Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер



бет90/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116
Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер

  1. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. /Под ред. В.А.Сластенина. 2-ое издание, стереотипное. – М.: “Академия”, 2002.

  2. Подласый А. Педагогика. М.: 1998. - 325 с.

  3. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы: «ОНОН» баспасы. 2017. – 336 б.

  4. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М.: ”Владос Пресс”, 2002.


12- тарау. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық
әрекеттестік технологиясы
12.1 Отбасы - сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы.
12.2 Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралы, формасы.
12.3 Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритімі.


12.1 Отбасы - сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы.
Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеуметтену қызметін атқаруына ықпал етеді. Р.Н.Нұрғалиевтің философиялық сөздігінде: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,- деп атап көрсетеді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:

  • өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;

  • тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;

  • отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;

  • отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.

Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:

  • ерлі-зайыптылық. Олар біріне – бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;

  • ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;

  • тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері:
Ауыл мен қала отбасыларының ерекшеліктері. Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
Ата-ананың білімі неғұрлым жоғары болған сайын оның балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналардың көпшілігінің орта білімдері бар. Олар өндірістік-шаруашылық орындарда жұмыс атқаруына байланысты бала тәрбиесімен көбіне ата мен әжелері айналысады. Сондықтан тәрбиеші отбасындағы тәрбие мәселесінің қыр-сырын білуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеге екі түрлі көзқарас орын алады.
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеуді қажет.
Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші жылы өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет