Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Аннотация. В статья к.ф.н., Маркабая Керимбекова посвящена проблемам обучения     Annotation



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

АннотацияВ статья к.ф.н., Маркабая Керимбекова посвящена проблемам обучения    
Annotation. The article of Markabai Kerimbekov is devoted the probleme of teaching  ___   
 
 
 
М.К. Керімбеков 
 
ПРОФЕССОР   Н.С.САРЫБЕКОВ – ҦЛТЖАНДЫ ЭКОЛОГ-ПЕДАГОГ 
 
Бҽйтеректей  жайқалған  азамат  ғалым.  Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
Халықаралық  Акмеология  жҽне  Қазақ  Халық  экология  Академиясының  академигі  Ы.Алтынсарин 
атындағы  медальдің  иегері,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  үздігі  Нұрғали  Сарыбеков 
жайлы  (1934-1998)  «Бҽйтерек»  атты  естелігі  бұдан  он  жыл  бұрын  (1999  жылы)  жарыққа  шығып, 
оқырмандарға белгілі болса да, естелікті құрастырушы Жібек Ҿсімқызы жайлы шағын деректермен 
шектелген.  
Соңғы  жылдары  ұлы  адамдар  жайлы  естеліктер  жиі  жазылып  келеді.  «Кҿптеген  ғылыми 
еңбектерімен белгілі болған ұстаз, ғұлама ғалым, эколог, ғылым-білім жолында ҿшпес із қалдырған, 
жаны дархан, шоқтығы биік, кҿңілі жүйрік, нұрлы шуағын шашып ҿткен педагогика ғылымдарының 
докторы,  профессор  Нұрғали  Сарыбековке  арналған  естелік»  -  [1-3-бет]  деп  кітаптың  алғашқы 
бетіндегі  түсініктемеде,  (анотация  -  М.К.)  ғалымның  бҽйтеректей  жайқалған  абзал  азаматтың  бірі 
екендігі айтылады. 
Естелікті құрастырушы Жібек Ҿсімқызы  - профессор Нұрғали Сарыбековтің сүйікті жары. Ол 
ҿзінің  кҿп  жылғы  ой-арманын  естелік  арқылы  кҿрсете  алған.  Естеліктің  алғы  сҿзін,  техника 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Ұ.Қ.Бишімбаев  жазып,  бағыт-  бағдар  бере  отырып,  ғылыми 
еңбектеріне  ерекше  тоқталады.  Ғалымның  ой-пікіріне  сүйенсек  профессор  Нұрғали  Сарыбеков 
жайлы:  «Ғылыми  жұртшылық  Нұрекеңді  (Нұрғали  Сарыбековті  –  М.К.)  педагогика  ғылымында 
экологиялық білім беру мен табиғат қорғаудың негізін қалаушы деп атайды. Ол кісінің 10 кітабы мен 
340  ғылыми  мақалалары  жарық  кҿрді.  Бұл  ғылыми  еңбектерінде  жҽне  кандидаттық  (1968)  пен 
докторлық (1994) диссертацияларында, Нұрғали Сарыбеков ҿмірдің ҿте бір маңызды экология жҽне 
табиғат  қорғау  проблемаларының  педагогикалық  аспектілерін  зерттеуге  зор  үлесін  қосты»  -  деп, 
ғалым  ашқан  жаңалықтарды  атап  ҿтеді.  Ғалым  еңбектерінің  маңыздылығын  жҽне  ҽлемдік  мҽнін  де 
айқындап  береді.  Алғы  сҿзде  кҿрсетілген  деректерге  сүйенсек  ғалым  еңбегінің  халықаралық, 
бүкілодақтық,  республикалық    маңыздылығына  назарың  ауады.  Ғалым  туралы:  «Нұрғали 
Сарыбековтің  тікелей  басшылығымен  Жамбыл  қаласында  (қазіргі  Тараз  қаласы  –  М.К.)  бірнеше 
халықаралық,  бүкілодақтық,  республикалық,  ғылыми-теориялық,  ғылыми-ҽдістемелік,  ғылыми-
практикалық конференция жҽне семинарлар ҿтті (1973, 1978, 1980, 1983, 1990, 1992, 1994). Ұстаздың 
шҽкірттері Қазақстанның жҽне ТМД мемлекеттердің түкпір-түкпірінде ҽртүрлі салада қызмет жасап 
жатыр. Нұрғали Сарыбековтің басшылығымен 10 ғылым кандидаты дайындалды» - деп ғалым ҿзінің 
ой-пікірін ашық айтады.  
«Бҽйтерек»  атты  естелікті  құрастырып,  жинақтаған  Жібек  Ҿсімқызының  «Жапырағын  жайған 
Бҽйтерек» атты шағын мақаласында, профессор Нұрғали Сарыбекұлы  Сарыбеков жайлы деректерді 
келтіре  отырып,  ғалымның  ҿмір  жолын  кҿрсетуге  тырысқан.  Ғалымның  соңғы  30  жылда  Москва, 
Санк-Петербург,  Харьков,  Таллин,  Томск,  Иркутск,  Горький,  Пензе,  Вильнюс,  Кишинев,  Минск, 
Тбилиси,  Ташкент,  Ашхабад,  Алматы,  Ақмола,  Шымкент,  Қостанай  т.б.  қалаларда  ҿткен 
халықаралық  ғылыми  форумдарға  қатысып,  табиғат  қорғау  тақырыбында  ҿте  құнды  баяндамалар 
жасауы  –  ғалым  беделінің  қандай  екендігін  де  айқындай  түседі.  Оның  жазған  еңбектеріне  де, 
қысқаша түсініктер беріп кетеді. Ҽсіресе «Табиғат – тіршілік тірегі» (1974), «Туған ҿлкеңді сүйе де, 
оның  табиғатын  қорғай  да  біл»  (1974),  «Оқушыларға  биосфераны  қорғауға  тҽрбиелеудің 

 
64 
педагогикалық  негіздері»  (1993),  «Табиғатқа-сүйіспеншілікке  тҽрбиелеу»  (1994),  «Қазақ  халқының 
табиғат қорғау дҽстүрлері» (1996) тақырыптарындағы еңбектері кҿпшіліктің назарына ілікті. 
Жібек  Ҿсімқызының  естелік еңбегінде  ғалым  туралы  кҿптеген  тың  деректер  берілген.  Отбасы 
жайлы  айтқан  ойларында  ғалымның  бҽйтеректей  жайқалған  жанұясы  байқалады.  Ғалымның  мінезі, 
іс-ҽрекеті  жайлы  кҿп  жылғы  кҿңілде  жүрген  ойларын  естелікте  ашық  айтады.  «Нұремен  (Нұрғали 
Сарыбековпен –М.К.) бірге ҿткен 42 жыл ҿмірімізде тағдырдың ащы-тұщысын бірге кҿтеріп, бҽріне 
де  тҿзімділікпен,  адамгершілікпен,  ақыл-парасаттылығымен  тҿзе  білген  едік.  Ол  қолы  жеткен 
жетістігіне  масаттанбады,  дүниеге,  байлыққа  қызықпады.  Мінезі  кейде  шапшаң,  қайтымы  тез, 
жақсылыққа жаны құмар  жан  болатын»  -  деп,  естелік  арқылы  ғалымның  ҿткен  ҿміріне  ерекше  мҽн 
бере  қарайды.  Мақала  соңында  Жібек  Ҿсімқызы  «Жапырағын  жайған  Бҽйтерек»  естелігінде  ҿзінің 
кҿңіл күйін ҿлеңмен білдіреді: 
Айналайын атыңнан, 
Нұр дидарлы затыңнан, 
Сарғайдым да сағындым, 
Рухыңа табындым, 
Шуақ еді-ау жан-жағың, 
Хош  аяулы  жан-жарым  –  деп,    сҿз  ҿрнегімен,  кҿңіл  күйін  ҿлең  шумақтарымен  аяқтаған.  Ҿзі 
ақын  болмаса  да  ҿз  жан сезімін  ҿлеңмен  шебер  құрастырған  Жібек  Ҿсімқызының  ҿлеңмен  де  жаза 
алатындай қабілеті байқалады. «Бҽйтерек» атты естелігінде алғы сҿздерден кейін «Нұрғалидің жазған 
еңбектерінен үзік сырлар», «Естеліктер», «Арнау ҿлеңдер» деген қосымша тараулар берілген.  
Алғашқы  тарауда  профессор  Н.С.Сарыбековтің  ҿмірі  мен  қызметінің  негізгі  кезеңдері,  білімі, 
ғылыми  дҽрежелері  мен  атақтары  кҿрсетілген.  Ғалымның  «Ұрпақты  сақтаймыз  десек...» 
тақырыбындағы 1992 жылы 4-6 маусым аралығында Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қаласы – М.К.) 
ҿткен  «Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  экологиялық  оқыту  мен  тҽрбие»  проблемасына  арналған 
халықаралық  ғылыми-педагогикалық  жҽне  методикалық  конференцияның  материалдарында 
жарияланған  еңбегі  берілген.  Бұл  еңбегінде  белгілі  ғалымдар  Н.А.Гладков,  Б.Г.Йоганзен, 
Д.Л.Арманд,  В.Н.Скалон,  С.Р.Раджабов,  Х.К.Арғынов,  И.С.Матрусов  сияқты  азаматтардың  зерттеу 
еңбектері ғылымның даңғыл жолына түсуіне септігі тигендігі айтылады. 
Эколог  –  ғалым  Н.С.Сарыбековтің  жаңашыл  ғалым  екендігін  оның  еңбектерінен  байқауға 
болады.  Оның  табиғат  қорғауға  тҽрбиелеу  формуласы  (Э+ТҚ=ТМП)  мен  тағдыр  теңдеуі  (Ж  (ж)=Ж 
(∞к)/А (ж) =А(∞к)) эколог-ғалымның кҿп жылғы зерттеуінің негізінде туындаған. Ол жаңашыл ғалым 
еді. 
Ғалымның табиғат қорғау, халық дҽстүрі, оның халықтың келешектегі ҿміріне тигізетін пайдасы 
жайлы ой-пікірі оқырман назарын ерекше аударды. «Табиғат қорғау дҽстүрлері, сан ғасырлар бойы, 
халқымыздың даналарының үзбей еңбектенуінің арқасында ҿмірге келген асыл дүние. Бұл дҽстүрлер 
халықтың заңғар биік ойының жемісі»  - деп, ғалым ҿз ойын халықтық дҽстүрмен байланыстырады. 
«Халқымыздың дана ҿкілдерінің ҿмірге алып келген асыл туындылары  – табиғат қорғау дҽстүрлері, 
бізге жастарымызды білімді, іскер, парасатты, арлы, ұятты, табиғатқа шын мҽнінде жанашыр азамат 
етіп  тҽрбиелеуге  кҿмектеседі.  Табиғат  қорғау  дҽстүрлерін  жинақтап,  ҿңдеп,  жүйеге  келтіріп,  оқу-
тҽрбие  жұмысында  қолдану  дҽрежесіне  жеткізсек,  біз  аса  бағалы  еңбек  атқарғанымыз»  -  деп  ой 
түйеді. Ғалымның бұл пікірі ҿте құнды да, ҽрі ғылыми мҽні зор.  
Ұлағатты  ұстаз  Жібек  Ҿсімқызының  жинақтап,  құрастырған  «Бҽйтерек»  естелігінде  берілген 
ғалымның  ой-толғаныстарының  маңыздылығы  ерекше.  Ғалым  ҿз  ойын  ҿлеңмен  де,  шешендік  сҿз 
оралымдарымен де бере білген. Атап айтқанда: 
Жақсылық жаса- жақсылықпен қайтады; 
Ханның қасында болғанша – бұлақтың басында бол; 
Ҽр үйдің тірегі, жүрегі мен тілегі болады. Тірегі – ері, жүрегі – жары, тілегі – бала-шағасы; 
Бастау суалса – байлық суалады; 
Кҿзіңді  қалдыр  –  бұлақ  кҿзін  аша  жүр!  Ізіңді  қалдыр  –  жақсы  істен  мұра  шаша  жүр.  ҿзіңді 
қалдыр – бақша ҿсіріп, жаса нұр – деген философиялық ойларының маңызы зор.  
Профессор  Н.Сарыбековтің  ҿмір  формуласы  да  адамды  ойға  жетелейді.  «Адам  болу,  маман 
болу,  аман  болу  -  ҿмір»  деп  ҿмір  формуласын  ұсынады.  Бұл  формуладан  адамның  толық  бақытты 
болуы үшін үш түрлі шарттың болуы қажет екендігін айтады. Адам болу, маман болу, аман болу. Бұл 
нағыз ҿмір. Қалғанының бҽрі осының туындысы - деп философиялық ой толғайды.  
Ғалымның  ой-толғаныстары  оның  ҽрбір  ғылыми  еңбектерінде  кездеседі.  Осы  жағдайды 
«Бҽйтерек» естелік жинағын құрастырушы Жібек Ҿсімқызы оқырманның есіне сала отырып, ғалым 
еңбегін таңдап, талғап оқуды ескереді. Жібек Ҿсімқызының құрастырған «Бҽйтерек» кітабында 34-ке 

 
65 
жуық естеліктер мен 7-8 арнау ҿлеңдер жинақталып берілген. Ғалым ҿміріне байланысты 40-қа жуық 
суреттер  топталған.  Естелік  тақырыптары  да  кҿп  нҽрсені  еске  түсіреді.  «Алғашқы  ұстаз  лебізі» 
(Сарымсаққызы  Жолтан),  «Нұрғалидай  шҽкірт  –  ұстаз  мақтанышы»  (Е.Құлымбетов),  «Ұстаздық 
алғашқы  қадам»  (Б.Қуанышбайұлы),  «Қимас  досым  еді»  (А.Жолдасов),  «Жаны  жайсаң  жан  еді» 
(Қ.Жарықбаев),  «Ғылымдағы  ұрпақтар  жалғасы»  (И.Нұғыманов),  «Ҿзі  де  «Айналайын»  азамат  еді» 
(М.Құдайқұлов),  «Нұрғали  ағай»  (М.Байғұт),  «Рухы  ҿшпес  тірегім»  (Ҿ.Танабайұлы),  «Замандасым 
туралы  бір-екі  ауыз  сҿз»  (Т.Бегалиев),  «Рухы  асқан  ұстаз»  (Т.Жанақұлов),  «Нұрғали  аға  ұлағатты 
ұстаз»  (А.Сихаев),  «Пҽк  жанды,  жылы  жүректі  ұлы  ұстазым»  (К.Бұзаубақова)  тақырыптары  ғалым 
еңбегінің  жан-жақтылығын  ашады.  Кітап  соңындағы  кҿркем  сҿзбен  ҿрнектелген  арнау  ҿлеңдер  де 
ғалым  еңбектерінің  маңыздылығын  айқындай  түседі.  «Құрметті  Нұрғали  аға!»  (Е.Жүсіпбеков), 
«Нұрғали  мен  Жібектің  мерей  тойларына»  (М.Құдайқұлов),  «Ұлы  ұстазыма  арнау»  (Т.Манапов) 
сияқты  арнау  ҿлеңдер  естеліктер  соңында  жинақталып  берілген.  Педагогика  ғылымдарының 
докторы, профессор Мҽулен Құдайқұловтың арнау ҿлеңінде: 
Жан жарын Нұрғалидың - Жібек келін, 
Ғалымдардан келмейді бҿлектегім. 
Үйде бҽрін сала бер ғылым жолға 
Ғалымдардың  ұрпағын  –  бҿбектерін,  –  деп  ҿз  сезімін  ақындарша  аяқтайды.  Бұл  ізгі  ниеттен 
туындаған ғалымның ақындық ой-ҿрнектері еді. Ғалымның сүйікті жұбайы Жібек Ҿсімқызының кҿп 
жылғы  жинақтап,  даярлаған  «Бҽйтерек»  естелігі  –  Қазақстандағы  тұңғыш  эколог-ғалым  Нұрғали 
Сарыбековтің бҽйтеректей тұлғасын, азаматтық парызын жан-жақты аша түседі. 
Естеліктегі  ғалым  туралы  қажетті  деректерді  оқыған  сайын,  эколог-ғалым  еңбегінің  ашылмай 
жатқан құпия сырлары айқындала түседі.  
Тарих  ғылымдарының  кандидаты  Рымбек  Мылтықбаев:  «Ер  адамның  арбасы  -  ҿмірдің  қиын-
қырлы  жолдарымен  алға  қарай  дҿңгелеген  сайын  оның  артында  бір  адам  тұрады.  Ол  -  жұбайы. 
Нұрекең сияқты арынды асау азаматқа жұбай болу үлкен міндет. Осы тұста 40 жылдан аса отасқан 
зайыбы Жібек – ескінің кҿзі, жеңгелер атаулының сауатты ҿкілі екендігі бҽрімізге аян»  - деп Жібек 
Ҿсімқызы туралы ҿз ойын ашық айтады. 
Парасатты  да,  байсалды,  ғұлама  эколог-ғалым  Нұрғали  Сарыбековтің  ҿмір  деректері  жайлы 
«Бҽйтерек»  эссе-естелікте  ерекше  айтылады.  Ғалым  ҿмірі  ғалымның  азаматтық  тұлғасына  орай 
жазылған.  Профессор  Н.С.Сарыбековтің  жеке  күнделіктеріндегі  табиғат  жайлы  толғамды  ойлары, 
кҿпшілікке белгісіз жарияланбаған еңбектері, хаттарындағы табиғат пен халықтық дҽстүр жайлы ой-
пікірлері бізге белгісіз. Ол еңбектерді зерттеп, жинақтау арқылы жарыққа шығару  – болашақта іске 
асырылатын  ғылыми  жұмыстармен  жалғасатыны  белгілі.  Оның  үстіне  ғалымның  табиғатқа 
байланысты қазақ ырым-тыйым сҿздерінің ғылыми мҽнін халық дҽстүрі негізінде айқындауы ғылыми 
жаңалықтың біріне жатады. Табиғат пен халық дҽстүрі – ғылыми жаңалықтың бастамасы мен басты 
тірегі болып табылады. Ол халықтың ой-арманынан туындаған. 
Ғалымның азаматтық парызын айқындайтын еңбектері баршылық. Эколог-ғалымның парасатты 
ойлары  осының  айғағы  секілді.  Профессор  Н.С.Сарыбеков  ғылыми  мақалаларындағы  толғамды 
ойларының маңыздылығы ерекше. 
Ғалым  лабораториясының  құпия  сырлары  да  кҿпшілікке  белгісіз  қалып  барады.  Ғалымның 
соңғы  жылдары  жарық  кҿрген  еңбектеріндегі  толғамды  ойлары  жинақталмаған.  Ғалымның  табиғат 
туралы  айтылған  ой-пікірлері  тартымды  да,  ҽсерлі,  ойлы.  Ғалымның  ҽрбір  ойлары  –  жаңалық 
жаршысындай зерттеуді, ізденуді, тынымсыз еңбек етуді керек етеді. 
Біреу де болса бірегей, ҿрелі ғалым ретінде кҿрінген республикамыздағы тұңғыш эколог-ғалым 
туралы  естеліктің  жазылуы  –  оның  азаматтық  тұлғасын  аша  түседі.  «Бҽйтерек»  естелігінің  
құндылығы да осында. 
Ғалымның табиғат туралы толғамды ойлары баршылық. ҿмірінің соңғы кезеңдерінде жазылған 
еңбектерінде  табиғат  туралы  ҿнегелі  де,  ҿсиетті,  толғамды  ойлары  мол  айтылады.  Ғалым 
еңбектеріндегі  ойлар  жүйесі  –  табиғаттың  тамаша  жетістіктерінен  туындаған  жаңалықтар  болып 
табылады. Ой-жаңалық жаршысы. 
Қазақ халқының табиғат қорғау дҽстүрлері -Алматы, 1996. 
- Мен  табиғатты - ҿмір деп түсініп, ҿмір деп білемін... ал енді ҿмір нағыз болу үшін, адам сол 
ҿмір  үшін  күресуі  тиіс.  Сол  себептенде  осыдан  келіп  адамның  ҿз  ҿмірін  –  табиғатты  қорғау 
проблемасы туындайды. Бұл дҽстүрлі мҽселе болуы тиіс.  
-  Енді  табиғат  қорғау  дҽстүрін  мен  қалай  түсініп,  шҽкірттеріме  қалай  түсіндіремін?  Бұл 
ғасырлар  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге,  асыл  мұра  ретінде  беріліп,  келе  жатқан  табиғатты  түгел 

 
66 
жҽне оның ҽрбір бҿлігін адам арындай қорғау қажеттігін түсіндіретін қасиет. Адамды адам ететін  – 
болмыс. 
-  Табиғат  қорғау  дҽстүрі  -  ҿмір  тірегі.  Оны  ұрпақтан  ұрпаққа  үзбей  жалғастыру  табиғатты 
мҽңгілікке сақтап қалудың бірден-бір жолы. 
-  Табиғат – бұл бізді қоршаған ҿмір. Ол, адам баласының санасынан тыс ҿздігінен пайда болған 
дүние... Керісінше табиғаттың пайда болуы адамның пайда болуына ҽкеледі. Демек, адам табиғатсыз 
ҿмір сүре алмайды... 
- Университет қабырғасында білім алып жүргенде, біздерге табиғат ҿлке жайлы лекция оқыған 
ұстаздарым  Г.Г.Муравлев,  П.Д.Устименко  аспирантура  мен  доктарантурада  жүріп  ақыл-кеңестерін 
алған,  белгілі  ғалымдар  Н.А.Гладков,  Б.Г.Иоганзен,  Л.К.Шапошникав,  Н.А.Рыков,  П.В.Иванов, 
Д.Л.Иванов,  Д.Л.Арманд,  В.Н.Скалон,  С.Р.Раджабов,  Х.Қ.Арғынов,  И.С.Матрусов  тҽріздес 
азаматтардың менің табиғатқа байланысты дҽстүр мҽселесіне толық бет бұруыма, адамның адамдық 
ерекшелігін зерттеуді ғылыми проблема етіп алуыма үлкен ҽсерлері болды. 
Ҿңір бастауы-ҿмір бастауы. //ҚМ, №1,1975. 
- Су! Тұщы, таза су! Жерге ҿмір сен арқылы таралмай ма? Ырыс-құтқа толық кҿңілімізден шат 
күлкі арылмай отырғаны сенің арқаң ғой. 
-  Осы  шындықты  халық  ерте  бастан  түсініп,  суды  ары  мен  жанындай  қадір  тұтқан.  Оны  асыл 
қазынасындай қадірлеу дҽстүрі дана халқымыздың арасына кең тарап, тамыр жайып, ҿркендеп ҿскен. 
-  Су  кҿзін  –  бастауды  қадірлеу  қазақ  халқының  қанына  сіңген,  ұрпақтан-ұрпаққа  тараған  ата 
дҽстүрі, елі мен жерін қадір тұтудың бір үлгісі [3-32-бет]. 
  - Ҿңір бастауын ҿмір бастауына айналдырып, су кҿздерін ұқыпты күтімге алу халық арасында 
қанға сіңіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарап кеткен пайдалы дҽстүр. 
- Мҿлдір бастаудың таза сулары жиналып ҽуіт жасалып, ҽуіттен айналаға арық тартылып, халық 
ҿздері  отырған  маңды  қолдан  жасаған  ырыс-құт  мекеніне  айналдыруға  ҽдеттенген.  Осы  дҽстүрдің 
жақсылық жақтары қазіргі кезде де сақталған қазақ ауылдары кҿптеп саналады. 
-  Игілік  дҽстүр  атадан  балаға  мұра  ретінде  кҿшіп  қанатын  кең  жайған  ауылдар,  ҽсіресе, 
Қазақстанның оңтүстік ҿңірінде мол [3-33-бет]. 
- Оқушылардың күшімен ҿмірге келген бастаулар саны Оңтүстік ҿңірде 300-ден асты. Олардың 
кҿпшілігі осы күннің ҿзінде-ақ суы молайып, жағасы жасыл желекпен кҿмкерілді [3-34 бет]. 
Табиғат қорғау туралы.  //Б.М, №11,1970. 
-  Адам  табиғаттың  бҿлігі,  сонымен  қатар  иесі  де.  Табиғат  адамның  рухани  жҽне  материалдық 
игілігінің кҿзі, ҿмірінің тірегі. 
-  Табиғаттың  алдағы  уақыттарда  да  қазіргідей  дархан  болуы  адамның  камқорлығына 
сүйіспеншілігіне байланысты [4-36-бет]. 
-Тек қызықты ойын, жағдайлы демалыспен ұштасқан белсенді еңбек қана бізге болашақ саналы, 
ұқыпты табиғат иесін тҽрбиелеуге кҿмектеседі [4-40-бет]. 
Комплексті табиғат қорғау экскурсиясы. //Қ.М., №1,1977.  
-  Туған  ел  мен  ҿскен  жердің  табиғаты  кімге  тірек,  кімге  кҿмек  болмаған!  Мол  қазыналы,  таза 
табиғатсыз адам баласының тіршілігі тұл, еңбегі жеміссіз болар еді. 
- Ҿлке табиғатын - ел қажет ҿтей алатын қалыпта мҽңгілікке сақтау сол жердің тұрғындарының 
ары мен сабақтасып жатқан мҽселе [5-78-бет]. 
-  Табиғатты  қорғауға  байланысты  творчестволықпен  іздену,  басқа  адамның  іс-ҽрекетіне  ҽсер 
етерлік  үн  кҿтеріп,  оны  лайықты  жұмыспен  байланыстыра  білу  -  оқушының  табиғат  жанашыры 
болып қалыптасуына игі ҽсер етеді. 
- Мақсаты анық, қолға алған ісін терең сезінген, ҿз ісінің қуанышын жанымен ұғына білген адам 
ғана ҿзгеге ықпал жасай алады. 
- «Ҿмір сүрудің мҽні - ҿзің үшін ғана емес, ҿзге үшін де жасап білу»-деп түйеді [5-81-бет]. 
-  Балалар-біздің келешек ҿміріміздің тірегі [5-82 бет]. 
   Маусымдық экскурсияларды ұйымдастыру. //Қ.М., №4,1980. 
-  Табиғат қорғау-жүйелі де комплексті (кешенді) ғылым. [6-48 бет]. 
-  Табиғат  қорғау  мақсатындағы  пҽнаралық  байланыс,  ҽсіресе,  маусымдық  экскурсияларды 
ұйымдастыруда жақсы. 
- Маусымдық экскурсиялардың мҽні мынада: балалардың жылдың ҽр кезеңін есте қаларлықтай 
негізгі  артықшылықтарын  ҿз  беттерінше  ажырата  білу,  күздің,  қыстың,  кҿктем  мен  жаздың  кейбір 
қайталанбас ерекшеліктерін эмоциялық, қабылдай білуін жҽне ең ақырында қазіргі кезде аса қажетті 
болып отырған табиғат қорғау жұмысына белсене қатысуы. 

 
67 
- Табиғат қорғау мақсатындағы экскурсияның ойдағыдай ҿтуі, ең алдымен, ҽр мұғалімнің туған 
ҿлке табиғатына саналы, ҿз қалауымен жҽне сүйіспеншілікпен қарай білуіне байланысты. 
-  Мұғалім  -  ҽр  оқушының  бойында,  нақты ҿлкеге  деген  белсенді  жасампаздық  сүйіспеншілікті 
тҽрбиелеуге міндетті. 
-  Ҽдебиет,  сурет  жҽне  тарих  сабақтарының  мұғалімдерінің  бірге  экскурсия  жоспарланған 
ауданның ерекше кҿрікті жерлерін белгілеп, балалардың жеке творчестволық тақырыбын анықтайды. 
-  Ҽдебиет  пҽні  мұғалімі  шамамен  балалардың  жазбаша  жҽне  ауызша  ҽңгімелерінің  жазатын 
шығармалары мен мазмұндамаларының жоспарын құрайды. 
-  Кейде  балалар  ҽдебиеті  пҽні  мұғалімдерінің  жҽрдемімен  туған  ҿлке  табиғаты  жайлы  ҿлең  де 
жазады. 
-  Сурет  пҽні  мұғалімі  -  табиғат  қорғау  мақсатындағы  экскурсия  ҿтетін  ауданның  кҿрікті 
жерлерінің  эскиздерін  белгілеп  экскурсия  барысында  живописьпен,  бейнелеу  ҿнерімен  ҽуестенуші 
балалардың жҽрдемі мен оны толықтырып аяқтайды. 
- Экскурсия басталатын күні оған қатысушылар мектеп директорының, ата-аналар комитеті мен 
ҿлке танушылардың тілектестік сҿздерінен соң алдын-ала белгіленген жұмысты атқару үшін сапарға 
шығады [6-49-бет]. 
-  Балалар  экскурсия  кезінде  табиғат  ҽсемдігін  сезініп,  табиғат  аясында  тынығады, 
денсаулықтарын  шынықтырып,  табиғатты,  су  кҿздерін  санитарлық  тазарту,  сай-саланы,  су 
бҿгендерінің  беткейлері  мен  жағалауларын  кҿгендендіру  бағытындағы  қоғамдық  пайдалы 
жұмыстарды атқарады. Қанатты достар мен хайуанаттарға қамқорлық жасайды [6-50-бет]. 
Табиғат қорғау тҽрбиесінің педагогикалық негіздері. //Қ.М, №4, 1982. 
-  Табиғатты  қорғаудағы  халықтық  жҽне  мемлекеттік  іс  сайып  келгенде,  ҽрбір  азаматтың 
тыңғылықты іс-ҽрекеттерінен құралады. 
-  Жас ҿспірімдерді табиғат қорғауға алдын-ала дайындау ісін ұйымдастырушы ұстаз. 
-  Ұстаздар-табиғат  қорғаудың  бұрынғы  жҽне  осы  заманғы  озат  дҽстүрлерін  зерттеп, 
жұртшылыққа кенінен насихаттаушылар болып табылады [7-69-бет]. 
- Біздің ҽрбір саналы ҽрекетіміз - ол балаларды ҿмір сүруге жҽне еңбекке алдын-ала даярлау. 
- Табиғатсыз ҿмір сүріп, еңбек етуге болмайды [7-70-бет]. 
- Экология 100 жылдан астам мерзімде ҿз алдына жеке ғылым болып ҿмір сүріп келеді. 
- Табиғат қорғау- бұл ҿз алдына дербес ғылым [7-71 бет]. 
Шіркін, мҽпелегенге не жетсін! //"Білім жҽне еңбек", №1, 1973. 
- Соңғы 2000 жыл ішінде ірі-ірі сүтқоректі аңдардың 100 түрі жер бетінен біржола «тып-типыл» 
құрып кетті. Ғалымдар қазір осыны есептеп отыр. 
 - Адам мен табиғат мҽңгі егіз. 
 - Табиғат - адамзатты тҽрбиелейтін Ана. 
-  Табиғат- ол адамдардың кҿңіл тірегі. 
-  Табиғатты  мҽпелеу  жҽне  оны  шексіз  сүйе  білу-баршамыздың  парасатты  борышымыз  [8-13 
бет]. 
- Табиғат қоры, оның ҽсем ҿңірлері-ҿмір мен кҿңіл тірегі. 
- Орман-аң, құссыз, кҿл-кұс, балықсыз, дала-гүлсіз болмайды. 
-  Табиғат  қорғауға  атсалысу  оның  мол  қазынысын  үнемдеп  молайта  отырып  пайдалануға  үлес 
қосу-бүкіл парасатты адамзаттың тҿл ісі [8-14 бет]. 
Табиғат - ұрпақ игілігі. //«Мҽдениет жҽне тұрмыс», №11, 1973. 
-  Туған  ҿлкемізді  аралап  жүріп,  тау  етегіне  қоныстанған  елді  мекендердегі  қариялармен 
ҽңгімелескенімізде, екінің бірі біздің халықтың ежелден табиғатпен бірге туып, бірге ҿсіп достасып 
кеткенін жан-жақты айтып береді [9-14-бет]. 
Табиғат тағдыры - адам тағдыры.  //Қ.М., №6, 1995.  
- Мен табиғат зерттеуші ұстазбын, жасым алпысқа толды. Табиғаттың алғашқы сырын осыдан 
алпыс жыл бұрын, кҿзімді ашып ҿмірге келе сала, аттарыңнан айналайын, ҽжем Салтанат пен атам 
Қалдарбектің арқаларында ұғына бастадым. 
-  Табиғат  сырын  алғаш  ұғынудағы  менің  оқулығым-табиғаттың  ҿзі,  сабақ  беруші  ұстаздарым 
ҽжем мен атам болды. 
-  Мен  үшін  мҽңгі  ҿмір  сүретін,  атам  мен  ҽжемнің  асыл  бейнелерін  жазба  түрде  ҿмірде 
қалдырып, олардың ҽруақтары алдында бас иіп, мақалаға кіргізіп отырмын [10-16 бет]. 
-  Менің  мақала  жазуымның  мақсаты  келешек  ұрпақтың  игілігі  үшін  Республикамыздың 
табиғатын пайдалану барысында, оны таза, мол қазыналы, кҿркем қалпында сақтап қалуға үлес қосу. 

 
68 
-  Егер  менің осы  мақсатым  орындалса,  онда  ҿзімді жер  бетіндегі  ең  бақытты  азамат  деп  санар 
едім. 
-  Табиғат  дегеніміз  -  біздің  айналамыздағы  табиғи  ҿмір,  бар  болмыс  дүние.  Ол  ҿлі  жҽне  тірі 
табиғат болып екі бҿлікке бҿлінеді. Бұл бҿліктер байланысы топырақ арқылы іске асады. 
- Табиғат-адам баласының барлық қажетін ҿтейтін бірден-бір негізгі тірек. 
- Табиғатсыз адам ҿмір сүре алмайды. 
-  Табиғат  ҽзірге  адам  баласы  толық  түсініп  бола  алмаған  (табиғаттың  құпия  сырлары  -  М.К.) 
заңдар негізінде демеп, ҿзгеріп отырады. 
- Табиғат үн-түнсіз, келешек ҿмір үшін, адамның жауыздығымен алысуға тырысуда [10-17-бет]. 
-  Ашығын  айтайын,  дҽл  қазір  кейбір  ғалымсымақтарымыз  оларға  ілесіп  саясаткерлеріміз, 
практиктеріміз  мҽселенің  мҽнін  түсінбей,  одан  сҿз  қуалап  «Табиғат»  сҿзін  «экология»  сҿзімен 
ауыстырып  алып  елді  шатастырып  «экология  апатқа  ұшырады»,  «экологиялық  дағдарыс»  пайда 
болды деп күні-түні баспасҿз бетін бермей, эфирден түспей, теледидар экранын жаулап алды [10-18- 
бет]. 
-  Табиғаттану  ғылымында  «Табиғат»  деген  терминдік  сҿзге  бір-ақ  анықтама  бар.  Ол  адам 
баласын, жалпы бар тіршілікті қамтитын ҿмір деген мағынаны береді. 
-  «Табиғат»  терминдік  ұғымына  адамның  қатынасынсыз  пайда  болған  айналадағы  болмыс, 
тіршілік түгелдей жатады. 
-  «Табиғат» терминдік ұғымының ауқымы да, ұшар қанаты да ҿте кең. Ол барлық бар нҽрсені, 
тіршілік ҿмірді құшағына сиғызып жатыр. 
  -  «Табиғат»  ұғымын  ғылымға  алғаш  нақты  кім  енгізгені  беймҽлім.  Бірақта  бұл  ұғым  табиғи 
ҿмір,  жайындағы  барлық  ғылымды  аумағына  сыйғызып,  солардың  дамуының  бастау-бұлағы  болып 
отыр... 
- «Табиғат»- бұл материалдық бар ҿмір. 
-  «Экология»  терминдік  ұғымына  анықтама  бергісі  келіп,  қалам  сілтеген  ғалымдардың  ұзын 
саны жүзден асып жығылады. 
-  «Экология»  -  дегеніміз тірі ағзалардың  айналасындағы  ортамен  жҽне бірі мен  бірінің  карым-
қатынасын зерттеу жайындағы ғылым деген ұғымның аумағынан шығып кете алмайды. 
-  «Экология»  терминдік  ұғымына  дҽл  осы  мағынадағы  алғашқы  анықтама  берген  ұлты  неміс, 
австриялық  ғалым  Эрнст  Геккель  деп  айту  табиғаттану  ғылымына  енген.  Ҽдебиеттерде  осы  ғалым 
бұл  анықтаманы  1866  жылы  айтты  деп  жазылғанға  кейбіреулер  таласып,  Э.  Геккель  «Экология» 
анықтамасын 1864 жылы айтты деп, дҽлелдемекші болып та ҽуреленуде.... 
-  Табиғатта  кҿшпелі  ҿмір  сүрген  біздің  арғы  ата-бабаларымыз  ұрпақ  ҿмірін,  ҿздері  табиғат 
сырын жан-жақты білудің арқасында сақтап қалды емес пе? (ырым-тыйымдар арқылы - М.К.) Демек, 
біздің ата бабаларымыз алғашқы экологтар болып шығып тұр ғой. [10-18-бет]. 
- Экология ғылымы қазіргі кезде қаншама дамығанымен тек қана биология ғылымының саласы 
болып қалып отыр. 
- «Табиғат»- біздің дүние, ал «Экология»- тек  ғылыми ұғым ғана. 
-  Табиғат  қорғау  ғылымы  мен  практикасының,  адам  табиғат  пен  қарым-қатынас  жасаған, 
жасағанда міндетті түрде орындалуы тиіс үш заң бар: 
а) табиғаттың тазалығы; 
ҽ) табиғаттың мол қазыналығы; 
б) табиғаттың кҿркемдігі. 
Егер  ҽрбір  адам  баласы ҿмір  сүру  барысында  осы  заңдарды  қатар  түрде орындамаса,  бҽрі бос 
сҿз, келешек болмайды, ҿмір тоқталады [10-22 бет]. 
- Табиғат тағдыры мен адам тағдыры - егіз, осыны ұмытсаң, келешек жоқ [10-22 бет]. 
Табиғат-тіршілік тірегі Н.С.Сарыбеков, Е.К.Қонақбаев, -Алматы,1974 
-  Белгілі  ғалым,  профессор  Н.А.Гладковтың  зерттеуі  бойынша  (В.И.Лениннің  тікелей 
қатынасуымен)  табиғатты  қорғауға  байланысты  94  қаулы-қарарлар  жҽне  арнайы  декреттер 
қабылдады [11-4-бет]. 
- Жер беті атмосферасын құрайтын газдар қосындысын ауа деп атайды. Ауаның құрамының 78 
% (пайызы) азот, 21% оттегі, 0,04% кҿмір қышқылы газынан тұрады [11-7 бет]. 
- Ауасыз ҿмір жоқ. Таза ауа ҿмір ҽкелсе, былғаныш ауа адам ҿмірін қысқартады. 
- Кеңес одағында қорықтың саны 89-ға жетті. Оның бесеуі Қазақстанда [11-7 бет]. 
Туған ҿлкеңді сүйе де, табиғатын қорғай да біл Н.Сарыбеков, Е.Қонақбаев. -Алматы, 1974 
-  Адам  тамақсыз  30  күн,  сусыз  3  күн  ҿмір  сүре  алатын  болса,  ауасыз  5  минутта  ҿмір  сүре 
алмайды. 

 
69 
-Адам  (тҽулікте  13  текше  метр  ауа  жұтып,  шығарады,  оның  салмағы  осы  тҽулікте  ішкен 
тамақтың  салмағынан  10  есе  ауыр,  себебі  сол  тамақтық  тҿрттен  үші  ауадан  тұрады.  Демек  адам 
организмі ауамен де тамақтанады (ауаны сіңіреді). 
-Біздің елімізде орта есеппен ҽрбір адам күніне қалада 500 литр, селода 200 литр су жұмсайды 
[12-21-бет]. 
Профессор Н.С. Сарыбековтің экология мен табиғат туралы ғылыми мақалаларында толғамды 
ойлар кҿп айтылған.  Ғалымның  толғамды ойларын  сабақта,   сабақтан    тыс    тҽрбие  жұмыстарында  
тиімді   пайдалана  білу – мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының білімгерлерінің ақыл-
ойын  дамытумен  бірге,  экологиялық  жҽне  этнопедагогикалық  түсініктерін  қалыптастырып,  табиғат 
жайлы  білімдерін  толықтыра  түседі.  Табиғат сырын жан-жақты  білген  сайын  адамзаттың  ақыл-ойы 
дамып, қоғамдық қарым-қатынастары жақсара түседі. 
_______________________                               
1.Ж.Ҿсімқызы. Бҽйтерек. (естеліктер) – Алматы, 1999.  
2.Сарыбеков Н.С. Қазақ халқының табиғат қорғау дҽстүрлері -Алматы, 1996, 3-бет. 
3.Ҿңір бастауы-ҿмір бастауы. //ҚМ, №1,1975, 32-33-бет 
4.Табиғат қорғау туралы. //Б.М, №11,1970, 36-40 -бет 
5.Комплексті табиғат қорғау экскурсиясы. //Қ.М., №1,1977, 78-82-бет. 
6.Маусымдық экскурсияларды ұйымдастыру. //Қ.М., №4,1980, 48-50-бет. 
7.Табиғат қорғау тҽрбиесінің педагогикалық негіздері //Қ.М, №4, 1982, 69-71-бет. 
8.Шіркін, мҽпелегенге не жетсін! //"Білім жҽне еңбек", №1, 1973, 13-14-бет. 
9.Табиғат - ұрпақ игілігі. //«Мҽдениет жҽне тұрмыс», №11, 1973, 14-бет. 
10.Табиғат тағдыры - адам тағдыры. //Қ.М., №6, 1995, 17-18-бет 
11.Н.С.Сарыбеков, Е.К.Қонақбаев. Табиғат-тіршілік тірегі -Алматы,1974, 4-7-бет. 
12.Н.Сарыбеков, Е.Қонақбаев Туған ҿлкеңді сүйе де, табиғатын қорғай да біл. -Алматы, 1974, 21-бет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет