Нейронқұрылысы Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екішші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендритті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі,, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.
Құрылыс мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады: • Cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
•Байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)
• Қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)
Нейроглия (neuroglia, грек, neuron — нейроцит, жүйке клеткасы, glia — желім) — жүйке ұлпасының құрамына кіретін жасушалық құрылым. Нейроглия жасушаларын глиоциттер деп атайды. Нейроглия өз кезегінде: макроглия және микроглия болып екі топқа бөлінеді. Макроглиялар эктодермадан дамиды және олар: эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер болып үш топқа бөлінеді. Эпендимоциттер ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегінің қабырғаларын астарлайды. Астроциттер ми және жұлынның құрамына кіреді. Олар өз кезегінде протоплазмалық және талшықты астроциттерге бөлінеді. Олигодендроциттер орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан нейроциттердің денесін қоршап қаптап, нейроглиялық қабықшалар түзеді. Микроглия — жүйке жүйесі мүшелеріне өтетін моноциттерден жетілетін глиальдық макрофагтар. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Нейроглия жүйке жүйесі мүшелеріндегі нейроциттер элементтері үшін қоректік (трофикалық), тіректік, қорғаныс, секреторлық, шекаралық қызметтер атқарады.
4. Бас ми бөліктері, қызметтері, жас ерекшеліктері. Адамның миы ми сауытында орналасқан. Бас миы 6 бөлімнен тұрады: сопақша ми, көпір, мишық , ортаңғы ми, аралық ми, екі ми сыңарлары. Жаңа тұған сәбидің миының салмағы орташа 360-390 г. 1 жаста салмағы екі есе, ал 3 жаста үш есе ұлғаяды. 7-9 жаста 1250-1300 г., ересек адамда-1400-150 г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті 900 г төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.