1-жүргізуші: Қошеметтеріңіз! Бізге осындай химияның ғажабын көрсеткендеріңізге! Олай болса сарапшылардан «ҒАЖАЙЫП ХИМИЯ» кезеңі бойынша топ ұпайларын сұраймыз:
«Жас химиктер» тобының ұпайлары?!
«Атом!» тобының бағаларын көрсетсеңіздер.
1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар –, дей отырып, кезекті «Химиялық жұмбақтар шешу» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде оқушылар жасырын ұяшықтардың сұрақтарына жауап беру қажет. Жылдам, әрі дұрыс жауап берген топ сәйкес ұпайларға ие болады. Әр сұраққа ойлануға 30 секунд.
1-жүргізуші:
Валенттілігін қарастырып,
Формуланы құрастырып,
Келші құрбым билейік
Білмей қалып жүрмейік - ,демекші оқушыларымызды «Оксидтер» ойынын ойнауға шақырамыз. Ол үшін мына металдар мен бейметалдардың оттекпен қосылысын, оксидтер болып бір-бірімізбен жұптарымызды табамыз. Тапкан жұптарымызбен бәріміз «Қара жорға» биіне билейміз. Бұл ойында сіздерге балл қойылмайды. Бұл ойын сергіту сәті ретінде қолданылады.
(оқушылар ортаға түгел шығып, қолдарына берілген қағаз бойынша жұптарын табады)
(Ca.O.AL2.O3.Na2.Mg.O.Fe2.Cr)
Жауабы: CaO.AL2O3, Na2 O
1-жүргізуші:
Алақаныңды аяма, халқым,
Болды ғой бұлар өнерге жақын.
Бойына қуат, күш-жігер берсін
Оған да керек лебізің жарқын.
Келесі кезеңіміз «Химиялық тілде құттықтау»! Сайысқа қатысушылар сөз кезегі өздеріңізде! Жылы лебіздерінді химиялық тілде жеткізіп көріңіздер!
(кезекпен тілектерін айтып шығады, артында әдемі фон қойылады)
Достарыңызбен бөлісу: |