Тапсырма 3. Сынып жетекшісіне қажетті кәсіби және тұлғалық сапаларының тізімін құрастырыңыз, глоссарий жасаңыз. Сынып жетекшіде педагогикалық қабілетпен бейімділіктің болуы — оның
еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен
тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін
педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған
педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Педагогикалық кәсібилікке тұлға маманның интегративті сапалар, білім,
шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын
талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі
қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі
болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді
сипаттайды.
Коммуникабельділік немесе
коммуникативтік
дағдылар-бұл
адамның байланыстарды орната білу, басқа адамдармен жүйелі және
ақпараттық қарым-қатынас жасай білу. Жоғары рухани мәдениет- адамның, өзіне және басқа адамдарға,
дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы Танымдық іскерлік – жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі,
мамандық еңібегінің негізі болып саналады.танымдық іскелікті қалыптастыру
үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерінің
бірлікте дамуы қажет.
Құра білу (конструктивтік) іскерлігі оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау,
композициялық материалдардыіріктеп алумен сипатталады. Бұл іскерлікті
меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет.Алдағы жұмысты
жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау,
технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты.
Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын
қасиет.