7.2 Кешенді карталар
Кешенді карталар, бір құбылыстың көрсеткіштер жийынтығын, жақын тақырыптағы бірнеше элементерінің бейнесін қиыстырады. Мысалы, бір картада изобараларды және басым болып келетін желдердің векторларын біріктіріп көрсетеді, себебі жел қысым алаңдарымен тығыз байланысты болады. Ауыл шаруашылық картасында аумақтың жер жырту деңгейін және бидайдың өнімділігін, гидрологиялық картада – өзен алқабындағы ағынын және потенциалды энергеоресурстарын көрсетуге болады.
Сурет. 7.2. Кешенді карта. Өзендердің судылығы, су ағынын бөлу және көл түбегінің шығыс бөлігінің әлеуетті энергия ресурстары.
7.2 суретте кешенді карта келтірілген, онда өзендерінің сулылығы мен ағынның жыл бойы бөлістірілуі гидроэнергияның потенциалды энергоресурстарының көрсеткіштерімен қиыстыруы бейнеленген. Әр бір көрсеткіш өзінің жүйесінде көрсетілген. Екі, үш немесе одан көп көрсеткіштері бейнеленген жағдайда зерттеушіге оларды кешенді түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, оларды салыстыруға болады, бір көрсеткішті екінші көрсеткішке салыстырмалы орналастыру заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді карталардың басты құндылығы.
Бірақ кешенді карталарды пайдалану барысында бір қатар қийыншылықтар да пайда болады, себебі бір картада бірнеше құбылыстарды оқиялайтындай бейнелеуге қиын. Мысалы, екі изосызықтар жүйесін көрсетуге болады, бір изосызық қабатты бояумен, ал екіншісі ашық түсті сызықтармен көрсетуге болады, егер үшінші изосызықтарды қосқанда картаны оқу күрделеленеді. Сол сияқты, екі картограмма көрсетуге болады, біріншісі түсті шкаламен, екіншісі – штриховкамен, таңбалармен, қозғалу белгілері сызықтарымен, ареалдардың бейнесімен т.с.с. картаны толықтыруға болады, бірақ бес-алты қабатты кешенді карта күрделеленіп өзінің оқылу қасиетін жоғалтады.
Топографиялық карталар кешенді карталардың ең жақсы мысалдары болып келеді, мұнда жер бедері, гидрографиясы, өсімдік жамылғысы, топырағы және грунттары, елді мекендер, жолдар, байланыс желісі, әкімшілік шекаралары, әлеуметтік-экономикалық объектілер, яғни жергілікті жерді сипаттайтын объектілер кешені көрсетілген. Метеорологиялық карталар, кешенді картаның жақсы мысалы болып табылады, мұнда барлық метеоэлементер бейнеленген, жалпы ауа райы жағдайын сәулелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |