Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Физика педагогтарын даярлау
Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формалары. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың жетістіктері Орындаған: Айтабанов Ғ..
Тараз 2022
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Педагогикалық технологияның кезеңдері мен қолданылуы
Киберпедагогика - бұл мұғалімнің «қолмен» интуитивті оқыту әдістемесін қарастыратын дәстүрлі педагогиканың орнына компьютерді пайдаланып оқытуды автоматты бағдарламалық басқару әдіснамасын зерттейтін педагогика ғылымының жаңа саласы. Осының барысында қазіргі білім беру жүйесіне ерекше өзгерістер енгізілді. Аталған жүйемен білім берудің жаңа жобалары барысында көптеген шаралар қолға алынды. Білім алушыға сабақты үйрену қолжетімді бола бастады және қызығушылықты барынша оятуға киберпедагогика негіз бола алады.
Педагогикалық технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы білім алушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ. Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
1. Диогностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.
2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі Л.В.ЗанковжәнеД.Б.Элькони, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау
4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.
5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі өлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.
6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді жоятын әдістемелерді таңдау.Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.