Тарау географиялық карталардың түрлері Аналитикалық карталарда


Динамика және өзара байланыстары карталары



бет4/7
Дата03.04.2023
өлшемі1,18 Mb.
#78702
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òàðàó ãåîãðàôèÿëû? êàðòàëàðäû? ò?ðëåð³ Àíàëèòèêàëû? êàðòàëàðäà

7.4 Динамика және өзара байланыстары карталары.
Динамика карталары белгілі бір құбылыстың немесе процестің уақыт бойы (барысында) қозғалуын, дамуын немесе кеңістітегі ауысуын көрсетеді. Мұндай карталар, мысалы, қалалардың өсуін және урбандалуының дамуын, мұздықтардың жылжуын, атмосфералық боранның ауысу жолын сипаттайды (сурет 7.4). Динамика карталарын объектілердің қозғалуына тікелей бақылау немесе құбалыстың жағдайы әр түрлі уақытта тіркелген әр түрлі уақыттағы карталарды салыстыру нәтижесінде құрастырады.


Сурет.7.4. Динамика картасы. Әзірбайжандағы синоптикалық процестердін негізгі түрлері.


Өзара байланыстардың карталары екі немесе бірнеше құбылыстардың кеңістікті байланыстарының дәрежесі мен сипатын көрсетеді. Мысал ретінде қазіргі жер бедерінің геологиялық құрылымдарымен байланысын сәулелендіретін морфоқұрылымдық картасын және Мұхит суларында еріген оттегінің бер болуы мен фитопланктонның таралу арасындағы байланыстары картасы. Бұл карталар басым сала аралық карталары болып келеді, олар табиғи ортаның, тұрғындардың және техносфераның компоненттері арасындағы байланыстары туралы түсінік береді.
Өзара байланыстары картасын жасау үшін математикалық-статистикалық, корреляция коэффициенттерін немесе байланыстың басқа көрсеткіштерін есептеуді қолданады. Мұндай карталарды құрастырада құбылыстарды өзара байланыстары дәрежесі бойынша аумақты аудандастыру жолын жиі қолданады.


7.5 Картлардың функциональдық типтері.
Қазіргі тақырыптық картографияда тұтынушылардың қолданбалы және ғылыми мәселелерін шешу үшін карталардың жаңа типтерін жасап шығу ұздіксіз жүреді. Әр түрлі функционалдық типтердегі карталар жасалынған: инвентаризациялық, бағалау, индикациялық, болжау және ұсыныс (рекомендательные).
Инвентаризациялық карталары объектілер мен құбылыстардың бар болуын, орнын және жағдайын жан-жақты тіркейді. Бұл карталар қатынастары мен байланыстарын көрсетпей, қабылданған жіктелуіне сәйкес табиғи және еңбек ресурстарының нақты тізімін көрсетеді. Әдетте бұл аналитикалық типтегі карталары болып келеді, мысалы, пайдалы қазбалардың орналасу, дәрілік өсімдіктер, жайылымдар т.с.с. карталары (7.5 сурет).

Сурет 7.5. Инвентаризациялық карта. Приморск өлкесіндегі женьшень шөбінін таралуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет