Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

__________________________________ 
1.Бимағамбетов  М.  Қазақ  тіліндегі  шҿп  атауларының  кейбір  мҽселелері  //  Ученые  записки  Кзыл-
Ординский пед. института им. Н. В. Гоголя. Серия гуманитарных наук   Кзыл-Орда, 1958. Т 4. 
2.Қисықов Ҿ. Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігінде ҿсімдік атауларының берілуі жҿнінде // Қазақ ССР 
Ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1963   4-шығуы. 
3.Калиев Б.Қ. Қазақ тіліндегі ҿсімдік атаулары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 155 б. 
4.Уюкбаева Г.И. Народные наименования растений: Рукопись канд. диссертации. – Алма-Ата, 1983. 
5.Ҽділбаева  Ұ.Б.  Қазақ  тіліндегі  ҿсімдік атауларының  уҽжділігі: Филол.  ғыл.  канд. дисс.  –  Алматы, 
2002. – 121 б. 
 
 
 
Қ.Ш. Ибраймов, Ф. Ахметова 
 
А.БАЙТҦРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫС ЖҤЙЕСІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ 
 
ӘОЖ 81.1 (574) 
 
Сингармонизм  грек  тілінің  sun-бірге,  harmonia-байланыс,  үндесу  сҿзінен  шыққан,  жалғамалы 
тілдің  тілдесімділік  фонетика-фонологиялық  бейнесі,  дауысты  –  дауыссыз  жартылай  дауысты 
дыбыстарды  біріктіруші,  игеруші,  сҿз  жҽне  оның  құрамындағы  буынмен  айқындалатын,  бір 
сингармониялық  тембрмен  сипатталатын,  сҿз  таныту,  сҿз  жасау,  сҿз  айыру  қызметін  атқаратын, 
сингармо дыбыстар қорынан тұратын, ұйқас жасау, ұйқас таныту, ұйқас айыруда ерекшеленетін түркі 
тілдеріне тҽн аса күшті заң. Бұдан шығатын қорытынды - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ғылыми 
негізі - сингарманизм, қаланар кірпіші - буын, ұстатар желімі - үндестік  заңы. 
Үндесім заңы (құбылысы) дыбыстарды алдымен буынға (егер сҿз бір буынды болса) біріктіреді, 
содан  соң  буындарды  (егер  сҿз  екі  немесе  кҿп  буынды  болса)  сҿзге  біріктіреді.  Ендеше  үндесім 
құбылысы буын мен сҿзге тҽн. 
Үндесім  құбылысы  тҿрт  ҽуездің  (ҽуендік)  араласымнан  пайда  болады.  Араласым:  жуан  – 
еріндік, езулік; жуан - езулік; жіңішке – еріндік -езу, жіңішке - езулікті құрайды. Қазақ сҿздері осы 
тҿрт ҽуездің бірімен айтылады. 
Ахмет Байтұрсынов сан ғасырлар бойы араб графикасының түркі халықтарының жазу қызметі 
атқаруы,  сол  жазуды  қолдану  кҿптеген  қиыншылықтар  бар  екендігін  дұрыс  аңғарды.  Ол 
қайшылықтар - бейсингармониялық араб тілі мен сингармониялық түркі тілдерінің ішкі жҽне сыртқы 
ерекшеліктерінде  еді  [1].  Нақтылап  айтсақ  -  ол  араб  жҽне  түркі  тілдерінің  «ҽріп  –  фонема  - 
фонеманың позициялық түрлері - ҽдеби дыбыстау норма» ұғымдарының байланысу жолдары ҽр түрлі 
екендігінде, араб графикасының түркі тілдерінің сингармониялық қасиеттеріне бейімдемелігінде. 
Бұл  жҿніндегі  А.Байтұрсыновтың  пікірі  ҽрі  нақты,  ҽрі  ғылыми  дҽлелді  болғаны  шындық. 
Мысалы,  1912  жылы  [2]  жҽне  одан  кейінгі  жылдары  А.Байтұрсынов  қазақ  жазуының  оған  дейінгі 
арабша  негізін  сынап,  онда  қазақ  тілі  дыбыстарының  тҿл  белгілейтін  графикалық  таңба 
системасының  жоқтығын  дҽлелдеген.  Араб  дыбыс  қорының  негізгі  қасиеттерін  жазуды  айқын 
кҿрсететін  ҽріптер  қазақ  тілі  дыбыстарының  қасиеттеріне  сай  емес.  Сондықтан  қазақ  жазуында  бір 
араб ҽрпі бірнеше дыбыстарды (фонемаларды) таңбалайды немесе бір дыбысты (фонеманы) бірнеше 
ҽріптермен  таңбалайды.  Мұндай  жағдай  жазылымды,  оқылымды,  сҿйлесімді,  жалпы  тілге  оқыту 
процесін  қиындатып,  күрделендіріп  тұр.  Осы  кемшіліктерді  жою  үшін,  яғни  қазақ  тілінің  ҽдеби 
дыбысталу  дағдысына,  бағытына,  сарынына  бейімделген  жазу  системасын  дүниеге  келтіру  керек 
болды,  дүниеге  келетін  қазақтың  жаңа  графикасы  қазақ  тілі  дыбыс  қорының  сҿйлесім  процесіндегі 
сингармониялық қасиеттерді дҽл бейнелейтін міндеттер тұрды.Ол үшін қазақ индивидінің басындағы 
сингармофонемалар  психобейнелерінің  санын,  оларды  жазылымда  бейнелейтін  нақты  таңбалардың 
санын анықтау керек еді. 
А.Байтұрсынов  бұл  мҽселені  шешудегі  негізгі  ғылыми  бағыты жеке  сингармофонемаға  -  жеке 
ҽріп (жеке таңба) түсінігі еді. Осындай биік ғылыми кҿзқарас А.Байтұрсыновтың сингармоальфавит 
пен  сингармоорфографияны  жасау  үшін  тілді  ұзақ  ҽрі  тыңғылықты  зерттеп  дайындау  барысында 

 
40 
оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, қазақ (жалпы түрік) тілі ҽлемінің ҿмір сүру дағдысына 
бейімдей түскендігін дҽлелдейді. 
Сингармониялық  фонологияны  негізге  (сингармофонологиялық  кҿзқарасты)  алғандықтан 
тілдегі  сингармофонемалар  санын,  олардың  позициялық  сингармонизм  түрлерін  анықтауға, 
сингармофонеманы-сингармодыбыстар  қоры  деп  түсінуге,  сол  (дыбыстар  қорын)фонеманы  бір 
ҽріппен  таңбалауға  мүмкіндік  туды.  Бұл  жағдай  жазылымда  бірнеше  сингармофонемаларды  бір 
ҽріппен  таңбалаудан  құтылу  мүмкіндігін  дүниеге  ҽкелді.Оған  дейінгі  қолданылған  тҽсілдің 
кемшіліктерін А.Байтұрсыновтың тҿмендегі сҿздері дҽлелдейді: «Осы күнгі жазуымызда (1912 жылға 
дейінгі)  дыбыс  басына  арналған  белгі  жоқ;бір  белгімен  (таңбамен)  ҽлденеше  түрлі  дыбыстарды 
жазамыз»(Байтұрсынов,1912;1992,380-381бб)[2] 
А.Байтұрсынов  қазақ  тілі  жазуына  17  дауыссыз  ҽріп,2 жартылай дауысты ҽріп,5 дауысты  ҽріп 
жҽне бір дҽйекші арнайды. 
Дҽйекші-сҿздің 
жҽне 
оның 
құрамындағы 
сингармо 
түрін 
анықтайтын 
арнайы 
белгі.Таңбаланатын  жері-сҿздің  бас  ҽрпінің  алды.  Дҽйекші  сҿздің  бас  ҽрпінің  биіктігімен  тең 
жайғасады.  Дҽйекші  арқылы  «сингармофонема-сингармодыбыстар  қоры»  концепциясының 
дҽйектемесін  қалыптастырды.  Бұл  концепция  қазіргі  қазақ  тіл  дыбыс  жүйесінің  негізін  қалап,қазақ 
тіл үндесім дыбыстарының ғылыми-фонологиялық сипатын айқындауға жол ашты. 
Қазіргі  қазақ  тілі  фонологиясында
[3,4]
ҽрқашан  дауыстылардың  үндесім  варианттарының  саны 
кҿрсетілді.Дҽл  санын  айқындау  үшін  алдымен  дауыстылардың  үндесім  белгілерінің  басы  ашылуға 
тиіс. Үндесім белгілері: 
1.Тіл ҽуезі,яғни тілдің кҿлденең(ілгері-кейінді) қалпы. 
2.Ерін ҽуезі,яғни ерін қатынасынан туындайды. 
Қазақ  тілінде  жақ  қатысына  қарай  (ашық-қысаң)  үндесім  жоқ  жҽне  үндесім  құбылысын 
сипаттау  үшін  фонетикалық  атаулар:тіл  ортасы,тіл  арты,  ерін,езу,т.б  жарамайтындығын  ескеру 
қажет.  
Үндесім талдануында үндесім атаулар жүйесін (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) пайдалану керек. 
Дауысты  дыбыстардың  үндесім  белгілерінің  жүйесі  бір  ҽуезбен  айтылатын  үндесім 
дауыстылардың  топтарын  құрайды.  Мысалы,  А  мен  Ы  бір  үндесім  ҽуезбен  (тембрмен)  -жуан 
езулікпен айтылады,сондықтан бір сҿз құрамында кездесе береді. Ҿйткені олардың үндесім белгілері 
ортақ.  Мысалы:  алмады,  қалады.  Ал  Ы  мен  І  екі  үндесім  ҽуезбен:  бірі-жуан,  екіншісі-жіңішке. 
Ендеше олар бір сҿздің құрамында кездеспейді. Мысалы:тылсым,тіршілік. 
Дауысты дыбыстар үндесім белгілеріне қатысты мынандай топтарға жіктеледі: 
 
Тіл ҽуезіне қатысты:  
а)жуан үндесім дауыстылар:а,ы,ұ,о. 
ҽ)жіңішке үндесім дауыстылар:ҽ,і,ұ,ҿ,е. 
Ерін ҽуезіне қатысты:  
а)езулік үндесім дауыстылар:а,ҽ,ы,і,е. 
ҽ)еріндік үндесім дауыстылар:ұ,ү,о,е. 
Дауыстылардың  ерін  ҽуез  жіктелімі  теориялық фонетика  мен  оқу  ҽдістеме  саласында  тек  ҽуез 
үндесім  белгілері  сҿз  болып,  дауыстылардың  ерін-езу  ҽуезді  үндесім  белгілері  қосылып, 
дауыстылардың қайта топталатынын ескермей келеді: 
а)жуан-езулік үндесім дауыстылар: а,ы. 
ҽ)жіңішке-езулік үндесім дауыстылар: ҽ,і,е. 
б)жуан-еріндік үндесім дауыстылар: ұ,о. 
в)жіңішке-еріндік үндесім дауыстылар: ү,ҿ. 
Қазақ тіліндегі үндесім дауыстылардың құрамы анықталып, жүйесі сипатталып шықты. 
Егер тіл ҽуезді үндесім белгілерін ескерсек, онда үндесім дауыстылардың құрамы кемиді. 
А.  Байтұрсынов  қисыны  (теориясы)  бойынша  дауысты  дыбыстардың  жуан-жіңішке  үндесім 
түрлері  бір  дауысты  дыбыс  болып  есептеледі.  Одан  шығатын  қорытынды,  Ахмет  Байтұрсынов 
қисыны бойынша 5 дауысты дыбыс бар, олар мыналар: 
1) А-тірек дауысты, 2 үндесім дыбыстан тұрады: а,ҽ. 
2) Ы-тірек дауысты, 2 үндесім дыбыстан тұрады: ы,і. 
3) Е-тірек дауысты, 1 үндесім дыбыстан тұрады: е. 
4) Ұ-тірек дауысты, 2 үндесім дыбыстан тұрады: ұ,ү. 
5) О-тірек дауысты,2 үндесім дыбыстан тұрады: о,ҿ. 
Егер дауысты дыбыстардың еріндік-езулік үндесім белгілерін ескерсек,қазақ тіліндегі дауысты   
дыбыстардың құрамы одан да ҽрі ықшамдалып дауыстылардың құрамы қысқарады.Ҿйткені,үндесім 

 
41 
фонологиясы тұрғысынан қарағанда жуан-жіңішке,еріндік-езулік үндесім түрлері бір дауысты болып 
табылады,онда дауыстылардың құрамы 3-ақ дыбыстан құралады: 
1) А-тірек дауысты дыбыс,екі үндесім дыбыстан тұрады: а,ҽ. 
2) Ы-тірек дауысты, тҿрт үндесім дыбыстан тұрады: ы,і,ұ,ү. 
3) О-тірек дауысты, үш үндесім дыбыстан тұрады: о,ҿ,е. 
Онда дауысты дыбыстар құрамын үш топ құрайды: 
Бірінші топқа-ашық дауыстылар 
Екінші топқа-қысаң дауыстылар
Үшінші топқа-құранды (дифтонг) дауыстылар жинақталған. Қорыта айтқанда қазақ тілінде үш 
дауысты дыбыс бар.Олар: 
1) ашық дауысты не А дауысты 
2) қысаң дауысты не Ы дауысты 
3) құранды дауысты не О дауысты 
Қазақ        фонологиясы-  үндесім      (сингармонизм)  фонологиясы.  Осы  тұрғыдан  қазақ  тіліндегі 
дыбыс  жүйесін  тірек  дауыстылар  немесе  үндесім  варианттары-үндесім  аллафоны  құрайды.Сонда 
қазақ тілінде 3 тірек дауысты,9 үндесім аллафон бар.Бұлардың ішінде: 
А,Ы,О-негізгі аллафон,  
Ҽ,І,Ұ,Ү,Ҿ,Е  жай  үндесім  аллафондар    құрайды  екен.  Негізгі  жҽне  жай  үндесім  аллафондарды 
белгілеу шартты екенін ескеру қажет.Шындығында үндесім аллафондардың фонологиялық мҽртебесі 
бір-бірімен тепе-тең.Бұл қазақ тілі вокализміне тҽн жайды сараптаудан шыққан қорытынды. 
Ал  қазақ  тілінде  17  тҿл  дауыссыздар  бар  деп  есептейді.Бұлар-тірек  дауыссыздар(негізгі 
аллафондар).Ҿйткені  бұл  жерде  дауыссыздардың  тек  жуан-езулік  үндесім  варианттары  алынып 
тұр.Дҽстүрлі  фонетикада  бір  дауыссыз  бір  дыбыс  деп  қаралып,үндесім  жағын  ескермей,жартылай-
жартыкеш түсінік алынуда. Сонда олардың сипаттамасы жалаң бір дыбысқа тҽн болып шығады. 
Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі  мен  құрамын  зерттеуге  арналған  жұмыстар  жеткілікті.Ҽсіресе 
дауыссыз дыбыстар жүйесі мен құрамын зерттеуге арналған жұмыстар мол.Олардың зерттеулерінің 
негізін мыналар құрайды: 
1) жасалым   белгілері (Байтұрсынов,Жұбанов,Аралбаев,Мырзабеков,т.б.). 
2) үндесім белгілері  (Жүнісбеков,Исаев,Назбиев,т.б.). 
3) үйлесім белгілері (Қалиев,Қошқаров,Айғабылов,Райымбекова,т.б.). 
 
4) тарихи белгілері (Қайдаров, Омарбеков,Нақысбеков, т.б). 
5) айтылым белгілері (Сыздықова,Уҽлиев,т.б.). 
6) ҽуен-просидика белгілері (Базарбаева, Есентемирова,Ҿтебаева,т.б.). 
Бұл зерттеулер негізінен айқын құбылыстарды талдауға арналған. 
Дауыссыз  дыбыстар  ҿз  бетімен  буын  құрай  алмайды.  Сондықтан  олар  тек  буын  жҽне  сҿз 
құрамында қарастырылады. Сонда ғана дауыссыздардың үндесім үлгісі табылады. 
Сҿздің құрамындағы дыбыстар(дауыстылар да,дауыссыздар да) тҿрт түрлі айтылады.Тҿрт түрлі 
айтылу үшін ҽр дауысты не ҽр дауыссыз тҿрт түрлі жасалады: 
а) жуан-езулік   
 
 
ҽ) жіңішке-езулік 
 
         б) жуан-еріндік   
в) жіңішке-еріндік 
Олай болса, дауыссыздардың үндесім құрамын жҽне жүйесін сипаттау үшін: 
1) дауыссыздардың үндесім жасалымын 
2) дауыссыздардың үндесім айтылымын 
3) дауыссыздардың үндесім естілімін жеке талдап шығып,жүйесін анықтауға болады. 
Алайда,зерттеушілер  назарынан  қалыс  қалып  келе  жатқан  фонетикалық  құбылыстардың  бірі-
дыбыстардың кҿміскі белгілері.Кҿміскі белгілердің ҿз құрамы мен жүйесі бар.Ол ақиқат белгілерден 
ҽлдеқайда  кҿп,бірақ  бҿлектенбейді.Кҿміскі  жҽне  ақиқат  белгілер  жұптасып,дыбыстардың  айтылым 
жҽне естілім белгілерін құрайды. 
Үндесім  дауыссыздардың  ілгерінді-кейінді,еріндік-езулік  белгілері  құлаққа  шалына 
бермейді,сондықтан «кҿміскі белгілері» деп аталады. Мысалы,Т-тіл ұшы(жуан) дауыссызын айтқанда 
тіл  ауыз қуысының  алдында жатады,ал жіңішке  үндесім  вариантын  айтқанда  онсыз  да  алда  жатқан 
тіл тағы да ілгері жылжиды. Сҿйтіп ақиқат белгінің үстіне кҿміскі белгі қосылады. 
Үндесім заңы бойынша, ҽрбір дауыссыздың 4 варианты шығады қатаң дауыссыздардың 5 тірек 
дыбысы,  4  түрлі  вариантта  айтылып,үндесім  варианты  20  дыбысты  (п,т,қ/к,с,ш)  құраса,  ұяң 
дауыссыздар (б,д,ғ/г,з,ж) тҿрт түрлі үндесім ҽуезбен айтылып,5 тірек дыбыстан 20 дыбыс варианты 

 
42 
шығады, ал үнді дауыссыздардың тірек дыбысы 7-еу (м,н,ң,р,л,й,у), бірақ үндесім вариантында У/W) 
дыбысының  езулік  варианты  жоқ  болғандықтан  28  үндесім  варианты  шықпайды,26  үндесім 
вариантын құрайды. 
Қорыта айтқанда қазақ тілінің дыбыс жүйесі А.Байтұрсынов ҿмірге ҽкелген «сингармодыбыстар 
қоры»  концепциясы  бойынша  қазіргі  қазақ  тілінің  дыбыстар  құрамы  мен  жүйесі  тҿмендегіше 
сипатталады: 
1.Жуан-езулік  дыбыстар,құрамы  жағынан  2  жуан-езулік  дауысты  жҽне  16  жуан-езулік 
дауыссыздан құралып,18 жуан-езулік үндесім дыбыстан тұрады. 
2.Жіңішке-езулік дыбыстар, құрамы жағынан 3 жіңішке-езулік дауысты жҽне 16 жіңішке-езулік 
дауыссызды құрап, барлығы 19 жіңішке-езулік үндесім дыбыстан тұрады. 
3.Жуан-еріндік  дыбыстар,  құрамы  жағынан  2  жуан-еріндік  дауысты,  17  жуан-еріндік 
дауыссыздан құралып, барлығы 19 жуан-еріндік үндесім дыбыстан тұрады. 
4.Жіңішке-еріндік дыбыстар, құрамы жағынан  
2  жіңішке-еріндік  дауысты,  17  жіңішке-еріндік  дауыссыздан  құралып,  барлығы  19  жіңішке-
еріндік үндесім дауыссыздан құралады. 
Онда 9 дауысты+66 дауыссыз, барлығы 75 үндесім дыбыс болады. 
А.Байтұрсынов  қазақ  тілі  дыбыс  жүйесін  айқындап  алған  соң,  дыбыс  жүйесінің  негізі-
сингармонизмді  басшылыққа  ала  отырып,  сингармониялық  алфавит  пен  сингармониялық 
орфографияны түзіп шығады. 
___________________________ 
1.Байтұрсынов  А.  Тіл  тағылымы  (қазақ  тілі  мен  оқу-ағартуға  қатысты  еңбектері).-Алматы:Ана 
тілі,1992,-447б. 
2.Байтұрсынов А. Оқу құралы. Қазақша алифба.1-кітап.Орынбор,1912. 
//Байтұрсынов А.Тіл тағылымы.-Алматы:Ана тілі,1992,-33-46бб. 
3.Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов жҽне қазіргі қазақ тілі фонологиясы-Алматы:Ғылым,1998,-214б. 
4.Қазақ грамматикасы-сипаттамалы-нормативті грамматика-Астана,2002,-784б.  
 
Аннотация. А.Байтурсынов впервые в фонетической системе казакского языка определил как основу 
- сингарозвуки. Работа посвящена роли и содержанию сингарозвуковой системы. 
Annotation. A.Baitursynov was first who has defined the phonetic system of the Kazakh language as a 
Basis  of  sinhormosounds.  The  given  work  is  devoted  to  the  role  and  the  maintenance  of  sinhormosounds 
systems. 
 
 
 
 
Қ.Ш. Ибраймов, А. Бақытжанқызы 
 
ЖАЛПЫ ТІЛТАНЫМНЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ӘОЖ 81.1 (574) 
 
Қазақ тілі энциклопедиясында: «Тіл білімі, лингвистика  - ҽлем тілдері құрылысын, ҽлеуметтік 
функциясын  жҽне  тарихи  дамуын,  адамзаттың  табиғи  тілін,  оның  жалпы  заңдылықтарын, 
қолданылуын жҽне адам қоғамын зерттейтін гуманитарлық ғылым» - деп, Тіл білімін жеке тіл білімі 
жҽне  жалпы  тіл  білімі  деп  бҿлу,  зерттеудің  мақсаты  мен  нҽтижесі  негізінен  туындайды»  -  дегенді 
кҿрсетеді [1,414]. 
Тіл білімі – ғылым. Ғылым объектісі – оның зерттейтін, қарастыратын мҽселелері. Ҿзекті мҽселе 
– лингвистика ғылымының зерттеу объектілерін нақты жүйелеу. Ғылымның алға қоятын мақсаты - ҿз 
объектісін жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау.  
Жалпы  тіл  білімінде:  «Лингвистиканың  жалпы  тілдерге  ортақ,  универсалды  мҽселелерді 
зерттейтін саласы – жалпы тіл білімі деп аталады» - деген анықтама береді [2,6] де, «жалпы тіл білімі 
– тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пҽн. Оның негізгі мақсаты  – 
тіл білімінің ең ҿзекті, ең негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың ҿзіндік сипаттарын 
анықтау» - деп [2,7], ондай ҿзекті проблемалар қатарына мыналарды жатқызады. «Олар: 
- Тілдің ҿзіндік табиғаты мен мҽні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі: 
- Тілдің құрылымы, құрлым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы; 
- Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары: 

 
43 
-  Дыбыс  тілінің  шығуы,  тілдер  дамуындағы  ортақ  заңдылықтар,  тілдік  құбылыстарға  түрткі 
болатын  ішкі,  сыртқы  себептер,  тілдер  дамуында  болатын  дифференциялық  (саралану), 
интеграциялық процестер, жалпы халықтық тіл, диалекті, сҿйлеу тілі мен ҽдеби тіл т.б. 
- Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі: 
- Жазудың пайда болу, даму жолдары; 
-  Тіл  білімінің  негізгі  салалары,  басқа  ғылымдармен  қатынасы,  ҿзіндік  орны»  -  деп  жүйелейді 
[2,8]. 
Жалпы  тіл  білімі  –  лингвистиканың  жалпы  тілдік  теориясы.  Тіл  теориясы  –  тілді  я  тілдерді 
зерттеуден  туатын  ғылыми  тұжырым.  Тұжырым  тіл  туралы  ғылымның  ҿткен  тарихынан,  қазіргі 
күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан жүйелі білім 
беру  негізін  құрайды.  Олай  болса,  жалпытілтанымдық  мҽселелердің  ҿзекті  мҽселелерін  қайта 
қарастырған жҿн. Алдымен тіл білімінің мҽселелерін 4-ке топтастырып қарасақ болады: 
1-ші, лингвистика тарихының ҿзекті мҽселелері; 
2-ші, тіл теориясының ҿзекті мҽселелері; 
3-ші, лингвистикалық ҽдістер мен методикалардың ҿзекті мҽселелері; 
4-ші, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасының ҿзекті мҽселелері. 
Мұндай  жіктеу  тіл  тарихынан,  тіл  туралы  ғылыми  тұжырымдардың  пайда  болуымен,  ғылыми 
зерттеу ісінде методика арқылы айқындалған фактілерді ғылыми игеруден, ғылымдардың бір-бірімен 
байланысын, ғылымға объекті болатын мҽселелерді тұжырымдаудан пайда болған жүйелеу еді. Осы 
жүйелеудің нақты, ҿзекті мҽселелерін меңгеру тіл табиғатын аша түсіп, ақиқат, шындықты тереңдете 
түседі. 
Жалпы тіл білімінде кҿрсеткендей жалпытілтанымдық мҽселелер универсалды мҽселелер емес. 
Ҽр  зерттеу  объектісінің  ҿзіндік  ҿзекті  мҽселелері  бар.  Себебі,  бір  ғылыми  объектінің  түрлі,  жан-
жақты болуы мүмкін емес. Мысалы, қазіргі тіл білімінде дескриптивті лингвистика деген бағыт тілді 
дистрибутивті  (латынның  distridutus  –  бҿлінген,  ажыратылған  деген  мағыналы  сҿзі)  методының 
мҽнісі  мынада:  олар  тіл  құрылымының  тек  формальды  элементтеріне  ғана  кҿңіл  бҿледі  де,  сол 
элементтерді  (фонемаларды,  морфемаларды,  сҿздерді)  сол  тілдің  заңдары  бойынша  жіктеп-жіктеп 
топтайды. Бұдан біз тілді универсалдыққа жатқызуға болмайтындығын кҿреміз. 
Ғылым  –  болмысты  игеретін  ҽдіс,  тҽсіл,  сондықтан  ғылымның  қоғамдағы  орны  мен  мҽні  ҿте 
биік.  Ғылым  болмысты  игеруде  жалпылама  білімді  анықтауға  ҽрекеттенеді,  анықтаған  соң 
жалпылама  білімді  (ұғымды)  ғылыми  ізденістердің  негізі  ретінде  қалыптастырады.  Ғылымның  осы 
ҽрекеті  –  табиғи,  яғни  ғылыми  заңдылық,  себебі  жалпылама  білімсіз  объективтік  табиғи  болмыс 
толық жҽне ҽділ зерттелуі мүмкін емес. 
Жалпытілтанымның  ҿзекті  мҽселелерін  анықтағанда  біз  былайша жіктеуді табиғи деп  ұсынып 
отырмыз: 
1.Тіл білімінің тарихи-танымдық ҿзекті мҽселелері 
2.Тіл білімінің жалпытілтанымдық ҿзекті мҽселелері 
3.Тіл білімінің салалық тілтанымдық ҿзекті мҽселелері 
4.Тіл білімінің ғылымтанымдық ҿзекті мҽселелері 
Біз бүгін тіл білімінің жалпытанымдық ҿзекті мҽселелерінің кейбір 
мҽселелеріне тоқталамыз. Атап айтсақ мына мҽселелер: 
Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысының ҿзекті мҽселелері 

 
Тіл теориясының ҿзекті мҽселелері 

 
Тілдің таңбалық сипатының ҿзекті мҽселелері 

 
Тілдің жүйелік-құрлымдық сипатының ҿзекті мҽселелері 

 
Тіл мен қоғам байланысының ҿзекті мҽселелері 

 
Тілдің даму заңдылығының ҿзекті мҽселелері 

 
Тіл білімінің зерттеу методтарының ҿзекті мҽселелері. 
Біздің зерттеп байымдауынша жалпытілтанымдық мҽселелер 11 
ғылыми объектіден тұрады, біз соның ішінде тек 7 ғылыми объекті негізіне талдау жасамақпыз. 
  Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы дүниені тұтас тануға ұмтылған қазіргі заманның 
таным бағытына сай ғылым парадигмасын талап етеді.Атап айтқанда философиялық, психологиялық, 
этностық,  лингвистикалық  теорияларының  жүйесі  дүниені  тұтас  танудың  теориясы  шеңберінде  тіл 
қызметінің когнитивтік негіздерін  айқындайды. Тіл білімінің басқа ғылымдар байланысының ҿзекті 
мҽселелеріне мыналарды жатқызуға болады: 
- ғылым, оның объектісі мен жіктелу түрлері; 
- ғылымдар байланысының себептері

 
44 
- тіл білімі жҽне философия; 
- тіл білімі жҽне логика 
- тіл білімі жҽне психология 
- тіл білімі жҽне физиология мен медицина 
- тіл білімі жҽне ҽдебиеттану ғылымы 
- тіл білімі жҽне тарих, археология 
- тіл білімі жҽне география 
- тіл білімі жҽне киберкетика 
- тіл білімі жҽне семотика т.б. 
Тіл  теориясының  ҿзекті  мҽселелері  «жалпы  тіл  білімінде»де,  «Қазақ  тілі  энциклопедиясында» 
да  танымдық  жақтан  ашылмай,  ұғымдық  мҽні  нақыталанбаған.  Біздің  зерттеуіміз  тіл  теориясының 
ҿзекті мҽселелерін мыналар құрайды: 
- тілдің ҿзіндік сипаттары 
- тілдің анықтамасы 
- тілдің табиғаты мен мҽні 
- тіл-қоғамдық құбылыс екендігі 
- тіл жҽне сҿйлеу 
- тілдің ой-санамен қарым-қатынасы 
- тілдік мағына 
Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. 
Тұжырым ҿзегі – тіл теориясының ҿзекті мҽселелері. 
  Тілдің  таңбалық  сипатының  ҿзекті  мҽселелері  белгілі  адамдар  қауымында  қарым-қатынас 
жасауды  жүзеге  асыру  үшін  табиғи  жолмен  пайда  болған  ҿзіндік  ерекше  кҿне  таңбалар  жүйесінен 
тұрады. Тілдік таңба жиынтығы ерекше таңба жүйесі – тілді құрайды. Тілдің таңбалық сипаты – оның 
негізгі  ерекшеліктерінің  бірі.  Тілдік  таңба  –  белгілі  бір  ойлы  мазмұн  мен  фонемалық  тұлғалардан 
бҿлінген  дыбыстың  бірлігі.  Бұл  нақты  бірлік  ҽлеуметтік  танымал  болған  мағынаны  танытады. 
Мазмұнды  білдіру  үшін  ҽлеуметтік  қолданысқа  түскен  дыбысталуды  ғана  материалдық  зат  ретінде 
таңба  деп  таниды.  Таңба  –  басқаларға  білдірмекші  болған  хабардың  алдын-ала  келісілген  шартты 
белгісі. Таңбалар тілдік таңба жҽне тілдік емес қарапайым таңбалар болып бҿлінеді. Тілдік таңба  – 
алғашқы,  негізгі,  ал  тілдік  емес  таңбалар  –  соңғы,  алғашқы  негізінде  жасалады.  Тілдік  таңбалар 
қарапайым  таңбалардай  тек  хабарды  ғана  емес,  ол  айналадағы  ҿмірді  танып  білудің,  ойды 
қалыптастырып  дамытудың  да  құралы.  Қазіргі  тіл  білімінде  тілді  таңбалар  жүйесі  ретінде 
қарастыратын тілдің құрылымы жҿніндегі теориялық қағидалар (идея, жорамал) жиынтығы – тілдің 
таңбалық  теориясы  қалыптасқан.  Жоғарыдағы  ойды  қорытындылай  келе  біз  тілдің  таңбалық 
сипатының ҿзекті мҽселелерін құрайтын мыналар екеніне тоқталдық: 
- жалпы семотика мен лингвистикалық семотика 
- таңба жҽне оның түрлері 
- лингвистикалық таңбалар, оның түрлері 
- лингвисткалық таңбалардың ерекшелігі. 
Тілдік жүйе мен тілдік құрылым – жалпытілтанымның ҿзекті мҽселелері болып табылады.  
Тілдік жүйе  –  табиғи  тілдің  ішкі  заңына лайық  сҿздік құрам  мен  грамматикалық  құрылыстың 
тұрақты  қарым-қатынасқа  түскен  элементтерінің  бірлігі  мен  тұтастығы.  Тілдік  жүйені  сҿздердің  ҽр 
түрлі ҿзгеріске түсу мен сҿйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тілдік жүйе тілде жоқ, болатын 
да құбылысты  қабылдайды. 
  Тілдегі  сҿздер  мен  сҿйлемдердің  тілдің  ішкі  заңдылығына  байланысты  ҿзінше  құрылу, 
түрлену  жүйесінің  жиынтығы  тілдік  құрлым  мҽнін  ашады.  Тілдік  құрылым  тілдің  сҿздік 
құрамындағы  сҿздердің  ҿзіндік  морфологиялық  құрылысы  мен  синтаксистік  ерекшеліктеріне  қарай 
анықталады. Құрлымына қарай дүниежүзіндегі тілдер түбір тілдер, флективті тілдер, агглютинативті 
тілдер болып бірнеше топқа бҿлінеді. Бұл топтардың құрлым жүйесі бір-бірінен мүлде алшақ жатады. 
Осындай жүйелік-құрылымдық сипатын айқындап, мына ҿзекті мҽселелерге құрылады: 
- жүйе мен құрлым 
- жүйе мен құрлым бірлігі мен ҿзгешіліктері 
- типтік тілдік қатынастар 
- тіл – жүйелер жүйесі. 
Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан тіл мен қоғамның 
Жалпы тіл танымдық ҿзекті мҽселелері тҿмендегідей мҽселелерден тұрады: 
- дыбыс тілінің пайда болуы  

 
45 
- тіл жҽне этникалық бірлік 
- тілдердің сандық шамалары мен жіктелу түрлері 
- тілдердің бҿліну, бірігу процестері 
- билингвизм 
- ҽлемдік тіл 
- тілдің қызметтік, аймақтық, ҽлеуметтік типтері 
- сҿйлеу тілі мен кітаби тіл 
- ҽдеби тіл 
- тілдік дҽстүр жҽне ҽдеби тіл нормасы 
- тілдік диалектілік, ҽлеуметтік жіктері 
- ҽлеуметтік лингвистика 
Тіл білімінде тілдің дамуы мен ҿзгеруі жайында ұғымдар толық ажыратылмай келеді. Даму термині 
екі түрлі мағынада түсіндіріледі:  
1) тіл бірлігі қалпының ҿзгерісі;  
2)  қоғамдық  қажеттілікке  сҽйкес  тілдің  ҿзгеру  процесі.  Тілдің  даму  заңдылығы  туралы 
кҿзқарастар мен теориялар тіл білімінде қалыптасқан мектептер мен ағымдарда ҽр түрлі баяндалады: 
а) натуралистік ағымда – «тіл – табиғи организм» 
ҽ) младограмматизм ағымында – «тіл – алғашқы қалыптың ҿзгерген түрі» 
б) гумбольдшылдарда – «тіл дамуы рухтың дамуымен сҽйкес келеді» т.б. 
Тіл  дамуы  относительді  жҽне  абсолютті  прогресс  жолымен  іске  асады.  Табиғи  тіл  белгілі 
жоспарға  бағынбай,  стихиялы  түрде  дамиды.  Тіл  дамуын  барлық  тілдік  деңгейлерден  байқауға 
болады жҽне мына ҿзекті мҽселелерден тұрады: 
- лингвистикалық проблемалар, оның зерттелуі 
- тілдің құрлымдық жҽне қызметтік дамуы 
- тіл дамуының заңдылықтары 
- тілдің ҿзгерістердің ішкі, сыртқы себептері 
- тілдің ҽр саласының даму ерекшелігі 
- лексиканың дамуы 
- фонетиканың дамуы  
- грамматиканың дамуы 
- тілдердің араласу нҽтижелері  
Ғылым  –  болмысты  игеретін  ҽдіс-тҽсіл.  Ҽдіс  (метод)  –  грек  сҿзінен  терминдеген  «зерттеу» 
ұғымын берсе, тҽсіл – іске асыру, түрлі амалдарды пайдалану (талдау, түсіндіру, дҽлелдеу). Ҽдіс пен 
тҽсіл арқылы ғылым болмысты игереді, оны анықтауға ҽрекеттенеді. Ғылымның осы ҽрекеті – табиғи, 
яғни ғылым заңдылық. Ғылыми заңдылық – ғылыми мҽтіннің мазмұны. Ғылыми мҽтіннің мазмұны – 
ғалымдар  ашқан  ғылыми  заңдылықтар,  ұғымдар.  Яғни  ғылыми  мҽтін  –  ғылыми  ізденістердің 
таңбаланған  түрдегі  нҽтижесі.  Тіл  білімі  қолданылымын  зерттеу  амал-тҽсілдерінің  жүйесі  – 
лингвистикалық ҽдістер. Лингвистикалық ҽдістер негізі – белгілі бағытпен мҽселелерін зерттеп, тіл – 
тілдегі құбылыстардың ҿзіндік заңдылықтарын айқындау, белгісіз сырларын, ҿзгерісін дҽл анықтау, 
ашу. Мұндай күрделі мҽселелер – тіл білімінің де зерттеу методтарының негізін құрап, ҿзіндік ҿзекті 
мҽселелерді жинақтайды. Олар: 
- зерттеудің тҽсілдері мен жолдары; 
- методология: 
- зерттеу тҽсілдерінің жиынтығы (методикалары); 
- ҽдіс (метод) 
- лингвистикалық ҽдістер, олардың түрлері 
- сипаттама немесе синхрондық ҽдіс 
- құрылымдық ҽдіс 
- лингвистикалық талдау тҽсілдері 
- математикалық ҽдіс 
- салыстырмалы ҽдіс 
- тарихи-салыстырмалы ҽдіс т.б. 
Тіл  білімінің  жалпытілтанымының  ҿзекті  мҽселелерінің  біз  жалпы  сипаттамасын  бердік,  бұл 
мҽселелер терең теориялық зерттеуді қажет ететін тілтанымдық ұғымдар жүйесі болып табылады. 
__________________ 
1.Қазақ тілі энциклопедиясы –Алматы, 1998-482б. 
2.Жалпы тіл білімі – Алматы «Мектеп», 1983-231б. 

 
46 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет