Семинар тақырыбы. Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасының тәрбиелік және ілеуметтендіру институты. Халықаралық балалар ынтымақтастығы.
Мазмұны. Балалардың шығармашылық бірлестіктерінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары. Оқушылардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту және нығайту. Халықаралық балалар ынтымақтастығын Скаутинг қозғалысы арқылы талдау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты?
«Қазақстан балалары» атты мемлекеттік бағдарламаның мазмұны?
«Болашақ» оқушылар ұйымының мазмұны.
«Жұлдызша» бағдарламасының мазмұны және оның қоғамнан алатын орны.
«Атамекен» қозғалысысынң тарихи маңыздылығы.
«Субмәдениет», «балалар субмәдениеті», «әлеуметтік мәдениет», «баланың әлеуметтік мәдени әлемі» түсініктерін ашып көрсетіңіз.
Баланың әлеуметтік мәдени әлемінің типтік және жеке даралық ерекшеліктерінің мәні неде?
«Жас ерекшелік» субмәдениеттің бала дамуына ықпалы қандай?
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар Балалар бірлестігі - тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері.
Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің әр түрлі формаларын құруда балалар мен жастардың ынтасын дамыту және қолдау.
Баланың әлеуметтік мәдени әлемінің қалыптасуы мен дамуына түрткі тудыратын мақсатты іс-әрекеттің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.