Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Сынып ұжымының адамгершілік тәрбиелік өлшемін қалай анықтауға болады?
Сыныптық ұжымның адамгершілік өлшемінің көрсеткіштерін анықтаңыз.
Сынып ұжымның адамгершілік деңгейін көрсететін мысалдар келтіріңіз, оларға сипаттама беріңіз.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар бойынша эссе, тезис, қысқаша баяндама, реферат жазу Жеке тұлғаның тәрбиелілігін анықтау.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлесіп атқарылатын педагогикалық ситуациялар.
Педагогикалық ситуациялардың мәні және тәрбиелік ситуацияларды шешу.
Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер 1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы. “Дарын”, 2004.-350 б.
2. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М.”Владос Пресс”, 2002.
4. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. - М.,1978.
5. Шилова М.И. Учителю о воспитанности школьников. – М.: Педагогика, 1990.
6.Урунбасарова Э.А. Проблемы теории и практики нравственного воспитания учащихся в истории казахстанской школы и педагогики (1966-1982). Дисс. … канд. пед. наук. – Алматы, 1985. – 139 с
ҮІ - тарау. Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау Жоспар.
6.1 Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы.
6.2 Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.).
6.3 Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық қолдау, гуманистік парадигма, тұлғаның субъектілігі, ашық ақпараттық кеңістік, білімдік кеңістік, тұлғаның өзіндік үдерістері, өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі тану, өзін-өзі іс жүзінде көрсету.