Қарым – қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің
барысында адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренуі. Қарым – қатынас
іскерлігі сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере біледен
басталады. Қарым – қатынас іскерлігін тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа
адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі
керек.
Ұйымдастырушылық іскерлігі – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін
үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті
бір – бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.
Зерттеушілік іскерлік — әр бір педагогикалық құбылысқа ғылыми
тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент
жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесінде
жинақтауды, оларға теориялық – практиткалық негізде талдау жасауды және
мектеп өміріне ендіруді қамтиды.