Танымдық ойын


Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен. Құрметті төр тимесе егер шын асылда бар ма айып?! Өз орынын күте-күте кеткен алтын



бет2/6
Дата30.03.2023
өлшемі82,75 Kb.
#77438
1   2   3   4   5   6
Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен.
Құрметті төр тимесе егер шын асылда бар ма айып?!
Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып...
Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу,
Бірінші боп сутегі тұр,
Болғаннан соң тегі су...
Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға
Бұл өмірде ренжуге,
Өкпелеуге бола ма?!!


1- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгінгі 9 сынып оқушылары арасындағы «Танымдық ойын — білімділік кілті» атты интеллектуалды химиялық кешіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын оқушыларымызды химиктер қатарына қабылдап алайық. Химиктер қатарына қабылдау үшін сіздер ант берулеріңіз керек.
«Біз, оқушылар, химия сабағында тәртіпті болуға,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»
1-жүргізуші: Анттарыңыз қабылданды.


1-жүргізуші: Ал енді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсек, интелектуалды жарыстың шымылдығын Таныстыру кезеңі ашады. Әр команда топтарын өз ерекшеліктеріне сәйкес еркін тақырыпта таныстырып өтеді.
Екінші кезең – Формула жаза білесің бе?
Үшінші кезең – Алфавит сайысы
Төртінші кезең – Жүйрік болсаң, озып көр!
Бесінші кезеңҒАЖАЙЫП ХИМИЯ
Алтыншы кезең – Химиялық жұмбақтар
Жетінші кезең – Оксидтер ойыны
Сегізінші кезеңЫстық лебіз


1-жүргізуші:
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті.

Осы сайыста қатысушыларды бағалап, әділ бағасын беретін әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар:


1 ...............................................................


2 ...............................................................
3 ..............................................................
2-жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен және сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысып алдық, енді, бүгінгі интеллектуалды кешіміздің басты кейіпкерлерін таныстыруға рұқсат етіңіздер!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет