Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет59/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116
Тәрбиелік баға негізіне оның жекелеген сапалары емес, тұлғаның жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әрқашан есте сақтаған жөн.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, моральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөзбен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсетеді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрметтеп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.
Мұғалім оқу процесінде, оқу бағдарламаларын іске асыру барысында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушылардың оқу ісіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қалыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негізінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қабылдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық процесті басқару ісінде ескеруі тиіс.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыда отбасына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады .


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Диагностиканың анықтамасы.

  2. Оқушылар ұжымын зерттеудің мақсаты.

  3. Тәрбиелік үрдіс нәтижелері.

  4. Тәрбиелілік өлшемді сипаттаңыз.

  5. Тәрбиеліліктің басты өлшемі.

  6. Диагностикалық әдістердің кешені нені қамтиды?

  7. Тәрбиелік ситуация туғызу әдісі .

  8. Тәрбиеші мен оқушының біріккен қарым-қатынасын ұйымдастыру.

  9. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет