Тапсырма № 3. Тақырыбы: Географиялық қабықтың табиғи-тарихи құрылымын сипаттау.
Геоэкология пәнінің негізгі зерттеу объектісі географиялық қабық екендігі белгілі. Географиялық қабық дегеніміз гидросфера, атмосфера, литосфера және биосфераның зат алмасу, энергия және ақпарат алмаса отырып, бір-бірімен өзара әрекеттесуі мен байланыс облысы.
Табиғи кешеннің бір компонентінің өзгеріске ұшырауы, басқа компонеттермен бірге, жалпы жүйенің өзгеруіне әкеп соқтырады. Бұл географиялық қабықтың біртұтастығымен түсіндіріледі.
Мысалы, Ресейдің кейбір аймақтарында соңғы 3 жүз жылдықта гидросферада, атмосферада, және жер қыртысында атаулы өзгерістер орын алды. Сонымен қатар, атмосфералық жауын шашын мөлшері мен жер бетінен булану деңгейі азайды, өзен ағындысы кеміді, грунт суларының деңгейі төмендеді, топырақтың физикалық қасиеттері нашарлады, фитоценоз және зооценоз өзгерді. Мұның себебі, территорияның ауыл шаруашылық мақсатта игерілуінде. Ол ормандардың кесілуімен қатар жүрді. Көріп отырғанымыздай, бір компонентке келтірілген антропогендік әсердің салдарынан, барлық табиғи жүйе өзгеріске ұшырады. Келесі мысал, Ресей аумағындағы топырақтың қышқылдануын тудыратын қышқыл жауындар. Жасалған зерттеулер барысында олардың басым көпшілігі, шамамен 70% Польшадан, Германиядан және Англиядан келетіні анықталып, осы мемлекеттерде орналасқан өндірістік орындарының ауаға улы газдарды шығару арқылы жүзеге асатыны дәлелденді. Атмосфераның бір бөлігіне антропогендік факторлардың әсер етуі, оның басқа аумақтағы жер қыртысына зардабын тигізуін көруге болады.
Жалпы географиялық қабықтың біртұтастығы мен біріңғайлығы зат және энергия алмасу жүйесіне негізделген. Соның ішінде тасымалданудың ең белсенді формасы деп айналымдарды атауға болады. Тасымалданудың шеңбер тәрізді формасы заттың шектелген мөлшерлі жағдайларында да қозғалыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналымның әр кезеңі (цикл) қозғалыстың қарапайым бірлігімен анықталады. Бірақ циклдың толық қайталанушылығы байқалмаған. Энергия және зат ағымдарының құрамы мен құрылысының өзгеруі, жалпы геосфералардың құрамы мен құрылысының қайта құрылуына алып келеді.
Географиялық қабықтың біртұтастығы оның құраушыларының байланыстылығы, үздіксіз зат және энергия алмасу арқылы анықталады. Географиялық қабықтың құрылымы аса күрделі. Оның құраушылары вертикальды және горизонтальды бағытта таралған. Соның ішінде негізгі 3 құрылымдық блокты ажыратуға болады: атмосфера, тропосфера және стратосфера. 4-ші блок: биосфераның өзіндік қабығы болмайды, ол аталған 3 блокты қамтиды. Сондай-ақ барлық тіршілік аталған 3 бейорганикалық сфераның жанасу шекарасында шоғырланған.
1 зона: атмосфера мен литосфераны қамтиды;
2 зона: атмосфера мен гидросфераны қамтиды;
3 зона: литосфера мен гидросфераны қамтиды.
Бұл зоналардың біріншісін ландшафттық қабық немесе ландшафттық сфера деп атайды. Ол күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл қабық қалыңдығы 10 даған 100 деген метрге жететін, жер қыртысының беткі бөлігін және өсімдік жамылғысының жер бетілік бөліктерімен көмкерілген. 30-50 метр биіктікке дейінгі тропосфераның жер бетілік қабатын қамтиды. Мұнда тірі организмдердің басым бөлігі шоғырланған (99 %-ға дейін). Бұл зонада жер бетіндегі энергия және зат алмасудың негізгі механизмдері жүзеге асады. Ылғал алмасу процесстері белсенді жүреді, тау жыныстарының бұзылуы, химиялық элементтердің миграциясы, бос тау жыныстарының тасымалдануы және жинақталуы, биосинтез және ыдырау процестері, топырақ және белдеулердің формалық қалыптасуы орын алады.
Екінші зона дүниежүзілік мұхиттың 200-500 метрге дейінгі қабатының атмосфераға жанасқан су маңы қабаттарын қамтиды. Тропосфера су қабатына енеді де, ауа массаларының қозғалысы мен оның белсенді араласуына әсер етеді. Дүниежүзілік мұхиттың бұл бөлігі жасыл өсімдіктерге бай, дегенмен оның тығыздығы құрлық бетімен салыстырғанда мардымсыз
Үшінші зона су асты ландшафттар сферасы. Ол мұхит түбінен және дүниежүзілік мұхиттың түп маңылық бөлігін қамтиды. Мұнда су организмдерінің қалдықтары кездеседі, топырақ аналогтарын қалыптастырады. Күн энергиясының әсерінен геологиялық заттардың әрекет етуі жүзеге асады. Жердің терең түпкі қабаттарынан келетін жылу ағыны күн энергиясы ағынының 0,02 – 0,03% ғана шамалас. Сол себептен де жердің жылу теңдестігі теңдеуінде оны есептеп алмауға болады. Жер тропосферасының сыртқы шекарасында күннен 20,1*106 Дж. энергия келіп түседі, ол жуық шамамен жылына 1000 ккал см2-ты құрайды. Жердің шар тәрізді болуына байланысты тропосфераның сыртқы шекарасының бірлік ауданына 101/4 бөлігі, 10 ккал келіп түседі. Бұл ағынның 1/3 бөлігі шағылысады. Демек, ағынның 167 ккал см2 шамамен жұтылады. Оның 59 ккал см2 мөлшері атмосфера арқылы жұтылады. Бұл энергия түрлі тәсілдер арқылы ауысады, дегенмен кез-келген жағдайда атмосфераға барып, космосқа бағытталады. Жер беті мұхитқа қарағанда күннің сәулелі энергиясын 2 есе аз алады, бұл судың қозғалғыштығымен түсіндіріледі. Дүниежүзілік мұхит күн энергиясын жинақтаушы сол себептен де оның атмосферамен әрекет етуі нәтижесінде ауа райы анықталады. Тропиктерде жұтылған жылу ағыстары жоғары ендіктерде тасымалданады. Дж.мұхиттағы ағыстардың пайла болуының бірнеше себептері бар. Дегенмен, су массасының циркляциясы мен желге байланысты. Олар өз кезегінде атмосфераның ауа айналымының көрінісі болып табылады. Фазалық ауысуларға ұшырайтын энергия сыйымдылығы барынша жоғары. Ауа массаларының орын ауыстырғанда ешқандай жүйе жоқ, дегенмен дүниежүзілік ауа айналымы айтарлықтай жақсы ұйымдастырылған және жер бетінің әркелкі таралуына тәуелді.