Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философияда гносеология немесе эпистемология деп те атайды.
Танымның екі формасы:
-сезімдік, түйсіктік таным;
-рационалдық, логикалық таным.
Таным субъектісі
Білім адам бойында өмір барысында практикалық іс-әрекетінің нәтижесәнде игеріледі. Адамның жаңа білімдерді игеру процесі таным деп аталады. Танымның субъектісі – адам. Адамды тану субъектісіне айналдыратын не екенін анықтау үшін, оның қоғамдық мәнін анықтау керек. Людвик Фейрбах сана адамға тән құбылыс. Олай болса, танымның субъектісі сана деп түсіндіретін идеалистердің көзқарасының сынауы орынды. Адам кеңістікпен уақытта өмір сүреді. Табиғатпен екі арадағы байланысының арасында дүниені қамтып, танып білуге қабілетті тәні бар жан.
Танымның объектісі - бұл субъектінің танымдық іс-әрекеті бағытталған. Ең жалпы түсінікте таным объектісі адамды қоршаған әлем болып табылады, бірақ шын мәнінде таным объектісі шындықтың бір бөлігі ғана, бұл таным субъектісі практикалық когнитивтік қатынастарға түскен әлемнің осы бөлігі .
Таным субъектісі әлеуметтік топ, ұжым, тап, тұтас қоғам болуы мүмкін. Оның үстіне қоғам субъект ретінде өзінің танымдық мүмкіндіктерін тек жеке субъектілердің танымдық іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.
Таным субъектісі әлеуметтік топ, ұжым, тап, тұтас қоғам болуы мүмкін. Оның үстіне қоғам субъект ретінде өзінің танымдық мүмкіндіктерін тек жеке субъектілердің танымдық іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.
Таным объектісі
ретінде материалдық заттар да, рухани құбылыстар да болуы мүмкін. (Мысалы, психолог үшін танымның объектілері - адамның сана-сезімі, оның сезімдері мен тәжірибелері).