Бөлім Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Педагогтің аты-жөні



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі163,09 Kb.
#125947
  1   2   3
Байланысты:
Адам және табиғат 06.11.2023





Бөлім

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі




Педагогтің аты-жөні

Кубайдуллина М.К.




Күні

06.11.2023




Сынып: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Адам және табиғат




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
5.4.3.1 -омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану




Сабақтың мақсаты



Хабарландыру жаза алады;
Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады




Сабақтың барысы






Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Басталуы
3 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеусабаққа дайындығын тексеру.;
«Ширату жаттығулары»



Сынып оқушылары сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.

«Бас бармақ» әдісі.




Видео




Алдыңғы білім тексеру
5 минут
Жаңа білім

1) Білу
Қазақ халқының салт-дәстүрлері:
Сауын алу туралы мәлімет айту.


2)Түсіну/Оқылым алды жұмыс

  • 1-тапсырма. Суреттерге қарап, бүгінгі тақырыпқа болжам жасаңдар.





  • 2-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып қойыңдар.

Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене тасуына мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тыныс – тіршілігін, олардың бір – бірінен айырмашылығын, мекен – орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» екендігін аңғарып, олардың аталығын, аналығын және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе «кесірі тиеді», «киесі ұрады» деп есептеген. Мысалы, жыланды «қыбыр», «ұзынқұрт» деп, ал қасқырды «ит - құс», «бөрі», «ұлыма» деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар балалаған кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт – дәстүр қалыптасты. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді.
Жетекші сұрақтар:

  1. «түз тағысы» дегенді қалай түсіндіңдер. Түз тағысына қандай аңдар жатады? Үй жануарларына ше?

  2. Қандай жануарлар киелі саналады? Неге? Себебін анықтаңдар.




Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді.

Сурет арқылы, жаңа тақырыпты болжайды. Сабақтың мақсатын анықтайды.



Бағалау парағы


Мадақтау:
Жарайсың
Тамаша


Оқулық
5сынып






Ортасы
10 минут

3. Қолдану
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Ойлан, жұптас, бөліс әдісі.
3-тапсырма. «Аңшылық», «саяткерлік» сөздерінің мәнін сөздіктен қарап, қандай айырмашылығы бар екенін біліп алыңдар.
Дескриптор:

  • Сөздікпен жұмыс жүргізеді;

  • Сөздердің мәнін түсіндіре алады;

  • Айырмашылықтарын ажырата алады.


  • 4) Талдау /4 – тапсырма

  • Деңгейлік тапсырманы орындаңдар.

1 – деңгей. Оқылым мәтініндегі синоним сөздерді теріп жазыңдар.
2 – деңгей. Берілген сөздердің антонимдерін тауып, сөйлем құраңдар. Пайда – зиян
Жабайы – қолға үйретілген Айырмашылық-ұқсастық, Көшпелі – тұрақты.



Оқушылар түсіндірмелі сөздіктен берілген сөздердің мағынасын анықтайды. Ақпаратты бір-бірімен бөліседі.

Бағалау парағы

Түсіндірмелі сөздік, кеспе қағаздар




Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет