Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Тәрбие арнайы ұйымдастырылған және мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық үдеріс



бет16/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116
3.1 Тәрбие арнайы ұйымдастырылған және мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Әлеумдік жаһандану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасында анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер: олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады, тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру ол үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді. Тұлға дегенімізге философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғысынан жан - жақты зерттеу жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықтамалық тұжырымын береді. Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы. Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.
Ұлттық тұлға - тілі, діні, мәдениеті, салт санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттермен өз ұлтының, халқының тұрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде дамыған адам (К.Оразбекова).
Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн).
Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асатынына тоқталады:

  1. тәрбиеленушіге төмендегі үш бағыт: олардың санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ету арқылы;

  2. жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы (ішкі педагогикалық әрекеттесу) және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелуі арқылы жетеміз;

  3. тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктерді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру;

  4. тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады;

  5. кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сыртқы факторлардың өзара әректтестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.

Сонымен қатар, мектептегі тәрбиелеудің міндеттеріне:

  • Жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін қалыптастыру;

  • Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • Жеке тұлғаның ішкі мүмкіндігі бойынша дамуын жетілдіру жатады.

Жалпы мектептердің тәрбие жұмысы тұлғаның іс-әрекеті негізінде іске асады.
Келесі құрамдас бөлік – бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орнындағы іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктермен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу тәрбие процесі не қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипатымен принциптері назарда болуы керек.
Мұғалімде, оқушыда мектептен өз орындары мен релін таба алса ғана мектеббейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.
Қазіргі мектептегі ізгілендіру мен демократизация идеясы мұғалім мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыттарын, әртүрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, дифференциялық білім беруді таңдап алуға еркіндік құқығын беріп отыр. Мұның өзі үлкендермен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жадай туғызады. Шығармашылық, еркіндік пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібі мен жалпымәдениетіне жоғары талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмеседе оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т.б. енеді.
«Мектеп-гимназиядағы тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде?», - дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда, сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселелері негізгі орын алады, сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді, әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясын іске асару.

Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыңи тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет. Қазір аталған үдеріс барлық білім жүйесінде ер кін пайдаланып отыр.


Субъективтік құрылымына қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады. Кейбір жағдайда әртүрлі тығыз істерге байланысты субъективтік құрылымдар өзгеріске ұшырайды.
Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда тәрбие жұмысын төмендегі бағытар бойынша жүргізу көзделді:

  1. Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.

Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іскеа сады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) негізде іске асырылады.
Ал, сабақтан тыс уақытта гимназистердің танымдық белсенділік іс-әрекетін дамытуға:

  • Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т.б.

  • Клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер.

  • Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі және үзбей бару арқылы жүзеге асады.

Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:

  1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

  2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.

  3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болыпт абылады.

  5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет