Тапсырма № Тақырыбы



бет8/10
Дата24.03.2023
өлшемі431,17 Kb.
#75912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
семинар Жертану

Тапсырма № 7.
Тақырыбы: Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналардың қалыптасу заңдылықтарын талдау.
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келіп және солардың атымен аталады. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді.
Географиялық белдеу – Жердің географиялық қабығындағы ең ірі табиғат кешені. Ол ендік (кейде бойлық) бағытта созылып жатады. Әр географиялық белдеу өсімдіктер, жануарлар дүниесі және климатымен ерекшеленеді. Географиялық белдеу жылудың, сондай-ақ ылғалдың таралуымен, басқа да табиғи кешендермен (топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) тығыз байланысты. Географиялық белдеу әртүрлі дәрежедегі географилық белдемшелерге және белдемдерге бөлінеді. Географиялық белдеудің аумағы жер бедері мен мұхит ағыстарына қарай тарылып немесе кеңейіп отырады.
Жер шарында (құрлықта да, мұхитта да) 7 негізгі және 6 аралық белдеу бар. Негізгі географиялық белдеулерге экваторлық (1), тропиктік (2), қоңыржай (2), полярлық (2) белдеулер жатады. Жердің жоғарғы ендіктерінде негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады (өтпелі белдеулерге «суб» (латынша – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады). Өтпелі белдеулер: субэкваторлық белдеу – экваторлық белдеу мен тропиктік белдеулер аралығында, субтропиктік белдеулер – тропиктік белдеулер мен қоңыржай белдеулер аралығында, субполярлық белдеулер, қоңыржай белдеулер мен полярлық белдеулер аралығында орналасқан.
Экваторлық белдеудің ауа температурасы жыл бойы біркелкі, жыл маусымдары ауыспайды. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі түседі. Мұнда ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы таралған. Ондағы жасыл ормандарда ағаштар бірнеше қабат болып өседі.
Ал субэкваторлық белдеуде жылдың екі маусымы анық байқалады. Себебі субэкваторлық белдеуде жазда экваторлық ауа, ал қыста тропиктік ауа массалары әсер етеді.
Тропиктік белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массалары басым болады. Жазда ауа температурасы аса жоғары, қыс мезгілінде төмен болады. Тропиктік ауа массалары өте құрғақ, төмендеген сайын қызып, құрғай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет