Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

АннщтацияА.Байтурсынов в цикле трудов «Буквари» излагает свои взгляди на сингармонический 
альфавит и  определяет его роль и содержание в развитии лингвистики
Annotation.  A.Baitursynov  in  his  cycle  of  wjrks  «Abc-books»  states  the  sights  on  sin  harmobic  alphabet, 
also defines its role and the maintenance in development of linguistics. 
 
 
Г.Б. Исахова 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАЙЫ 
 
Еліміз  егемендік  алғалы  жағдай  ҿзгерді.  Қазір  Ахмет  Байтұрсынұлының,  Елдес  Омарұлының, 
Нҽзір 
Тҿреқұлұлының, 
Мағжан 
Жұмабайұлының, 
Жүсіпбек 
Аймауытұлының, 
Халел 
Досмұхамедұлының,  Жұмахан  Күдериннің,  Сұлтанбек  Қожанұлының,  Телжан  Шонанұлының  т.  б. 
алаш  азаматтарының  терминжасам  ұстанымдарын  іске  асыруға  ғалымдар  бағыт  алды.  Бұған  кҿп 
томдық терминологиялық сҿздік дҽлел. Ҽрине, бұл бағыт толық іске асты деп айта алмаймыз. Бірақ 
«сең  қозғалды»  дегендей  алғашқы  адымды  ғалымдар  жасады,  барған  сайын  идеяның  дамитынына 
сеніміміз мол. 
Алайда, ғылымның орасан зор дамуы жаңа терминдер тасқынын күшейтуде, ол даму тоқтамақ 
емес.  Демек,  жаңа  терминдер  де  кҿбейе  бермек,  оның  бҽріне  ҿз  тілінен  балама  табу  мүмкін  бола 
бермейді.  Сондықтан  дүние  жүзінде  термин  алмасу  проблемасы  пайда  болған.  Ол  –  объективті 
заңдылық. Жаңа терминдерге ҿз тілінде балама табылмаған жағдайда тілдерде термин алмасу жүзеге 
асады. Мысалы, компьютер, интернет, атом, азимут, ксерокс, оптика, электр, ядро, физика, микроб, 
геология,  геометрия,  дивергенция,  т.б.  осы  тектес  терминдер  кҿп  томдық  сҿздікте  осы  қалыпта 
берілген.  Демек,  кҿп  томдық  сҿздік  жасаған  ғалымдар,  мамандар  олардың  қазақша  баламасын 
таппаған. Бұл терминдерді қабылдауға тілдік жағдай мүмкіндік бергенін білдіреді. Олай болса, жаңа 
терминдерге балама болатын сҿздерді табу мүмкіндігі қай тілде де үнемі бола бермейтін жағдайлар 
да  болады.  Сондықтан  дүние  жүзі  тілдеріне  термин  алмасу  –  ортақ  құбылыс.  Бірақ  терминді 

 
54 
қабылдаған  тілде  ол  қабылданған  термин  ҿмірлік  болып  қатып  қалады  деген  пікір  тумау  керек. 
Термин  ҿмір  заңына  бағынатын  тілдік  құбылыс,  бұл  ҿмір  жаңалықтары  терминге  ҽсер  ете  алады 
дегенді  білдіреді.  Оған  елімізде  болған  қазақ  тілінің  терминологиялық  қорына  кіргізген  ҿзгерістері 
дҽлел.  Бірсыпыра  орасан  кҿп  терминдер  қазір  қолданыстан  шықты.  Демек,  терминологиялық  қор 
ҿзгеріске бейім тілдік құбылыс. Бұл айтылғандардан термин алмасуды болдырмау мүмкін емес екенін 
байқаймыз, тек ол орынды жүзеге асуы керек. 
Академик  Ҽ.Қайдар  терминологиялық  қор  үнемі  дамытылып  отыруы  керек  деген.  Бұл  ҽрине, 
заңды  талап.  Оны  тек  қазақ  тілі  ғана  іске  асыруға  міндетті  емес.  Сондықтан  да  ғалым 
Ш.Құрманбайұлы  терминологиялық  қордың  түзілуінің  екі  кҿзін  кҿрсетуі,  оның  бірі  ретінде  ҿзге 
халықтардың  терминдерін  қабылдау  деп  санауы  бұл  құбылыстың  заңды  екенін  білдіреді.  Оны  ҿз 
сҿзімен  келтірейік:  «Жалпы  кез  келген  тілдің  терминологиялық  лексикасының  түзілуіне  негіз 
болатын екі кҿзі бар. Оның бірі – ұлттың ҿз тілі де, екіншісі ҿзге халықтардың тілдері. Алғашқысы – 
терминологияның ішкі кҿзі, ал кейінгісі – сыртқы кҿзі деп аталады» [8, 40].  
Ғалымның бұл  пікірі  біздің  термин алмасу  тілдерге  ортақ  құбылыс деген пікірімізді растайды 
жҽне оның біздің тілімізге де қатысын білдіреді. 
Қазақ  тілі  терминологиясының  құрамы  қазір  кеңес  кезіндегіден  ҿзге  тіл  терминдерінен  кҿп 
тазартылды.  Алайда,  ҽлі  де  тілімізде  термин  алмасу  ретімен  келген  терминдер  баршылық  жҽне  ол 
терминология  салаларының  бҽріне  қатысты.  Сала-сала  бойынша  кейбіреулеріне  тоқталайық. 
Мҽселен,    акварель,  актер,  актриса,  анонс,  аншлаг,  ассисент,  балет,  гармония,  гобелен,  диалог, 
директор,  дублер,  интернет,  интервал,  кабаре,  кадр,  картина,  клуб,  концерт,  прима,  реализм, 
режиссер, экран, эпилог, эффект т.б. осы сияқты термин алмасу жолымен келген шетел терминдері 
2000  жылғы  мҽдениет  жҽне  ҿнер  сҿздігінде  берілген.  Осы  келтірілген  терминдерді  қазақ  тілінің 
байырғы  сҿздерімен  беруге  болмады  дегенге  сенгіміз  келмейді.  Осындағы  акварель,  актер,  балет, 
диалог, директор, картина, клуб, концерт,  эффект тағы басқаларының халық арасында қолданылып 
жүрген  баламалары  бар. Мысалы,  бояу,  ҽртіс, би,  пікірлесу,  бастық,  сурет,  ойын-сауық  үйі, ҽн-күй, 
күшті  ҽсер  т.б.  Ҽрине,  біз  осы  терминдерді  дҽл  осылай  ауыстыруды  ұсынбаймыз  бірақ  мамандар 
ойланып,  оларға  баламаны  тілден  табуға  болады  деген  пікірдеміз.  Оған  басқа  түркі  тілдерінің 
тҽжірибесі  түрткі  болып  тұр.  Мысалы,  түрік  тілінде  yenetmen,  yapіm,  режиссер,  оператор  мҽнінде 
қолданылатын  терминдер.  Бұлар  қазақ  тілінде  қанша  уақыттан  бері  режиссер,  оператор  түрінде 
қолданылып  келеді,  оларды  аудару  туралы  сҿз  болған  емес.  Ҿз  тілін  сыйлайтын  халықтар  оларды 
аударған. 
Ҽрбір ұлт тілінің терминологиясын жасауда қандай да бір ғылыми принципке негізделеді. Қазақ 
тіліндегі терминологияны қалыптастыруда негізінен екі түрлі принцип бар.  
Бірінші  принцип,  терминологияны  қалыптастыруда  қазақ  тілінің  ҿз  мүмкіншілігін  пайдалану. 
Орыс тіліндегі терминдердің қазақша баламасын жасау мынадай жолдармен іске асқан: 
1.
 
Орыс  тіліндегі  терминдерге  қазақтың  тҿл  сҿздері  жҽне  олардан  жасалған  туыңды  сҿздер 
балама  етіп  қалыптастырылған.  Мысалы:  ұшқыш  (летчик),  қондырма  (надстройка),  ереуіл 
(забастовка),  қолжазба  (рукопись),  алгы  сӛз  (предисловие),  түйсік  (ощущение),  амал  (действие), 
бӛлінгіш  (делимое),  жұрнақ  (суффикс),  тербеліс  (колебание),  буын  (слог),  қышқыл  (кислота),  муше 
(член), мүсін (скульптура), жарыс (соревнование), отар (колония), одақ (союз), айтыс (дискуссия), сыншы 
(критик),  жіктеу  (классификация),  ұяңдау  (озвончение),  одагай  (междометие),  етістік  (глагол), 
есімше (причастие), жаттығу (тренировка), орынбасар (заместитель), сүрлеу (силосовать) т.б. 
2.
 
Орыс тіліндегі сҿздерге лайықты балама іздеп табу нижесінде кейбір дублет сҿздерге дербес 
мағына  теліп,  олар  бір-бірінен  сараланып  отырған.  Мысалы,  білім-гылым-ілім  сияқты  бұрынғы 
синонимдес  сҿздер  қазір  жеке-жеке  мағынаға  ие  болып,  ҿзара  сараланып  отыр.  Мысалы:  білім  — 
знание, гылым — наука, ілім — учение. Сол сияқты ту (знамя) мен жалау (флаг), қолгап (рукавица) пен 
биялай  (перчатка),  темекі  (табак)  мен  шылым  (папироса),  кінә  (вина)  мен  күнә  (грех)  тҽрізді 
жарыспа сҿздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті. 
3. Орыс тіліндегі термин сҿздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сҿздер активтеніп, 
олардың  белсенділігі арттырылған.  Соның 
 
нҽтижесіңде  дара  мағыналы  сҿздер  кҿп  мағыналы болып 
қалыптасты, яғни кейбір сҿздердің семантикалық шеңбері кеңіді. 
Мысалы, орыстың фонд, запас, резерв деген үш түрлі сҿзі қазақтың қор деген бір ғана сҿзімен 
аударылып  жүр.  Сол  сияқты  орыс  тіліндегі  строй,  стройка,  строение,  устройство,  строительство, 
постройка  тҽрізді  бірнеше  терминге  қазақша  құрылыс  деген  жалғыз  сҿз  балама  болып  алынған  [17]. 
 
 
 
Каникулы,  отпуск  дегеңдер  қазақша  демалыс,  вывод,  заключение  дегендердің  мағынасы  қорытынды 
деген бір сҿзбен берілген. 

 
55 
4.  Орыс  тіліндегі  терминдерге  лайықты  атаулық  баламалар  табу  үстінде  қолданысқа  түспей 
қалтарыста  қалып  жүрген  ана  тіліңдегі  кейбір  кҿнерген  сҿздер  мен  жергілікті  сҿздер  активтеніп 
қайтадан іске қосылған. Мысалы, терминологиялық сҿздікте стрелка деген сҿз тіл, жебе болып екі 
түрлі сҿзбен берілген. Здание-гимарат, үй; клеймо-табра, таңба; тиф-сүзек, кезік; перепонка-жаргақ, 
желқабық; мочевой-несеп, тынжы болып аударылған. 
Осындағы  жебе,  гимарат  дегендер  -  архаизмдер,  табра,  кезік,  желқабық,  тынжы  дегендер- 
жергілікті сҿздер. Қажетті жерінде бұлар да ҽдеби тілдің кҽдесіне жараған. 
5.
 
Орыс  тіліндегі  терминдерді  аударып  алуда  қазақтың  кейбір  тҿл  сҿздері  бұрынғы  негізгі 
мағынасының  үстіне  терминдік  жаңа  мағына  қосып  алған.  Мысалы,  сыбага  деген  сҿз  бұрынғы 
мағынасының үстіне орысша удел (сыбагалы салмақ) деген терминдік мағына; жеу, құрбан ету дегендер 
орысша жертва деген спорт терминінің орнына қолданылады. Мешел деген сҿз медицинада рахит, 
ал теміреткі - экзема деген сҿздердің орнына балама етіп  алынған.  
6.
 
Орыс  тіліндегі  терминдерді  қазақшаға  аудару  барысында  тіліміздегі  кҿптеген  жұрнақтар,   
ҽсіресе      -у,  -лық,  -лік,  -ыс,  -іс,  ма,  -ме  сияқты  жұрнақтардың  сҿзден  сҿз  тудыру  қабілеті  мейлінше 
кеңейгендігі байқалады. Мысалы: созревание пісу, жетілу; увольнение - босату, шыгару; отравление- 
улану, ұшыну; поощрение- мадақтау, кӛтермелеу, кружок- үйірме, надстройка- қондырма, колебание- 
тербеліс,      литье- құйма,      плавка-қорытыс, доказательство- дәлелдеме, соединение- қосылыс, 
осыпь- қорым, жиналма; решение—шешім, донесение- хабарлама т.б. 
7.  Кҿп  мағыналы  терминдердің  лайықты  балама  табылған  мағынасы  аударылып  қазақша 
берілсе,  баламасы  жоқ  мағынасы  орысша  қалпында  берілген.  Мысалы,  фаза  сҿзінің  қоғамдық 
ғылымда  қолданылатын  мағынасын  кезең  десек,  физика  ғылымындағы  мағынасы  фаза  деген 
қалпында алынған.  Блок та сол тҽрізді бірде одақ, бірде блок болып қолданылып жүр. 
8.
 
Орыс  тіліндегі  кҿп  мағыналы  терминдер  қазақ  тіліне  ауысқанда,  ҽрдайым  бір  мағынасында 
ғана ауысып қолданылады. Мысалы, операция, ассимиляция, база, варвар, балласт, васса сҿздері орыс 
тілінде кҿп мағыналы болғанымен, қазақ тілінде дара мағынада жұмсалады. 
9.
 
Орысша туынды терминдерді қазақ тіліне қабылдау қажет болған жағдайда, олардың түбірі 
сол  қалпында  алынып,  қосымшасы  қазақ  тілінің  қосымшасымен  алмастырылады.
 
Мысалы, 
нормировать, наградить, газификация, электрификация, цементировать тҽрізді терминдер қазақша 
нормалау,наградтау, электрлендіру, цементтеу болып аударылған. 
Кейбір  сҿздер  қазақша  бір  ғана  емес,  ҽлденеше  сҿзбен  аударылып  жүр.  Мысалы,  тело  -  дене, 
кейде  тән;  способ  -  тәсіл  және  жол; смысл  – мән,  магына;  изображение  -  кескін,  сурет;  картина 
кӛрініс,  сурет;  рукоятка  -  сап,  тұтқа;  руководитель  -  басшы,  жетекші;  протокол  -  хаттама, 
мәжілісхат; позиция ұстаным, айқындама; клоун  масқарапаз, мейрампаз, мәздем; микрорайон  
мӛлтекаудан,  ықшамаудан,  шагынаудан  т.б.  болып  ҽр  түрлі  аударылып  жүр.  Кейбір  термин 
сҿздердің  орысшасы  мен  қазақшасы  жарыса  қолданылып  жүр.  Мысалы:  метод-  әдіс,  форма-  түр, 
тұлға т.б. 
Екінші принцип - терминдерге қазақ тілінде балама болмаған жағдайда оларды орыс тілінен алып 
пайдалану. Бұларға негізінен интернационалдық терминдер жатады. 
Қазақ  тіліндегі  терминдік  мҽндегі  сҿздерді  саралап,  жіктеп  кҿрсек,  оларды  қолданудың  аясы 
ҽрқалай  екенін  кҿреміз.  Кҿптеген  терминдер  белгілі  бір  тілдегі  ғылым  мен  ҿндірістің  немесе 
шаруашылық пен кҽсіптің бір саласына ғана меншіктеліп тар кҿлемде ҿмір сүреді. Кейбір терминдер 
жалғыз бір тілдің аясында шектелмей, кҿптеген тілдерге ортақ кең шеңберде қолданылады. Кҿптеген 
тілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сҿздер  иитернационалдық терминдер деп аталады. Мысалы: 
биология, химия, атом,  театр,  графика,  конституция,  революция,  демократия,  архитектор, циклон, 
роман, поэзия, пейзаж, континент, аптека, эксперимент, электр, экономика, грамматика, виктория, 
базис,  металл,  климат,  магнит,  планета,  хор,  арена,  автор,  цирк,  доктор,  градус,  депутат,  цирк, 
фотография, хирургия, операция т.б. 
Интернационалдық  терминдердің  шығу  тегін  іздестіріп  қарасақ,  кҿбінесе  грек  пен  латын 
тілдерінен  тарағандығы  байқалады.  Мысалы,  антология,  кафедра,  музей, драма,  стадион,  гармония, 
графика,  автомобиль,  телефон,  синтаксис,  диалект,  филология,  гинекология  дегендер  грек  тілінен 
шықса, диктатура, экспедиция, архив, цензура, формула, операция, агрессия, материализм, террор, объект, 
конституция  дегендер  латын  тілінен  тараған.  Сонымен  бірге  басқа  тілдерден  де  кҿптеген 
интернационалдық сҿздер шыққан. Мысалы,  қазіргі қазақ тіліндегі: 
-  танк,  комбайн,  трактор,  блок,  бойкот,  бокс,  футбол,  баскетбол,  хоккей,  раунд,  клоун,  вокзал, 
рекорд, клуб, торт, сквер,гол, тренер, финиш, матч, бюджет, лидер т.б. ағылшын сҿздері; 

 
56 
-ансамбль,  буржуазия,  бюро,  люстра,  портфель,  компот,  билет,    гектар,  пальто,  мебель, 
шовинизм,  раса,  авангард,  бюллетень,  капитал,  жаргон,  салют,  десант,  атака,  такси,  машина, 
аванс, массаж, наркоз т.б. француз сҿздері;  
-папка,  шляпа,  цех,  кран,  штраф,  слесарь,  танец,  штаб,  штурм,  бухгалтер,  курорт,  вахтер, 
балетмейстер, парикмахер т.б. неміс сҿздері; 
-опера,  ария,  балкон,  лоджия.  бас,  дуэт,  тенор,  квартет,  контата,  соната,  студия,  касса, 
валюта т.б. итальян сҿздері;  
-матрос, флот, якорь, вымпел, компас, каюта, конвой, катер т.б. голланд сҿздері;  
-алгебра, бедуин, алкоголь, суфизм т.б. араб сҿздері
 
[18]; 
-  совет,  спутник,  колхоз, совхоз,  большевик  т.б.  орыс  сҿздері  дүние  жүзіндегі  кҿптеген  елдерге 
тараған. 
Сҿйтіп,  революцияға  дейін  орыс  сҿздері  қазақ  тіліне  негізінен  ауызекі  түрде  ауысса, 
революциядан  бергі  кезенде  кең  кҿлемде  баспасҿз  арқылы  еніп  отырды.  Бірінші  кезенде  енген 
сҿздердің  ішінде  ҽкімшілік,  ел  билеуге,  тұрмысқа  қатысты  сҿздер  кҿбірек  болса,  екінші  кезеңде 
терминдік  сипаты  бар  сҿздер  басым  болды.  Қазақ  тілі  ҿзінде  жетіспеген  жоқ  сҿздің  бҽрін  Кеңес 
дҽуірінде орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) алды да, ҿзінің сҿздік құрамын жетіддіріп, байытып 
отырды. 
1950-1960  жылдардан  бері  қарай  қоғамдық  жұртшылық  санасында  тілімізге  кіріп  кеткен  орыс 
сҿздерінің  қолданылуын  реттеу,  мүмкіндігінше  бұлардың  қазақша  баламасын  табу,  егер  баламасы 
болмаса,  оны  жасанды  түрде  беру  талабы  кҿрініс  бере  бастады.  Мҽселе  бұл  арада  тілімізге  ҽбден 
кірігіп, ана тілінің ҿз сҿзіндей болып кеткен (самауыр, зауыт, бедре, бәтіңке т.б.) болмаса баламасын 
қазақша беру мүмкін емес орыс сҿздері  (пойыз, пароход,  паровоз, бригада, молотилка  т.б.) жайында 
емес.  Жоғарыдағыдай  жұртшылық  талабы  ол  кезде  негізінен  ғылыми,  техникалық  терминдерге 
жатпайтын,  қазақша  атауға  бола  тұра  орысша  аталып  келген  күнделікті  тіршілікке,  тұрмыс-салтқа 
байланысты нақты зат, бұйым атауларына қатысты болды. Соның нҽтижесінді остановка- аялдама, 
холодильник  -  суытқыш,  мороженое  -балмуздақ,  дача  -  саяжай,  простыня  –  ақжайма  т.б.  болып 
қазақша аталатын болды. 
Республика  тҽуелсіздікке  ие  болған  1991  жылдан  бастап  күңделікті  тіршілікке,  тұрмыс-салтқа 
байланысты сҿздермен бірге еңді халықаралық мҽні бар терминдік сҿздерге балама табу талабы күшейе 
бастады. Ол үшін қазақ тілінің ішкі қорындағы мүмкіндіктер пайдаланылып, қаншама терминдердің 
қазақ тіліндегі баламалары қалыптасты. 
Бірінші,   1920-30   жылдарда  жиі   қолданылып,   кейін қолданылудан шығып қалған бірқатар 
сҿз қайта жаңғыртылды Мысалы: кеңес - совет, тӛрага председатель, хатшы – секетарь. жал аренда, 
құқық - право, сарапшы - эксперт т.б. 
Екінші  орыс  сҿздерінің  баламасы  жасанды  сҿздер  арқылы  берілетін болды. Мысалы: ақпарат - 
информация;  сұраным-  спрос,  әнұран  -  гимн,  елтаңба  -  герб,  ұшақ  -  самолет,  кҿкҿніс  -  овощ, 
багдарлама  -  программа,  ӛркениет-цивилизация,  ресімдеу-  оформление,  демеуші  -  спонсор,  ӛтем  - 
компенсация, отбасы семья, жекешелендіру - приватизация, пікірсайыс - дискуссия, саяжол аллея, 
қуғын-сүргін  -  репрессия,  кӛпсайыс  -  многоборье,  мұражай-  музей,  жүктеме  -  нагрузка,  әуежай  - 
аэропорт, тӛлқұжат паспорт т.б. 
Бұл сияқты баламалық жаңа сҿздер кҿбінесе сҿзге жұрнақ жалғау, сҿздерді біріктіру, тіркестіру 
тҽсілдері арқылы туған. 
Үшінші,  бірқатар  орыс  сҿздеріне  балама  ретінде  жергілікті  жҽне  байырғы,  кҿне  сҿздер 
пайдаланылды.  Мысалы:  кеден  -  таможня,  қолтырауын  -  крокодил,  егемен  -  суверенитет,  әмбебап  - 
универсал, кешен комплекс, жаргы устав, тәргілеу конфисковать, асабатамада, нарық рынок, бап 
-  статья,  әкім  -  администратор,  гарыш  -  космос,  гимарат  -  сооружение,  әділет  -  юстиция  (Әділет 
министрлігі - Министерство юстиции), мәртебе -статус, мартнаурыз, мамыр - май, қазан - октябрь, 
қараша - ноябрь, қаңтарянварь, сәрсенбі среда, жұма пятница, жексенбі воскресенье, мәздем - клоун, 
ұлан - гвардия т. б. 
Орыс  сҿздеріне  қазақша  балама  қалыптастырудың  жоғарыдағыдай  нҽтижелі  мүмкіншіліктері 
арқылы  сҿздік  қазынамызды  жетілдіру  ісі  бұдан  былай  да  жалғаса  бермек.  Бұл  арада  ҽрқашан  есте 
болатын  жайт,  Р.Сыздықова  айтқандай,"ана  тіліміздің  дұрыс,  жақсы  қолданылуы,  табиғи 
зандылықтарының бұзылмауы, ұлттық колоритінен айрылмауы" болуға тиіс [19].  
Сонымен бірге орыс тілі арқылы кірген сҿздерге балама іздестіруде жҿнсіз ауытқу да жоқ емес. 
Мысалы, кейбіреулер ұсынғандай, чемпионды - дүлдүл, рецепті- ішірткі, конференцияныалқа жиын, 
газетті  -  үнқагаз,  радионы  -  үнжария,  телефонды-  үнсандық,  магнитофонды  -  үналгы,  министрді  - 
уәзір, стадиондыойынжай, роботты - кӛктемір т.б. деп атауды құптау қиын.  Осыған байланысты 

 
57 
Р.Сыздықованың  "Мұндай  ұғымдардың  халықаралық  тұлғаларының  орнына  жасанды  сҿздерді 
ұсынып,  тҿл  т ұ л ғ а м е н   шектеліп  қалғанымыз  ҽлемдік  білім-ғылымға  араласуымызға  салқынын 
тигізбей  ме?  Біз  үшін  ғылым  мен  техника  саласында  оқшаулана  түскеннен  гҿрі  ортақ 
терминологиямен  етене  араласу  қажеттігі  тиімдірек  болмас  па?  деген  сияқты  сан  алуан  сауал 
ойымыздан  шығады.  Сондықтан  терминология  проблемасының  ҽрбір  тұсын  жеке-жеке  айырып, 
терминдерді  топ-топқа  бҿліп  қарап,  ҽр  топтың  жасалу  принциптерін  нақты  түрде  айқындап    ұсыну 
керек", - деген пікі 
Осындай  жағдай  терминологияның  басқа  салаларында  да  баршылық.  Мысалы,  географияны 
бірсыпыра уақыт жағырафия, математиканы есеп пҽні деп келдік. Бұл жағдайлардың бҽрі алмасқан 
терминдер жҿнінде ҽлі де ойланатын жайлар барын аңғартады. Бірақ бұл ойлар термин алмасу қажет 
емес  дегенді  білдірмейді.  Термин  алмасу  қашан  да  болады,  тек  орынды  болуы  керек.  Орынсыз 
термин  алмасу  тілді  шұбарлау  болатыны  сҿзсіз.  Біз  бұл  жағдайды  кеңес  кезеңінде  басымыздан 
ҿткіздік.  Қазір  орынсыз  алынған  шетел  терминдерінен  арылу  кезеңіндеміз.  Бұл  ҽрекет  ҽлі  де 
жүргізіле береді деуге болады.  
Осы  бағытта  кҿп  томдық  сериялы  сҿздіктер  2000  жылдарда  шығарылып,  ол  Мемлекеттік 
сыйлық алғаны белгілі. Бұл сҿздіктер бірсыпыра терминдерді байырғы сҿздермен ауыстырғанын да 
баспа  бетінде  пікір  айтушылар  атап  жатты.  Сонымен  бірге  кемшіліктер  ішінде  тілдің  толық 
пайдаланбағаны да кҿрсетілді. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  термин  алмасу-  заңды  құбылыс.  Ҿмірде,  ғылымда,  техникада  ҽр 
елде  болып  жатқан  жаңалықтарды  ҽкелетін  термин  сҿздерден  қашуға  болмайды.  Бірақ  оның 
мазмұнын  жақсы  түсініп,  тілден  оған  лайықты  сҿзді  тауып,  сҿзжасам  мүмкіндіктерін  толық 
пайдалану  керек.  Ҽрине,  тілдің  жаңа  терминді  білдірерліктей  еш  мүмкіндігі  жоғы  анықталса,  онда 
шетел терминін қолдану орынды. Қазіргі мақсат орынсыз қолданылып жүрген шетел терминдерінен 
арылу.     
________________________________ 
1.Ошанин И.М. Китайский язык - БСЭ. 2-е изд. Т21 
2.Айтбаев Ҿ. Қазақ тіл білімінің мҽселелері. – Алматы: Арыс, 2007. -  627б. 
3.Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мҽселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 472 б. 
4.Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сҿздері. –Алматы: Ғылым, 1982. -160 б.  
5.Исаев С.М. Қазақтың мерзімді баспасҿз тілінің дамуы. – Алматы: Қазақстан, 1983. -240 б.  
6.Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі. Алматы, 2005. – 144 б. 
7.Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі. 1998. – 384 б. 
8.Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру кҿздері мен терминжасам тҽсілдері. – Алматы: Сҿздік-
Словарь, 2005. – 240 б.  
10.Болғанбаев Ҽ., ҚалиевҒ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997. 
11.Қазақ ССР тарихы.1-том, 1957.  
12.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. 1975. 
13.Рүстемов Л.З.Қазіргі қазақ тіліндегі араб- парсы кірме сҿздер. Алматы, 1982.  
14.Оңдасынов Н. Парсыша- қазақшы түсіндірме сҿздік. Алматы, 1974. 
15.Ҽбдірахманов А. Топонимика жҽне этимология. Алматы, 1975. 
16.Базылхан Б. Монғол-қазақ тілінің салыстырмалы грамматикасы(қысқаша курс).Ҿлгий, 1973. 
17.Языки народов СССР. Том второй. Тюркские языки. Москва. 1966. 
18.Руско- казахский словарь. 1954. 
19.Словарь инностранных слов. Москва, 1955. 
20.«Егемен Қазақстан» газеті. №20, 1 желтоқсан, 1994. 
21.Қазақ тілі. 5-9 сыныптарға арналған оқулық. 
22.Ҽр түрлі сҿздіктер. 
 
 
 
М.К. Керімбеков 
 
ДАНАЛЫҚҚА ҤЙРЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
(әдеби-ғылыми эссе) 
 
Тарихта ең жас қолбасшы болған гректің атақты патшасы Александр Македонскийді жан-жақты 
білімді етіп оқытқан ұстазы Аристотельді философ-ұстаз ретінде бүкіл ҽлем таниды. Оның ұстаздық 

 
58 
ҽдісінің қандай екенін кҿп жұрт біле бермейді. Аристотельдің жас патшаны қалай оқытқанын ел аңыз 
қылып айтады. Шығысқа байлық іздеп шыққан патша «Алтынды аймақты» таба алмай, Қызылқұмда 
жол таппай адасып, құмнан ҽрең шыққан патшаның қалың қолы Тараз, Меркі, Шу ҿңіріне де жетеді. 
Гректің жас патшасы шығыс еліндегі «Алтынды аймақты» тапты ма, таппады ма ол жағы аңыз болып 
бізге  жетсе  де,  құпия  сыры  ашылмай  келеді.  Оның  жанында  бірге  жүрген  Аристотель  ұстазы  жас 
патшаға  шығыс  даналығын  үнемі  үйретумен  болған  кҿрінеді.  Шығыстың  философиялық  ой 
түйіндерін ұлы философ жас патшаға қалай үйретті, нені үйретті, қандай ҽдіспен үйретті? – бұл жағы 
да тарих қойнауында құпия күйінде қалып барады. 
Тарихта  Алкуин  кім?  Ол  кімді  оқытты,  қалай  оқытты,  қандай  ҽдіспен  оқытты?  «Орта 
ғасырлардың ең атақты монархы – 768 жылдан бастап «Франктер королі» атанған Ұлы Карл (742-814 
жж шамасы) – орта ғасырдағы патшалардың ең беделдісі болды. Ол туралы сансыз кҿп аңыздар мен 
ҽндер шығарылды. Тарихшылар оған мыңдаған шығармаларын арнады, жыл сайын ондаған жаңасы 
жарық  кҿріп  жатады.  Тіпті  «король»  деген  сҿздің  ҿзі  соның  атынан  шыққан!  Карл  мұндай  даңққа 
қалай  бҿленді?  –  деген  тарихи  деректер  Ұлы  Карлдың  кім  екенін  аңғартады  «...  Ұлы  Карлдың 
соғыстағы  ерліктері  кҿзінің  тірісінде-ақ  дүние  жүізіне  белгілі  болды.  Ішінде  бүлік  шығып  жатқан 
Византия  да  Карлдан  қорықты.  Кҿптеген  жат  елдердің  билеушілері  оған  мол  сыйлықтар  (алтын, 
күмістер) жіберді. Тіпті Бағдаттың атақты халифі, арабтың Карлге мол сыйлықпен елші жіберіпті» - 
деген  аңыз  VII  сыныптың  «Орта  ғасырлар  тарихы»  (1998)  оқулығында  [1-101  б]  келтірілген.  Осы 
деректерге  қарағанда  Ұлы  Карлдың  атағы  шығыс  елдерінде  де  белгілі  болған  кҿрінеді.  Бағдад 
халифатында  атын  алтын  ҽріппен  жаздырып,  «Мың  бір  түн»  кітабының  басты  кейіпкері  болған 
атақты Харон ар-Рашид патшаның Ұлы Карлге алтын-күмістен мол сыйлықтар жіберуге не мҽжбүр 
етті? Оның да сыры – тарихшы ғалымдарға да жұмбақ.  
Тарих  –  кҿп  сырды  жасырып  келеді.  орта  ғасыр  тарихындағы  бүкіл  Еуропаны  табындырған, 
Франк  империясының  Ұлы  королі  атанған  атақты  Карл  –  шындығына  келгенде  ҿте  білімді  жан 
болған. Ҿз заманында: - «...Карл ғалым адамдарды жоғары бағалап, барлық тараптан шақырды. Үлкен 
мемлекетті басқару үшін сауатты адамдар керек екенін ол жақсы түсінді. Сондықтанда Ұлы Карлдың 
кезінде ірі монастрлар да, епископтың орталықтарында мектептер де ашылды. Карлдың сарайында да 
арнайы  мектептер  болды.  Мұнда  оның  жақын  достары  –  Академия  мүшелері  сабақ  берді.  Гректер 
үлгісімен «Академия» деп Карл Серам жанындағы шағын үйірмені атады» [1-101 б] дейді. Сол езде 
«... Ұлы Карлдың ҿзінен кейінгі Академияның ең атақты мүшесі Нортумбрияда туған ағылшын – саки 
Алкуин  болды.  (Ал-куин  –  ағылшын  тілін  жетік  меңгерген  (ағылшын-саки)  далалық  сақтар 
ұрпағының  бірі  болуы  да  мүмкін  –  М.К.)  Карл  оны  бірде  Италияда  базарда  отырған  жерінде 
кездейсоқ кездестіреді де, біліміне таңғалып, ҿзіне шақырып алады. Алкуин ешқандай ресми қызмет 
атқармағанымен  Ұлы  Карл  оның  пікірін  жоғары  бағалап,  үнемі  ақылдасып  отырған.  Алкуин  –  дін 
туралы шығармалардың, ҿлеңдердің, ондаған хаттардың авторы. Бірақ оның философия, математика, 
грамматика  жҽне  басқа  пҽндерден  жазған  оқулықтарының  маңызы  да  зор  болған.  Ол  жҽне  оның 
шҽкірттері  Франк  корольдігінде  білімнің  тарауы  үшін  кҿп  еңбек  сіңірді.  Ҿмірінің  соңында  Алкуин 
сарайдан кетіп, ҿзі аббат болған монастырдың мектебіне бар күшін салады»  - [1-101 б]  деген орта 
ғасыр  оқулығындағы  деректемелер  философ  ғалымның  сабақ  беру  ҽдістеріне  назарымызды  ерекше 
аударады.  («Алкуиннің  оқулығынан  үзінді»,  М.Бойков,  Р.Шүкіров  «Орта  ғасырлар  тарихы»,  VII 
сынып; Алматы; «Рауан», 1998, 3 бет) Орта ғасырлық атақты Алкуиннің оқыту ҽдісі (бұл ҽдіс шығыс 
халықтарындағы ҽдебиеттерде де кездеседі – М.К.): 
- Мұғалім: - Жазу деген не? 
- Шҽкірт: - Тарихты сақтаушы. 
- Мұғалім: - Сҿз деген не? 
- Шҽкірт: -Ойдың сатқыны. 
- Мұғалім: - Сҿзді кім тудырды? 
- Шҽкірт: - Тіл. 
- Мұғалім: - Тіл деген не? 
- Шҽкірт: -Ауаның қамшысы. 
- Мұғалім: - Ауа деген не? 
- Шҽкірт: - Ҿмірді сақтаушы. 
- Мұғалім: - Ҿмір деген не? 
- Шҽкірт: - Бақыттылардың қуанышы, бақытсыздардың қайғысы, ҿлімді күту. 
- Мұғалім: - Адам деген не? 
- Шҽкірт: - Ҿлімнің құлы, орынның қонағы, ҿткінші жолаушы. 

 
59 
Ұлы  Карл  қарамағында  ешқандай  ресми  қызмет  атқармаған  Алкуиннің  пікірін  корольдің  не 
себепті  жоғары  бағалағаны  белгісіз.  Алкуин  ойларының  таңғажайып  сырлары  кҿп.  Амал  не  оның 
педагогикалық еңбектерін қазақ оқырмандары біле бермейді. Оның оқу жүйесі – Аристотельдің оқу 
жүйесімен  сай  келеді.  Үйрету  сабақтарының  барлығы  эврикалық  тҽсілдерге  негізделген.  «Эврика 
дегеніміз  –  қойылған  сұраққа  жауап  таптым»  деген,  сұрақ-жауап  негіздегі  эвристикалық  кҿне  грек 
ҽдістерінің бірі. Бұл ҽдіс – шығыс халықтарына да кҿне заманнан танымал ҽдіс. Сұрақ-жауап ҽдісі – 
философиялық  ойлар  жүйесінен  құралған  ҽртүрлі  ырым-тыйым  сҿздер,  термелер,  мақал-мҽтелдер, 
жұмбақтар, жаңылтпаштар мен қанатты сҿздер арқылы шығыстың ғаламат ойларын халыққа шебер 
тілмен  жеткізген.  Мұндай  ҽдістер  кҿне  заманғы  халқымыздан  қалған.  Ата-бабаларымыз  ойлы 
сұрақтар  қойып,  ауызша  жауабын  тыңдап,  дұрыс-бұрысын  дастархан  басында-ақ  шешіп,  ақылына 
ақыл  қосып,  ұл-қыздарын,  ата-ана  мектебінің  сынынан  ҿткізіп  отырған.  Соның  жалғасы  ретінде 
соңғы он ғасырда қазақ елінде дамытылып келген хандар мен билер мектебі де батыс Академиясынан 
кем  соқпайды.  Кезінде  «Хандар  мектебі»  мен  «Билер  мектебінде»  ел  басқарған  хандар  мен  ҽкім, 
билерді осы ҽдіспен тҽрбиелеп оқытқан. Парсының ұлы ақыны Сағдидың «Гүлістанын» (ХІІІ ғ) үнді 
халқы алты ғасыр бойы (XIV-XIX ғғ) үнді мектептерінде оқулық ретінде пайдаланған. Ұлы ақынның 
шығысқа тҽн философиялық ойларындағы ой түйінін, ақылмен шешуді талап етеді. Сағди еңбегінің 
ой жүйесі де шығысқа тҽн оқыту жүйесіне негізделген. Ұлы ақынның оқыту жүйесі мынадай: 
Бірінші мысал: 
-  «Бір  надан  ғалым  адамның  жағасынан  алып,  жұлқылап  жатқанын  кҿрген  Ғален  (Ғален  –  б.з, 
130-230  жж  шамасындағы)  ежелгі  Римнің  даңқты  дҽрігері  дауыстап;  егер  ол  (шын  мҽнінде) 
данышпан  болса,  оның  наданмен  ҽңгімесі  бұлай  аяқталмаған  болар  еді»  -  деген  [1-91  б]  мҽтіннен 
оқырмандар санасын оятатын мынадай сұрақтар туындайды: 
1. Надан ғалымды не үшін жек кҿрді? 
2. Ақылды деп кімді айтады? 
3. Наданмен қалай сҿйлесу керек? 
Екінші мысал: 
-  «Шҽкірт  –  сопы  ҿзінің  ұстазынан:  -  «Маған  адамдар  жиі  келіп  мазамды  алады,  ал  бұл  менің 
такуалық кҿңіл күйімді бұзады, не істеуім керек?» - деп сұрады. 
-  «Олардың  ішіндегі  кедейлеріне  қарыз  бере  тұр,  ал  байларынан  бірдеңе  сұра,  сонда  олар 
айналаңда  жүріп  алмай  алыс  кетеді»  -  деп  жауап  берді  ұстазы»  -  [1-91  б]  деген  мҽтіннен  ойға 
оралатын сұрақтар: 
1. Шҽкірт – сопы неге қиналды? 
2. Ұстазының берген жауабы дұрыс па? 
3. Қарыз пен парыз дегеніміз не? 
Үшінші мысал: 
- «Мен бір данышпаннан: «Ең жауыз жауың – сенің бойыңа біткен құмарлығың» деген хадистің 
мҽнісін  сұрадым.  Сонда  данышпан:  «Мҽселе  мынада,  кез-келген  жауға  жақсылық  жасасаң  ол  сенің 
досыңа айналады, ал бойыңа біткен құмарлықты қанағаттандыра берген сайын тойымсызданады» деп 
жауап берді» [1-91 б] деген мҽтіннен ойға оралатын сұрақтар: 
1. Данышпанға қойылған сұрақтың мҽні неде? 
2. Данышпанның жауабы дұрыс па? 
3. Құмарлық жақсы қасиет пе? 
Парсының  ұлы  ақыны  Сағди  шығармаларының  тҽрбиелік  мҽні  зор.  Ақынның  ой  түйіндерін 
шешу  үшін  мҽтінді  бірнеше  рет  қайталап  оқып,  ойлануды  қажет  етеді.  Кҿне  заманнан  дамып  келе 
жатқан  ата-бабаларымыздың  ауызша  оқыту  жүйесіндегі  эврикалық  оқыту  ҽдістеріне  (сұрақ-жауап 
ҽдісіне  –  М.К.)  кҿбірек  назар  аударып,  мектеп  оқушылары  мен  жоғары  оқу  орындарындағы 
білімгерлер  сабақты  сұрақ-жауаптар  арқылы  түрлендіріп  ҿту  мүмкіндіктерін  қарастырған  орынды. 
Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарындағы білімгерлерді қарапайым сұрақтар жалықтырып 
жібереді.  Жай  сұрақтар  –  ойға  жетелемейді.  Жай  сұрақтардың  ойсыз  болуы  –  ұстазға  байланысты. 
Ұстазы ойсыз болса – шҽкірті білімсіз болғаны. Ой білімнің құралы, тіл – ойдың ұраны. Он жасында 
ойлы болмаған бала – шала болады, ойлы болған бала – дана болады. Баланы ҿсіретін – ой, кҿңілді 
ҿсіретін  –  той.  Түйсігі  жоқ  –  түсінбейді,  түйсігі  бар  –  күрсінбейді.  Шығыс  елінде  Сағди  сияқты 
ойшыл ақын-жазушылар баршылық. Олардың шығармаларындағы шығысқа тҽн ой түйіндерін мектеп 
оқушылары  мен  жоғары  оқу  орындарының  білімгерлеріне  жүйелі  түсіндіру  –  эврикалық  оқыту 
ҽдістері арқылы іске асырылады. Ҽрбір тақырыптар бойынша ойға оралатын сұрақтар жүйесін құрып, 
жауабын  дұрыс  айтуға,  ой  түйінін  дұрыс  шешуге  ұстаз  ҿз  білімі  арқылы  жетелеп,  үйретіп  отырса 
шҽкірттердің білімі де арта түседі. Логикалық ойлау жүйесі де дамиды. 

 
60 
Қазіргі заман талабына сай оқыту жүйесі де күрделеніп келеді. Ұстаздар білімі – шҽкірт ойын 
дамытады, ойсыз шҽкірт – білімнің биік шыңына шыға алмайды. Шҽкіртті білімді етудің дұрыс жолы 
–  ойлылыққа  жетелеп  жүріп,  үйрету  болып  табылады.  кезінде  атақты  патшаларға  білім  берген 
Аристотель, Алкуин, ҽл-Фараби, Баласағұни, Сағди сияқты ойшылдардың оқыту жүйесі зерттелмей 
қалып  барады.  Заман  талабы  білімділік  пен  ойлылықты  қажет  етуде.  Ҿмірде  ақылды  жан  –  озады, 
ақылсыз болса  –  тозады.  Білімді  –  жұмаққа, білімсіз  –  тозаққа  барады. Білімдіден  –  біліп  үйренеді, 
білімсізден күйіп үйренеді. Білімді – алтын таққа, білімсіз – қара тасқа отырады. Білім іздеген – биік 
шыңға шығады, білімсіз – кім кҿрінгеннен ығады. 
Ой түйінін шебер құрастыра білу – философия ғылымының тамаша жетістігі болып табылады. 
Кезінде орта ғасыр философиясының биік шыңы – схоластика болғаны ғылымда белгілі. Орта ғасыр 
тарихында схоластика біліміне кҿп мҽн берген. Ол кезде ҽрбір ұстаз философ болуға тырысқан. 
«Қазіргі  схоластика  сҿзі  ұнамсыздау  қолданылады.  ол  пайдасыз  ақылсыну,  ҿмірден  алмаған 
білім, ешқандай нҽтиже бермейтін таусылмас сҿзуарлық» дегенді білдіреді. Алайда орта ғасырларда 
схоластикаға үлкен құрметпен қараған. 
Схоластика – ең алдымен дүние мен Құдайды танудың ҽдісі. Бұл ҽдіс – оқушыларды қатаң жҽне 
логикалық  (қисынды)  ойлау  шеберлігін  меңгерген  мектептерде  пайда  болды.  «Схоластика»  сҿзінің 
ҿзі «схола» - («школа») «мектеп» деген сҿзден шыққан. Схоласт сенім мен білімді, сезім арқылы ашу 
жҽне  ақылды жарыстырып  қана  қоймай,  бір-біріне  кҿмектесуге  үйрету  керек  деп  есептеді.  Құдайға 
сену – оның қандай қасиеттері барлығын, ҽлем мен адамды қалай жаратқанын немесе адамзатқа не 
дайындап  тұрғанын  түсінуге  (ұмтылуға)  кедергі  келтіре  ме?  Ақыл,  қатаң  логика  –  кҿптеген 
сұрақтарға жауап беруге кҿмектесетін күш» - [1-295 б] деп бағалайды. «Ең бастысы – философтар ҿз 
даналықтарына  қасиетті  жазудың  ҽр  ҽрпінен  алшақ  кетпеуі  керек.  Ал  маңызды  жағынан  екінші 
мҽселе – дҽлелдердің ұзын-сонар тізбегіне құйтақандай болса да, бір де бір қателік кіріп кетпейтіндей 
етіп  ойлауға  үйренген  дұрыс.  Ал  сҽл  дҽлсіздік  еніп  кетсе,  ойшыл  ұзақ  ойланудан  кейін  жаңа 
ақиқаттың  жарығын  емес,  қатеден  адасқан  түсінікті  кҿреді»  -  [1-295б]  деп,  схоластиканың  орта 
ғасырда маңызды орын алғаны айтылады. 
Орта ғасырдағы схоластика ілімі – адамзаттың ойлау жүйесінде ғылым мен дінді байланыстыра 
отырып  дамытты.  Сондықтан  да  схоластар  ойлау  техникасы  –  логикаға  кҿп  назар  аударды.  Олар 
ұғымдарды  дҽлдеп,  нақтылап,  мүмкін  болғанынша  ҽр  түрлі  жіктеулерді  жасады,  жүйелі  ойлаудың 
ережелерін шарттарын мұқият белгіледі. 
Схоластардың ақиқатқа жетуі үшін қолданған, логикалық құралының ішіндегі ең маңыздысы – 
ежелгі дүниеден келе жатқан – силлогизм болды. Бұл ҽр түрлі «кҿбінесе екі» пікірден қажет болғанда 
жаңа  тұжырым  жасайтын  айрықша  қорытындылау.  Қарапайым  силлогизмнің  мысалдары  бойынша 
кез келген тақырыпты қызықтырып, түсіндіруге болады. Мысалы: 
Бірінші мысал: 
1. Кезкелген қылмыс жазаланады
2. Алдау – қылмыс; 
Демек, алдау жазаланады. 
Екінші мысал: 
1. Бҽрін білетін бірде-бір адам жоқ; 
2. Ғалым да адам
Демек, ғалым да бҽрін білмейді. 
Үшінші мысал: 
1. Жыланның аяғы жоқ; 
2. Жылан – айуан; 
Демек, кейбір айуандардың аяғы болмайды [1-296 б] деп ой түйеді. 
Орта  ғасырлық  философияда  схоластика  үстемдік  етті.  Схоластика  –  ойлау  тҽсілін  үйретумен 
бірге ғылым мен дінді таныта білді. Схоластиканың жақсы жақтары да болды. Ол ғылым мен діннің 
байланысын  күшейтті.  Жаңа  замандағы  білім  алудың  негізгі  тҽсілі  –  дҽл  ҿлшеу,  математикалық 
формада,  ең  бастысы  тҽжірибе,  ғылыми  тҽжірибе  жасау  болды.  Ортағасырлық  схоластардың  нҽзік 
пайымдалулары  енді  ғалымдар  үшін  күлкі  болып  кҿрінді.  Бірақ  олардың  да  кезінде  қазіргі 
еуропалықтардың  ойын  тҽрбиелеген  тамаша  жетістіктері  болды.  [1-236  б]  деген  Орта  ғасырлар 
тарихындағы  деректер  ғылым  мен  білімнің  философияға  тҽн  жақтарына  назарымызды  кҿбірек 
аударады. 
Тарих  деректерін  сарапқа  салып,  философиялық  ғылымды  таныта  білген  данышпандарды 
түсіндіру, олардың ғылымды дамыту ҽдістері, тҽсілдері ҽртүрлі болса да, олар ойлылықты айрықша 
бағалаған.  Кҿптеген  философтардың  ой  түйіні,  кҿзқарасы,  білімі,  ғылыми  бағыты,  мақсаты  бірдей 

 
61 
болмаса  да,  Аристотельдің  кҿптеген  идеологиялармен  «сабақтастыруында»  екендігі  ақиқат.  Ҽлем 
ойшылдарының бірі – «Аристотель пұтқа табынған. Сондықтан оған ұзақ уақыт сақтықпен қарады» - 
[1-298  б]  деген  пікірмен  санассаң,  ҿзінен  бұрыңғы  атақты  Аристотельдің  ілімін  Ҽл-Фараби 
жетілдірумен  бірге,  шығысқа  тҽн  ой  шеберлігін  шығармаларында  (трактаттарында  –  М.К.)  кҿрсете 
алды. 
Ҽл-Фараби  трактаттарында  дүниені  танудың  түрлі  жолдарын  айқындайды.  1975  жылы  жарық 
кҿрген  «Ҽл-Фарабидың  «Ҽлеуметтік  этикалық  трактаттар»,  «Мемлекеттік  қайраткердің  нақыл 
сҿздері», «Бақытқа жету жайында» деген ғылыми еңбектерінде айтылған ойлар бұдан он ғасыр бұрын 
айтылса да, қазіргі заман талабына сай келеді. 
Философия  –  барлық  ғылымдардың  негізі  мен  тірегі.  Философия  арқылы  ҿзге  ғылымдар 
жетіліп,  дамып  отырады.  Философия  –  ой  жүйесін  анықтайтын  ғылым.  Философия  дегеніміз  – 
даналық.  Даналық  пен  ойлылық  –  адамдарға  тҽн  нҽрсе.  Адамдық  ойлау  жүйесінің  биік  шыңы  – 
даналық. Даналық – адамзатты бақытқа жетелейді. Ҿз кезінде заман талабына орай: 
- Аристотель қалай оқытты? 
- Ҽл-Фараби қалай оқытты? 
-  Ҽл-Куин  қалай  оқытты?  –  деп  салыстыра  қарасақ,  олар  ҽлемге  ҽйгілі  патшалардың  ой 
талғамын  жетілдіріп,  ғылым  мен  философиялық  ой-жүйені  басшылыққа  алып  отырған.  Мұндай 
оқыту  ҽдістері  шығыс  ҽлемінде  кҿне  заманнан  бері  дамып  келеді.  Ұлы  ойшыл,  ҽрі  кемеңгер  ұстаз, 
атақты  философ  Аристотель  ілімінің  негізі  –  шығыстық  ілім  мен  білімнің  неізінде  дамығанын 
байқатады. Оның философиялық ойлары шығыстағы ғылым мен білімге де игі ҽсерін тигізді. 
Шығыс  ғұламаларының  философиялық  ойлау  қабілеті  –  батысқа  да  ҽсері  ерекше  болған. 
Тарихта  бірінші  ұстаз  Аристотель  мен  екінші  ұстаз  атанған  Ҽл-Фараби  (Отырарлық  –  М.К.)  ілімін 
бүкіл  ҽлем  таныды.  Сол  сияқты  тарихта  Мұхаммед  пайғамбарымыздың  хадистері  де  ойлылықтың 
биік  шыңы  болып  танылады.  «Хадистер  –  пайғамбардың  айтқандары,  оның  ескертпелері,  жолын 
қуушыларға ақыл» - екені белгілі. Мектеп оқулығындағы «Орта ғасырлар тарихы», VII сынып, [1-83 
б]  келтірілген  хадистердің  мҽтіндік  жүйесінде  ерекше  логикалық  ойлар  жатыр.  Оны  мектеп 
оқушыларына  түсіндіру  де  Алкуиннің  оқыту  ҽдісі  бойынша  оқыту  тиімді.  Ол  үшін  оқулықтағы 
берілген хадистер арқылы ойлы сұрақтар қойып, логикалық ойларға бағыттаған орынды: 
1. «Байлық – барға қанағат» (хадисте) 
- Байлық дегеніміз не? 
- Қанағатты қалай түсіндіруге болады? 
- Қанағат – байлық бола ма? 
2. «Пейіш – аналардың табаны астында» (хадисте) 
- Пейіш дегеніміз не? 
- Жұмақ пен тозақ дегеніміз не? 
Пейіш пен жұмақтың мағынасы қандай? 
3. «Ұятты сенім оятады» (хадисте) 
- Ұят дегеніміз не? 
- Сенім дегеніміз не? 
- Ұятты – сенім қалай оятады? 
4. «Ең жақсы адам – берекеге қарай бастайды» (хадисте) 
- Ең жақсы адамға кім жатады? 
- Береке дегеніміз не? 
- Жақсы адам – берекеге қалай бастайды? 
5.  «Егер  сен  туған  бауырыңа  бірдеңе  айтып  ол  сенің  айтқаныңды  сеніп  растаса,  ал  сен  оған 
ҿтірік айтқан болсаң, сатқындықтың ең сорақысы осы» (хадисте) 
- Бауырыңа кімдер жатады? 
- Ҿтірік пен сатқындықтың айырмасы қандай? 
- Сатқындықты кім жасайды? 
6. «Ҿтірікші атану үшін елден естігеннің барлығына сенсең жетіп жатыр» (хадисте) 
- Ҿтірікші мен суайт деп кімді айтады? 
- Ҿсекші кім? 
- Кҿп сҿйлеген ҿсекші ме? 
7. «Білімсіз надан атану үшін білгеніңнің бҽрін айта берсең болды» (хадисте) 
-Надан деп кімді айтады? 
- Білгеніңнің бҽрін айта берген орынды ма? 
- Білімсізге кім жатады? 

 
62 
8. «Адамға деген мейірім – ақылдың жартысы» (хадисте) 
- Мейірім деген не? 
- Ақыл – адамға қалай келеді? 
- Ақылсызда мейірім бола ма? 
9. «Білімнің жартысы – сұрай білу» (хадисте) 
- Сұрай білу – білімге жата ма? 
- Сұрақ – ойлылыққа жетелей ме? 
- Сұрақ – білім бере ме? 
10. «Ұстаз бен шҽкірт игілік жолындағы достар» (хадисте) 
- Ұстаз, оқытушы, мұғалім, мҽлім, молда кімдер? 
- Жақсы шҽкірт деп кімді айтады? 
- Білімсіз шҽкіртте ақыл бола ма? 
Алкуиннің оқыту тҽсілі бойынша оқыту жүйесінде ойлы сұрақтар қою, оған тыянақты жауаптар 
табуға  үйрету  –  ұстаздың  басты  міндеті  болуға  тиіс.  Ол  үшін  берілген  сұрақтардың философиялық 
ой-жүйесін анықтап, ғылыми тұрғыда жауап беруге үйреткен дұрыс. Мысалы: 
- Ұстаз: - Хан деген кім? 
- Шҽкірт: Шексіз биліктің иесі. 
- Ұстаз: Уҽзір деген кім? 
- Шҽкірт: Шексіз билік иесінің кҿмекшісі. 
- Ұстаз: Ҽкім деген кім? 
- Шҽкірт: Аймақты шексіз билейтін ел басшысы. 
- Ұстаз: Би деген кім? 
- Шҽкірт: Елге ақыл айтатын дана кісі. 
- Ұстаз: Қарт деген кім? 
- Шҽкірт: Орны тҿрде, ойы кҿрде болатын жасы келген, ҿмірі ҿткен адам. 
- Ұстаз: Дана дегеніміз кім? 
- Шҽкірт: Керемет ақыл иесі. 
- Ұстаз: Бала деген кім? 
- Шҽкірт: Ақыл-ойы жетілмеген періште. 
- Ұстаз: Адам деген кім? 
- Шҽкірт: Ақылды тіршілік иесі. 
- Ұстаз: Аң деген не? 
- Шҽкірт: Сҿзі мен ақылы жоқ тҿрт аяқты хайуан. 
- Ұстаз: Күн дегеніміз не? 
- Шҽкірт: Ҽлемге жарық пен жылылық беретін мҽңгі ҿшпейтін от. 
- Ұстаз: Ақылдың мекені бар ма? 
-  Шҽкірт:  Ақылдың  мекені  –  ми,  ердің  мекені  –  үй,  астың  мекені  –  қарын,  қабілеті  пен 
таланттың мекені – дарын, деп үйреткен орынды. 
Орта  ғасырдағы  Алкуиннің  оқыту  жүйесі  кҿбіне  шығыс  халықтарына  тҽн.  Ҽсіресе,  қазақ 
халқының  ұлттық  мақтанышына  айналған  халық  ауыз  ҽдебиетіндегі  ырым-тыйым  сҿздер,  мақал-
мҽтелдер,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  аңыз,  ертегі,  жыр,  дастандарда  айтылатын  тапқырлық  ойларды 
оқушыларға жеткізу шарттары, амалдары мен ҽдістері жан-жақты зерттелмей келеді. Қазақ халқының 
кҿне заманғы даналық ойлары мен шешендік ҿнері  – халықтың алтын қазынасы. Оларды жинақтап 
мектеп  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  орай  түсіндіре  білу  де  шеберлікті,  ойлылықты, 
тапқырлықты қажет етеді. Ҽсіресе, бастауыш сыныптар мен жоғарғы сынып оқушыларына (I-IV, V-
VIII,  IX-XI  сыныптарда  –  М.К.)  ырым-тыйым  сҿздерді  оқытудың  логикалық  жүйесі  зерттелмей 
келеді.  Мектеп  оқушыларының  ой  қабілеттерін  арттыру  барысында  қабілеті  мен  талантын  шыңдау 
үшін  халқымыздың  ҿз  ұрпағына  қалдырған  ырым-тыйым  сҿздері  мен  мақал-мҽтел,  жұмбақ, 
жаңылтпаштардың  маңызы  ҿте  зор.  Осыған  орай  I-IV  сыныптар  мен  V-VIII,  IX-XI  сынып 
оқулықтарында  халық  ауыз  ҽдебиетінің  ҽртүрлі  жанрлық  түрлерінен  қосымша  үзінділер  қамтылса 
мектеп  оқушыларының  ақыл-ойы  арта  түседі,  логикалық  ойлау  жүйесі  жетіліп,  даналықты  бойға 
қалыптастырады.  Мектеп  оқушылары  мен  жоғары  оқу  орындарының  білімгерлерін  даналыққа 
үйретудің  тиімді  жолдарын  іздестіру,  жинақтау  үйретуде  орта  ғасыр  білімпазы  Алкуинның  оқыту 
ҽдістерінің маңызы зор. 
Алкуиннің  оқыту  ҽдісі  –  кҿне  гректің  схоластикалық  оқыту  ҽдістерінің  бірі  –  эвристикалық 
оқыту  ҽдістеріне  жатады.  Эвристикалық  оқыту  барысында  ҽртүрлі  сұрақтар  жауабын  дұрыс  тауып, 
түрліше түсіндіру – оқушылар мен білімгерлердің оқыл-ойын жан-жақты дамыта түседі. 

 
63 
__________________________ 
1.М.Бойков, Р.Шүкіров. Орта ғасырлар тарихы.  VII сынып, - Алматы, «Рауан», 1998,     3 б., 101 б., 
106 б., 91 б., 265 б., 296 б., 236 б., 298 б., 83 б. 
2.Керімбеков М. Ата-ана тҽрбиесі (ырымдар мен тыйымдар). – Тараз, 1992, - 98 б 
3.Керімбеков М. Ата тҽрбиесі (Алмастай асыл ойлар). – Түркістан, 1998, - 100 б 
4.Керімбеков М. Кітап – білім бұлағы. – Тараз, 2009,  3 б 
5.Керімбеков М. Қайталаудың кҿркемдік жҽне теориялық ерекшелігі. –Тараз, 2009,8б 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет