Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

 
 
1-СУРЕТ. МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӚСУ БАСПАЛДАҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
   
 
Ізденуші 
Л 
Жаңашыл 
А 
А 
К 
М 
Е 
Ғалым 
Шығармашыл 
Озат 
Тәжірибелі маман 
Жас маман 
 М 
 Ҧ 
 Ғ 
 І 
М 

 
117 
 
 
 
                       
 
    педагогикалық еңбек ҿтілі 1-3 жыл болатын, 
     
 
 
    еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім (мұғалім-теоретик). 
 
 
                               
     
     педагогикалық еңбек ҿтілі (3-5 жыл) болатын, 
                       
 
     ҿзіндік тҽжірибесі бар тҽжірибелі мұғалім. 
 
 
 
 
 
 
    педагогикалық процесті ұйымдастыру мен  басқаруда   жоғары   
    нҽтижеге жеткен  алдыңғы қатарлы мұғалім. 
 
 
 
 
                                               ҿз пҽнінің ҽдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат  
тҽжірибелерді шебер ҽрі  шығармашылықпен қолдана алатын   
шебер мұғалім. 
 
 
          
    
    шебер ретінде ҿз іс-тҽжірибесін жаңа ҽдістермен, жаңа   
    технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім. 
 
 
                             
 
 
     ҿзінің авторлық технологиясын  ұсынатын  жаңашыл мұғалім. 
 
 
 
                                            
      ҿзінің ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте,  басқа 
      аудан (қала), облыс деңгейінде, республика кҿлемінде қандай 
      деңгейде, қалай ҿтуіне  байланысты тікелей  зерттеу жүргізетін,  
      нҽтижесін сараптай алатын,  зерттеу  диагностикалық  мониторинг  
      жүргізе алатын жаңашыл мұғалім. 
 
 
      ҿзінің авторлық технологиясын ғылыми  тұрғыдан негіздей алған,  
      іс-тҽжірибесі республика кҿлемінде танылған, насихатталған ұдайы  
      ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім. 
 
 
 
Тәжірибелі маман 
Озат тәжірибелі 
мұғалім 
Шығармашыл мұғалім 
Жаңашыл мұғалім 
Мұғалім – инноватор 
Зерттеуші мұғалім 
Мұғалім – ғылыми 
ізденуші 
Жас маман 

 
118 
Ұстаздың  мінез-құлық  сипаттары    мынадай  болуға  тиіс:  оның  тілі  жұмсақ,  даусы  тым  қатты 
болмауы  тиіс,  сондай-ақ  ырыққа  да  тез  жығыла  бермеуі  тиіс.  Ҿйткені,  тым  қаттылық  шҽкіртті  ҿз 
ұстазына 
қарсы 
қалады, 
ал 
тым 
ырыққа 
кҿнгіштік 
ұстаздың 
қадірін                                                                             
кетіреді. Оның берген сабағы мен біліміне шҽкірттері салқын қарайтын болады. Ұстаз ҿз тарапынан  
қашанда  ынталылық пен табандылық кҿрсетуі керек. 
   
 
 
 
 
 
 
 
Әл-Фараби 
 
Қазақтың  тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  -  мектептің  қандай  негізде  құрылуына  барып 
тіреледі.  Мектебімізді  берік,  һҽм  ҿз  жанамызға  үйлесетін  негізде  құра  білсек,  келешегімізге 
тайынбай-ақ, серттесуге болады. Ондай негізде құра алмасақ, болашағымыз да  күңгірт болмақ. 
   
 
 
 
 
М.Жҧмабаев 
________________________________ 
1.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. – Астана, 2010. 
2.Жұмағұлов Б. Келелі асулар алда / Егемен Қазақсан, 10 желтоқсан 2011ж.  
 
 
Р.А. Жумагалиев, М. Базылбекова 
 
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ  КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН  
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ӘОЖ  378 
  Б16 
                                           
Қазіргі таңда жоғарғы білім беру жүйесінде кредиттік технология теориялық білімді беріп қана 
қоймай,  сол  білімді  өндірістік  орындарда  қолдана  білуге  машықтандырады.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2006  жылғы  1  наурыздағы  «Қазақстанның  әлемдегі 
бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге 
мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдарының  бірі».  Білім  беру  үдерісі  үздіксіз  білім  беру  саясаты 
қарқынды  дамуда.  Дамудың  негізі  кредиттік  технологияға  байланысты  деп  айтуға  да  болады. 
Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, 
қазіргі кездегі білім жүйесінің сыйысымдылығы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау арқылы және 
білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды. 19 маусым 1999 жылы 
жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданды, оған 29 ел қол 
қойды.  Барлық  ұлттық  жүйелерде,  жоғары  білім  жүйесінің  сынақтық  бірлігін  енгізу  үшін  European 
Credit  Transfer  Sustem  (ESTS)  немесе  басқа,  ESTS  жүйесімен  бірігіп,  қайта  сынақтауды  қамтамасыз 
ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы 
шешім  қабылдану  (1999 ж.  ESTS  1062 европалық  жоғары  оқу  орындарына  енгізілді).  Қазақстанда 
кредиттік  оқу  жүйесі  20 ғасырдың  90-шы  жылдарының  ортасынан  стихиялы      түрде  қалыптаса 
бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту 
технологиясы»  ұғымы  заңнамада  анықталған.  Осы  заңның  11 бабында  9 тармағында  білім  жүйесі 
мәселелерінің  бірі  болып  оқытуда  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  және  енгізу,  сонымен 
қатар  кредиттік,  дистанциялық,  ақпараттық-коммуникациялық  оқыту  кәсіби  білімнің  қоғамда  және 
еңбек  нарығында  болып  жатқан  өзгерістер  қажеттілігіне  тез  үйлесуге  мүмкіндік  туғызатыны 
белгілінген.  Болон  процесіне  қосылу  еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  түбегейлі  өзгерістер 
жасауға әкелді. Бұл заң арқылы қазақстандық білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылды: 
-
 
Адамдарға өздері қалаған жерде білім алу мүмкіндігін беру; 
-
 
Кез келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкес келуі; 
-
 
Жоғары  білім  берудің  формалары  мен  бағдарламаларының  барлық  түрлерінде  қолдануы 
(күндізгі, кешкі, қашықтан оқыту, сыртқы); 
-
 
Халықаралық сынақ ауысымын жасау мүмкіндігі; 
-
 
Дипломдардың жалпы европалық дипломдарға сәйкес келуі [1]. 

 
119 
 
Қазақстан  Республикасының  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  ену  үрдісі  2003  жылдан  бастап 
еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен 
басталды. 
   Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығанына қарай», «өзін-өзі 
дамыту»,  «өмір  бойына  оқу»  болып  өзгерді.  Кредиттік  технология  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдас- 
тырудың  негіздері  О.М.Карпенко,  А.Атыханов,  А.Құсаинов,  Ж.Д.Дадабаев,  С.Ә.Әбдіманапов,  М.И. 
Жамбек, Г.Ж. Меңлібекова, Х. Рахимбектің  және басқа да ғалымдар мен ЖОО-ның оқытушыларының 
еңбектерінде қарастырылды. 
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері: 
- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты 
білімнің  негізінде  шешім  қабылдай  білу  дағдыларын  дамыту,  яғни  шығармашылық  әрекет  пен 
өздігінен танып-білуді және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; 
 
- білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз 
жеке  оқу  жоспарын  жасауға  тікелей  өзі  қатысуы,  оқыту  бағдарламасының  икемділігі  және  таңдау 
курстарының көптігі; 
 
- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 
 
-  "студент-оқытушы"  қарым-қатынасының  "субъект-  субъект"  болып  өзгеріп,  оқытушының 
ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы; 
 
-  студенттерге  пән  таңдауда,  оқу  траекториясын  таңдауда  көмектесетін  академиялық 
консультанттардың енуі; 
 
-  оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  факультеттердің  еркіндігі,  оқу  үрдісін  қажетті  әдістемелік 
материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі; 
 
-  әр  студенттің  эдвайзер  көмегімен  оқу  пәндерін  меңгеру  үшін  білім  беру  траекториясын 
таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі; 
 
- студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін 
СӨЖ  және  оқытушы  жетекшілігімен  жүргізілетін  студенттің  өздік  жұмысы  (ОСӨЖ)  болып 
бөлінуі*3,78б.+. 
  - игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы; 
  - оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі; 
  - оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі; 
 
-  білім  деңгейінің  нақтылығы,  баға  жүйесінде  дәстүрлі  бағалаудан  өзгеше  жинақталатын 
сынақтық  жүйенің  енгізілуі  және  дәстүрлі  бағалау  жүйесіне  аудару  механизмінің  болуы,  бағалау 
жатады*2,47б.]. 
Оның басты ерекшелігіне - әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға 
сынақ  бірлігінің  (немесе  кредиттер  жүйесінің)  енгізілуі  жатады.  Оқу  пәндерін  студенттердің 
меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады. 
Кредиттік  оқыту  жүйесінің  түрлеріне  тоқталатын  болсақ:әлемдегі  жоғары  оқу  орындарында 
қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше типке бөлінеді: 
1)
 
кредиттерді жинақтауға бағдарланған кредиттік жүйелер, мысалы И8С8; 
2)
 
кредиттерді  бір  мезгілде  ауыстыруға  және  жинақтауға  бағдарланған  аралас  типті  кредиттік 
жүйелер, мысалы САТ8; 
3)
 
академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік 
жүйелер, мысалы ЕСТ8. 
АҚШ-тағы кредиттік жүйесі - "08С8 жүйесі (И8) 
Сгеёіі  8уз1  -АҚШ-тағы  кредиттік  жүйе).  Американдық  білім  беру  жүйесінде  "сынақ  бірлігі"  - 
дәреже алу талаптарына сәйкес оқу курсының мазмұнының көлемін сандық түрде берілуі. 1 кредит 
15  аптадан  тұратын  семестр  бойына  1  аудиториялық  және  2  СӨЖ  сағатына  тең  (4  жыл-  дық  оқу 
бағдарламасында  120  кредит).  "Сынақ  бірлігінен"  басқа  АҚШ  білім  беру  жүйесінде  сынақ  курсы, 
кредиттік бірліктер жүйесі, кредиттік бірліктерді өзара тану терминдері қолданылады . 
«Кредиттік-сағаттық жүйе» немесе оны «кредиттік сағаттар» жүйесі деп те атайды, алғаш АҚШ-
та  пайда  болып, кеңінен тарады.  «Кредит-сағат»  ұғымын  американдық  білім  беру  жүйесінің  белгілі 
қайраткері, Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот 1869 жылы енгізіп, 1870-1880 жылдары 
кредит-сағат арқылы пән көлемін өлшеу жүйесі ендірілді. 1892 жылдан бастап АҚШ ұлттық білім беру 

 
120 
комитеті «кредит» ұғымын тек колледж емес, орта мектепке де ендірді, бакалаврдағы білім көлемін 
бағалаудың кредиттік жүйесін білім берудің магистрлік және докторлық сатысына да таратты . 
и8С8 жүйесінде кредит (кредит-сағат немесе кредит бірлік) - оқу уақытына негізделген ӛлшем. 
Кредит-сағат жоғары білім беруде сабақ кестесін құруға, үлгерімнің орташа балын (ОРА-Огаёе Роіпі 
Ауегаде) есептеуге, кафедралардың, оқытушылар мен студенттердің жүктемесін анықтауға және тағы 
осы  сияқты  университеттегі  түрлі  әрекеттерді  реттеуге  қолданылады.  Мысалы,  бакалавриатта  1 
кредит-сағат  студенттің  семестр  бойы  апталық  аудиториялық  жұмысының  1  академиялық  сағатына 
тең,  ал  дәрістік  және  практикалық  сабақтардың  әрбір  академиялық  сағатына  2  сағат  СӨЖ  беріледі. 
Сонда  бір  кредитпен  өлшенетін  пәнге  аптасына  1  аудиториялық  сағат  және  2  сағаттық  СӨЖ, 
семестрде (15 аптада) 45 сағат беріледі. Магистратура, докторантурада өздік жұмыстың үлесі бұдан 
да  артады.  Мысалы,  орта  есеппен  семестрде  әрқайсысы  3  кредитпен  өлшенетін  бес  пәннен 
студенттің қалыпты жүктемесі 15 кредит-сағат болса, студент апта сайын 15 сағат аудиторияда және 
30  сағат  өздігінен  жұмыс  істейді,  ал  магистрант  9-12  сағат  аудиторияда,  27-36  сағат  өздік  жұмыс 
жасайды. 
Американдық кредиттік жүйенің басты ерекшеліктері: 
 
- кредиттер жинақталатын болғандықтан нормативті түрде бекітілген оқу мерзімі жоқ; 
 
-  дәрежелерді  алуға  қойылатын  талаптар  емтихан  бағасы  емес,  кредиттер  арқылы 
анықталады, «кредиттік бірліктер» деп жалпы аталатын бұл нәтижелер бір оқу орнынан немесе бір 
факультеттен екіншісіне ауысқанда, оқуды үзіп қайта жалғастырғанда сақталынады; 
  -  кредит-сағат пен дәрежелер өзара байланысты. Бакалавр, магистр және доктор дәрежесін 
алу үшін алдын-ала белгіленген сынақ бірлігін «кредит-сағатты» жинау қажет*6, 37 б.+. 
Тағы  бір  мемлекеттің  бірі  Ұлыбританиядағы  кредиттік  жүйе  -  САТ8  (Сгеёіі  Ассишиіаііоп  апё 
ТгапзГег  8сһеше/8у5Іеш,  кредиттерді  жинақтау  және  аудару  сұлбасы/жүйесі)  -  кредиттерді 
жинақтаудың  жҽне  аударудың  британдық  жүйесі.  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарының  басында 
қүрылды.  Ұлыбританияда  кредиттік  технологияның  бірнеше  сұлбасы  бар.  САТ8  кредиттік  оқыту 
жүйесіне  Ұлыбританияның,  Біріккен  корольдіктің,  Оңтүстік  Африка  және  Жаңа  Зеландия  елдерінің 
оқыту  жүйелері  негізделген.  Жүйенің  жасалу  мақсаты  студенттердің  академиялық  еркіндігін  және 
икемділігін  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Ол  студенттерге  пәндерді  елдегі  және  шетелдегі  басқа  оқу 
орындарынан  игеруге  жағдай  жасайды.  Алдыңғы  оқулардың  кредиттері  жинақталады,  оқытудың 
күндізгі және кешкі оқыту формаларын үйлестіре оқуға, үзілістен кейін оқуды жалғастыруға мүмкіндік 
береді. 
Ал,  Еуропалық  елдердегі  кредиттер  жүйесіне  келетін  болсақ,  Еуропа  елдерінің  жоғары  білім 
жүйесіне кредиттік технология әрқилы енгізілуде, әр елдің кредит туралы өз ұғымы бар, қазір оларда 
барлық кредиттік жүйелерді бірыңғайлау проблемалары да бар
ЕСТ8 - кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі (ЕСТ8 - Еигореап Сгеёіі ТгапзГег 8уз1еш) Батыс 
және  Шығыс  Еуропа  елдеріне  (негізінен  Еуроодаққа  кіретін  елдер),  әсіресе  Франция,  Испания, 
Германия,  Италия  мен  Ұлыбританияда  таралған.  Бұл  өзара  сынақ  бірлігін  мойындаудың еуропалық 
жүйесі 1997 жылы жасалынды, оның мақсаты - студенттердің академиялық икемділігін қамтамасыз 
ету, яғни бір елдегі немесе шетелдегі бір оқу орнынан екіншісіне ауысқанда оқу нәтижесін салыстыру 
мен өлшеудің тәсілі болып табылады. Бұл кредиттер жүйесі Еуропа елдеріне ортақ шкала бойынша 
өз  елдеріндегі  ЖОО-ның  оқу  жоспарларын  бағалауға,  ұлттық  білім  беру  жүйелерін  жақындатуға 
мүмкіндік берді. 
ЕСТ8  жүйесіндегі  кредит  -  студенттің  жүктемесінің  салыстырмалы  түрдегі  мәні,  студенттің 
жүктемесін сипаттайтын пәндер бірлігіне сәйкес келетін сандық мән. 
ЕСТ8 кредиттік жүйесі 3 түрлі мәселені шешуге мүмкіндік береді: 
  -  өзара  сәйкестендіру  үшін  әр  түрлі  елдердегі  оқу  орындарының  оқу  жоспарларын 
құрылымдау; 
  - студенттердің икемділігін қамтамасыз ету
  - академиялық мойындау. 
Ал, кҿршілес Қырғызстанда американдық кредиттік технологияға негізделген кредиттер жүйесі 
қолданылады*5,257 б.+. 
Украинада Болон Декларациясының ережелерін жоғары медициналық және фармацевтикалық 
білім беруде енгізуде арнайы топ құрылған. 

 
121 
Қазақстанда  кредиттік  оқыту  жүйесінің  енгізілуінде,зерттеу  және  игеру  барысында  оның 
төмендегідей артықшылықтары болды: 
  -  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын  бірыңғайлау  арқылы  студенттердің  икемділігін 
арттыру; 
  - студенттер мен жүмыс берушілердің оқу жоспарларын жасауы; 
  - оқыту формалары мен әдістерін таңдауда; 
  - халықаралық аккредитацияда белсенді түрде қатыса алуы айқын болды*4,70 б.+. 
Осы  орайда  кредиттік  технологияны  қолдануда  жоғарғы  оқу  орындарында  мынадай 
кемшіліктер де кездеседі: 
1)  Лекция,семинар  сабақтарында  білімгерлердің  жинақтап  келген  материалдарына 
презинтация  жасауда  уақыттың  жетіспеуі.Себебі,топта  білімгерлердің  санынын  көп  болуы.  Әрбір 
презинтацияға  кемінде 10-15 мин кетуі кедергі болады; 
2)  Білімгерлердің  орындайтын  СӨЖ-дері    өндірістік  орындардан  тәжірибе  алып  жасалынса, 
ғылымға деген көзқарасы өзгерер еді.Сол мамандықтың рөліне еніп,толық меңгере алуына себепкер 
бола алады. 
3)  ЖОО  білімгерлердің  пән  бойынша  таңдаған    оқытушылардың  сабақ  кестесіне  сәйкес 
келмеуінен,  бірнеше  топтардың  бір  оқытушыны  таңдауынан,  сол  оқытушының  сабақ  кестесіне  сай 
келмеуінен түсініспеушіліктер болып жатады. 
  Сонымен қорытындылай келе, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына еніп, тереземіз тең болу 
үшін, жаһандану заманында білім саласының алатын орны да ерекше. Сапалы білім  арқылы сапалы 
маманның шығуына септігін тигізері анық. 
_______________________________ 
1.Қазақстан Республикасының  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылдарға   
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
2.Ҽбдікҽрімұлы    Б  .Андасова    Б.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  болашақ  экономистердің  ҿздік 
жұмысының  педагогикалық шарттары.Астана.,2007ж 
3.Байтимбекова    П.Оқытудың  кредиттік  жүйесіндегі  студенттің  ҿздік  жұмысын  тиімді 
ұйымдастырудың  мақсаты мен міндеттері. Ұлағат. №3.2010ж.- 78 б. 
4.Даумов  Н.Ақпараттандыру  жүйесін  пайдаланудың  дидактикалық  мүкіндіктері.Қазақстан  мектебі. 
№8.2010ж. 70 б 
5.Мҽлібекова  М.С.  Ақпараттық  қоғам  шартында  сту-  денттерді  кҽсіптік  даярлаудың  педагогикалық 
негіздері. - Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - 257 б. 
6.Основы  кредитной  системы  обучения  в  Казахстане  /С.Б.Абдыгаппарова,  Г.К.Ахметова, 
С.Р.Ибатуллин,  А.А.  Ку-  саинов,  Б.А.Мырзалиев,  С.М.Омирбаев;  Под  общ.  ред.  Ж.А.Кулекеева, 
Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова. - Алматы: Қазақ университеті, 2004-198б. 
 
Аннотация:  В  данной    статье    рассматриваются  особенности  кредитной  технологии  в  высших 
учебных заведениях. 
Annotation: Some pecularities of credit technoloqy at higher educational establishments are considered in 
this article 
 
 
 
Г.М. Қазақбаева 
 
12   ЖЫЛДЫҚ  - ӚРЕЛІ БІЛІМ 
 
«Біз елімізді жаңа заманға яғни XXI ғасырда сай Қазақстан жасау жолында күш –жігер  жұмсап, 
еңбек  етудеміз.  Бүгінгі  тҽуелсіздігіміз  нығайып,  еліміз  дүниежүзіне  танылып  келеді.  Қазақсатнда  
ҽлемдегі    бҽсекеге  барынша  қабілетті    50  елдің  қатарына  қосылу    жолында  үлкен  жұмыстар 
жүргізілуде. Болашақ – білімде .Түбінде  білімді халқы бар елмен, экономикасы дамыған ел озады » - 
деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 
Қазіргі  жаңа  кезең  - жаңа  белесте  тіл  адамдар  арасындағы  пікір  алмасу  құралы  ретінде  
ғана    емес,  бүгінгі    күн    қажеттігін,  ҿмір    сұранысын    ҿтейтін,  мемлекеттік    мҽртебені    кҿтеретін, 
қоғамдық  - ҽлеуметтік  қарым -  қатынас  құралы  болумен   қатар, XXI  ғасырда  ҿмір  сүріп,  XXI  
ғасыр    ҿркениетін    ҿз    қолдарымен    қалайтын    Қазақстан    Республикасының    ҽлемдегі    орнын  

 
122 
айқындауға      қатысатын,  тіліміз    бен    ділімізді,  дініміз    бен    рухымызды    сақтауға    ат    салысатын  
жаңа    ұрпақты    оқыту    мен      тҽрбиелеуге    басты    құрал    есебінде    де    қызмет    ететіндігі      естен   
шықпауға   тиіс.  
Елбасының   «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз » атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  
білім  саласының   алдында  тұрған  басты  міндеттер-дің  бірі  - 12 жылдық  білім  беру  моделіне  
кҿшу  екендігін   атап  кҿрсетті. 
12 жылдық  мектептің  басты  ерекшелігі  -  ұлттық  құндылықтарды  баланың  бойына  сіңіру  
арқылы  оның  жан – жақты  дамуына, ҿз  пікірі  мен ойын  ашық  жеткізе  білуіне, шығармашылық  
ҽлеуетін  толық   іске  асыруына  ықпал  ету  болып  отыр. 
Қазақстан  Республикасындағы  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру  Тұжырымдамасында:   
«12  жылдық  білім  берудің  басты  мақсаты: ҿзінің  жҽне   қоғамның  мүддесінде  ҿзін  - ҿзі  
белсенді  етуге  дайын, ҿзгермелі  даму  үстіндегі   ортада  ҿмір  сүруге   бейім, бҽсекеге  қабілетті  
жҽне    құзіретті,    шығармашыл,    білімді    тұлғаны    дамыту    жҽне    қалыптастыру»,  -    деп    нақты  
кҿрсетілген. 
Сонымен  қатар  аталған  Тұжырымдамада   білім  берудің  күтілетін  нҽтижелері  жоғарыдағы   
кҿрсетілген   мақсатқа   сҽйкес  мектеп  түлегінің   негізгі  құзырлылығы  құндылықты   - бағдарлы, 
мҽдениеттанымдық,  оқу  –  танымдық,  коммуникативті,  ақпараттық  -    технологиялық,  ҽлеуметтік    - 
еңбек  жҽне  тұлғаның   ҿзін - ҿзі  дамыту  бойынша  анықталатындығы  да  белгіленген.  
12 жылдық   білім   мен  тҽрбиенің  біртұтастығын   сақтай  отырып, жеке  тұлғаның  ҿзіндік  
дамуын  жүзеге  асырып, ҿмір  сүруге   қажетті  ҿзіндік  бағдарын  айқындауға   мүмкіндік  беретін  
құзырлылыққа  жеткізуде   күтілетін   түпкі  нҽтиже  деп  түсінуге   болады. 
Тұжырымдамада      кҿрсетілгендей    құзыреттіліктің      ҿзі    бірінен  -  бірі      тҽуелсіз    бірнеше   
бҿліктерден   тұрады. Оларды  талдай   отырып  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп   жағдайында  
оқушыға    нҽтижеге      бағытталған      білім    беруде    күтілетін      нҽтижені    тҿмендегіше    сипаттауға  
болады . 
-
 
ҿзінің  даралығын  сезініп, ҿзін - ҿзі  дамыта  білуі
-
 
ҿзінің  қызметін  бағалай  білуі; 
-
 
түйткіл   мҽселені  шешудің  ең  тиімді  жолдарын  таба білуі; 
-
 
ҿз  алдына  мақсат  қоя  білуі  жҽне   оны  жүзеге  асыра  білуі; 
-
 
ҿз ҽрекетінің   нҽтижелерін  бағалай  білуі; 
-
 
ҿз  бетінше   алынған  ақпаратты  талдай , таңдай  білуі; 
-
 
түрлі  ҿмірлік  жағдайларда  пайдалы  , тиімді   шешім  қабылдай  білуі. 
12  жылдық   білім  беру   жүйесінде  кҿшу  жағдайында   тұлға  құзырлылығын  қалыптастыруға   
тиісті   құзыретттіліктерді   жүзеге  асыруда  оқушының   жеке  даралық   ерекшеліктеріне   айрықша   
мҽн  бере   отырып,  білімді  баланың  еркін   игеруін  жүзеге  асыру  мұғалімдерден  тиімді   ҽдіс -  
тҽсілдерді      жетілдіре    отырып,    тың    ҽдістемелік      негіздерді      қалыптастыруды    қажет      етеді.  
Бҽсекеге    қабілеттті,  ҿзгерістерге    бейім    жеке    тұлға    тҽрбиелеу    ізденіске    толы    шығармашылық   
жұмыстардың  нҽтижесінде  ғана  мүмкін  екендігі  де  белгілі.  
Сондықтан  да  оқушының  ҽр  түрлі  ҿмірлік  жағдайлардан  мектепте  алған   білімін,  білігі  
мен    икем,    дағдыларын    тиімді    қолдана    отырып,  сҽтімен    шыға    білуіне    жағдай    жасау    сабақ  
үрдісінде   де,  сабақтан  тыс   жүргізілетін  жұмыстар  арқылы да   тиімді  ұйымдастыра  білу  12  
жылдық    білім    беру    мұғалімдерге    үлкен    жауапкершілік      жүктейді.    12    жылдық    білім    беру  
тыңнан , таза  жерден  басталғалы  отырған  жоқ.  Мҽселе  нені?  не  үшін?  жҽне  қандай  мақсатпен? 
қалай  оқытатынымызда. 
Халықаралық деңгейдегі білімнің басты бір ерекшелігі  – күшті нарықтық бҽсекеге қажет кадр 
даярлау ісі болса керек. Осы тұста ―12 жылдық мектеп‖ моделін енгізу мҽселесіне байланысты бірер 
сҿз айтқан жҿн секілді. Ҿкінішке орай, біз осы кезге дейін 12 жылдық білім беруге ҿтудің түпкілікті 
мҽнін,  ҽлеуметтік  мағынасын,  Қазақстан  қоғамы  үшін  тарихи  тағдырлық  сипатын  жалпыұлттық 
деңгейде түсініп біткен жоқпыз. 
Мұғалім  мақсаты  бүгінгі  заман  талабы, білімді, білікті,  ҿздігінен   тығырықтан  шығар  жол  
таба    білетін      іскер    адам    тҽрбиелеуді    қажет    етіп    отырғандықтан,  мектеп    қабырғасында  
жеткіншектердің     жеке тұлға   ретінде   қалыптасуына    жағдай   жасау.    Ҽдебиет    пҽні   мұғалімдері  
алдындағы  шҽкіртінің    рухани  жетілуіне,  ҽсіресе  сҿздік  қорының  бай  болуына, сондай –ақ  жас 
ұрпақтың  бойына  халықтық  салт - сана  мен   жаңа  деңгейдегі  мҽдени  талаптарды  қатар  сіңіру  
арқылы    оларды    тұрлаусыз    уақыттың    сынынан    сүрінбей      ҿтуге      тҽрбиелеу    бағытындағы 
жұмыстар  тҿңірегінде  ізденіспен  жұмыс  жасағаны  абзал.  

 
123 
Оқушының  ҿз  ойын  жүйелі,  батыл  айта  білуіне, ой  - пікір алмасуда  ҿзін  еркін сезінуіне   
шешендік    ҿнердің    қыр  -  сырын    меңгеруіне,  сыни    тұрғыдан    қалыптасуына    пікірсайыс  
сабақтарының   орны  ерекше.   
Осы    арқылы    ұжымдық,    яғни    кҿп    болып    ойланып,    дұрыс    шешім    қабылдай    білуге  
тҽрбиелейміз.  
Жаңа  буынды  тҽрбиелеу  мен  оқыту  мектеп  табалдырығынан  басталып,  арнайы  орта  жҽне  
жоғары    оқу    орындарында    жалғасады.  Бұл  –  қай    кезде    болсын    бір  –  бірімен    жүйелі    түрде  
байланыста  дамитын, бірге  жүретін  процестер. Ҿйткені  кешегі  оқушы  - бүгінгі  студент, бүгінгі  
студент -  ертеңгі  маман, елді  ҿркениетті  жеткізуші.  Мектеп  бітіруші  жас  ұрпақ  болашақтағы   ҿз  
бағытын    дұрыс    белгілеп,  саралай    білуі    үшін    оларға    берілетін    білім    ҿзегінде,  ҿзіндік    сана,  
кҿзқарас,  дүниетаным    мен    сенім    қалыптастыратын,  сондай  –  ақ,  қай    ортаға    болсын      тез  
бейімделіп, жаңа  ақпараттарды  тез  түсіну,  қабылдау  қабілеттілігін, іскерлік  қасиетін  дамытатын  
компоненттер    қатар    қамтылуы    тиіс.  Сонда    ғана    білім    потенциалдық      қажеттілікті    ақтайтын  
тегеурінді  күшке  айналады.  
Сондықтан  жоғары   сатыда   жеткіншекке  тілдің  танымдық  сипаты  мен  коммуникативтік  
қызметін  ҿмір – тіршілік  жағдайларын  ескере  отырып   жан – жақты  меңгертудің   тиімді  жолдары  
кҿзделеді. 
Ресейлік  ғалымдар   тұлғаның   ҿмірдегі   ҿз  орнын, ҿз  жолын  таңдауда  нҽтижелі  ҽрекет  
жасау    қабілеті,  яғни    тұлға    құзырлылығының    негізгі    белгілерінің    бірі    ретінде      оның    сын  
тұрғысынан  ойлай  білуін  жҽне  тиімді  шешім  қабылдай  қабілетін  ерекше  атап  кҿрсетеді.   
Ҿйкені  олар  қандай  жағдаятта  да  ҿз  бетімен  жол  табуға  құштар. Бүгінгі  заман  талабы  
іскер, белсенді, қандай  жағдайда  да  ҿздігінен  жол  таба  білуге  бейім  адам  тҽрбиелеу. Сондықтан  
жалпы    білім    беретін    мектеп    қабырғасында    ҽр    оқушының    жеке    тұлға    деп    танып,  оның  
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  қажетті  алғы  шарт  жасауға  мҽн  беруге  тиіс.  
Біздің  еліміздегі    қалыптасқан  білім  жүйесі  академиялы,  түбегейлі  деп  бағаланатынын    айта 
кеуіміз керек. Бірақ жыл сайын  оқу бағдарламалары  бойынша 11 жылда берілетін білім кҿлемінің 
ауқымдылығы    оқу  жүктемсінің  шектен  тыс  кҿбеюіне      ҽкеліп,  білім    сапасы    мен  оқушылар 
денсаулығына кері ҽсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан  бұл жағдай  оқушылардың оқуға  ынтасын да 
тҿмендететінін  тҽжірибеден  байқап    жүрміз.  Осыған    орай  қазіргі    білім    беру  тҽжірибесінде  білім  
кҿлемін  жинақтай    отырып,    оқу    материалын    жеңілдетуді,  сондай  -  ақ  құзырлылыққа    жету 
бағдарланған  білім    мазмұнын    қарастырып    отыр.  Бүгінгі  таңдағы  еліміздің    білім    ұйымдарының  
басты  міндеті  - баланың денсаулығына жағымды  ықпал етуді кҿздейтін білім  беру ортасын  құру 
.Ҽрине, ол үшін  білім  саласының  оған   дайындығының   маңызы  зор.   
12 жылдық мектептің  басты ерекшелігі – баланың  жан – жақты дамуына, ҿз  пікірі  мен ойын  
ашық жеткізуіне, ҽр  адамға табиғатынан  берілген  шығармашылық ҽлеуетін  толық  іске асыруына  
ықпал  ететін, ҿзін - ҿзі  танып, келешегін  айқындауға саналы  түрде  қалыптасуында  болып  отыр. 
Оның    жаңа    құрылымына  тоқталып  болсақ,  12  жылдық  білім    беру    жүйесі  5+5+2  сатыларынан  
тұрады.  Бүгінгі    күні  осы    құрылым    мен  жаңа  мазмұнға  негізделген    жалпыға  міндетті  білім  
стандарттары ҽзірленуде. 
«2000  жылға  қарай      біз   оқытудың    12   жылдық   моделіне    толықтай   кҿшетін    боламыз.  Ол  
үшін  біз  2015  жылға  қарай   Республикалық  бюджет  қаржысы  есебінен   кемінде  200  мектеп  
салып,    осыншама    мектепті    жергілікті    бюджет      есебінен    тұрғызамыз»    деп    кҿрсеткені    білім  
саласы мамандарына   да  үлкен  серпін  берді. 
Бұдан    оншақты    жыл    бұрын    елімізде    12    жылдық    білім    беру    моделі    сынақтан    ҿткізіле  
басталды. 12 жылдық  білім  беруді   іске  асырудың  қажетті  жағдайларының  бірі  -  мұғалімдерді   
қайта  даярлаудан   ҿткізу  жҽне  жаңа  типті  яғни, бейіндік  оқу  мектебінде   оқу  тҽрбие  жұмысына 
мектеп    пен    қоғамның     күрделі    қайта    құру      кезеңінде     жұмыс   істей   алатын    кҽсіби      білімді  
мұғалімдерді  дайындау  міндеті  тұр. 
Осыған    орай,  облыстық    педагог    кадрлардың    білімін    жетілдіру    жҽне    қайта    даярлау  
институтында  бағдарлы  оқытудың  ұйымдастырылуына  байланысты  2006  - 2010  жылдары  5582  
пҽн   мұғалімі  курстардан  ҿтті.  
12  жылдық      білім    беру    жүйесі    оқушыны  бейіндеп    оқыту    арқылы    ҿзіндік    талабын  
қанағаттандырудың, оның  жеке  тұлға  ретінде   дербес  қалыптасуына   мүмкіндік  береді. Шалғай  
ауылдан келетін  ауыл балаларына  арналған  бейіндік   оқытудың  барлық  түрі  қамтылған мектеп - 
интернат    ашылды.    Аудан    орталықтарына      орын  алатын  мұндай    мектептерге    арнайы    үздік 
мамандар  топтастырылады.  

 
124 
12  жылдық    оқыту    жүйесіне    байланысты    айтылып  жатқан  сан    алуан    пікірлерге      келсек, 
халық  арасында түсінбеушілік   тудырып  отырған  басты  мҽселе, бала  жасына  байланысты  болып  
отыр. Қазіргі оқыту  жүйесінде  бала  мектепке 7  жастан   барып, орта  мектепті 16  - 17 жасында  
аяқтайды. Ал 12  жылдықта  да солай  болады. Бала  6  жастан  мектепке  барады. 16  - 17 жасында  
мектепті  бітіреді. Бала  жасына  байланысты  ҿзгеріс - оның мектепке  бір жыл  ерте  баруында  ғана. 
Бүгінгі    таңда    жалпы    орта    білім    беретін    мектеп    мұғалімдері    инновациялық    қызмет  
жағдайында    11  жылдық    білім    стандарттарын      іске    асыру  барысында    бейіндік    оқыту   
мазмұнының  вариативті  компонентін  жүзеге  асыратын  курстар  бойынша  оқу  бағдарламалары  
мен  оқу - ҽдістемелік   кешендерін  ҽзірлеп,  оларды  жүзеге  асыруда.  
Тҽуелсіздік  жылдарының   алғашқы  күндерінен  бастап, білім  саласына  дамыған  елдердің  
тҽжірибесін    сынақ    ретінде    енгіздік.  Білімді    игерту    ҽлемдік    білім    стандарттарының   
талаптарымен   үндесіп  келеді. Біздің  балаларымыздың   білімі  дүние  жүзілік  стандартқа  сҽйкес  
келуі  үшін - парыз.  12  жылдық  мектепке  кҿшу   дүниежүзілік  білім стандартынан    қалмаудың  
қамы   деп  білемін.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет