Тапсырма 20жасар жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады және оны бала күнінде байқаған. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістерінің анатомиялық пішіні өзгерген, тіс сауыты бөшке тәріздес



бет6/29
Дата24.03.2023
өлшемі84,14 Kb.
#76002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тапсырма №50
*!43 жастағы әйел тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы салбыраңқы қырлары, ашық түсті жұмсақ дентинмен толғаны анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табанында тез ауру сезімі байқалады. Дәрігер емдеу барысында тісжегі қуысының табанына бір нүктеде материал қойды.
Төменде көрсетілген материалдардың қайсысы осы сипаттамаға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+емдік төсем
*филлер
*тұрақты пломба
* аралық төсем
*уақытша пломба


Тапсырма №51
*!45 жастағы ер адам тісінің суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 3.6 тісінің дистальды бетінде сауыт бөлігінің экватордан төмен орналасқан ұлпа маңындағы дентин деңгейіндегі тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысын ашу шайнау бетінен жүзеге асты. Дәрігер емдеу барысында одонтотропты әсер ететін емдік төсемін тісжегі қуысының табанына бір нүктеде қойылды.
Ұзақ уақыт одонтотропты әсер ететін емдік төсемнің құрамына қандай препарат кіреді?
*гидроксиапатит
*фторапатит
*кальций глюконаты
*+кальций гидрооксиді
*хлорлы кальций


Тапсырма №52
*!28 жастағы ер адам,слесарь, тісінің суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 36 тістің вестибулярлы шайнау бетінде кеңейген терең тісжегі қуысында кіреуке қырының салбырап тұруы ,ішінде ақшыл жұмсарған дентинмен толғаны анықталды.Дентинді қырып алғанда оңай алынады.
Қандай емдік іс шара қолданған НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+егеп-тазалау, емдік төсем, уақытша пломба
*егеп-тазалау, емдік төсем және аралық,тұрақты пломба
*егеп-тазалау, аралық төсем, тұрақты пломба
*егеп-тазалау, емдік төсем, тұрақты пломба
*реминералдаушы ем


Тапсырма №53
*!35 жастағы ер адам төменгі оң жақ тісінің тағам қабылдағанда ауыратынына шағымданады.Қарап тексергенде:46 тістің шайнау бетінде кіреберісі тар, көп мөлшерде жұмсарған ақшыл түсті дентинге толы тістің қатты тіндерінің ақауы анықталды. Ақаудың түбін шұқығышпен тексергенде ауырады,тіс қуысымен байланыспаған.
Берілген алдын-ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*орта тісжегі
*+жылдам дамитын терең тісжегі
*баяу дамитын терең тісжегі
*ұлпаның жедел қабынуы
*ұлпаның созылмалы жай қабынуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет