7.3 Синтетикалық карталар
Синтетикалық карталар, бірыңғай интегральдық көрсеткіштерде объекттің немесе құбылыстың тұтас бейнесін көрсетеді. Бұл карталар объекттің жеке компоненттерін көрсетпейді, оның басты мәселесі объект туралы тұтас мәлімет беру. Мысалы, синтетикалық геоморфологиялық картада жер бедерінің типтері ғана бейнеленеді, бірақ жер бедерінің элементтері туралы мәлімет көрсету мүмкін емес. Осы сияқты, климат картасы жалпы берілген аумақтың климат жағдайы туралы ақпарат береді, бірақ температура, жауын-шашын т.б. да климатты сипаттайтын ауа райы элементтері бойынша мәлімет болмайды.
Синтетикалық карталар басым көрсеткіштер кешені бойынша аумақтың типологиялық аудандастыруын көрсетеді - ландшафттық, инженерлік-геологиялық, ауыл-шаруашылық аудандастыру т.с.с. карталары.
Сурет. 7.3. Синтетикалық карта. Әзірбайжанның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығының мамандану аймақтары.
Синтетикалық карталары, аналитикалық карталар сериясында сәулеленген мәліметтерді интеграциялау жолымен жасалынады. Ең көп қолданылатын факторлық және компоненттік талдау модельдері. Мысалы, жол салу жағдайының синтетикалық инженерлік-геологиялық картасын жасау мақсатында бастпақы көрсеткіштері (параметрлері) ретінде геологиялық құрылысын сипаттайтын, грунттардың сейсмикалылығын және тұрақтылығын, олардың түрлі табиғат зоналарындағы ылғалдану дәрежесі, жер бедерінің құрделілігі (еңкістер, эрозия процестері), климат жағдайы, көшкін қауіптілігі, жол-құрылыс материал бар болуы т.с.с. көрсеткіштері, жалпы 20 - 30 параметр алу мүмкін. Факторлық анализ әр түрлі көптеген көрсеткіштерді бірнеше факторға біріктіруге мүмкіндік береді, тағы да әр бір параметр өзінің ықпалының күшіне тәуелді жалпы қорытынды интегральдық бағаның құрамына белгілі бір салмағымен кіреді. Нәтижеде, жетекші факторлар кешені бойынша жол салу үшін қолайлы, онша қолайлы емес және қолайсыз аумақтарды ажыратады.
Әдетте, синтетикалық карталардың легендасы оқуға ауыр болып келеді. Интегральдық бағаға түсіндірме беруде көптеген бастапқы параметрлерді сәулелендіруге тырсады. Бұл жағдайда көп ақпараттыққа ие болатын матрицалық легендаларды қолданады.
Бір уақытта ақпараттың ондаған қабаттарын пайдаланатын геоақпараттық жүйелерді енгізуіне байланысты синтетикалық картаны жасау әдістері жақсарды. ГАЖ мәліметтерді синтездей үшін арнайы процедуралар бар. Сондай-ақ, осының себебінен табиғи, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер кешенін есепке алу негізінде халықтың өмір сүру жағдайын синтетикалық эколгиялық-географиялық карталастырудың кең дамуына алып келді.
Синтездің әр түрлі сатылары болатындығын есепке алу керек. Мысалы, геоморфологиялық карта жер бедерінің элементтеріне салыстырғанда синтетикалық карта болып табылады, бірақ аумақты табиғи аудандастыру картасына салыстырғанда ол карта аналитикалық карта болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |