Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет17/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

6-тапсырмаТарихтағы Қожа Ахмет Ясауи бейнесіне өз зерт теуіңді 
жүргізіп, бірбіріңмен ой бөлісіңдер.
7-тапсырма. Берілген өлең жолдарынан көріктеу құралдарын теріп
дәптерлеріңе жазыңдар. 
Өлеңнен мысал
Көріктеу құралы
8-тапсырма. а) Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала оты
рып, өз ойларыңды келер ұрпаққа ой салатын, ақылөнеге беретін 
қарасөз түрінде жазыңдар. 
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
ә) Өздерің жазған қарасөздің идеясы мен тақырыбы неде екенін топта тал
қылап, түсіндіріп беріңдер. 
9-тапсырма. Ясауи хикметтерінің идеясын анықтай отырып, тарихи 
құндылығына баға беріңдер.
10-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен қиямет, мұсылман, мүрит, пір, 
жамағат, дәруіш, дұға сөздерінің мағынасын анықтап, дәптерлеріңе 
жазыңдар. Аталған сөздердің бүгінгі күні қолданысына зер салыңдар.
1. Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орын
даңдар.
1. Өлеңді тыңдай отырып, өз түсінгендеріңді өмір құбылыстарымен байла
ныстыра түйіндеп жазыңдар. 
2. Тыңдаған өлең жолдарынан тұрақты сөз тіркесін және антоним болатын 
тұрақты сөз тіркесін табыңдар. 
1-мәтін. Уақыты – 15 минут.
2. Берілген мәтінді тыңдай отырып, «уәде» сөзіне Ясауидің өмір жолы 
мен шығармасы негізінде сөзжұмбақ құрастырыңдар. 
2-мәтін. Уақыты – 25 минут.
3–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


34
Әдебиетімізде толғау жанры жыраулар поэзиясында кездеседі. Толғау 
жанры қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең 
тараған. Толғау тарихы жыраулық поэ зияға тікелей қатысты. Толғаудың 
жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген ХІІІ–ХІV 
ғасырларға сәйкес. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, 
өзінің жоғары даму сатысына жетті. Көрнекті өкілдері – Қазтуған, Доспамбет
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Дулат, Махамбет т.б.
Толғауда қоғамдағы жағдайлар, өмір, жақсылық, жа мандық, адам тір
шілігі т.б. ақылөсиет, насихат түрінде жырланады. Толғау ауызша дамып,
біздің заманымызға ауызша жетті. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қо
ғамдық, әлеуметтік, саясифилософиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі 
бейнелеу тәсілі – дидактика. Толғауларға ұқсас шығармаларды баш құрт тар 
«қобайыр», қырғыздар «санатнасыятырлар», құмықтар «ойлу йырлар» деп 
атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет