Тараз қаласы М. Х. Дулати атындағы Тарму-дың аға оқытушысы Мырзахмет Ғалия Кеңесбайқызы



Дата08.06.2023
өлшемі15,27 Kb.
#99595

Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы
Мырзахмет Ғалия Кеңесбайқызы

Тренингтік технология


Тренингтер жеке тұлғаның өзін – өзі реттеу тәсілдерін., жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны , креативтілікті , ойлауды, қарым - қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайды.
Педагогикалық тренинг негізгі функциясы - іскер қарым – қатынасты орнату:
*арнаулы білім, дағдыны дамыту;
*адам өміріне қажетті ақпараттар беру;
*адамның қазіргі іс – әрекетіне жаңалық енгізу , жаңаша көзқараспен қарау , болашаққа көз тастау және т.б.
*ұжымдағы қарым – қатынасты жақсарту, оны бір – біріне деген сенім тұрғысында құру.
*Тренингтің негізгі мақсаты не?
* Тренингтің тақырыбы дұрыс таңдалды ма? Тренингтің тақырыбы өзекті ме ? Сыныптағы барлық оқушылар үшін таңдалған тақырып қызықты ма ?
* Тренингке кімдер, кім болып қатысады ?
* Тренингке қандай техникалық құралдар ( компьютер, мультимедиалық проектор , бейнетаспа , үнтаспа , интерактивті тақта және т.б.) пайдаланған жөн;
* Тренингтің оқушылардың болашағына пайдасы болды ма ?
* Тренингтің тиімділігін қалай анықтаса болады ?
Тәрбиелік педагогикалық тренинг тиімді де әсерлі өтуі үшін тренингтің бағдарламасын жасау қажет.
Тренингтің бағдарламасында 3 компонент болуы шарт:
1.Ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдау. Ұжымды (жекелеген оқушыларды толғандырып , қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.
2.Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдай алу.
3.Тренингтің нәтижесін бағалай алу, диагностикалық сараптама жасау.
Тренингтің бағдарламасының бірінші компоненті – ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдауда ұжымның , жеке оқушының өтініш сұраныстарын ескерген абзал.
Тренинг әдістері – үлкен белсенділікті қажет етіп , танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері. Оларға жататындар :
-сюжеттік, рөлдік ойындар;
-миға шабуыл;
-дөңгелек үстел;
-пікірталас және т. б.
Тренинг құралдары білдіру бағытындағы қарым – қатнастың жалпы әдістері мен ерекшеліктерін сипаттайды. .Мамандар тренинг құралдарының 5 негізгі түрін бөліп көрсетеді.:
1).ақпараттық:
2 ) симуляциялық ( имитациялық)
3) практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар;
4) топтық – динамикалық жаттығулар ;
5) компьютерлік құралдар.
Тренингтің ақпараттық құралын қажетті мағлұматтар берерде қолданған жөн.
Практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар сол тренинг барысында оқушыны өзіне қажетті білік пен дағдыға машықтандырады .
Тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрылымының да көптеген артықшылықтары бар. Олар :
-оқушы өзіне қажетті білік пен дағдыны сол мезетте үйренеді.
-оқушы білім, білік, практикалық тәжірибе алуға белсене қатысады;
-оқушы жұмысты мұғалімнің ( тәрбиешінің ) басшылығымен орындайды да, көп қателіктер жібермей , тез үйренуге машықтанады;
-оқушының «білсем», «үйренсем» деген белсенділігі ынталандырылып отырады;
-оқушы өзіне қажетті іскерлікті үйреніп қана қоймайды, сондай-ақ , ол туралы көп мағлұмат алады.
Қазіргі кезеңде тренингтің 3 түрі кеңінен оқу – тәрбие үдерісінде қолданылады. Олар:
-когнитивтік тренингтер;
-қарым –қатынас тренингтері;
-релаксациялық тренингтер;
-Тренинг барысында не нәрсе көпшілік назарына ерекше көзге түсті?
Нені аңғардың?
-Тренинг барысындағы өзара қарым – қатынас , өзара іс –әрекеттілікті қалай түсіндің ?
Қалай қабылдадың?
-Тренинг барысында сенің айтқан пікіріңе қалған оқушылар тарапынан қандай жауап, реакция, сезім , көңіл – күй аңғардың?
-Тренинг барысында өзің тыңдаушы рөлінде болғанда , қалған ойыншылардың ой- пікірі саған қалай әсер етті? Көңіл – күйің қалай өзгерді ?
-Тренинг туралы қандай ой- пікірде қалдың ?
Ғалым К: Ж: Бұзаубақованың зерттеуіне сүйенсек , оқу педагогикалық тренингі 5 бөлімнен тұрады:
1 – бөлім: Өзіндік қабылдау.
1 – бөлімде оқушы жаңа білімді қабылдайды. « Ол не ? », «Қашан пайда болды ?»,
« Қайда қолданады ?» деген сұрақтарға жауап алады.
2 – бөлім Мағынаны таны!
Бұл бөлімде оқушы жаңа білімді таныс емес жағдайда пайдалана білуді үйренеді, оқушының ізденісіне шығармашылық тапсырма беріледі.
3 - бөлім : Ғылыми жоба ұсын!
Бұл бөлімде әрбір топқа шығармашылық тапсырма беріледі, әрбір оқушының
( әрбір топтың) өз шығармашылығын көрсетуге жол ашылады. Оқушы рөлге еніп, әр маман атынан сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізе алуға үйренеді. Топ тақырыпқа сәйкес жаңа жобаның тұсау кесерін жасайды. Қарсылас топтың жобасын сынайды.
4 – бөлім: Релаксациялық сәт.
Бұл бөлімде оқушылар шаршамас үшін ғалымдардың , ұлы адамдардың , даналардың өмірлерінен қызықты деректер келтіріп , өлең шумақтары, даналылық сөздер, қанатты сөздер оқылады, мағынасы ашылады.
5 – бөлім: Өзінді сына ! Білімінді тексер!
Бұл бөлімде әрбір топ , әрбір оқушы берілген ашық тест арқылы өз білімін сынайды, нәтижесін шығарады, баға береді.
Педагогикалық тренинг технологиясы көбіне тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыруда пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет