Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері. Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы



бет3/3
Дата28.06.2023
өлшемі33,41 Kb.
#103651
1   2   3
Байланысты:
Шарипов А.С.

Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың
ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл – күйін, қоғамдық
пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара
қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- қатынасын, дін психологиясының өзекті мәселелерін де зерттейді.
Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар,
корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады.
Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік
маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп
ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман
аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу,
демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі
формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе
психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған,
психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін
зерттейді. Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология -мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын,сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар көретін адамдар психологиясын зерттейді.
Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін,
яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім
және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол
оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың,
олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы
қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту
мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын
қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие
мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді
қарастырады.
Бұдан басқада психологияның даму психологиясы,спорт психологиясы,ғарыш психологиясы,әскери психологиясы, зоологиялық психология,салыстырмалы психология,заң психологиясы,медицина психологиясы сияқты салалары бар.

Қорытынды.


Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде


өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби
практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды
практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларында маңызды өзгеріске ұшыратады.Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп)психологияға тиісті мәселелер туады.
Сонымен, психология ғылымының өмірде араласпай отырған саласы жоқ
деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.

Пайдаланылған әдебиеттер.





  1. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. , 2010 ж




  1. Выготский Л.С. - Лекции по психологии


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет