Тапсырма: Библиографиялық көрсеткіш жасау және библиографияға енетін әдебиеттерге шолу. Ғылыми жетекші


[Б.П.Мырзатаева. Кіші мектеп оқушыларының психологясы



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі76 Kb.
#23783
түріМонография
1   2   3   4
[Б.П.Мырзатаева. Кіші мектеп оқушыларының психологясы: Оқу құралы.-Қарағанды: 2016 – 118 б.]

Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеттерінің ерекшелігі

Мектепке дейінгі жаста балалар біртіндеп оқу жұмысын жоспарлауды үйрете бастайды: жұмысты орындауға қажетті құралдарды және тәсілдерді таңдау, амалдарды орындау ретін анықтау сияқты. Балалар жұмыс орнын дайындайды, оқу тапсырмаларын орындау барысында тыңдауды, жауап беруді, сөйлеуді, өзара қарм-қатынас жасауды, талдауды үйренеді.

Мектепке дейінгі кіші және орта жаста әрекетін жоспарлау және басқа көптеген оқу жұмыстары тәрбиешінің көрсетуімен жасалады. Кейін педагог балаларды жоспарлауға қатыстырады.

Кіші мектеп оқушыларының оқу-танымдық мотивтері

Кіші мектеп оқушыларын оқу мазмұнында не тартады, олар үшін не қызықты және олардың қызығушылығы қаншалықты деңгейге көтеріле алады. Бағасыз оқыту мазасыздануды төмендетіп, оқу-танымдық мотивтерін деңгейін көтеруге көмектеседі. Ал оқу танымдық мотивтердің негізінде танымдық процестер жатады.

Танымдық қызығушылық – бұл тұлғаның ішкі күйі, ол оқушы іс-әрекетінің бағыты мен оқуға қатынасын анықтайды.

Кіші мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығының елеулі ерекшелігі, әдетте, қызықтылықпен себептеледі. Олар үшін ойын сәттері көп, эмоция тудыратын материалдарға бай сабақтар тартымды болып келеді. Бірақ, эксперименттік оқыту жағдайында әрекет тәсілінің өзін игеруге қызығушылық өте анық көрінеді. Бұл үшін құбылыстың барысына, мағынасына, мәніне балалардың зейінін арнайы аудару керек.

«Қызығушылық» пен «қызықтылық» ұғымдарын ажырата білу керек. Кіші мектеп оқушыларымен жұмыста танымдық қызығушылық пен қандай да бір іс-әрекетке қызығушылықты ажырату керек. Кіші мектеп жасында жетекші іс әрекеті – оқу іс әрекеті болып табылады.

Мотив – бұл әрекетке итермелейтін күш, себеп. Мотивтер оқу іс-әрекетінің сипатына, баланың оқуға қатынасына шешуші ықпал етеді.

Оқу іс-әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Оған ептілік пен дағдылану да керек.

Күшті мотивтердің болуы. Балалардың алдында белгілі бір міндеттерді қоя отырып, (мыс., жақсы оқу, мінез-құлық ережесін орындау) «олар үшін шынайы күші бар», мотивтердің мазмұнын ескеру қажет. Тек қана осындай мотивтер балалардың әрекетіне тұлғалық мән береді, ересектің талабын жақсы орыдауға ынталандырады.

Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті компонеттерінің қалыптасуы жүреді. Оқу іс-әрекеті ойыннан тумайды. Ол мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде жүріп отырады. Балалардың оқу танымдық іс-әрекетін дамыту олардың бұл әрекетке әртүрлі жағдайда араласуы процесінде болады. Мектеп жасына дейінгі баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің анық құрылымы бар (кез келген жас топтарына бірдей)

Сонымен бірге балалардың оқу іс-әрекеттері компоненттері және оларды оқыту процесінде қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқу танымдық іс-әрекет бүкіл мектепке дейінгі кезеңде тәрбиешілердің балалармен сабақтарда мақсатты бағытты педагогикалық жұмыс ұйымдастырған жағдайда қалыптасады. Бұл процестегі сабақтастық мектепте оқуда жаңа жағдайға бейімделуін тездетеді. Оқу танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалыптасқандығы мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың басты нәтижесі болады.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды оқыту процесінің нәтижелері туралы тақырыпты қорыта келе, оқыту нәтижесі бұл процестің орындалған мақсаты. Осы мақсаттар педагогикалық процеске қатысушылардың біріккен бағытты мақсатты іс-әрекетінің оқытудың көзделген нәтижесіне қол жеткізілгендігін көрсетеді. Қойылған педагогикалық мақсаттар мен қорытынды нәтижелердің бірдей болуы оқытудың тиімділігінің айқын критерийі болады. Оқыту нәтижесі балалардың білімді, білікті, дағдыларды меңгеру, оқытудың әсерінен болған жеке басындағы өзгерістер фактілері. Бұл өзгерістердің барлығы үлкендермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынаста, уақытпен мөлшерленген оқыту процесінде және еркін, өз бетінше әрекет ету, күнделікті өмірде пайда болады.

Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижесін бағалау

Оқыту процесінің нәтижелерін бағалау оның мінетті компоненті болып табылады, оқытудың барлық кезеңдерінде орын алады. Мектепке дейінгі мекемеде кешенді бағалау жылдың басында, ортасында және соңында жүргізіледі. Білім беру ісінің тиімділігін ағымдық байқауды педагог балалармен күнделікті жұмыс барысында жүргізеді. Бағалау стандартқа сәйкес балалардың білім мазмұнын меңгергендік дәрежесін білу үшін, педагогикалық процестің нәтижелілігін, әр баланың даму динамикасын білу үшін маңызды.

Оқыту нәтижелерін бағалау үш бағытта жүргізіледі.

Объективті диагностика – мектепке дейінгі мекеме мамандарының жұмысын бақылаудың түрлері мен әдістерінің арнайы жүйесінің көмегімен жүргізіледі.

Оқыту барысында және оның нәтижелеріне бойынша балалардың оқу-танымдық жұмыстарын бағалау.

Оқыту процесінде балалардың өзін-өзі бағалауы.

Оқытудағы бағалау бағыттарының әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Педагогикалық диагностика – балалардың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін, білім алғандық, дамығандық және тәрбиеленгендік деңгейін өлшеу. Оның нәтижелері педагогикалық процестің, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін, әр баланың даму сипатын көрсетеді. Бақылау және диагностика басқару функциялары болады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтары білім беру нәтижелерін және оқыту процесін бағалауда қиындық көреді. Заманауи білім берудің кешенді бағдарламаларының авторлары бұл қиындықтарды жеңілдетуде педагогтар үшін мектепке дейінгі білім мазмұнын меңгеру деңгейін объективті бағалау мақсатында оларды диагностикалық құралдар ретінде пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесіндегі диагности- ка бірнеше функциялар орындайды: диагностикалық, дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық. Оқыту функциялары диагностикалық тұрғысынан дұрыс, өйткені оның әдістері (тестілер, практикалық тап- сырмалар, жұмыс нәтижелерінің өнімдері және т.с.с.) оқытуға ұқсас, бірақ сонымен бірге диагностикалық функция атқарады. Ол жетекші рөл атқарады.

Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесі нәтижелерін диагности- калау әртүрлі бақылаулар арқылы жүзеге асады.

Ағымдық бақылау – оқытуда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгергендігін жүйелі түрде тексеру (білім, білік, дағды, шығармашылық тәжірибесі, айналасындағылармен қарым-қатынас тәжірибесі). Ол икемді, шапшаң, ретті, түрлері, әдістері және құралдары жағынан әрқилы.

Кезеңдік бақылау білім беру бағдаламасының ірі тақырыптарын, бөлімдерін аяқтағанда, ұзақ мерзім оқу қорытындысында жүргізіледі. Мұнда ағымдық бақылау мәліметтері ескеріледі.

Қорытынды бақылау оқу жылының аяғында өткізіледі (мамыр). Оның мақсаты – жыл бойғы оқытуды қорыту, баланың білім алғандығын, ондағы өзгерістерді білу. Бағдарламаны меңгеру деңгейін, ары қарай оқытудағы күтілетін мүмкін болатын жетістіктерді бағалау жалпы педагогикалық процесті бағалауға негіз болады.

Бақылаудың барлық түрлерінің мағлұматтарына сүйеніп қорытынды, ұсыныстар жасалады, жөндеу міндеттері, балалармен істелетін жеке жұмыс түрлері, педагогтардың өздік білім алу мәселелері, ата-аналармен жұмыс бағыттары анықталады.

Оқыту нәтижелерін жүйелі диагностикалау мысалы ретінде Б. Блумның кестесін алуға болады. Оқыту процесінің нәтижелілігінің критерийлері ретінде ол мыналарды көрсетеді: бала біледі, түсінеді, қолданады, талдайды, қорытады, бағалайды. Бұлар тексеруге жатады, сол сияқты балалардың әлеуметтік және жалпыпсихологиялық дамуы бағаланады. Бағалау аясы – когнитивтік, әлеуметтік, психологиялық.

Мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқыту процесінің нәтижелерін бағалау өзіндік ерекшеліктері бар әдістермен жүзеге асырылады. Бақылау әдістері – оқытудың табыстылығы жөнінде мағлұмат алу мақсатында онымен кері байланыс орнатуға ықпал ететін диагностикалық іс-әрекет тәсілдері. Балаларды оқыту нәтижелерін бақылау әдістерін шартты түрде ауызша және жазбаша бақылау әдістері, практикалық тапсырмалар орындау, байқау, арнайы жасалған, ғылыми негізделген диагностикалық әдістер деп бөлуге болады.

Ауызша бақылау әдістері. Оның негізі – баланың монологиялық жа- уабы немесе сұрақ-жауап жүйесі. Әдістер жеке, топтық, жаппай жалпы түрде қолданылуы мүмкін. Бұл әдістерге айтып беру, әңгіме, түсіндіру, қайталап айтып беру, балалардың көргендерінен хабарлама жасау. Құралдар – дидактикалық ойындар, карточкалар, суреттер, сұрақтар, оқытудың техникалық құралдары, заттар, суреттер сериялары.

Жазбаша бақылау әдістері. Классикалық түрде мектепке дейінгі мекемеде балалармен жұмыста бұл әдіс пайдаланылмайды. Мектепке дейінгі ересек жаста балаларға арнайы тапсырмалар – баспа әріптерін жазу, графикалық диктанттар, заттардың контурын сызу, штрихтау және т.б. берілуі мүмкін. Бұл әдістер бағалау балалардың тапсырма бойынша жұмыс істеу – сурет салу, штрихтау білігін бағалауға жағдай туғызады.

Практикалық жұмыстар мен тапсырмалар балалардың практикалық білікті меңгеру деңгейін, қабылдау және тапсырманы орындау, жоспарлау, үлгі бойынша және онсыз жұмыс істеу, өз жұмысын және басқалардың жұмыстарын бағалау қабілеттерін анықтайды. Бұл математикалық амалдарды, тәжірибелерді, еңбек амалдарын, дидактикалық ойыншықтар мен материалдармен амалдар орындау.

Білім беру бағдарламасының бөлімдерін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында балалардың іс-әрекетін бақылау. Педагог баланы табиғи, еркін және өздігінен іс-әрекет жасап жүрген жағдайда бақылайды. Баланың алған тәжірибесін қолдану қабілеті, оны күнделікті өмірге шығармашылықпен бейімделуі, баланың әртүрлі іс-әрекетінде білім мен білікті пайдалануы, баланың өздігінен және өзара оқуға қабілеті бағаланады.

Арнайы жасалған диагностикалық әдістер психикалық процестердің, ойлау операцияларының, оқу іс-әрекеті компоненттерінің, меңгерілген білімнің, қабілеттің көлемінің, толықтығының және беріктігінің даму деңгейін анықтайды.

Бұл әдістер объективті нәтижелер алу және оқыту процесіне дер кезінде түзетулер енгізу мақсатында өзара байланыста қарастырылады.

Педагогтың оқыту процесінде балалардың іс-әрекетін бағалауы бірқатар міндеттерді орындауды көздейді:

-балалардың танымдық белсенділігін арттыру;

-оқыту процесінде мадақтау және балалар үшін жетістік ситуа- цияларын жасау арқылы жайлы жағдай туғызу;

-балалардың іс-әрекетті бағалау білігін қалыптастыру.

Оқыту процесінде бала үшін олардың істерін құптауы, ынтасы мен талаптарын мадақтауы, тапсырмаға және жұмыс сапасына сәйкес оның дұрыстығына талдау жасау сияқты үлкендердің бағалауы аса маңызды. Педагог бала жұмысының нәтижесін тапсырмамен, үлгімен, жасына қарай осы жұмысты орындау талаптарымен салыстырады.

Бағалау түрі маңызды. Мысалы, «суретте үй дұрыс салынбаған» - мұндай баға дұрыс емес. Неге? Оқыту процесінде баланың іс-әрекетін бағалауға ұсыныстарды бөліп көрсетейік.

Бағалауда алдымен жағымды, содан кейін жағымсыз жақтар көрсетіледі, олар жөндеуге келетіндей болуы мүмкін. Бағалау баланың өзіне емес, оның іс-әрекет нәтижесіне сай болуы тиіс. Ол сөз түрінде, таңбалау түрінде де болуы мүмкін (белгі, түс, фишка және т.б.). Балаларда өздерінің кемшіліктері мен нақты емес жұмыстарына дұрыс, конструктивті көзқарас қалыптастыру қажет. Оқытудың нәтижелілігі мәселесі балалардың нақтылы мүмкіндіктерімен байланыстырылады. Педагог балалардың оқу- танымдық іс-әрекетін және оның нәтижесін дұрыстығы мен амалдардың реттілігі, нәтиженің талапқа сәйкестігі тұрғысынан бағалауы тиіс. Баланың жұмысын формалды қарауға болмайды.



Оқытудың нәтижелілігінің көрсеткіші оқытудың бағдарламалық мазмұнын барлық балалардың меңгеруі, бала тұлғасындағы оның шығармашылық және коммуникативті тәжірибесіндегі өзгерістер бо- лып табылады. Балалардың оқыту мақсатына жету дәрежесі әртүрлі, өйткені бұл баланың бастапқы жеке тәжірибесіне, оның қабілеттеріне, мектепке дейінгі мекемеден тыс жердегі даму жағдайына байланысты. Оқытудың сабақтағы нәтижелерін балалар іс-әрекеттің басқа түрлерінде пайдаланады (ойында, еңбекте, қарым-қатынаста), өйткені нәтиженің әрқашанда практикалық маңызы бар. Балалардың оқытуда алған тәжірибесін пайдалану қабілеті оқытудың жемісті болғандығының тағы да бір көрсеткіші болып табылады.

Нәтиже алу фактісі балаларға тәрбиелік ықпал етеді. Оларды про- цесс қана емес, нәтиже де қызықтырады. Балалар 4 жастан бастап өз жұмысы мен оның нәтижесі мен білім көзін байланыстыра бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет