Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау. «Топ», «ұйым», ұғымдарын салыстыру. Ұйымдастырушылық мінез- құлықты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды белгілеу



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі18,34 Kb.
#134947
1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма №4. 1 Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау.-emirsaba.org

Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формасыз (бейресми) топбұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос жарандық қатынаста болу – осындай топтың мысалдары.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұйым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұйымның басты белгісі.
Топ және ұжымдағы тұлғааралық қатынастар. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз 17 ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Дәл осы кезде француз суретшілері Италиядан техникалық терминді отанына «әкелді».
Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған: үлкен, шағын топтар. Үлкен топтар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін. Шынайы топтар дегеніміз – белгілі бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т.б.). Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Шағын топтар бұл – ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.
Шетел зерттеушілері шағын топқа ерекше назар аударған. М.Г.Ярошевский бұл қызығушылықтың бастауы деп адам іс-әрекеттерінің бөлінуінің күшеюі салдарынан жалпы қоғам өмірінің күрделенуі, қоғамдық ағзаның күрделенуін біледі. Адам өмірінде шағын топтардың рөлі объективтік көтерілуде, өйткені топталып шешім қабылдау қажеттілігі өсуде.
Ұжымның қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет