____________________________
1.«Ғасырға татырлық 10 жыл» Н.Назарбаев
2.«Егемен Қазақстан» газеті Білім – қоғам дамуының кепілі. №90-93 12.03.2010жыл
3.Қазақстан газеті №11 18.06.2009жыл (4 бет)
4.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы 28.02.2011жыл № 2.1
5.12 жылдық білім журналы №2 12 жылдық білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары.
6.Білім шуағы №5 02.04.2009 3 бет Халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламасы
А.О. Айдарова, Ж.О. Тлеуова, А.С. Хамитхожаева
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП МҦҒАЛІМІ ТҦЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПРОБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ӘОЖ: 371. 011.31
А 31
Елбасының: «Ұлттың бҽсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалатынын» ерекше атап кҿрсетуінде үлкен мҽн бар [1].
Себебі,
ҽлемдік
стандарттағы
адам
ҽлеуетінің кҿрсеткіштері
болып
табылатын
индикаторлардың бірі – білім. Демек, кез келген мемлекеттің рухани, ҽлеуметтік-экономикалық
дҽрежесі сонда ҿмір сүретін халықтардың білім деңгейіне тікелей қатысты.
84
Жаңа заман мұғалімін дайындаудың қазіргі жайын түсіну үшін алдымен, оның бүгінгі жағдайын
зерделеу қажет.
Бүгінгі ұстаз – тҽрбиеші, қоғамдағы кез-келген құбылыстың материалдық, моральдық жҽне
дене-күш демеушісі, еліміздің саяси сақшысы, сайлау жұмысын жүргізуші, тҽртіп пен құқық
қорғаушысы, стадион толтырушы, ҿз оқушыларының қарауылы, кҿше сыпырушы, түрлі себептермен
үй жҽне басқа мекемелерді адақтаушы, жыл сайын ҿзгерістерден тұратын оқулықтар мен дҽріс
жүргізуші, тестік жұмыстар мен ретингке мониторинг жасаушы қағаз басты кішігірім ғалым.
Осыншама жүктемені жеңілдетер жағдайы барма, бүгінгі мұғалімнің? Сондықтан да мұғалімнің
творчестволық табысты жұмысына тек білім мен материалдық құндылықтардың ғана емес, ұлттық
сана мен дҽстүрлердің зор ықпалы бар.
Ҽлемдік кедергінің бірі – болмыстағы таптауындар. Олар жеке тұлғаның дамуына тікелей кері
ҽсерін тигізеді. Сондықтан да, Н.П.Бехтерева: мұғалім «ҽлемдегі ең қиын объект» - бала миының
қызметімен жұмыс жасаушы деп атап кҿрстетті. [4]
Демек, бала миының қызметін басқару үшін мұағілімнің санасы ҽлеуметтік – тұрмыстық
ауыртпалықтан азат болу керек. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі мұғалімнің ҽлеуметтенуіне ғылыми
сараптама жасамай, түрлі реформалар мен жаңа талаптар қоюдың ҿзі биліктің формальдық түрі
болып қала беретіндігін кҿрсетеді. Адамды қалыптастырудағы ұстаз рҿліне бҽсекелес, жаһанданудың
құрамдас бҿлігі – вертулаьды ҽлем.
Қоғамның жаңа сападағы педагог мамандарына деген сұранысын орындау мақсатында 2007
жылғы жаңа білім берудің «Білім беру жүйесінің міндеттері» атты заңында оқытудың жаңа
технологияларын, оның ішінде кҽсіптік білім беру бағдарламасының қоғам мен еңбек нарығының
ҿзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту оқыту,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жҽне тиімді пайдалану қажеттігі кҿрсетіледі.
Жалпы, қоғам ҿмірінде болып жатқан ҿзгерістер білім беру ісіне тҽуелді болатыны айқын. Бүгінгі
күні, ҽлеуметтік жағдайы тұрақтана бастаған елімізде барлық мектептер балаларды ғаламтор
жүйесінде жұмыс жасауға үйретуде жҽне ҽрбір отбасы балаларын дербес компьютермен қамтамасыз
етуге ниетті. Бүгінде мемлекеттік бағдарламамен бекітілген жүктемелерді қанағат тұтпай,
ғаламтордың тиегі болып тұрған ағылшын, орыс тілдерін қосымша меңгеруде. Ҽрине, бұл қазіргі
таңның қажеттілігітен туындап отырғаны даусыз. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты, ретінде,
бҽсекелесіткке қабілеттілікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды.
Жалпы қалыптасқан 9 билік түрінің бірі – білім жҽн интеллект. Бұл – ғылыми дҽрежесі бар
немесе ғылыми еңбектерге ие сарапшы дҽрежесінде болу. Оқушымен салыстырғанда ҿзін сарапшы
дҽрежесінде кҿретін ұстаздар, бүгінгі күні авторитарлы білім беруімен шектелуде. Бұл болып
қалыптасқан форма. Мұндай пікірдегі қазақ мектептері ұстаздарының үлесі – 70-80% құрайды.
Ҽрине, бұл белгілі бір жүйе, ұлттық мінез, менталитеттің аясында пайда болғандықтан, санада
айшықталуы бұлыңғыр жҽне баяу жүретін үрдіс. Бұл ақпаратты қабылдау мен таратуды, адамды
басқару жұмысын дайын бағдарламалармен жоспарлы түрде жүзеге асыру, ҿзара ҽсер ету
техникасының тетіктерін меңгеруді қажет етеді.
«Ҿзге адамның кҿзқарасы дұрыс емес, жаман жҽне мүлде болмауды мүмкін» деген пікірлер
себебінен дұрыстығымызды мойындау үшін ҿзгелердің позициясын ҿзгерткіміз келеді. Мұндай
позиция биполиярлық ойлау түрінде болады. Бұл екі бағаны қарастыратын схемалық тҽсіл: жақсы-
жаман, ақ-қара, қалыпты-қалыпсыз. Биполярлық ойлау келесідей қалыпты – жақсы жҽне дұрыс
болуыд білдіреді, ал қалыпсыз – дұрыс емес жҽне жаман болу дегенге алып келеді. Біз ҽрбір
келіспеушілікте «кінҽлі» біреу болуы керек дегенге үйренгендіктен, үшінші жҽне тҿртінші жолдың
барын ұмытамыз. [6]
Сондықтан, біз мҽселелерімізді ҿзара ҽсер бере отырып, ҿзіміз зерттеуіміз қажет. Зерттеуді
тиімді жүргізуде түлі инновациялық технологиямен демократиялық білім берудің жҽне ҽдістемелік
техникаларды қолданудың маңызы жоғары. Мҽселен,
- презентация жҽне «мұзжарғыштар»,
- «ақыл-ой шабуылы»,
- топтағы пікірталас,
-
рҿлдік ойын,
-
анкеталау,
-
шығармашылық еңбек,
-
ойындар жҽне бой жазу.
Ҽлбетте, қоғамдағы экономикалық сектордың мҽселерін зерттеу қаржылық тұрғыдан алғанда
оңай жҽне тиімді, себебі шыққан шығынды қайтаруға зерттеу мҽселесі тікелей кепілдік етеді, сондай-
85
ақ уақыт үнемділігі қарастырылған. Ҽлеуметтік саланың құрамдас бҿлігі - білім мен денсаулық
мҽселесі ұзақ уақытқа, атап айтсақ адамдардың сауаттылық деңгейіне байланысты тҽуелді.
Ҿткенен алатын сабақ ретінде, кеңестік жүйенің идеологиясының қуаттылығын мойындағын
жҿн. Кеңестік дҽуірде жазылған ҿлең мҽтініндегі бір сҿз, кино мен театрдағы бір эпизод,
кітаптардағы ҽрбір мҽтін үшін жауап берген. Қазір қандай күшті мемлекет болмасын, ондай
идеология жасай алмасы анық. Себебі, жаһандану, ҽлемдік араласу басым. Кез- келген қоғамның
дамуы үлкен тарихи ҿзгерістерден тұрады. Дегенмен, ҽр елдің ұлттық құндылықтарын сақтау –
міндет. Болон декларациясына қол қойған кез келген еуропалық елдің білім беру жүйесіне тҿл
халқының тарихына, мҽдениетіне жҽне рухани ҿміріне, ана тіліне сүйіспеншілік пен құрмет сезімін
қалыптастыратын ұлттық ерекшелік тҽн. Ҽр елдің білім беру жүйесі – ҿз халқының нағыз
патриоттарын қалыптастыруға негізделуі тиіс. Оған айғақ ретінде, 2003–шы жылдың 19-шы
қыркүйегінде Берлинде жоғары білім министрлерінің конферциясында қабылданған коммюникедегі
«.....біздің мақсатымыз ұлттық дҽстүрлердің ҽртүрлілігіне негізделген еуропаның мҽдени байлығын
сақтау болып табылады» деген ұстанымды келтіруге болады. Туған халықының рухани мұраларынан
нҽр алмаған адамның жалпы адамзаттық ҿркениет шыңына шығуы мүмкін емес.
Осыған байланысты, біз білім саласының барлық деңгейіндегі мемлекеттік стандартарда ұлттық
ерекшеліктерге, яғни, тек «Қазақ тілі» жҽне «Қазақстан тарихы» пҽндерін оқыту ғана емес, сондай- ақ
ұлттық фольклор, мҽдениет жҽне ҿнер, ұлттық салт-дҽстүр, этнопедагогика, этнопсихология, қазақ
халқының барлық рухани мұраларын зерттейтін тұтас бір пҽндер жүйесін құратын ұлттық
ерекшелікке негізделген білім стандартын қалыптастыруға баса назар аудару керек деп ойлаймыз.
Ҿкінішке орай біздің стандарттарымызда ұлттық ерекшелік жоқтың қасы. Қазіргі кезде негізгі жҽне
кҽсіби пҽндердің шеңберінде міндетті жҽне таңдамалы түрде оқылатын пҽндердің арасында тепе-
теңділік байқалса, жалпы білім беру топтамасының шеңберінде мҽдени жҽне рухани
мұрамызбен танысуға бір ғана таңдамалы пҽн ұсынылған. Ал, мұндай пҽндер міндетті түрде
жоғары білім стандартына кҿрсетіліп, оған ұлттық ерекшелік, бейне берілуі керек. Себебі,
халықтық педагогика – тҽрбиенің бастауы жҽне қайнар бұлағы, ол тҽрбие мен оқыту жҿніндегі
халықтың білімі мен тҽжірбиесі. Ал этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттеуші ғылым
саласы.
Халық педагогикасы зерттеу, оның тҽрбиедегі рҿлін анықтау жҽне кҿрсету кезек
күттірмейтін мҽселе. Ал этнопедагогиканың зерттеу кҿздеріне халық ауыз ҽдебиетінің
шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтың тҽрбие дҽстүрлері мен ойындары, отбасы
тҽрбиесінің тҽжірибелері жатады. [3]
Қазіргі кездегі Болон декларациясына Еуропа жҽне Орталық Азияның 50-ге жуық
мемлекеттері қол қойды. Қазақстан 2010 жылдың наурыз айында халықаралық білім кеңістігінің
толыққанды мүшелігіне ҿтті.
Болон декларациясы 1988
жылы Еуропаның ең ежелгі білім ордасы болып саналатын Болон (Италия) университетінің
900 жылдығына арналған ректорлар формумынан бастау алған. Жоғары оқу орындары (ЖОО)
басшыларының бастамасын 1998 жылы Сорбонна (Франция) университетінің мерейтойына
қатысуға келген Алмания, Италия, Франция жҽне Ұлыбритания білім министрлері қолдап,
болашақта жалпы заңдары, стандартты жҽне ережелері бар жалпы еуропалық білім кеңістігін
қалыптастыру туралы мҽлімдеме жасаған болатын. 1999 жылдың 19 маусымында Болон
қаласында арнайы декларация қабылданып, бұл үрдіске тағы да 27 ел қосылды. Кейіннен
ортақ білім кеңістігін құру мҽселелерін араға екі жыл сала отыра министрлер Прага, Берлин,
Берген (Норвегия) жҽне Лондон қалаларында талқылаған болатын.
Аталмыш үрдістің негізгі мына келесі қағидалар құрап отыр:
а) еуропа азаматтарының аталмыш материктің кез келген елінде жұмысқа ешбір
қиындықсыз орналасуына мүмкіндік бере алатын білімнің бірегей қолжеткізу жүйесін құру;
ҽ) еуропа жоғары білімнің бҽсекелестікке қабілетін кҿтеру;
б) кадрларды даярлауда кҿп деңгейлі, атап айтсақ үш сатылық білім беру
бағдарламаларын (бакалавриат-магистратура -докторантура) қолдану;
в) студенттердің бір елдің университетінен екінші бір мемлекеттің ЖОО-на ауысуға
мүмкіндік беретін оқытудың кредиттік жүйесін жҽтне білім деңгейін бағалаудың бірыңғай
тҽртібін енгізу;
г) теориялық оқытудың жҽне практикалық машықтанудың ортақ бағдарламаларын
дайындап, оқытушылармен ҿзара алмасып отыру;
д) бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Декларацияның басыңқы мақсаттарының бірі – кҿп деңгейлі білім беру жүйесін
қалыптастыра отыра, білім беру ісін жалпыдан дербес жүйеге бағыттау.
86
Мұғалім статусын кҿтермей, жастардың осы саладағы құлшынысын да кҿру алыстай
түспек. Керісінше, Болон декларациясының жоғарыда атап кҿрсетілген тармақшаларындағы
қағидалары демографиялық саясаты дағдырыса ұшыраған Европа елдеріне бізді білімді
жастарымыздың қызмет етуін қарастырғандай. Бай – қуатты елдер тҽрбиеленген, білімді
шҽкірттерге құшағын айқара ашады. Себебі, олардың жастық күш-қайратын пайдалану
шығынды 8 есе қайтаратыны ғылымии тұрғыдан дҽлелденген. Ҽлемдік ортақ тілдерді
меңгерген, білімді жастарды елімізге тұрақтандыруды саясат ретінде қарастырған жҿн. Кезінде
Аристотель: «ақылдылар шҽкірт тҽрбиелеу ісімен айналалыссын» деген екен.
Қорыта келгенде жаңа заман мұғалім дайындау үшін кешенді жұмыстар жүргізу
қажеттілігін айтқан жҿн, демек
-
түрлі инновациялық технология техникасының тетіктер жүйесін жасау,
-
мұғалімге деген ҽлеуметтік кҿмек шараларын қарастыру,
-
білім беру жүйсені муниципалды немесе демократиялық басқару,
-
мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасау құқығын қорғау,
-
болашақ мұғалімдерді, яғни білімгерлерді бірінші курстан бастап практикалық жұмысқа
белсенді жҽне етене араластыру қажет.
Жаһандық ақпаратпен қаруланған, ҿмірлік бағыт ұстанымын таңдау кезінде түрлі кедергілерге
тап болатын жасҿспірімдер мінез-құлқы мен білімін қалыптастыруда айтарлықтай психикалық
қиындықтармен кездесу ҽсерінен, кей жағдайда оған қарсы тұра аламйды. Сондықтан, жас ҿспірімнің
жеке тұлға болып қалыптасуы жҽне білімді сіңіруі баяу жүреді. Бұл да ғылыми дҽлелденген
кҿзқарастар.
Цицерон: «Тҽрбиелеуде мұғалімнің ҿзінің не біліп, не істейтіні маңызды – ақ, бірақ оның
ықпалымен шҽкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен
бағаланады» деген. [7]
________________________________
1.ҚР Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты.
3.Бҿлеев Қ. Болашақ Мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тҽрбие беруге кҽсіби дайындау – Алматы,
«Нұрлы Ҽлем», 2004ж.
4.Бехтерева Н.П. «Здоровый и больной мозг человека», Москва, 1980ж.
5.ЖұмабаевМ. Педагогика. – Алматы, «Ана тілі», 1992ж.
6.Суслова О. «Уполномоченное образование», Киев, 1999ж.
7.Жинақ, Алматы, 1983ж.
Г.Е. Алиханова, Р.К. Ертаева
ҦЛАҒАТТЫ ҦСТАЗ БЕН АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ - ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН БЕРУ
УДК 378. 1А- 50
«Адамға ең бірінші білім емес, тҽрбие беру керек, тҽрбиесіз
берілген білім- адамзаттың қас жауы...»
Әл-Фараби
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың ҿсіп
- ҿркендеуі, қауіпсіздігі жҽне ҽл- ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: « Біз бүгінгі кезеңнің
міндеттерінен ҿзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін
арқалайтынын, ҽкелер мен аналардың, аталар мен ҽжелердің ҿз балалары мен немерелері алдындағы
жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» деп қазіргі отбасының ҽлеуметтік, мҽдени, қоғамдық
қызметі белсенділігінің маңызын айта келіп, Республикадағы отбасыларының алдына үлкен
міндеттер қойды. Қазіргі кезде отбасының бала тҽрбиесіндегі алатын орны ерекше болса да, бұл
мҽселеге үлкен мҽн берілмей келеді.
Отбасының жҽне ҿмірдің жалғасы мен болашағы – бала. Ҽрбір отбасының мақсаты – ұрпақ
жалғастыру, бұл мақсат барлық тарихи кезеңде қоғам үшін де, жеке адам үшін де ҿте маңызды .
87
Отбасында бала дүниеге келеді, ҿседі, ҿнеді. Қысқасын айтқанда, бала болашақ ҿмірге осы
отбасында дайындалады. Яғни, оның үлкен ҿмірде бақытты да баянды, мҽнді ҿмір сүруіне
отбасындағы берілетін тҽрбиенің ҽсері зор. Сондықтан ҽрбір отбасы балаға берілетін тҽрбиеге үлкен
кҿңіл аударуы қажет.
Отбасында ҽке- шеше арқа сүйер асқар тау, отбасында соларды сыйлау, қошеметтеу-бала
алдындағы борыш. Ал ҽке-шешенің міндеті- жас ұрпаққа аға ұрпақтың ҽдет-ғұрпын, адамдық
қасиеттерін сіңіру. Алла тағаланың мархаматына ие болған кез келген ата-ана ҿз балаларының
алдындағы ірі-ірі парызын қалтқысыз біледі, жҽне ҿзінің қасиетті ұғым-түсінігі бойынша ҽрекет
жасайды. Ҽрбір ата-ананың бала тҽрбиелеудегі тағы бір міндеттерінің бірі- олар балаларын тек ҿз
отбасын, ҽке-шешесін сүйіп құрметтеуге ғана емес, Отанын, елін сүйюге, ҿмір сүріп отырған ортасын
сыйлап қадірлеуге үйрету.
Отбасы қоғамда үлкен рҿл атқарады. Отбасы қоғамсыз, қоғам отбасынсыз тіршілік ете алмайды.
Екеуінің тіршілігі бір- бірімен тығыз байланысты. Ҽр бір отбасының мүшесі ҽлеуметтік топтарға
(яғни, балабақшаға, ҿндірістік, оқу орындарына т.б.) барады, ондағы адамдармен тығыз байланыста
болады. Сонымен бірге, ҽрбір отбасы қоғамдық ҿмірге ықпалын тигізе алады.[1]
Тҽрбие-тек қана адам баласына ғана тҽн нҽрсе, адамның жеке басының қалыптасуына, саналы
еңбек етуіне, оның бойындағы барлық жақсы қабілеттерін жан-жақты жетілдіретін адам ҿміріне
қажетті ұзақ жҽне күрделі құбылыс. Адамзатты қалай оқыту керек, қалай тҽрбиелеу керек? деген
сұраққа жауапты тек мұғалімнің кҽсіби білім дҽрежесі мен жаңашылдығы, мақсатты қоя білуі,
алдындағы шҽкіртін жан-жақты білімді, ҿмір сүруге бейім, іскер, ҿзіндік ой толғамы бар,
адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. [2]
Адамзат дамуының қай кезеңде болмасын, тҽрбие тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып,
бұл процесс ҽрбір қоғамдағы мемлекет қажеттілігіне бағындырылады. Себебі мелекет қажеттігінің
орындалуы, оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тҽуелді. Тҽрбие тиімділігінің ең басты
шарты-мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке бай тҽрбиенің мақсатын нақты анықтау
керек.
Адам баласы ҿмір сүріп отырған қоғамында ҿзінің бойындағы барлық адамгершілік
қасиеттерінен, адал, ҽділеттілігімен, мейірімділігімен құрметтеледі.Адамның жақсы қасиеттері ҿзге
адам мен қарым-қатынас жасағанда байқалады.
Адамның іс-ҽрекеті бір-біріне қарама-қарсы мына қасиеттер, яғни, жақсылық пен жамандық,
зұлымдық пен махаббат, ҽділеттік пен ҽділетсіздік, ар мен ождан жҽне достық пен қастық арқылы
ҿлшенеді. Бұл қасиеттерді адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тҽрбиеге
байланысты. Тҽрбие үдерісі басқада қоғамдық ортада жүруге тиіс процесс. [4]
Ал енді жас ұрпақты ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыкершілікке, ҽдептілікке, үлкенді сыйлауға,
кішіпейілдікке,ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа ақылды болуға, Отанын сүйіп, қорғауға
тҽрбиелеп, осы керемет адами қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын, ҿтірік, ҿсек, еріншек,
мақтаншақ сияқты жаман ҽдеттен, жат мінездерден, сақтандыратын, ол-ҽрине адам ҿніп ҿсетін орта
ОТБАСЫ жҽне білім беріп кемел келешекке дайындайтын ол-МЕКТЕП. Жас ұрпақты тҽрбиелеуде
отбасы мен мектептің тығыз байланысып, бірігіп жұмыс істегенде ғана, үлкен жетістікке жетері анық.
Қазіргі таңда кҿптеген ата-ана мен ұстаз екі жақты тҽрбие беру процесіне ҿз үлестерін қосуға, ата-
ана, мектептегі олқылықтарға түзету енгізіп отыруға міндетті. Ал мұғалім отбасы тҽрбиесінінің
жетіспеушілігін түзетеді. Ҽйтсе де, ҽлеуметтік жҽне нарықтық жағдайларға байланысты
жауапкершіліктің жүгі баяғы сол мұғалімге түседі.
Қазіргі отбасы тҽрбиесіндегі ҿзгерістер, ата-ананы ғана емес, мектептер мен мұғалімдерді
ҿзгертуге алып келеді. Мұғалімдердің кҿпшілігі ҽлі күнге дейін оқу үрдісінде ескі ҽдістер мен
кҿзқарастарды қатты ұстанады жҽне психологиялық зерттеулерді ҽдеттегіден тыс нҽрсе деп санайды.
Бұл ҽрине дұрыс емес. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс бүгінгі күнгі ең аса қажетті мҽселе.
Қазіргі ақпараттың кҿптігі мектеп пен ата-ананың алдына жас ұрпақ тҽрбиелеуде мұқият, жауапты
болуды талап етеді. Ата-ананың үйде баланы қанша тҽрбиелеседе, оның дербес ҿмір сүруіне
даярлануына қажеттінің бҽрін бере алмайды. Сондықтан ата-ананы рухани азық пен қамтамасыз
ететін орын- мектепте ата-аналар институтының болуы. Ҽр мектепте ата-аналарға педагогикалық
білім беру, олардың педагогикалық мҽдениетін кҿтеру, ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-
аналар институты құрылған.
Ата-ананы мектептегі барлық мҽдни іс-шараларға, яғни сабаққа, ашық тҽрбие сағаттарына,
оқушылармен бірге экскурсияға, туристік сапарларға жҽне метеп жиналыстарына қатысуы- ата-
ананың мектеппен байланысын күшейтетін негізгі жол болып табылады. Жоғары оқу орындарында
немесе басқада жергілікті жерлерде ұстаздар мен ата-аналар үшін бірлескен конференциялар,
88
семинарлар, кеңестер т.б. іс-шараларды бірігіп ҿткізу-жас ұрпақты тҽрбиелеуде маңызды рҿл
атқарады. Олай болса, ұстаздар ықпалымен ата-ананың падагогикалық білімін жетілдіру жҽне мектеп
пен обасы ынтымақтастығын құру бүгінгі күнде қоғам қажеттілігінен туындап отырған кҿкейкесті
мҽселе.
Жас ұрпаққа тҽрбие- отбасында, бала-бақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында беріледі.
Сондықтан осы бала тҽрбиелейтін орындар, үйлесімді, бірігіп жан-жақты жұмыс істесе, сонда ғана
келер ұрпақты тҽрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетеді. Бұл орындардың арасында байланыс болмай,
тҽрбиеде табысқа жету мүмкін емес.
Қазіргі таңда отбасының жауапкершілігі мен рҿлі тҿмендеп кетуінің бір себебі, мектеп пен
отбасының арасында ҿзара бірігіп жұмыс істеу жеткілікті дҽрежеде емес. Тҽуелсіз елдің болашағы
жарқын болуы үшін, отбасындағы бесік тҽрбиесінің маңызы зор. «Ел боламын десең бесігіңді түзе»,
деп бекер айтылмаса керек. Ел болашағы жас ұрпақтың тҽрбиесіне байланысты болғандықтан, оны
тҽрбиелейтін тҽрбиеші, яғни ұстаз бен ата-ана ҿздері тҽрбиелі болумен қатар, олар тҽрбиенің қыр-
сырын терең меңгеруге міндетті.
Бала тҽрбиелеу үлкен білімді, табандылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Тҽуелсіз ел тірегі-
білімді, ұлтжанды, иманды ұрпақ болғандықтн, қазіргі қоғамдық ортадағы ең ҿзекті мҽселе-тҽрбие
жҽне оны беретін ұстазды дайындау мҽселесі екеніне ешкімнің таласы жоқ.. Мектептің жүрегі-
мұғалім екендігін бҽріміз білеміз.
Кҿптеген ғұлама ағартушылар, педагогтар осы ұстаздың бала тҽрбиесінде үлкен орны
болғандықтан ұстаздар туралы кҿптеген ойлар айтқан. Солардың бірі А. Байтұрсыновтың ойынша, «
Мұғалім қандай болса, мектеп һҽм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектеппен
балалар кҿбірек білім алып шықпақшы. Сондықтан, ең ҽуелі мектепке ккерегі- білімді педагогика
методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» Балаға барлық жақсы адамгершілік
қасиеттерді үйретіп, оны ҿмір сүруге дайындау, яғни адам тҽриелеу оңай шаруа емес. Сондықтан
«ұстаз киелі мамандық» деген оймен толық қосылуға тура келеді.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бҽрінен де қымбат, ҿйткені жақсы
мұғалім –мектептің жүрегі» деп айтқан екен.Ұлы ғұлама, шығыс ғалымы Ҽл-фараби ҿз мектептерінде
ұстаз бен шҽкірт арасындағы қарым-қатынасты, екеуінің психологиялық қасиеттерінің қандай
болатыны туралы аз айтпаған. Ұстаз ҿз шҽкіртінен адал, сыпайы, ҽділдік т.б. қасиеттерді кҿргісі
келсе, онда ең бірінші оның ҿзінде де осы аталған қасиеттер болуы тиіс. Ҽл-фарабидің ойынша,
ұстаздың міндеті- шҽкіртінің бойында жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдырмау, онда жақсы
сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру болып табылады. «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану,
адамның күрделі жҽне қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық ҿнер, ол- даналықты жүрек пен ұға білу болып
табылады.» -деп ұстаздық ҿнерге атақты педагог-ғалым В. А. Сухомлинский ерекше баға берген.
Ұлы Абай «Адамның жақсылығы -ұстазынан »-деп, жас ұрпақтың келешегі ұстазға байланысты
екенін атап айтқан. Ұлы педагог К. Ушинский, «Мұғалім-ҿзінің білімін үздіксіз кҿтеріп отырғанда
ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде жоылады» -деп, мұғалімге баға
берген. [3:10]
Қазіргі таңда мұғалім беделінің тҿмендеп кеткені рас. Оның кҿптеген себептері бар. Қарапайым
алғанда, кҽсіби сапалы, білімді былай қойып, жас мұғалімдердің бойындағы мінездері, кҽсіби
мҽдениеті тҿмен. Мұғалім қаншалықты керемет білімді, ҽдіскер болса да, педагогикалық ҽдебі
жеткіліксіз болса, бала оның пҽнін оқымақ түгілі, оны сыйламайды да. Рас, жасыратыны жоқ кейбір
мұғалімдер сабақ үстінде дҿрекі сҿйлеп, баланы тіпті бір сабақ бойы балағаттап, кемсітіп ҿз қадірін
ҿзі кетіреді. Мектеп мұғалімдеріне ең алдымен «сен білуге міндеттісің» демей, « сенің қолыңнан
жақсы оқу келеді» деген ұстанымды жүзеге асырса, бала білім алуда, мұғалім білім беруде кҿптеген
жетістіктерге жетері анық. Кҿптеген мұғалімдер баланың еңбегін дұрыс бағалай алмайды. Ҽділетсіз
қойылған баға баланың оқуға деген ынтасын жоғалтады жҽне ол мұғалімді құрметтеп, қадірлей
алмайды. [5;6]
Тҽрбие- баланың ана құрсағына біткен күннен басталып, дүниеге келген соң, ол онан сайын
күрделеніп, бесік тҽрбиесіне ұласып, сонау ер жетіп үйленгенге дейінгі созылатын құбылыс. Менің
ойымша, тҽрбие адам баласы қартайғанға дейінде жүретін ұзақ, шексіз процесс. Ҿйткені кейбір
адамдар үлкейген кезінде де, ҿзінің мінезінің кемшілігін түсініп жҿндеп жатады емеспе.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде «Ешбір ата-ананың баласына тҽрбие беруден
артық еңбегі жоқ»- деген. Қай қоғамда немесе қайсы бір заманда болмасын бала тҽрбиесіне жауапты
ата-ана. Ҿйткені бала күніне 5-6сағат қана мектеп тҽрбиесінде болса, қалған уақыттың кҿбісін бала
үйінде, яғни ата-ана қарауында болады. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдерді кіналап, даттағаны
89
дұрыс емес. Мұғалімнің берген тҽрбиесін, үйде ата-ана жалғастыруға тиісті. Филология ғылымының
докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы «Баланы титтей кезінен тілін, дінін танытып ҿсіруіміз-
біздің Алла алдындағы парызымыз. Дінімізді осы заман ағымымен сҽйкестендірілген кітаптарды
кҿптеп жазу қажет. Жастарды жамандап бай-балам салғаннан ұтарымыз қайсы. Оданда оларды
жаңсақ жолдан сақтап, тҽрбиені дұрыстаған жҿн-ау»- деп, ҿте дұрыс айтқан.[7]
Мұғалім мамандығының тағыда беделінің түсу себептерінің бірі, мектеп оқулықтарындағы
кемшіліктерінің орын алуы, олардың деңгейге сай еместігі, оның үстіне оқу бағдарламасындағы
бардың ҿзі дұрыс игерілмей отырғандығына да байланысты болып отыр. Десек те бар мҽселе,
ұстаздың кҽсіби біліміне, ҿз жұмысын қаншалықты жақсы атқаратындығына, білгенін оқушыларына
жеткізуіне байланысты екені белгілі.[5]
Бұрынғы педагог классиктер адами даналыққа арналған гуманистік педагогиканы жоғары
бағалаған. Ол педагогика бойынша, бүгінгідей баланың жүйкесі жұлқыланбайды, сағы
сындырылмайды, тек білімпаздар мен олимпиада жеңімпаздрын дайындау үшін сабылып жүрмейді.
Ҽр баланың қабілетінің жоғары тҿмендегіне қарамастан, ҽр бала ҿзінше бір тұлға ретінде қымбат деп
санайды. Баланың даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылады. Баланың ҽр жастағы
рухани жетістігі мен табиғи тілегі ескеріледі. Ҽрине мұғалімнің күн сайынғы жұмысын ерлікке пара-
пар деуге болады. Ҿйткені отыз баламен сабақ ҿткізу оңай емес. Оның үстіне соңғы кезде қаптап
кеткен қайсыбір білім беру орнын алсаңызда, мұғалімнің қажетті, қажетсіз қағаздармен айналысуы,
оның негізгі мақсаты- балаға білім беру мен оны тҽрбиелеу жұмыстарына кедергі келтірмей
қоймайды. Барлық мамандық иелері, мысалы, дҽрігерде, профессор, ғалымда, заңгерде мұғалімнен
дҽріс алып, білім алған. Сондықтан ұстаз болу- ұлы мамандық. Ҿйткені адамнан адам жасау оңай
емес. Ұстаздың атқарар ісі ауқымды. [6]
Қазіргі кезде педагогика ғылымы білім беруге қажетті ҽдіс-тҽсілдердің жиынтығы саналатын
жаңа технологияларды аренаға шығарып отыр жҽне дамыған елдерде ғылым, технология, экономика,
білім саласында орасан зор жетістіктер жасалуда. Сондықтан ХХI ғасыр жаңа заман мен жаңа
ҿзгерістерге байланысты қазіргі мұғалімдердің алдына жаңа талаптар қоойылып отыр: мұғалім
сапалы кҽсіби білімі жҽне кҽсіби мҽдениеті жоғары, жеке кҿзқарасы бар, жігерлі де шыдамды
тұлға болу керек;
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ата-анамен де, баламен де ынтымақтаса қызмет
ететін тұлға болу керек, ҽруақытта ҿз білімін толықтырып, шығармашылығын арттыруға
міндетті;
ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі Ж. Түрікпенұлының ойынша, ұстаздың
басқаларды үйретуге, тҽрбиелеуге, басқаруға ептілігі, адамдарды тыңдай білуі жҽне ҿзінің айтқанын
тыңдата білуі, тілінің жатықтығы, ой-ҿрісінің кеңдігі, ҿз шҽкірттерін шын жүрекпен сүйе білуі,
ҽділеттілігі, жан жомарттылығы, ұсатамдылығы, сезімталдығы бала тҽрбиелеп, оған білім беруде ҿте
маңызды. [5]
Француз педагогы Жебердің «Оқыту деген екі есе оқу» деген кҿзқарасын ҽрбір мұғалім естен
шығармауы керек
Ел басымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндеті ҿте ауқымды: білім жүйесін
қайта құру жҽне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын ҿзгерту. Ол үшін ішкі
қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен
акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті- білім жүйеснің
ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. Ұстаздықтың стратегиялық рҿлі- адами рухани
бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға
бағытталған рух философиясының рухани ісі. ...» деп ұстаз міндетін анық кҿрсеткен.
Жас ұрпақты тҽрбиелейтін ата-ана мен мектеп мұғалімдері болғандықтан, ата-ананы,
мұғалімдерді жҽне тіпті болашақ мұғалімдерді педагогика арқылы отбасы тҽрбиесін беруге даярлау
қажет.
Ұстаз ҿзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру
үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде оралық тұлға болып
табылады. Жаңа формация мұғалімі- рухани дамыған ҽрі ҽлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, ҿзін-ҿзі ҽрдайым
жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны
қалыптасытырып, дамыту үшін жауапты. Оқу-тҽрбие жұмыстарының үнемі дамыту мен жетілдіруде
педагогикалық озат тҽжірибе үлкен орын алады. Сондықтан кез-келген мұғалім, елдегі жаңашыл
ұстаздардың бай тҽжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең
зерттеп, ҿз ісіне шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
90
«Жұмыла кҿтерген жүк жеңіл» демекші отбасы, балабақша, мектеп пен жұртшылық бірлесе
отырып, тҽрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елін, халқын, дҽстүрін сыйлайтын ұлтжанды
азаматтарды тҽрбиелеу ісін жүзеге асыруда мақсатқа жетуге болады.
XXI – ғасырдың келешегі бүгінгі жастар болғандықтан қазіргі жас ұрпақ тҽрбиесі ең ҿзекті
мҽселелердің бірі болып табылады. Сондықтан білімді, ҿзінің тҿл мҽдениетіне сай бола алатын, жан-
жақты білімді, парасатты, азаматты тҽрбиелеу біздің басты парызымыз.
Бұл үшін білім негізі отбасы мен мектептен басталуы қажет.
________________________________
1. Қ. Жарықбаев., С.Қалиев Қазақ тҽлім-тҽрбиесі Алматы, «САНАТ» 1995
2.Қ.Бҿлеев Болашақ мұғалімдердіоқушыларға ұлттық тҽрбие беруге кҽсіби дайындау Алматы,
«Нұрлы ҽлем» 2004
3. Қ. Бҿлеев, қазақ ағартушы- педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея
Алматы , «Нұрлы ҽлем» 2009
4.Психология 10т. Адамзат ақыл ойының қазынасы «Баспалар Үйі» АҚ
5. Мектептегі психология № 2, 2007
6. Жантану мҽселелері №4 (4), 2008, 1/2009
7. Егеменді Қазақстан, 5қыркүйек, 28 тамыз 2009
8. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейін тұжырымдамасы. Астана 2003 ж.
9. Ұлт тағлымы . 2004ж.
10. Педагогика тарихы. Ҽбиев. 2006ж.
Достарыңызбен бөлісу: |