әрі дұрыс жауап берген топ әрбір дұрыс жауап үшін 1 баллмен бағаланады. Ал, ендеше сайысымызды бастаймыз.


1-жүргізуші:
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңалап бірі жаралған.
Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ. Яғни, «Химия ғажайыптары» кезеңі. Бұл кезеңде топтар ғажайып тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып, түсіндіріреді.


1-жүргізуші: Сайысқа қатысушылар тәжірибе жасауға дайындала берулеріңізге рұқсат, ал ортаға мектебіміздің жұлдызы, 9 «ә» сынып оқушысы Сундетті ................................ әнімен шақырамыз.


1-жүргізуші: Оқушыларымыз химияның ғажайыбын көрсетуге дайын екен, олай болса сайысқа қатысушы екі топты да өздерінің қызықты тәжірибесімен ортаға шақырамыз.

(кезекпен тәжірибесін көрсетіп, түсіндіреді)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет