Бағалау карталарын инвентаризациялық карталары негізінде құрастырады. Бұл карталар қолданбалы болып табылады, оның мазмұны белгілі бір бағытта, немесе белгілі бір көз қарастан мақсатталған бағы болады. Сондықтан, бір құбылысқа немесе объектке әр түрлі бағалау карталарын жасауға болады. Мсыалы, жол салу, азаматтық құрылыс, ауыл шаруашылық мақсатта игеру, мұнай және газ кендерін пайдалану, халық өмір сүруінің экологиялық жағдайын талдау, табиғатты қорғау шараларын өткізу т.с.с. үшін аумақтың табиғат жағдайын пайдалану карталары болады (сурет 7.6). Оның барлығы қоланбалы мәселеге және бастапқы мәліметтер жиынтығына тәуелді.
Сурет. 7.6. Бағалау картасы. Батыс Сібірдің орталық бөлігінде жол салу үшін табиғи жағдайларды бағалау.
Бағалау карталардың басым адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сипаттайды. Карталардың мұндай түріне инженерлі-географиялық, инженерлі-геологиялық, агроклиматтық, медико-географиялық тағы да әр түрлі экологиялы-географиялық карталары жатады. Сонымен қатар, табиғаттың жеке компоненттерін бағалайтынкарталары (мысалы, мелиорация мақсатында жер бедерін немесе егін шаруашылығы үшін топырақты бағалау карталары) және жалпы бағалау карталары (мысалы, халықтың өмір сүруі үшін таби,ат жағдайын бағалау).
Индикациялық карталар, жоғары дәрежеде зерттелген құбылыстарды зерттеу негізінде белгісіз құбылыстарды анықтау және болжау үшін мақсатталған. Мысалы, өсімдіктердің индикациялық картасы тектоникалық жарықтарды анықтау үшін қолданылады (себебі ол зоналардың үстінде өсімдіктердің түрлік құрамына әсер ететін еспе сулар циркуляциясының ерекше жағдайы пайда болады). Кейбір өсімдіктер белгілі бір пайдалы қазбалардың индикаторы болып табылады, жануарлардың жеке ареалдары адамның ауруымен байланысты т.с.с. Сөйтіп, индикациялық карталары болжау карталарына жақын болып келеді.
Болжау карталары қазіргі таңда жоқ немесе тікелей зерттеуге мүмкіндігі жоқ, белгісіз құбылыстар мен процестерді бейнелейді. Мұндай карталарда:
уақыт бойы болжау - ертеңгі күннің синоптикалық жағдайы, қоршаған ортаның 5 жылдан соң жағдайы т.с.с.
кеңістіктегі болжау - аумақтың мұнай және газ бар болуы, Айдың жер қойнауының құрылысы т.б.
Сурет. 7.7. Болжау картасы. Сахалин аралының мұнай-газ болжауы.
Аумақты қамту бойынша болжау карталары глобальдық, аймақтың және локальдық болып бөлінеді.
Тақырып бойынша табиғи және еңбек ресурстарын болжау, зиянды және қауіпті табиғи-техногендік құбылыстар картасы, аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму карталары т.с.с. болып бөлінеді.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжау карталары болып бөлінеді.
Болжамның ықтималдық деңгейі бойынша болжау карталарын алдын ала болжау, ықтимал болжам (карты вероятного прогноза), аса ықтмимал (карты весьма вероятного прогноза, перспективтік есептеу карталары деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |