Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

ФИЛОЛОГИЯ
 
 
А.М.Абуталиева 
 
ҒАБИТ МҤСІРЕПОВТІҢ «ОЯНҒАН ӚЛКЕ» РОМАНЫНДАҒЫ МҤСІНДЕУ ШЕБЕРЛІГІ 
 
Жалғыз-ақ  жазушы  шын  мҽніндегі  зергер  болуы  шарт,  сонда  ол  қолданған  ҽрбір  амал  адам 
образын  ашуға  қызмет  етеді.  Шығармадағы  кейіпкердің  ішкі  бітімі  мен  қатар  сырт  келбетін 
(портретін) де осы тұрғыдан түсінген жҿн. Ғ.Мүсіреповтің ―Оянған ҿлке‖ романын оқыған оқырман 
кейіпкердің  мінезін  біліп,  сҿзін  ести  тұра  сырт  пішінін,  кескін-кейпінде  кҿргісі  келеді.  Мүсін 
(портрет) тҽсілі осыдан туған. Портрет дегенде біздің кҿз алдымызға кескін ҿнеріндегі (живописьтегі) 
портрет  елестейді.  Бұл  –  кескін  ҿнердегі  портрет.  Бұл  портреттің  ерекшелігі  -  ҿзгермейтін, 
қозғалмайтыны, қашан кҿрсек те осы қалыпта тұратыны. Шығармадағы портрет бұлай емес, ол – бір 
қалыпта қатып тұрып қалмайтын, ҿзгеретін, қозғалатын, жанды келбет, тірі кескін.  Тарихи романда 
портрет  жасаудың  үш  түрлі  статикалық,  живопистік,  психологиялық  формасы  ұшырасады. 
Статикалық  формасы  қаламгердің  жиі  қолданатыны.  Онда  қаһарманның  бет-бейнесі,  киген  киімі, 
сыртқы құбылысы кҿзге шалынары қалдырылмай суреттеледі, демек кҽдімгі портреттік болмысына 
назар аударылады. Қазақ тарихи романында живопистік портреттер жетекші қызметке кҿше бастады, 
кейіпкердің ҽрбір қимылы, қозғалысы, амал-ҽрекеті, сыртқы ортамен қарым-қатынасы осы портретте 
толық кҿрінеді. Психологиялық портрет адам басынан ҿтетін қилы жағдайлар мен оқиғаларға қарсы 
күрделене  түседі,  типтік  характерді  типтік  жағдайда  бейнелеуге  детальдің  мүмкіндігі  мол. 
Ҽдебиеттегі  адамның  сырт-бітімін,  кескін-кейпін,  жүріс-тұрысын  суреттеуді  портрет  дейтін  болсақ, 
бұл да образ жасаудың ҿзгеше бір тҽсілі, жолы, амалы. Бұған да айрықша суреткерлік шеберлік керек. 
Портрет  адамның  бүтін  анатомиясын  түгел  қамтып,  жіпке  тізе  беруі  шарт  емес.  Ҽр  портретте  ҽр 
адамның  ең бір  ерекше  сыпаты ғана  нақты,  затты,  қысқа,  қызық  суреттеледі
1
.Шығармадағы  Жұман 
пішіні былай суреттелген: ―Жұман – Алтай – Қарпыққа мҽлім тапал адам. Бірақ денесі тҿртпақ, сом 
жаралған.  Кҿлденеңі  күректей  мұқыл  тырнақты  саусақтары  келінің  сабындай  жұп-жуан.  Қылтанақ 
шығып  кҿрмеген  қасқа  иегінен  тағалы  ат  тайып  жығылғандай.  Салбырай  бастаған  ұртына  дейін 
табиғи тҽртіпті бұзбай-ақ келген бурыл сақал қасқа иектен тайып кеткендей алқымға барып ұйлығып 
қалыпты да, сақалдан гҿрі ұйысып қалған кҿк шулан жүнге кҿбірек ұқсап тұрады. Жүзінің басқа мҿрі 
түгел  ҿшуге  жақындап,  ескі  теңгеліктей  кҿмескі  тартқан.  Бар  мінезі  кҿздерін  жартысынан  асыра 
жауып  алып,  енді  етегін  кҿтерместей  біржола  түйілген  қабақта  ғана  қалған  сияқты‖  (4-5-бет). 
Ғ.Мүсіреповтің  портреті адамның  ішкі жан  дүниесін де ақтара  түседі.  Адамның  бет-пішіні, қабағы, 
қимылы  арқылы  образдылық  ҿзіндік  тұлғасын  аңғартуға  болады.  Жұманның  күйрер  кезін,  оның  ҿз 
жылқысы арасында қатал боранмен арпалысын жазушы шебер жеткізген.  Жұман жылқы үшін ҿлуге 
ҽзір. Мал үшін туған Жұман мал соңында ҿледі. Жұманның ішкі жат толқынысын тамаша береді.  
―Бұл тҿрт бала түгіл, Сармантайдың бар еркегі жиналып бірге қайғырса да жалғыз Жұманның 
бет-аузындағы  қайғы  ҿрнегін  салып  бере  алмас  еді.  Ҽр  ҽжімі бір  зарды  айтып  қақсап  тұрған  бойы, 
жазылмай-жадырамай қатып қалыпты‖ (140-бет). Ҽдеби туындының тұтастық жүйесін құрауға елеулі 
үлес қосатын, біртіндеп тұрақты эстетикалық ҿлшемге айналған ежелгі кҿркемдік межелерінің бірі – 
портрет.  Портрет  суреткердің  даралық  стилі  кҿрінетін  маңызды  буын  санала  тұрып  уақыт 
заңдылықтарына  сҽйкес  ортақ  бір  бағыт,  ҽдістің  ішінде  жалпыға  тҽн  сипаттар  да  жинақтайды. 
Портреттен  адамның  ішкі  психологиялық  келбеті  кҿрініс  табатынын  айта  кету  керек.  Осы  тұрғыда 
академик З.Ахметов былай дейді: 
―Бастапқы  проза  туындыларында  ҿз  ерекшеліктерін  ҽлі  де  сақтап  келген  ауызекі  поэтикалық 
шығармаларға  тҽн  ҽдеттегі  сипаттама  портреттер  ендігі  жерде  ширай  түсіп,  адамның  ішкі 
психологиялық  келбеті  терең  де  айшықты  кҿрініс  алады‖.Қазақ  ҽдебиетіндегі  кейіпкердің  бет-
пішінін, портрет жасау үлгісі тіпті сонау арғы заман шығармаларынан басталғаны байқалады. Бірақ 
бұл тҽжірибенің шынайы дҽстүрге айналып, беки түсуі тек қазақ халқының ұлы ақыны реализмнен, 
Абайдан  үйреніп,  үлгі  алған  орыстың  классикалық  таңғажайып  ҽдебиеттің  үлгі  ҽсерінен  болады. 
Ҽрбір үлкен шығармаға тҽн: сюжет, портрет, пейзаж, диалог, монолог, лирикалық шегініс, авторлық 
суреттеулер  сияқты  кҿркемдік  компоненттердің  бҽрі  де  кез-келген  жазушыға  ортақ  құбылыс.  Ол 
компоненттердің ҽрқайсысы ҽр жазушыда ҽр түрлі ҽдіс-айламен, мҽнер мүмкіндік береді. Кейіпкердің 
портретін  авторлық  баяндаумен  астасқан  ҽсерлі  де  ҽрлі  үлгісі  бар.  Мҽселен,  Игілік  образын 
суреттеуден  кҿруге  болады.―Шойын  кеуделі,  аю  жоталы,  бүруге  біткендей  жүндес  сом  саусақты, 
қатары қиғаш-қиғаш біткен қара кісі – Игілік би, паң да, тҽкаппар да емес. Даусын кҿтере сҿйлегенін, 

 
15 
бір  адамға,  суық  жүз  кҿрсетіп,  қабақ  шытқанын  ешкім  де  естіген  де  емес.  Ала  кҿзін  бір  тҿңкеріп, 
қалың қабағын бір түйіп қалса бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді. Күреңкҿз 
қожаның  тышқанның  құмалағынан  жасағандай  ұсақ  тастардан  тізген  таспиығымен  бірге  барлық 
буын-буыны сыртылдап кетеді. Бірақ күш белгісін кҿрсетуді ол ұмытқан адам сияқты. Айбар барын 
ҿзі де жақсы білетін болғандықтан, құдірет тізгінін қаңтарып ұстайды. Бұйырғаны - ҿтінгендей ғана, 
кесім  айтқаны  –  бітім  айтқандай  ғана.  Осы  елдің  мұндай  момынды  осы  күнге  дейін  қалай  талап 
тауыспағанына таңданғандайсың!…‖ (15-бет).  
Бұл  үлгі  портрет  жайы  ғана  емес, адам  образын жасаудың  тамаша  тҽсілдерінің  тоғысқан жері 
десек, артық айтқанымыз емес. Мұнда адамның сырт пішінін бастағы бҿріктен аяқтағы етікке дейін 
баттастыра  тізіп,  санап  шығатын  ҽдеттегі  стандарт  атымен  жоқ.  Романда  Игіліктің  ҽйелін  былай 
суреттеген.  ―Ашық  қара  кҿзді,  келте  мұрындау,  сұңғақ  бойлы  Айғанша  кергіп-керіліп  отыра  да 
алмайтын  еді.  Ҽр  кезде  желе  жортып  үй  жабдығында  жүреді.  Астыңғы  ерні  ҽлі  шиедей  қызарып 
тұратын  жас  ҽйел  қазірдің  ҿзінде  бҽйбішедей  сыйланатын  болды.  Бұл  ҿңірде  ерімен  қатар  отырып, 
тамақты бірге ішетін ҽйел де осы ғана. Бар қылығы  бойына  жарасып  тұрады  деген  атаққа  шығып  
бара жатқан  ҽйел де осы‖  
Бұл  авторлық  баяндау  арқылы  Айғаншаның  портретінен  характерін  түсіне  білеміз. 
Типтендірудің  сан  алуан  ҽдіс-амалдарының  бірі  –  портрет.  Портреттің  кҿркем  шығармада  алатын 
орны мен атқаратын қызметі айрықша. Портрет – пейзаж, сюжет, сҿз ҿнері сияқты бейнелеудің ірі бір 
құралы  болып  табылады.  Жазушы  геройдың  сырды  бет-ҽлпетінен,  кескінін  оның  ішкі  жан-сезім 
дүниесінен, мінез-құлық психологиясынан тыс алып суреттеп жатпайды. Портрет кҿркем ҽдебиетте 
типтендіру  тҽсілдерінің  бірі  болғандықтан,  типтік  образдың  шынайы  жасалуына  жағдай  жасайды. 
Сондықтан  бейнелеу  ҿнерінің  бірі  ретінде  портрет  адам  образының  барынша  дараланып,  түр-сипат 
жағынан да ҽр-алуан ҿзгеше суреттелуіне мүмкіндік береді.  
Портрет  дегеніміз  ең  алдымен,  кҿркем  шығарманың  ішінде  суреттеп  отырған  адамның  мінез-
құлық характері. Бұл кҿркем ҽдебиетке де, сурет ҿнеріне де, қысқасы исскуствоның ҿзгеше саласына 
да ортақ ұғым. Жазушы кез-келген кейіпкердің портретін суреттегенде сол кейіпкердің жүріс-тұрыс, 
киім киісін ғана кҿрсетуді мақсат етпейді. Жазушының ең басты нысанасы – қаһарманның ішкі жан-
күйін, сезім сарайын суреттеу болып табылады. Игілік үйіне елшілікке келген Назыкештің портретін 
автор  былай  суреттеген.―Шешесіне  тартқан  үлкен  қара  кҿзді,  қара  торының  ҽдемісі  аталып  келе 
жатқан,  бар  мінезі  ҽдептен  жаралғандай,  ұялшақ  Назыкеш  үйге  кірді  де,  қою  кірпіктерін  қағуға  да 
бата алмай, үнін де шығара алмай Айғаншаға қарап тұрып қалды. Кҿп үстіне амалсыз кіргендігінен 
ұялып, қызарып барады. Отыра кетуге ұялып тұрған жас қыздың енді жұмырлануға бет алған тіп-тік 
денесі  де  түгел  кҿзге  түсіп  қалды.  Ашылуға  ұялып  тұрған  еріндер  бір  ауыз  сҿз  айта  алар  емес. 
Жаратылысында аз ғана күлімдеп тұратын тұнық қара кҿздерінің жанары қызғылттау ұшқын шашып, 
танадай жарқырайды‖ (25-бет). 
Ҽдебиет шындықтың заңдылықтарын образбен, яғни жалпы дараға жинақтай отырып нақтылы 
бейне жасайды. Ал нақтылық дегеннің ҿзі – адам портретін жасауда да тікелей қатысы бар. Ҿйткені 
ҽрбір  мҽдениетті  оқушы  кҿркем  шығармадан  ҿзінің  сүйікті  геройының  бет  ажары  мен  дене  бітімін 
кҿріп, білгісі келеді. Онымен жүзбе-жүз кезігіп тілдесе алғандай ҽсер алып алуан арман етеді. 
―Тҿр  алдында  буырылдау  тартқан  аса  бір  ажарлы  адам  отыр.  Бұл  –  жұмсақ  қоңыр  дауысты, 
кербез  киінетін,  езу  тартатынына  дейін  ақ  сүйек  екенін  кҿрсетіп  тұратын,  Орал  тауында  алтын 
заводтары бар Рязанов деген кісі еді‖ (33-бет). Бұл Рязанов портреті. Портрет жасағанда қорғалақтап, 
бет-ауыздан, кең иықтан шыға алмай қалмай, портрет жасауда мҽдениетті жаңа штрихтер ҽкелді.―Бұл 
шын  атын  бүкіл  ел  ұмытып  болған,  іркілдеген  семіздігінен  Қолбаң  атанып  кеткен  жігіт  еді.  Қарын 
деген.  Қарын  деген  алқымынан  басталып,  тізесіне  түсетіндей,  тұла  бойы  тұтас  май.  Шебер  тҽңірі 
ҽуелі аяқ-қол беруді ұмытып кетіп, артынан басқа біреудікін алып жапсара салғандай қол-аяғы тым 
қысқа. Бір-ақ түрлі кҽсібі, бір-ақ түрлі ҿнері бар‖ (154-бет).  
Ғ.Мүсіреповтің портреті – сезімге толы, сырға бай, психологиялық портрет. Табиғат суреті де 
диалог,  монолог,  портрет  секілді  кҿркемдік  компоненттердің  бір  түрі.  Пейзажда  оның  ішкі  жан 
сезіміне,  кҿңіл-күй  толқынысына,  психологиясына  орай  суреттеп,  ҽр  уақыт  геройдың  характерін, 
мінез-құлқын  ашуға  кҿмектеседі.  Орыс  халқының  аса  кҿрнекті  жазушысы  А.П.Чехов  ―Табиғат 
құбылысын адам характерімен салыстыра суреттесең, табиғатқа да жан бітіп, жадырап жүре береді‖ 
деп  жазды.  Пейзаж  ҿзінің  кҿлемі,  орны  жағынан  ҽрқалай  болып  келеді.  Ол  бірде  кең  толғанып, 
зарисовка  ретінде  ҽр  тұста,  ҽр  бетте  айтыла  отырады.  Бірақ  осының  бҽрінде  жазушының  идеялық-
эстетикалық кҿзқарасы кҿрініп, аңғарыла жүреді. Жазушы табиғат суретін үнемі күрделі ҿмірден, ҽр 
шақ, ҽр мезгіл, ҽр мекен іріліктен алады. Табиғат суретін беру дара мақсат емес. Ол бірде оқиғаны 
дамыту  үшін,  мотивировкалық  қызмет  атқарса,  енді  бірде  адамның  характерін  ашуға  қызмет  етеді. 

 
16 
Мҽселен, романда пейзаж да белгілі қызмет атқарған. Жаңадан тігілген он екі қанат ақ үйдің ішіне 
кірген  кҿтермеші,  қошаметші  топтың  кҿңіл  кҿтеріңкілігіне  сҽйкес  түнгі  табиғаттың  бір  мезеті 
кҿрсетіледі.―Орталап қалған жарық ай үйдің еңсесін кҿтере түсейін дегендей кҿгілдір нұрын себелеп 
тҿгіп,  кҿтеріле  бастады.  Қара  кҿк  аспанға  шимандай  болып  шыға  келген  жұлдыздарда  осы  үйге 
тағылған тана моншақтай жарқырап, ерекше бір  кҿрік беріп тұр‖ (17-бет). Мұнда Игілік характерін 
берудегі  даралап  кҿрсету  үшін  пайдаланған  пейзажды  байқаймыз.  Кҿркем  ҽдебиетте  пейзажды 
бейнелеудің ҽріден келе жатқан екі түрлі амал-тҽсілі бар. Соның бірі – табиғат геройының кҿңіл-күй 
толқынына  орай,  соған  еліге,  ұштастырыла  суреттеледі.  Мұнда  кейіпкер  қуанса  табиғат  та  қуанып, 
ренжісе табиғат та ренжіп, қабағы түсіп, қырауыта бастайды.  
Оралдан  арып-ашып  келе  жатқан  тоқсан  орыс  жұмысшыларының  жүдеулік  халін  суырсынды 
боран үстінде кҿрсетеді. ―Күн тұтылып, қараңғылық түскен сияқты. Жел екпіні жердің ҿзінде шайқап 
тұрғандай  аяғыңды  бір  дұрыс  аттатпайды.  Дүние  түгел  гу-гулеп,  осы  ауылды  үріп  ҽкететіндей 
сезіледі.  Аузыңнан  шыққан  дыбысың  ҽлдененің  қанатындай  жалт  етіп,  жоқ  болғанын  ҿзің  кҿріп 
қалғандайсың.  Шарбақ  ішінде  жүрген  адамдар  біресе  терең  суда  малтып  келе  жатқандай  тарбиып 
ҽрең қозғалады да, біресе артынан біреу желкелеп жібергендей еңкелектеп кетеді‖ (13-бет). 
Қорытып  айтқанда,  мұның  барлығы  жазушының  ҿзіне  ғана  тҽн,  хас  ерекше  жазу  стилін 
аңғартқан  кҿркемдік  құралдардың  ең  ірілері.  Автор  кейіпкердің  іс-ҽрекетін,  психологиясын,  мінез-
құлқын,  характерін  терең  ашып  кҿрсету  үшін  ҽрқашан  ҽдіс-амал  қолданады.  Солар  ішінде  кҿркем 
сюжет,  пейзаж,  портрет,  геройдың  сҿздік  сыпаты  мен  монологы  ҿзгеше  қызық  суреттесе,  портрет, 
авторлық баяндау пейзажда жақсы оқшау сымбат береді. 
Суреткер  тарихқа  үңілгенде  оның  шаңын  бұрқыратып,  сҿнген  оттың  күлін  шашу  емес, 
қоламтаның  астында  сҿнбей  жатқан  шоқты  тауып,  игілікке  жаратуды  мақсат  етеді.  Кешегі  күннің 
жарқын сҽттерінде арман-мұратында бүгінгі күнді айқынырақ танудың , тереңірек ұғудың сырлары 
жатпай  ма?  Сондықтан  да  жазушы  ҿзінің  түпкі  ойын  басты  кейіпкерлері  арқылы  жеткізетіні 
ҽлімсақтан  белгілі  жайт.  Ғ.Мүсіреповтің  бұл  романының  асыл  мұраты  бүкіл  адамзат  тақырыбына 
жаңа  бетбұрыс  ҽкелген  Октябрь  революциясы  қазақ  халқына  тосыннан  тап  болған  кездейсоқ  оқиға 
емес, халықтың ҿзі тартыста, тас кешеулерді кҿріп, саналы түрде үлкен дайындықпен жеткен тарихи 
қажеттілік екенін дҽлелдеу десек, бұл шындықты суреткер хас шеберлікпен бейнелей біліпті.  
Халқымыздың  жарты ғасырға  жуық  ҿмірінің  кең картинасы жасалған  роман  –  эпопея дүниеге 
келген.  Біздің  кҿз  алдымызда  екі  формацияның  ауысу  кезеңіндегі  қиян-кесті  күрестер,  қазақ 
ортасында  жұмысшы  табының  туып,  қалыптасып,  енді  ҿмірді  ҿзгертуші  күшке  айналған 
ошақтарының  тууы  сияқты  ірі  ҿзгерістер  барша  болмысымен  ашылып,  ондағы  адамдардың  кесек-
кесек  бейнелері  шеберлікпен  мүсінделген
1
.  Кҿркем  ҽдебиетте  адамзаттың  іргелі  жарық  сҽулеге, 
жақсы ҿмірге ұмтылған ұшқыр қиялы, сол жолдағы күрес-тартысы, ел басынан кешірген қилы-қилы 
оқиғалар,  халықтың  ҿткені  мен  бүгіні  жҽне  келешегі  бейнеленбек.  Кҿркем  ҽдебиетте  адамдар 
тағдыры бар тіршілік болмысымен кҿрінер болар.  
Оқырман  алдында  талай  тағдырлар  ҽрқайсысы  ҿзіндік  тіршілігімен,  қайталанбас  мінезімен, 
ҿкініш-опығымен, қуаныш-қызығымен, арпалыс-тартысымен тұрмақ. Жазушы талант қуатына қарай 
ҽр  кейіпкері  жұмыр  жер  пендесіне  тҽн  пендешілігімен,  адамға  тҽн  сыр-сипаттарымен,  ерлік-
ҿрлігімен,  ойы-қыры,  биігімен  құлдырауы,  жақсылығы  мен  осалдығы,  жауыздық  –  сұмдығымен, 
қулық  –  түлкілігімен,  ҽзіл-қалжыңымен  ҿрнектелмек.  Соның  бҽрі  суреткердің  ішкі  жан 
толғанысымен, жүрек  лүпілімен,  сезім  шынайылығымен  іске  аспақ.  Сондықтан,  ҿнер  туындысында 
баурап  ҽкетер,  лҽззатқа  бҿлер,  жүрек  шымырлатар,  қуат  берер,  ҽсемдікке  ынталандырар  ерен  күш 
бар.  Міне,  ҿнер  туындысының  танымдық,  тҽрбиелік  мҽнін  терең  бағалайтынымыз  да  содан. 
―Шығармалары халыққа кеңінен таныс сараман суреткерлерге пікір айту ҽрі жеңіл, ҽрі ауыр. Жеңіл 
сияқты  болатыны  –  жазушының  қаламынан  шыққан  жаратындының  оқиғалық  мазмұны  да, 
кейіпкерлер қатары да, кейде жекеленген үзінділері де жадында жатталғандықтан. Ауыр болатыны – 
кҿзге  де,  кҿңілге  де  қанық  есептелетін  сол  бір  кҿркемдік  ҽлемнің  ҿзіндік  нағыз  ерекшелігін  сҿз 
ҿнерінің  кҽнігі  қағидаларында,  бүкіл  ҽдебиеттің  бұрынғы  –  соңғы  тҽжірибесімен  де,  салыстырып 
пайымдаудың күрделі міндет екендігінде
1
.  
Ҽлемдік  кҿркемдік  дамудың  жаңа  белесі-совет  ҽдебиетінің  идеялық  –  эстетикалық 
принциптерін қалыптастыру, оның биік үлгілерін жасау абыройлы іс болатын. Міне, осындай дҽуір 
жүгін кҿтерген ҽдебиетіміздің кҿп жанрында кҿрнекті туындылар берген, қайталанбас, ҿрнек салған 
суреткерлеріміздің бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жарты ғасырдан астам творчестволық жолында 
ҽдебиеттің  проза,  драматургия,  публицистика,  аударма,  сын  саласында  аса  мҽнді  іс  тындырған 
жазушының ҿмір  белестері жұртшылыққа  таныс. Ғ.Мүсірепов  –  М.Горькийден  үлгі  алған   Горький 
ҽдісін  кҿп  қолданған    жазушы.  Горькийдің  творчестволық  стиліне  тҽн  нҽрсе:  қарапайым  еңбек 

 
17 
адамының бойындағы асқақ қасиетті ашу, ҿмірге зор сеніммен қарап, ҿмір күшін аспанға шарықтаған 
бейнеде романтикалық екпінмен суреттеу, жамандыққа келіспей, жолдан теуіп тастап, жақсылықты 
аңсай  іздеп,  тауып  отыру,  жағымды  геройды  терең,  күшті  толқында  сезімге  бҿлеп  кҿрсету, 
шығарманың  тілін  жарқын,  бояуын  қалың  етіп  беру,  кейде  екі-үш  сҿйлеммен-ақ  қатардағы 
кейіпкерлердің характерін (мінезін, ҽрекетін) аша кету. Жазушы тарихи оқиғаның ізін қуалап тарихи 
роман жазуды кҿздемеді, ол барықсыз жатқан орталық Қазақстанға ҿндіріс ошағы орнады да, байтақ 
ҿлкені оятты.  
Қаһарманның  ішкі  рухани  ҽлемін  кҿрсетуге  кең  орын  беріле  бастағандығы  қазіргі  қазақ  совет 
ҽдебиетінің дамуындағы ерекше белгілердің бірегейі десе болады. Ҽрине ҽдеби шығармада қашанда 
кейіпкерлердің жан-құбылысын ашуға кҿңіл бҿліну шарт болып саналады. Кемелденген ҽдебиетіміз 
адамның  рухани  бай    ҽлемін  бейнелеудің  биік  нысаны.  Жан  –  жақты  жетілген  жасампаз  адамның 
тұлғасын  сомдаудың  күрделі  шарты  –  олардың  даралық  келбетін,  қайталанбас  пішінін  кҿрсетуге 
тіреледі. Шығарманың нандырмай, қоймайтын ҽсері, тартымдылығы нақтылығы қаһарман бейнесінің 
шыншыл  жасалуына  байланысты  ғой.  Объективтік  шындық  пен  қаһармандардың  жеке  басының 
мінездік  орайластығын  табу  аса  қиын  міндет.  Заман  ақиқатын  мінез  диалектикасына  ұштастырып, 
нанымды  үйлестік  ҽлемін  жасау  жалпы  шығарма  атаулының  ежелден  биік  мұраты  ғой.  Ҽдебиеттің 
сол межеге ҿзінің озық туындылары арқылы жеткені үлкен кҿркемдік жетістік. Адам тағдырын терең 
зерттеу,  оның  мінез  даралығына  кҿңіл  бҿлу,  оқиғаларды  дайын,  жеңіл  схема  моделіне  салып 
жібермей,  ҿмірдің  ҿзінен  іздеу,  демек  олардың  адамшылық  байланысына  кҿз  жіберу,  байланыстар, 
ықыластар тарихына бару бір-біріне ұқсамайтын түрлі бейнелердің жарыққа шығуына себепкер.  
Адамның  ҿмір  сабақтары,  жағдайы  үздіксіз  ҿзгеріп  отыратын  сияқты,  адам  характері  мен 
санасы,  мінез-құлқы  да  бір  орында  тұрмайды.  Ҿмір  заңдылықтарына  байланысты  олар  да  дамуда, 
ҿзгеруде  болады.  Сондықтан  жазушының  оны  суреттеу  приемдары да  кҿркемдік  құрал-тҽсілдері  де 
ҿзгеріп, жетіліп отыруы керек. Ол тыңнан жасалмайды, ҽдебиетімізде бұрын да бар дҽстүрді суреттеу 
үлгілері кеңінен пайдалана отырып дамиды. Сҿз жоқ, бұл ҽдебиеттің тынысында, құлаш кеңдігін де 
байыта  түскен  болар  еді.  Бұл  еңбекте,  Ғ.Мүсіреповтің  ―Оянған  ҿлке‖  романын  жазу  үстіндегі 
шеберлігіне,  соның  ішінде  кҿркемдегіш  құралдарды  автордың  қалай  пайдаланып,  қалай  іске 
асырғандығына  тоқталдық.  Ғ.Мүсіреповтің  таланты  ірі  характерлер  жасаумен  ҿзгеше.    Кейіпкер 
характерін даралау үшін, оның ҿзі қалап алған ҽр алуан амал-тҽсілдері бар. Ол бірде – адамды ҽрекет 
үстінде, бірде – сезім құмарлығында, бірде – сҿйлеу, пішінін бейнелеу барысында кҿрсетеді. Біз осы 
жұмыс  барысында  сол  характер  жасаудағы  жазушының  ҿзі  қалап,  таңдап  алған  айла-тҽсілдерінің 
ҽрқайсысына жекелеп  тоқталып  ҿттік.  Ҽрине  романда ҿмірдің  жарқын жағы  да, күңгірт жағы да  ҿз 
бояуымен,  ҿз  бедерімен  кҿрінеді.  Жарқын  жағы  –  алға,  болашаққа  құлаш  сермеген  халық  ҿмірі  де, 
күңгірт жағы – тарих алға жылжыған сайын кері кетіп бара жатқан ескі феодалдық, патриархалдық 
ҿмір.  Осындай  жағдайда  образ  характері  де  (іс-ҽрекетімен)  конфликт,  (сҿзімен)  диалог,  (сезімімен) 
монолог, (сырт келбеті, пішінімен) портрет  арқылы ашыла түседі. Ҽрине осы тарапта сол жосылған 
жолды  Ғ.Мүсіреповтің  стилі  дер  едік.  Ол  Ғ.Мүсіреповтің  қаламынан  туған  ойлы,  сырлы  дүние  дер 
едік.  
Біз  Ғ.Мүсірепов  туындыларының  шеберлігі  де,  ажарлығы  да  –  кҿркем  сҿздің  қиынан 
қиыстырылар  қалпын  тануымызда  деп  білеміз.  ―Кҿркем  шығарма  кітап  болып  жарыққа  шығып,  ҿз 
авторынан бҿлек ғұмыр кеше бастағанда, құдды бір аламан бҽйгесіне түсетіндей күй кешеді. Аламан 
бҽйгеге  ұшқыр,  қарқыншыл,  иҽ  қашағаншыл  аттарды  қоспайды.  Оның  себебі,  бұл  топтағы 
сҽйгүліктер  ҽу  дегенде  құйғыта  жҿнеліп,  ортадан  суырылып  шығып,  жұртты  ―аһ!‖  дегізгенімен, 
біраздан соң қарғып, тҿрт аяғы тҿрт жаққа жайылып, шаң қаба бастайды. Аламан бҽйгеде бҽйге аты 
ғана  шаба  алады.  Бҽйге  аты  шабыс  ұзаған  сайын  күш  алып,  терін  тартқан  сайын  бауырын  жазбай 
кҿсіліп,  ұшқан  құспен  жарысып  тарта  береді.  Уақыт  аламанына  түскен  шығарма  дҽл  сол  бҽйге 
атындай  алысқа  сілтейтін  қасиеті  болмаса,  ҽрі-беріден  соң  кҿзден  таса,  кҿңілден  ұмыт  қалады‖  – 
дейді  ҽдебиетіміздің  ірі  ҿкілінің  бірі  Ш.Елеукенов.  Ғабит  Мүсірепов  жасаған  ҿміршең  сом 
характерлерді  ҽдебиет  ҽрі  ретінде  мақтан  тұтамыз.  Игіліктің  роман  табалдырығын  аттар-аттамаста: 
―Менің  байлығым  базарда‖  деп  жар  салатын.  Қазір,  міне,  сол  Игіліктер  қайта  айналып  келгендей. 
Бүгіндері  айнала  тҿңірегін  байлығын  базардан  үстемелеп  жатқан  қаптап  жүрген  Игіліктер  кездесіп 
жүр.  
Қорыта  айтқанда  Ғ.Мүсіреповті  тану  арқылы  ҿзімізді-ҿзіміз  танитындығымызды  атап  айтқан 
жҿн. Оның себебі Ғ.Мүсірепов ҿткенді бүгінгіге кҿркемдік тұрғыдан бүгінгі арқылы болашақты да ой 
қозғаушы екендігінде. 
_____________________________ 
1.Ахметов З.Ҽдебиеттану теминдер сҿздігі. Алматы. Ана тілі. 1998. 384-бет. 

 
18 
2.Ахметов З.Особенности казахского литературного процесса начало ХХ века  240- бет. 
3.Ахтанов Т.  Кҿкейкесті. Алматы. Жалын. 1980. 360-бет. 
4.Ҽдібаев Х.  Талант, талғам, тағыр. Алматы. Жазушы. 1971. 256-бет. 
5.Ҽшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы. Жазушы. 1993. 623-бет. 
6.Базарбаев М. Ҽдебиет жҽне дҽуір. Алматы. Жазушы. 1966. 272-бет. 
7.Бейсенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы. Ҿлке. 1997.  268-бет. 
8.Бекбергенов М. Сҿз зергері. Алматы. Жазушы. 1967. 131-бет. 
9.Бекбергенов М. Ғабит Мүсірепов прозасы. Алматы. Рауан. 1990. 151-бет. 
10.Бердібаев Р. Ҽдебиет жҽне ҿмір. Алматы. ҚМКҼБ. 1964. 188-бет. 
11.Бердібаев Р. Дҽстүр тағылымы. Алматы. Жазушы. 1973. 232-бет. 
 
 
А.Ә. Байтелиев, М.А. Байтелиева 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ КОНЦЕПТІЛІК   
ӚРІСІ МЕН ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ӘОЖ 81,42:81,367:811.572.122           
 
Коммуникативтік  фразеологизмдердің  ішінде  мақал  -  мҽтелдер,  паремиологиялық  бірліктер, 
тұйықталған құрылымды аяқталған сҿйлемдер, яғни предикативтік сипаттағы тұлғалар болып келеді. 
Концептілік ҿріс жеке сҿдер, сҿз тіркестері, сҿйлемдер түрінде бола береді, бір ұғым туралы аталған 
мақал-мҽтелдер  жиынтығы  концептілік  ҿрістің  негізін  құрайды.  Мақал  -  мҽтел  коммуникативтік 
фразеологизмдер мақал - мҽтел емес коммуникативтік фразеологизмдердің ішіндегі аяқталған немесе 
тұйықталған  құрылымдыларынан  ҿздерінің  уағыз,  ҿсиетке  құрылып,  айтылатын  ойды  тұспалдап 
білдіруі  жағынан  ажыратылады.  Мақал  -  мҽтелдер  -  астарлы  түрде,  бейнелі  түрде  жанамалай 
айтылған  ишара  мағына  мен  туынды  мағынаға  ҿткен  бірліктер.  Мақал  -  мҽтелдердің  мағынасынан 
қандай  бір  ҿсиет,  ҿмірлік  ақыл  -  парасат  түсініледі.  Мақал  -  мҽтелдердің  семантикалық  жақтан 
ҿзгеріске  түскендері,  туынды  мағынаға  ҿткендері  ішкі  астары  арқылы  ерекшеленеді.  Халық  мақал-
мҽтелдерде  ҿзінің  ҿмірге  кҿзқарасын,  ой-пікірін,  ақиқат  дүниеге  қатынасын  білдіреді[1,165]. 
Адамның  ақиқат  дүниеге  қатынасы  мақал-мҽтелдер  арқылы  берілгенде,  соның  негізінде  ақпарат 
жүйесі  қалыптасады,  бұл  ғалам  бейнесін  бейнелейтін  ақпарат  жүйесі  ғалам  туралы  мақал  -
мҽтелдердегі концептуалды тұжырымдардан кҿрінеді. Демек, мақал - мҽтелдерге концептілік талдау 
ғаламның тілдік бейнесі туралы білімді анықтау үшін қажет. 
 Морфологиялық  тұрғыдан  мақал  -  мҽтел  коммуникативтік  фразеологизмдердің  етістік 
компоненттері  кез  келген  парадигмалық  ҿзгерісте,  формада  жҽне  түрленністе  болғанымен,  ақиқат 
дүниеге  кҿзқарасты  мақал  -  мҽтелдер  арқылы  бідіру  сол  дүние  туралы  түсінік  қалыптастырады. 
Мысалы:  Қара  тұяқ  қарында  жатпас.  Кӛк  ит  кӛп  итті  жеңбес.  Ӛзіңді  зор  тұтпа,  ӛзгені  қор 
тұтпа.  Күн  күркіресе,  жер  иір,  Жер  иісе,  мал  иір.  Есік  кӛргенді  алма,  бесік  кӛргенді  ал.  Еру  елдің 
ерулігі  болса,  кӛшкен  елдің  кӛмегі  болады.  Ел  аузына  елек  болма.  Екі  кеме  құйрығын  ұстаған  суға 
кетер. Екі аяқтыда бажа тату, тӛрт аяқтыда бота тату. Кӛлденең шӛп бір құлақ суды байлайды 
т.б.  бірліктер  ақиқат  дүниенің  ҽртүрлі  қырынан  мағлұмат  береді.  Мақал  -  мҽтелдердің  етістік 
сыңарын  түрлендіріп  қолданғаннан  олардың  мағынасы  ҿзгермейді.  Мысалы:  Екі  кеменің  құйрығын 
ұстаған  суға  кетер  мақалының  етістік  сыңарын  «кетеді»  деп  те  қолдана  береміз.  Мақал  - 
мҽтелдердің  етістік  сыңарлары  мҽнмҽтінде,  негізінен,  қалыптасқан  формасында  қолданылады  да, 
сирек болса да, ҿзгертіліп, түрлендіріліп те қолданыла береді. Кедейді кӛтерме, батырды бәрекелді 
ӛлтіреді мақалының «ҿлтіреді» сыңарын «ҿлтірер», «ҿлтірмек» деп қолданылғаннан, мақалдың мҽні 
ҿзгермейді. Бұл мақал-мҽтелдерден, концептілерді табу кезінде, ҽртүрлі концептілік ҿрістерді кҿруге 
болады. 
Сҿйлеу  процесінде  де,  мҽнмҽтін  аясында  да  мақал  -  мҽтел  коммуникативтік  фразеологизмдер 
дербес сҿйлем я құрмалас сҿйлемнің бҿлігі ретінде қолданылатындықтан, олар негізінен мҽнмҽтіндегі 
басқа  еркін  сҿйлемдермен  қатар  келеді  де,  коммуникативтік  фразеологизмдердің  барлық  басқа 
түрлеріне қарағанда, олардың құрылымы ҿте тұрақты болады, сол себептен құрылымы мен құрамына 
морфологиялық  ҿзгерістер  жасай  беруге  кҿнбейді.  Мақал  -  мҽтелдер  сҿйлем  ішінде  келгенде, 
олардың  құрамындағы  компоненттер  кҿпшілік  жағдайда  ешбір  ҿзгеріске  түспейді,  қалыптасқан 
күйінде  қолданылады.  Мақал  -  мҽтелді  қолданушы  олардың  құрамындағы  мҽнмҽтінмен,  басқа 
сҿйлемдермен  я  сҿз  тіркестерімен  байланысқа  түсетін  сҿзін  (негізінен  етістікті)  мақал  я  мҽтелдің 

 
19 
тұтас  мағынасына  ҽсер  етпейтіндей  етіп  түрлендіреді.  Мысалы:  Барыңнан  жоғың,  ашыңнан  тоғың 
жақсы  мақалын  Сенің  барыңнан  жоғың,  ашыңнан  тоғың  жақсы  жҽне  барыңнан  жоғың,  ашыңнан 
тоғың  деп  қана  ҿзгерту  мүмкін  екендігін  білеміз.  Бұл  секілді  ҿзгеріс-түрлендірулерден  тілдің 
болмысын  анықтайтын  табиғат  пен  қоғамдағы  құбылыстардың  нақты  кҿрінісі  болып  табылатын 
концепт  ҿзгермейді.  Ҿзгеше  түрлендіру  фразеологизмнің  мҽн-мазмұнын  ҿзгерткенімен,  концепт 
мазмұны  сақталады.  Концептің  мағналық  мазмұны  ҿте  кең.  Мақал-мҽтелдердің    ҿз  концептілік 
мағыналарын  сақтап  ҿзгеріп-түрленуін  олардың  фразеологиялық  нормадан  ауытқымауы  деп  түсіну 
керек. 
Мақал-мҽтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдер  ҿзінің  синтаксистік  құрылысы  жағынан 
ҽртүрлі сҿйлем сипатында қалыптасқан: а) хабарлы сҿйлем: ағаш қазан қайнатты - аз уақытқа құмар 
тарқатты;  кесімді  күн  –  кесілген  ет  -  ҿлшеулі  мезгіл;  басына  мүйіз  шықпайды  –  ешкімнен  асып 
кетпейді;  ежелгі  дұшпан  ел  болмайды  –  ата  жау  ымыраға  келмейді;  соқыр  кӛргенінен  жазбас  – 
ұстағанынан, айтқанынан қайтпайды т.б.; ҽ) сұраулы сҿйлем: батпан құйрық, жол үстінде неғылып 
жатқан құйрық? – неғылған тегін нҽрсе; есектің миын жегенсің бе? – ақымақсың ба; кӛңіл жүйрік 
пе, кӛк дӛнен жүйрік пе – ұшқыр қиял туралы; қай бір екі туып бір қалғаның еді? – қай жанашырың 
еді;  қара  қазан  бұрын  пісе  ме,  қара  қатын  бұрын  таба  ма?  –  толғатқан  ҽйелге  ырым  ретінде 
айтылады; б) лепті сҿйлем: елу жылда – ел жаңа, жүз жылда-қазан! – заман ҿзгереді; жақсы лепес-
жарым  ырыс!  – жағымды  сҿз жанға демеу;  қашанғы жарамазан  айтамыз  да  жүреміз!  – қашанғы 
жалбарынып, тілек тілеп жүреміз деген мағынада; менің де қолыма қарға тышар! – дүние бітер т.б. 
Паремиологизмдер  қатарына  жатпайтын  мақал-мҽтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдер 
синтаксистік  құрылысына  қарай  мынадай  сипаттарда  қалыптасқан:  а)  жалаң  жай  сҿйлем:  дәулет 
қашты – басынан бақ тайды; кек кернеді – ҿш қысты; ашу қысты – долданды; бұлт үйірілді – басына 
хауіп-қатер тҿнді; дерт басты – қайғыдан басы айналды; жын ұрды – жынданды; қарға-құзғын жеді 
- ҿлігі далада қалды; тіл тиді – сҿзбен түйреді, сұғы ҿтті; ұйқы қашты – мазасы кетті; шайтан кірді 
–  арамдық  ойлады;  ҽ)  жайылма  жай  сҿйлем:  ажалды  оқтан  құтылмайды  -  ҿлетін  адам  ҿлімнен 
қашып  құтылмайды;  алқымына  ашу  тығылды  –  ызаға  булықты;  арасынан  қара  мысық  ӛтті  – 
араларына суық сҿз, ҿсек сҿз жүгірді; басына бұлт тӛнді – ауыр халге тап болды; жан алқымға келді 
-  ҽбден  қиналды;  кӛзді  шел  қаптады  –  нас  басты,  кҿретінді  кҿрмеді;  кӛзін  ақ  шел  қаптады  –  еш 
нҽрсені кҿрмейтін болды, кҿрсе де, кҿргісі келмейтін болды; қой үстіне бозторғай жұмыртқалады – 
тыныштық,  бейбіт  заман  орнады;  қыл  арқан  аш  тамақтан  түсті  –  бұғалық  түсті,  ҿз  дегеніне 
кҿндірді; ӛз қотырын ӛзі қасыды – бас қамын ҿзі жасады; тоғыз қатынның толғағы қатар келді – 
қат-қабат шаруаға килікті т.б. 
Мақал  -  мҽтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдердің  тұйықталған  құрылымдары 
қолданыста  мынадай  сапаларда  қолданыла  береді  де,  ҽртүрлі  ой  қорытындыларынан  туған 
қасиеттерді, ҿмір тҽжірибесінен туындаған жағдайларды сипаттайтын концептілер жүйесін түзеді:  
1) жай сҿйлем қызметінде қолданылады: үндемеген үйдей бәледен құтылады – ешкімге тиіспей 
тыныш  жүрудің  тиімділігі  айтылып  тұр;  шар  болат  шоқта  жатып  шынығады  -  ҽбден  бабына 
жетуді,  ширауды  айтады;  шешінген  судан  тайынбайды  –  тҽуекелге  бел  буған  іске  батыл  кіріседі; 
іріген  ауыздан  шіріген  сӛз  шығады  –  мҽдениетсіз  адамның  сҿзі  де  сҿлекет  болады;  тесік  моншақ 
жерде  қалмас  –  отырған  қыз  орнын  табады  деген  мағынада  қолданылады;  таңдағы  таңқы 
құйрықтан  қазіргі  ӛкпе-бауыр  артық  –  қолға  түспейтіннен  қолдағы  бардың  ҿзі  жақсы  деген 
мағынада;  сынықтан  басқаның  бәрі  жұғады  –  жаман  ҽдетке  ҽуестенгіш  мінез  туралы  айтылады; 
соқыр  кӛргенінен  жазбас  -  ҿз  айтқанынан  қайтпас  деген  мағынада;  саясы  жоқ  дараққа  бұлбұл 
қонбайды  –  панасы,  пайдасы  жоқ  адамға  ешкім  үйір  болмайды;  қысқа  жіп  күрмеуге  келмейді  – 
жоқтық  кҿп  нҽрсеге  ерік  бермейді;  құралай  бастаған  киік  оңбайды  –  басшысы  жоқ,  бала-шаға 
билеген  елде  береке  болмайды;  қимылдаған  қыр  асады  –  қарап  отырмағанның  ісі  бітеді;  қайтқан 
кӛңіл-шыққан  жан  -  ҿкпелегенде,  кҿңіл  қалғанда  айтылады;  күштінің  арты  диірмен  тартады  – 
күшті қолынан келгенін істейді; кӛрмес түйені де кӛрмес - ҽдейі кҿзге ілмейді; ит ашуын тырнадан 
алады - ҽлі жеткеніне күш жұмсайды, біреудегі кегін ҽлсізден қайтарады; жығылған сүрінгенге күледі 
- ҿз мініне қарамай, біреуді сынайды; жүрген аяққа жӛргем ілінер – қарап жатпаған адамға пайдалы 
бірдеме  кез  болады;  жоққа  жүйрік  жетпейді  –  жоқтың  аты  жоқ,  оған  ештеңе  істей  алмайсың; 
жақсы  ит  ӛлігін  кӛрсетпейді  –  кҿзге  түрткі  болмайды  т.б.;  2)  құрмалас  сӛйлем  қызметінде 
қолданылады:  той  десе,  қу  бас  домалайды  –  тойға  құмарлықты  айтады;  тышқан  ініне  кіре  алмай 
жүріп,  құйрығына  қалжуыр  байлайды  –  шамасына  қарамай,  қолдан  келмес  іс  істейді;  шӛлмек  мың 
күн  сынбас,  бір  күн  сынар  –  ақты-қара  бір  сҽтте-ақ  үзіледі  деген  мағынада;  сәуір  болмай,  тәуір 
болмайды  –  кҿктем  шықпай  мал  тойынбайды;  қысқа  жіп  байлауға  келсе  де,  күрмеуге  келмейді  – 
жоқтық  кҿп  нҽрсеге  қолбайлау  болады;  құнажын  кӛзін  сүзбесе,  бұқа  бұйдасын  үзбейді  –  себенсіз 

 
20 
ұрынбайды;  құдыққа  құлан  құласа,  құрбақа  құлағында  ойнайды  –  бағы  тайғанды  кім  кҿрінген 
басынады; құдай салды, мен кӛндім – тҽңірім жазса, пешенемнен кҿрем; қатын ӛлді, қамшының сабы 
сынды – кҿп қайғырма деп кҿңіл айту; қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, тӛбел туады – дҽл 
ҿзіндей болмаса да, жақсыдан жақсы туады деген мағынада; күн бір жауса, терек екі жауады – сорға 
сор  ұласты,  үсті-үстіне  бейнет  кҿрді;  кӛсеу  ұзын  болса,  қол  күймейді  –  жақын  тұтар  сүйенішің 
болғаны  жақсы;  кӛзбен  кӛрген  анық,  құлақпен  естіген  танық  –  естіген  ҿтірік,  кҿрген  шын  деген 
мағынада; келіннің бетін кім ашса, сол ыстық – алғашқы қадам, бастама жақсылыққа апарады деген 
мағынада; жылы-жылы сӛйлесе, жылан інінен шығады – кҿңілге қонымды сҿзге жылымайтын адам 
жоқ деген мағынада; жүйрік ат шаппаса да, қырындайды – кҿңілі үйреніп қалғанына басады деген 
мағынада;  жер  астынан  жік  шықты,  екі  құлағы  тік  шықты  –  табан  астынан  бҽле  шықты 
(кісімсінген ақылдымынсынған адам туралы айтылады); біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді - 
ҽр істің себебі басқа деген мағынада; аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығады – аузына келгенін оттап, 
балағаттайды; алтын кӛрсе, періште жолдан таяды - ҿз құлқы үшін адалдықтан таяды. 
Концепт бір сҿздің беретін ұғымы емес, ол  - күрделі семантикалық бірлік жҽне семантикалық 
ҿріс  ретінде  кҿрініс  беретін  мағына.  Мақал-мҽтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдердің 
тұйықталған (тиянақты ойды білдіретін) тобындағы кҿпшілік сҿйлемдер мҽнмҽтінде ―де‖ етістігімен 
қолданылады да, олардың мағынасы концепт деңгейіне кҿтеріледі: Адасқан айып емес, қайтып үйірін 
тапқан  соң  деуші  еді.  Таптым  үйірімді  (Ғ.Мұс.).  Несін  айтасын,  ―айрылар  дос  ердің  артқы  қасын 
сұрайды‖,  дейді  ғой.  Абай  ағама  осы  жҿнде  ең  ауыр  салмақты  салып-салып,  қинап  отырып, 
сондайдан  бір  ҿкпе,  сылтау  тауып,  содан  ары  (Тҽкежан)  жаулар  жағына  шықпақ  дейді...  (М.Ҽ.). 
Алыңыз құдаша! Ас иесімен тәтті, - деген (М.Ҽ.). – Қой, - ―батпан құйрық жол үстінде неғылып 
жатқан құйрық‖ – дегендей, бұл не қылған майқалаш? Артын күтейік, - десті олар (І.Е.). Бітер істің 
басына,  жақсы  келер  қасына  деген,  балам!  Жақсы  келдің!  (І.Е.).  ―  деген,  шекістім  –  сен  жеңдің 
деймін,  -  дейді  ішінен  Қоңырқұлжа,  -  міне  Ер  шекіспей  бекіспейді‖қолым  (І.Е.).  Түлкі,  сенің 
жақсылығынды  ұмытпаспын:  ―Келіннің  бетін  кім  ашса,  кҿзіне  сол  ыстық‖  деген  (М.Ҽ.).  Ондай 
жағдайда  хан,  шешінген  судан  тайынбас  дегендей,  ойлаған  мақсатына  жету  үшін  басқа  шара 
қолданады (І.Е.).  
Адам  болмысының  ғаламның  мүшесі  ретіндеі  вербалды  сипатын  ашуда  мақал-мҽтелдердегі 
концепт 
ұғымдарының 
мағынасын 
анықтаудың 
маңызы 
ерекше. 
Коммуникативтік 
фразеологизмдердің  адам  іс-ҽрекетіне,  мінезіне,  жақсы-жаман  қылықтарына  байланысты 
концептілерді  қамтитын  тобындағы  сҿйлемдер  салаласа  да,  сабақтаса  да  байланысқан  құрмалас 
сҿйлемнің  құрамында  оның  бір  компоненті  ретінде  қолданылып,  концептілік  мағына  жасай  береді: 
Адасқанның  алды  жӛн,  арты  соқпақ,  Оларға  жҿн  адамның  сҿзін  ұқпақ  (Абай).  Сыр  алдырмас  кісі 
жоқ сақтанса да, Алтын кӛрсе де, періште жолдан шығар, Күнҽ қылмас кісі жоқ ақтанса да (М.Ҽ.). 
Бірақ тентектің де ҽртүрлісі болады, біреу қорлыққа, ызаға шыдай алмай, лажсыз тентектік қылады, 
біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Тентектік те сол сияқты (С.С.). Ежелгі дұшпан ел болмас, 
Етектен кесіп тон болмас (М.Ҽ.). – Ай, шыбын жаным-ай, оһ, зекетің кетейін-ай! Ер мойнында қыл 
арқан  шірімес,  алып  қалшы  жанымды!  –  деп,  зар  илеп,  ҽл  үстінде  жатқан  Дүйсенбі  Күндікбаев 
бақсыға  жалынады  (М.Р.).  Ертерек  келмедің  деп  несіне  ескертейін,  ештен  кеш  жақсы  да  (Ғ.М.). 
Демек,  концепт  -    тіл  мен  адамның,  тіл  мен  танымның,  тіл  мен  мҽдениеттің  біртұтастығын, 
байланыстылығын  кҿрсететін бірлік. 
Концептілер  ҿз  ішінде  санада  танылу  деңгейіне  қарай  да  жіктеледі.  Мыслы,  жақсылық, 
жамандық  концептілері  эстетикалық  концептіге  жатса,  бақыт,  қайғы,  қуаныш  концептілері 
эмоциялық  концептіге  жатады.  Коммуникативтік,  мақал-мҽтел  емес,  тұйықталған  фразеологизмдер 
аталған концептғлер мағынасында қолданылып, құрмалас сҿйлемнің бағыныңқы компоненті болады
Мың асқанға бір тосқан деген. Күн бір жауса, терек екі жауып... Онсыз да елдің жылауы, дерті аз 
боп  тұрған  жоқ  бұл  күнде,  кӛзге  шұқымасандар  етті  тым  құрымаса  (М.Ҽ.).  Бұл  топтағы 
фразеологизмдер  құрмалас  сҿйлемнің  басыңқы  сыңары  да  болады:  Бұлар  кҿнбей  қалса,  сынықтан 
басқаның бәрі жұғады, ҿзге рулар да олардан үлгі алуы мүмкін (І.Е.). 
Тиянақты  толық  ойды  білдіретін  тұйықталған  құрылымды  фразеологизмдер  ҿз  алдына  жеке 
қолданылып,  мҽнмҽтіндегі  басқа  сҿйлемдермен  қатар  қолданыла  беретін  болса,  концепт  идеалды 
дүниенің нысаны болатын болса, ол жеке адамның дүние туралы танымын кҿрсете алса, онда ҽрбір 
мақал-мҽтелде жеке концепт те, концепттер тізбегі де болуы мүмкін. 
Мақал-мҽтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдердің  тұйықталған  құрылымды  түрлері 
сҿйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқармайды, ҿйткені олардың ҿздері аяқталған тиянақты ойды 
білдіреді  жҽне  айтылымда  да,  мҽнмҽтінде  де  ҿз  алдына  жеке  сҿйлем  я  құрмалас  сҿйлемнің  бір 
компоненті  болып,  концептілік  мҽн-мазмұнын  аша  түседі.  Олар  жай  сҿйлем  (хабырлы,  сұраулы, 

 
21 
лепті),  сабақтас  жҽне  құрмалас  сҿйлемнің  басыңқы  я  бағыныңқы  компоненті  қызметінде,  салалас 
құрмалас  сҿйлемнің  құрамындағы  дербес  жай  сҿйлем  (егер  ҿзінің  құрамы  құрмалас  құрылымды 
болмаса)  қызметінде  қолданыла  береді[2,292].  Мысалы:  Ағама  жеңгем  сай,  апама  жездем  сай 
демекші,  ҿзіңе  балаң  да  сайма-сай  екен  ғой  (С.С.).  Айдағаны  екі  ешкі  ысқырығы  жер  жарады
кеудесіне  нан  пісіп,  оқыралаған  сиырдай  дес  берер  емес  қой  мына  жазған  (І.Е.).  Мысалдарда 
қамтылған мақал-мҽтел емес коммуникативтік фразеологизмдердің сҿйлем ретіндегі қасиеттері еркін 
сҿйлемдердің  грамматикалық  қасиеттерінен  алшақ  кетпейді,  бірақ  олар  семантикалық  жақтан  бір-
бірінен ҿзгеше. Олардың ҽрқайсысының семантикасынан жеке-жеке концепт ұғуға да, бірнешеуінен 
бір концептік ұғым шығруға да болады[3,35]. 
Жоғарыдағы айтылған топшылауларды корытындылай келе, концепт ұғымын ойлау мен таным 
жҽне  мҽдени  үдерістердің  жиынтығынан  туындайтын  адам  ойының  ғалам  бейнесінің  ҿзіндік 
белгілерімен байланысының нҽтижесі деуге болады. 
___________________________ 
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2004. – 495б. 
2.Байтелиев А. Мақал-мҽтелдердің семантикалық жҽне мҽнмҽтіндік ерекшеліктері // Ұлт тағылымы. 
№ 3, 2008. -291-295 б. 
3.Дарзаманова  Г.З.  Отражение  картины  мира  в  русских,  татарских,  английских  фразеологизмах  с 
личными именами // Материалы научной конференции «Языковая семантика и образ мира». – Казань, 
2002. – 37 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет