Аннотация. В работе раскрываются актуальные вопросы общего языкознания.
Annotation. In this work pressing questions reveal on general linguistics.
Қ.Ш. Ибраймов
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САЯСИ ЛЕКСИКА, ОНЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
ӘОЖ 8.1.1 (574)
«Адам-Қоғам-Табиғат» триадасының құрамдас бҿлігі «Қоғам» макро жүйесіндегі қоғамның
саяси ҿмір аясындағы сипаты «саясаттану» ғылымы мен тіл білімінің қоғамдық –саяси лексика
құрамында талданып, зерттеліп келеді. 1957 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Френсис Либер
алғашқы саяси ғылым мектебін ұйымдастырып, саяси ұғым тудырған .
Қоғамда болып жатқан ҽлеуметтік, саяси, экономикалық, халықаралық, ҽлемдік т.б. ҿзгерістер
нақты бір шешім, саясатты қажет етті. Осы саясаттан тілдің қоғамдық-саяси лексикасын тудырып,
сҿздік құрамда саңдық толығулар мен саналық ҿзгерістерді тудырды.
Тілдің сҿздік құрамы - күрделі категория. Тіл білімінде тілдің сҿздік құрамы жалпы
лексикологияда кҿп зерттелген, талданған тақырып. Қазақ тілі энциклопедиясында «Лексикология
(грек lexikos-сҿз, сҿзге қатысты , logos-ілім)- сҿздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу
тҿркінін, қолдану қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы кҿрінісін, сан қилы стильдік мҽні мен
сипатын тексеретін тіл білімінің бір саласы » делінген [1]. Сонда лексикологияның басты зерттеу
объектілері мыналар болып шығады :
- сҿздердің лексикалық жүйеде алатын орны
- сҿздердің шығу тҿркіні мен қолдану қабілеті
-сҿздердің қарым-қатынастағы стильдік мҽні мен сипаты
Қазақ тілі энциклопедиясында: «..Яғни Л. жекеленген сҿздердің тобын емес, тілдің
қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады » деп [1,256] -атап кҿрсеткен. Онда лексикологияның
ҿзекті мҽселесі – лексикалық жүйе.
Тілдегі сҿздердің тұтас жиынтығы сҿздік құрам не лексика деп аталады да, мынандай
лексикалық жүйе құрайды :
І. Лексикаға тҽн ерекшілігіне байланысты:
1) сҿздік қор
2)түркі тіліне ортақ сҿздер
3)қазақтың байырға тҿл сҿздері
4)кірме сҿздер :а) моңғолдық ортақ не ауысқан сҿздер
5) араб-парсы тілінен енген сҿздер
6) орыс тілінен қазан тҿңкерісіне дейінгі не кейінгі енген сҿздер
II. Қолдану ҿрісіне байланысты:
1)
жалпылама лексика
2)
диалектілік лексика
3)
арнаулы лексика (кҽсіби сҿздер, терминдер)
III. Стильдік қызметке байланысты:
1) стильаралық бейтарап лексика
2) функционалды стильдік сҿздер:
а) ресми іс- қағаздар стилі
ҽ) публицистикалық стиль
б)кҿркем ҽдеби стиль
в) поэтикалық – ақындық стиль
г) ғылыми стиль
3) сҿйлеу тілінің лексикасы:
а) тұрмыстық – қарапайым лексика
ҽ) варваризм
б) ауызша сҿйлеу тілі лексикасы
4) кітаби ескі дҽуірдегі жҽне қазіргі лексика
5) экспрессивті – эмоцианалды (бейнелі ) лексика
47
IV. Сҿздердің актив – пассив қолданысына қарай лексика:
1) сҿздік қор
2) кҿнерген сҿздер (архаизм, историзм)
3) неологизмдер (лексикалык семантикалық, стилистикалық, индивидуалдық)
Ғылым атаулы, ҽдетте екі топқа бҿлінеді: оның бірі – жаратылыстану ғылымдары, екіншісі –
қоғамдық ғылымдар. Бұлай бҿлінуі олардың нені зерттейтіндігіне байланысты. Яғни шындық
болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық
құбылыстар .
Қоғамдық құбылыстарды қоғамдық ғылымдар: тарих, философия, саяси экономика, заң
ғылымдары т.б. зерттейді.
Тіл – қоғамдық құбылыс, онда тіл білімі де қоғамдық ғылымдар қатарына жатады.
Біз қарастырып отырған саяси лексика, осыған дейінгі тіл білімінде «қоғамдық – саяси лексика»
деп аталып келеді. Ҿйткені ол бірінші – қоғамдық ҿмірге тікелей қатысты болғандықтан, екінші –
«саясат» ұғымына қатысты болғандығынан. Шындығында саяси лексика лексикалық жүйеде ерекше
орны бар, терең зерттеуді қажет ететін, құрамы мен ҿзіндік жүйесі бар лексика.
Саяси лексика:
- қоғамның саяси ҿміріне байланысты туған, қалыптасқан, дамыған лексика;
- қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен қызметі жҽне оның негізгі элементтерінің ролі мен
олардың ҿзара үйлесімдігін айқындайды ;
- мемлекеттік саясатты жасау тҽсілдері мен оны іске асыру негіздерін құрайды;
- адамды саяси ортаға биімдеу, адамның саяси қатынас субъектісі ретінде қалыптасу мҽселесіне
тҽрбиелеу болып табылады;
- қоғамдық саяси қатынастарды реттеу мҽселелерін анықтайды;
- саяси іс - ҽрекеттерді жҽне адамның (ҽлеуметтік топтардың) саяси мінез – құлқына
байланысты мҽселелерді кҿрсетеді;
- саяси ойлар тарихы жҽне оның негізгі ағымдарынан білім беруде ерекше болып табылады;
- адамды халықаралық қатынас аясындағы мҽселелерге жұмылдыру, мемлекет беделін, рҿлін
айқындауға дайындауда негізгі орын алады;
- саяси лексиканы ҽлеуметтік лексиканы оқытуда пайдалана отырып, саяси ұғымдардың мҽні
мен тілтанымдық табиғатын танымдық, білімдік, практикалық негізде қолдануға болады ;
- саяси лексиканың ҿзектілігі «саяси» сҿзінен ҿрбіген 125-тен астам сҿздерге ұғымдық жҽне
тілтанымдық терминдерге талдау жасап, құрамы мен жүйесін анықтауға болады.
«Қоғамдық саяси лексика» деуден «саяси лексика » деген нақты дұрыс, мҽні айқын болып
табылады. «Адам Қоғам. Құқық» деген 9-сынып оқулығында, «Қоғам» ұғымы дүниежүзілік жҽне
Қазақстан қоғамына ажыратылып, қоғамның негізгі даму бағыты: экономикалық, ҽлеуметтік, саяси-
құқықтық жҽне мҽдени-рухани ҿмір аяларына жіктеліп қарастырылады» деп [2, 4], нақты жіктеп
кҿрсеткен, қоғамның саяси ҿмірінен жан-жақты тағылым алуына кҿмектеседі, ол қоғамның бір негізгі
даму бағыты екендігін терең ажыратады. Саясат ҿзіндік негіз құрайтынын айқындайды. Ал,
«алдымен қоғам» сҿзінің қолданылу ауқымының кең екендігін – белгілі бір топ адамдардың бірігіп
ҿмір сүруінен бастап, бүкіл планетаны мекендеген адамзат ұғымын беретінін аңғаруға болады.
Екіншіден, ол жеке адамның ҿзіне немесе ҽрекетіне емес, адамдар бірлестігіне қатысты алынады.
Үшіншіден, адамдардың ҽрекеті міндетті түрде белгілі бір табиғи ортада, қоршаған табиғатпен
байланысты ҿтетіні кҿрінеді. Ал, адамдардың ҿздері табиғаттың бір бҿлшегі екендігін ескерсек,
қоғам дегеніміз – материалдық дүниенің бір бҿлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен жҽне бір-
бірімен ҿзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады» деп [2, 29] қоғамға дұрыс
анықтама береді. Сондықтан «қоғам» ұғымы мен «саясат» ұғымының арасында үлкен алшақтық бар.
Саясаттану танымдық тұрғыдан алғанда теориялық-методологиялық қызмет атқарады жҽне
қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, оның саяси ҿмірін ұйымдастыру, ҽр түрлі деңгейдегі қоғам
мен мемлекеттің істерін басқару, ҿкімет органдары мен саяси емес процестерге басшылық жасау,
саяси жҽне басқа қатынастарды бақылау, түптеп келгенде белгілі бір қоғамға сҽйкес басқарудың
түрін, саяси тҽртіпті жҽне мемлекеттік құрылысты, ашық не жабық қоғамды құру, қоғамдық тҽртіп
пен тұрақтылықты қолдау, дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою жҽне дер кезінде шешу,
қоғамдық келісімге, мҽмілеге келу жҽне т.б.
Саясаттанудың негізгі сҿздік құрамына мыналарды жатқызу керек: саясат, саяси ҿмір, саяси
жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыстар, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси
институттар, саяси құндылық, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси
мҽдениет, саяси этика, саяси құқық, саяси үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси
48
күрес, саяси бостандық, саяси теңдік, саяси жауапкершілік, саяси толғам, саяси болжам, саяси
плюраризм, саяси тҽрбие, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-
ҽрекет, саяси эмоция, саяси этика, саяси кҿсем т.б. барлығы 125-тен асады.
Саясаттың мҽні мен мақсатын, басты ұғымын, негізгі терминдік табиғатын құрайтын саяси
лексиканың басты қасиеті «саяси» жҽне «саясат» сҿздерімен тіркесіп барып қана саяси мҽн алып,
саяси лексикаға айналады. Саяси лексиканың мынандай тарихи жҽне тілтанымдық ерекшеліктері бар:
1. Саясат, саяси сҿздері қолданыста толық мағыналы анықтауыш қатынаста қолданып, ҿзінен
кейін саяси құбылысқа қажетті сҿздерді қажет етіп тіркеседі.
2. Саяси лексика «саяси жҽне саясат» мҽнді сҿздерден ғана жасалады.
3. Саяси лексика тек сҿз тіркестерінен құралып, қоғамның саяси ҿмірі туралы ұғымдар мен
терминдерді қалыптастырады.
4. Саяси лексика қоғам, ҽлеумет, партия, мемлекет, халық қызметі т.б. ұғымдағы сҿздерден
құралып, мҽн мен мағынасы айқындалады.
5. Саяси лексика тілтанымдық оқулықтарда айтылмайды жҽне талданбайды.
6. «Саясат, саяси» сҿздері түп мҽнімен билік, демократия, сайлау, қоғамдық бірлестіктер,
мемлекет т.б. сҿздер мағынасына ауысып кетеді. Оның мҽні қоғамның саяси ҿмірімен байланысты
болады.
7. Саяси лексика қоғамның саяси ҿміріне байланысты болғанмен, қоғам мҽнін, яғни табиғатын
толық ашпайды. Тек қоғамның саяси ҿміріне байланысты мҽселелерге қатысты болады.
8. Сонымен бірге саясаттану тҽрбиелік қызмет атқарады. Ол қоғамдағы болып жатқан саяси
құбылыстар мен процестер туралы түрлі танымдық қызметтер атқарып, адамды Отансүйгіштікке,
адамгершілік пен жауапкершілікке тҽрбиелейді, саяси білімге баули отырып, субъектінің саяси
сапасын, саяси мҽдениеті мен белсенділігін, саяси сауаттылығын, саяси мінез-құлқы мен эмоциясын
қалыптастырады. Саяси құбылыстардың мҽнін түсінуге кҿмектеседі. Сондықтан қазіргі жастарға
саяси білім беру бүгінгі күннің ҿзекті мҽселелерінің бірі.
Бағдан Момынова «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика» деген [3] еңбегінде: «Қоғамдық
– саяси лексика проблемасы совет тіл ғылымында 1920 жылдар-ақ кҿтеріліп [1], ал 1950 жылдардан
бастап тереңдігі зерттелді [2] деген [3, 27] пікір айтады, бірақ біз ҽлі толық зерттеліп, нақты орнын
таппағанын айтамыз. Осы еңбекте: осы тұста басын ашып, бағамызды бере кетер болсақ, қазіргі қазақ
ҽдеби тілінде қоғамдық-саяси лексика жайында жазылған бірден-бір еңбек – Р.Барлыбаевтың зерттеуі
бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды. Ҿйткені ел билеуші, құдіретті жалғыз партия – СОКП
дҽуірлеп тұрған кезде дүниеге келген бұл еңбекте негізінен осы партияға қатысты атаулар сҿз болған.
Басқаша айтсақ, бастан аяқ ҿз дҽуірінің идеологиялық сұранысын ғана толық ҿтеп тұр. Ал енді
белгілі бір газет-журнал, баспасҿз тілінің қоғамдық-саяси лексикасына келер болсақ, қазақ тіл
білімінде ол арнайы сҿз болған емес» – деп, [3, 28] ғылыми кҿзқарас айтады. Бұл кҿзқарасқа
толығымен қосыламыз.
Б.Момынова: «Атап ҿткеніміздей, қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексиканы сҿз еткен жалғыз
еңбек – Р.Барлыбаевтың кітабы белгілі бір уақыт аралығындағы ҽдеби тілдің ахуалын таныта алады»-
дегені дұрыс
Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе, біз «Қазақ» газетінің мысалдары негізінде ана тіліміздегі
қоғамдық – саяси лексиканы мынандай топтарға бҿледі:
- ҽлеуметтік-тарихи категориялар мен ұғымдарды білдіретін атаулар;
- мемлекеттік құрлысты білдіретін атаулар;
- ҽкімшілік жүйеге қатысты атаулар;
- заң, сот жүйесіне байланысты атаулар;
- саясатқа байланысты атаулар;
- соғыс,ҽскери қимылдар мен қару-жараққа қатысты атаулар;
- оқу білім, мҽдени салаға байланысты атаулар;
- дін ұғымына қатысты атаулар; - деп [3,29], сегіз топқа бҿледі. Біздің зерттеуімізге байланысты
бұлардың ішінде саяси лексикаға тек – саясатқа байланысты атаулар ғана жатады. Себебі, саяси
лексика тек «саясат тек саяси» сҿздеріне қатысты атаулар емес, ұғымдар мен терминдер жатады.
Б.Момынованың қоғамдық – саяси лексикаға жатқызатын кейбір атауларды талдасақ:
Бірінші, мемлекеттік құрлысты білдіретін атаулар. Мұнда мемлекеттік құрлыс деп дҽл
мағынасын беріп отыр. Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
1.
Кең мағынасында үлкен ҽлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам» «ел»
деген ұғымдарға сҽйкес келеді.
49
2. Тар мағынасында басқару құрылымының мемлекеттік ақпараттық жиынтығын білдіріп,
«үкімет», «ҽкімшілік» деген ұғымдарына сай келеді.
Сонда біздің пайымдауымызша мемлекеттік құрылыстың «саясат, саяси» сҿздерінің мҽніне
келер еш жақындық жоқ. Мемлекетте қоғам сияқты адамдар қауымдастығының негіздері. Мемлекет –
саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған
жоқ, ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын
пайдалана отырып, ҿз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс.
Қазіргі заманғы философтар мен ҽлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның
саяси – экономикалық, мҽдени - ҽлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын жҽне
сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Қорыта келгенде, мемлекет - философиялық жҽне ҽлеуметтік институт, саяси лексикаға
жатпайтын ұғым.
Екінші ҽкімшілік, бұл «атқарушы билік» деген ұғымды береді. Атқарушы билікке үкімет пен
ҽкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы ҿкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң
шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Сырттай қарағанда ол заң
шығарушы билікке тҽуелді. Бірақ іс жүзінде қоғамдық ҿмірде зор рҿл атқарады. Үкімет шешімдер
қабылдайды, ал ҽкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. Билік саяси жҽне мемлекеттік болып екіге
бҿлінеді.
Саяси билік таптық, топтық жҽне адамның саясатта тұжырымдалған ҿз еркін жүргізу
мүмкіндігін білдіреді, ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды орындайды.
Атап айтқанда ҽкімшіліктің саясат пен саяси жағы жанама түрде болатындығын ескеріп, саяси
лексикалық ұғымға толығымен жатпайтындығын кҿреміз.
Үшінші, заң, сот жүйесі. Адам қоғамының заңсыз ҿмір сүре алмайтыны белгілі. Қоғамның
барлық ҿмір аяларында болып жатқан құбылыстардың бҽрі заңмен басқарылады. Ол заңдар мыңдап
саналады. Сол заңдардың бҽрінің бастау олар негізі – Конституция болып табылады. «Адам. Қоғам.
Құқық» деген 9-сынып оқулығында «Конституция ( лат constitutio – құрылу, ҿкім) – қоғамдық жҽне
мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен
қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы» деп
[2,51], нақты жазылған. Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын кҿздейді. Қазақстан
Республикасындағы сот жүйесі Жоғарғы сот пен жергілікті соттардан құралады.
Демек, заң мен сот жүйесінің саяси лексикаға тіптен еш қатысы жоқ.
Тҿртінші, саясатқа байланысты атаулар. Қазақ лексикографтары саясат (жҽне одан туындаған
саяси, и парсы изафетінің жұрнағы) сҿзін араб тілінен енген элемент деп кҿрсетеді: «---» (сиаса тун)
саясат:
1) басқарма, басқару;
2) саясат;
3) дипломатия (Оңдасынов Н. АҚТС, І, 217 бет).
Ал қазақ тілінің тарихын зерттеушісі тілшілер (тілтанымгерлер) саясат сҿзінің ҿзі о баста араб
тіліне түркі тілдерінен ауысқанын кҿрсетеді: «Арабтар түркі тілінен «яса» деген сҿзді алған. Оның
алдына – са форматы қосылып, сҿз соңына «т» кҿрсеткіші жалғанған. Яса деген сҿз кейбір қазіргі
түркі тілдерінде де қолданылады... Сҿйтіп, «jaca» сҿзі араб тіліне кіріп, оның тұлғасы мен мағынасы
ҿзгеріп, қайтадан түркі тілдеріне ауысқан – дейді [4, 168]. Бұл тарихи жағдайдан қазіргі ұғымдық
табиғаты:
1) дүниежүзілік жҽне жалпы адамзаттық жағдай;
2) елдегі экономикалық, рухани-идеологиялық ахуал;
3) нақты тарихи кезеңдегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен
сипаты;
4) қоғамдағы нақты саяси ҿмірдің ахуалы, деген жалпылық ұғым берсе, ҽр саяси лексиканың
мҽні мен тілтанымдық ұйымдық жҽне терминдік мҽні.
Бесінші, соғыс, ҽскери қимылдар, қару-жарақ атаулары дегенді саяси лексикаға мүлдем
жатқызуға болмайды. Бұлар мүлдем ҿзге ұғымдар жҽне ҽскери лексикаға жатады. Оны Т.Байжанов
«Қазақ тіліндегі ҽскери лексика» атты еңбегінде (Алматы, 1991) жан-жақты талдап, кҿрсеткен.
Алтыншы, оқу-білім, мҽдени салаға байланысты атаулар педагогика, психология, логика,
мҽдениеттану ғылымдарының зерттеу объектілері екені ертеден белгілі, соны саяси лексикаға
жатқызу мүлдем қате кҿзқарас деп ойлаймыз.
Жетінші, дін ұғымын саяси лексикаға тықпалау неліктен екені белгісіз. Қасиетті құранды
қасиетті қадір тұтқанымыз - мұсылмандықтың бір белгісі деп ұғамыз. Ол саяси емес, мұсылмандық.
50
Сегізінші, ҽлеуметтік ұғымдар атаулары. Адам – бір ҽлеуметтік топтың, таптың, діннің, нҽсілдің
ҿкілі, белгілі мемлекеттің азаматы, адамзат қоғамының мүшесі. Ҽлеумет – қазақ сҿзі, «халық
бұқарасы», «кҿпшілік», «жамағат» деген мағынасы бар.
Қоғам тап, ҽлеуметтік тап пен қабаттардан тұрады. Тап -қоғам құрайтын адамдар тобы, ол
негізінен үш топқа бҿлінеді:
а) жоғарғы тап – ірі байлар;
ҽ) орта тап – жоғарғы, орта жҽне тҿменгі таптардың ҿзгермелі тобы;
б) тҿменгі тап – оқымаған кедейлер.
Қоғамды құрайтын ҽлеуметтің ҿзіндік жүйесі бар, олар:
а) тұрғылықты мекеніне қарай – қалалық, ауылдық, далалықтар;
ҽ) жасына қарай – бала, жас, орта жас, кҽрі;
б) жынысына қарай – ер, ҽйел, жасҿспірім, қыз, ер бала;
в) меншік қатысына қарай – бай, кедей, шаруа, зейнеткер;
г) кҽсібіне қарай – жұмысшы, фермер, кҽсіпкер;
ғ) біліміне қарай – бастауыш білімді, орта білімді, жоғарғы білімді
д) ұлтына қарай- қазақ, орыс, қытай;
ж) сандық мҿлшеріне қарай: 1) макротоп – қазақ халқы (ұлты)
2) микротоп – ұжым, команда т.б.
Сонда ҽлеуметтік ұғымның «саясат» сҿзіне еш араласы жоғын пайымдаймыз.
Бұл сегіз талдаудан біржақты кҿзқарас тумау керек. Саяси лексика ҿзінше бір дүние екен деп
қарамау керек. Басты нҽрсе саяси лексиканың лексикалық жүйесін негізге алып, оған тҽн ұғымдар
мен тілтанымдық терминдердің мҽнін, яғни табиғатын ескеру қажет. Саяси лексика – қоғамның саяси
ҿмірінен туған лексикалық жүйе. Сондықтан саяси лексика қоғаммен, тарихпен, ҽлеуметпен, оқу-
біліммен, дінмен, ҽскери ұғымдармен, заң жҽне сот жүйесімен, ҽкімшілікпен, мемлекеттік
құрылыспен т.б. тікелей байланыста болады, тек саяси лексикалық жүйені құра алмайды.
_______________________
1.Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. – 256 бет.
2.Жүкешов Қ.М., т.б. Адам. Қоғам. Құқық: Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған
оқулық. – Алматы: «Мектеп», 2005. – 256 бет.
3.Момынова Б.Қ. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: «Арыс», 1998. – 110 бет.
4.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сҿздігі – Алматы, 1966. – 168-169 беттер
Аннотация. В труде рассматриваются взгляды на общественно - политическую лексику и делается
вывод, что раздел, может быть, назвать политической лексикой.
Annotation. In this we observe the social – political lexicon. And do conclusions that the section can be
named as a political lexicon.
Қ.Ш. Ибраймов, Ф. Ахметова
АХМЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ СИНГАРМОФОНОЛОГИЯЛЫҚ АЛФАВИТ
ӘОЖ 81.1 (574)
Ахмет Байтұрсынов сингармофонологиялық алфавит туралы кҿзқарас-тарын «Ҽліппелер»
циклындағы мына еңбектерінен кҿруге болады:
1.«Оқу құралы. Қазақша алифба. I кітап. Орынбор 1912 жылғы» еңбегі
2.«Ҽліп-би. Жаңа құрал. Қызылорда 1928 жылғы» еңбегі
3. Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін. I кітап. Семей. 1926 жылғы» еңбегі
Бірінші еңбектің атынан байқағанымыздай Ахмет Байтұрсынов оқу құралы ретінде жазғанымен,
қазақ ҽліпбиіне арналғаны байқалады. Бұл еңбектің беташар титулында:
Балалар! Бұл жолы басы даналыққа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан ҿзіндей кҿп,
Соларды кҿре тұра қалалық па?!
Даналық - ҿшпес жарық, кетпес байлық,
51
Жүріңдер іздеп тауып алалық та! – деп, ҿлең шумағымен ашып, балаларды даналыққа
бастайтын арманы, даналық – жазуды пайдаланушылар кҿп екендігін, сол жолға қазақ балаларының
түсуін, оқу-білім - ҿшпес жарық, кетпес байлық екендігін, осы жолда іздеу салып, жаңаша жазу,
жаңаша ҽліпби керек екендігін ашық айтып,ҽліпби маңызын терең түсініп, даналық пен байлыққа
теңейді. Шындығында сол кезде қазақша даналық, байлыққа, ҿшпес шыраққа теңейтін ҽліпби жоқ
еді. Бірақ Ахмет Байтұрсынов осы еңбегінде ҿз еңбегінің ұлттық сипатын, табиғи тілдік қасиетін, тіл
тазалығына сүйене отырып, болашағына сенген еді жҽне сендірді. Осыған дейінгі ҽліпбилердің жазу
мен оқу-білімді ұштастырмай, жартыкеш дүниелер екендігіне бағдарлай қарап, шынайы қазақша
дүниені осы еңбегінен бастады.
Ахмет Байтұрсынов еңбектің (титулдық) екінші бетінде қандай мақсат пен міндеттер қойғанын
кҿрсетеді. Олар:
1.
Ҽліпби (алифа)
2.
Қай ҽріп қандай белгісі
3.
Ҽріптер қай орында қалай жазылмақшы
4.
Дыбыспен қалай жаттығу [1]
Бұл мақсат пен міндеттердегі ҽдістемелік кҿзқарасын кейін «Баяншы» еңбегінде [2] саралап
береді. Біз бұрынғы еңбегімізде [3,11] талдап кҿрсеткендей ол машықтық мҽн, мақсат қойғанымен,
сингормофонологиялық ғылыми кҿзқарасын айқындап, ҽдістемелік қағидалар жүйесін алғаш
білдірген, танытқан еңбек еді.
Ахмет Байтұрсынов еңбектің 34 бетінде «ар, ара, араз, азар, зар» сҿздерін таныта отырып, тек
жуан буынды сҿздерді алған еді. Бұл кҿзқарастың да тарихи-тілтанымдық жҽне фонологиялық мҽні
бар еді. Себебі ата тілімізде сҿздер алғаш тек жуан буыннан тұрған еді. Бұл кҿзқарасты ғалым Б.
Сағындықұлының «Түркі тілдері лексикасының дамуының фонологиялық заңдары» еңбегінде [4]
дҽлелдеп, кҿне тіліміздегі сҿздер тек жуан буынды сҿздерден тұрғандығын, жіңішке буынды
сҿздерден кейін қалыптастығын айтады. Бұл пікірден тағы бір фонологиялық кҿзқарасты
байқаймыз, ол түрік (қазақ) сҿздерінің буынды болып келетіндігі. Ҿйткені қазіргі дыбыс, фонема,
сингормема деп жүрген дыбыстар жиынтығы болмаған. Алғашқы флективті (қопармалы)
құрылымдық кезеңде ҽрі буын, ҽрі фонема, ҽрі сҿз ретінде қызмет ететін силлабофонемалар
болғандығы тарихтан аян. Ал, полисинтетикалық (кҿп құрылымды) құрылымдық кезеңде екі
силлабофонема бір-біріне сіңісіп қазіргі морф (морфема) тудырып, ал агглютинативті (жалғамалы)
құрылымдық кезеңде ертедегі түрлі тілдік құбылыстардан кейін, сҿз мағынасы тұтастығын сақтаудан
сингормонизм пайда болып, сҿз құрамындағы дауыстылардың да, дауыссыздардың бір фонемалық
комплекске біріккелі тарихтан белгілі.
Тілдегі сҿз құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бір бүтін сҿз етіп
тұратын лингвистикалық құбылыс – фонология. Фонология қазақ (жалпы түрік) тіліне тҽн үндесім
(сингармонизм) құбылысы деп те аталады. Тіл білімінде үндесім (сигармонизм) заңы деген ұғым осы
фонологиялық құбылыстан пайда болған. Қазақ (түрік) тілінің ең кіші единицасы (элементі) буынға
айналған.
Бұл еңбегіндегі <А>, <Р>, <З> ҽріптерін таңба ретінде алып отырған жоқ, ҽріп пен дыбыстың
айқындамасын жасап отыр [3,12]. Мұндағы дауыссыз таңба фонологиялық кҿзқарастан туған.
Жұмсақ белгісі (дҽйекше) тұрмаса сҿз жуан айтылып тұрса жіңішке айтылуы [1,43] А.
Байтұрсыновтың қазақ дыбыстарының жуан жҽне жіңішкелік фонологиялық қасиетін ашады [3,12].
<Р> ҽріпі жазылғанмен айтылуда ар, ер, ір немесе ра, рі, ры болып айтылуы
сингармофонологиялық мҽнге ие. А. Байтұрсыновтың айтуынша бір фонема екі түрлі айтылады,
бірде жуан, бірде жіңішке. Бұл ғалым
М.Жүсіпұлының тұжырымы бойынша сингармофонема – сингармодыбыстар жиынтығы [5,27].
(М. Жүсіпұлы. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы Алматы 1988)
А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» еңбегінде ҽліпби, қай ҽріп қандай дыбыс белгісі, ҽріптердің
жазылуы, дыбыспен жаттығу, ҽріп пен дыбыс айқындамасы, қазақ дыбыстарының жуан жҽне
жіңішкелік фонологиялық қасиеті, сингармофонема-сингармодыбыстар жиынтығы сияқты ғылым
фонологиялық ұғымдарды дҽл танып, дҽл мҽнін ашқан А. Байтұрсыновтың қазақ тілі
фонемографиясындағы бұл таңғажайып жаңалығы табиғи да ҿміршең еді. Бұл туралы М. Жүсіпұлы:
«Яғни А. Байтұрсыновтың бұл мҽселені шешудегі негізгі ғылыми бағыты – жеке сингармофонемаға –
жеке ҽріп (жеке таңба) түсінігі еді. Осындай биік ғылыми кҿзқарас А. Байтұрсыновтың
сингармоалфавит пен сингармоорфографияны жасау үшін тілді ұзақ ҽрі тыңғылықты зерттеп
дайындау барысында оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, қазақ (жалпы түркі) тілі ҽлемінің
52
ҿмір сүру дағдысына беймдей түскендігі дҽлелдейді» [5,17] деп, еңбек мазмұнын тереңдетіп, ғылыми
сырын аша түседі.
А. Байтұрсынов «Жазу тҽртібі» еңбегінде сингармониялық алфавиттегі ойын аша түседі: «Осы
күнгі жазуымызда дыбыс бас-басына арналған белгі жоқ, бір белгімен ҽлде неше түрлі дыбыстарды
жазамыз»,-деп [6,380] бұрынғы жазылымдағы бірнеше сингармофонемаларды бір ҽріппен
белгілеуден жҽне сингармофонеманы бірнеше ҽріппен таңбалаудан құтылу мүмкіндігін дүниеге
ҽкелді. Жазудағы берекесіздікті жүйелеп, жаңаша сигармофонологиялық алфавитті жасап шықты.
Ҿйтпесе, қазіргі қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесін бағдарлап шықсақ:
1.
Жуан - езулік – 2 дауысты, 16 дауыссыз; барлығы – 18;
2.
Жіңішке - езулік – 3 дауысты, 16 дауыссыз; барлығы – 19;
3.
Жуан - еріндік – 2 дауысты, 17 дауыссыз; барлығы – 19;
4.
Жіңішке - еріндік – 2 дауысты, 17 дауыссыз; барлығы – 19.
Сонда қазақ тілі дыбыс құрамында 75 дыбыс бар екен, осының ҽр қайсысына таңбамен
белгілесек 75 таңба қажет етер еді, ал А. Байтұрсынов анықтаған сингармодыбыс қорындағы жүйе
негізінде 26 ҽріп-дыбыс шығады, оған ерекеше талдауды керек ететін жіңішке к,г дыбыс таңбасын
қоссақ қазіргі ҽліпби бойынша 28 ҽріп-дыбыс болып шығады.
А. Байтұрсынов қазақ тілі фонемаграфиясында ерекше ҽліпби ҽкелді. Бұл ҽліпбидің ҿзіндік
ерекшелігі бар. Оны ғалым филология ылымдарының докторы М. Жүсіпұлы былайша түсіндіреді: Ал
араб графикасына негізделген қазақ ҽліпбиіне басқа жазулардың (латын, славян) таңбаларын
енгізудің ғылыми да этикалық та қажеттілігі жоқ, себебі қазақ халқы, қазақ оқырманы, қазақ
оқушысы мұндай ҽліпбиді тез қабылдамай алмайды, дҽлірек айтсақ қабылдамайды. Сонымен А.
Байтұрсынов мүлдем жаңа графика жасау мҽселесін кҿтерген жоқ. Ол араб графикасын қазақ тілі
дыбыс жүйесінің статикалық жҽне динамикалық ерекшеліктеріне сҽйкес реформаландыру мҽселесін
кҿтерді. Яғни қазақ жазуының графикалық базасы баяғы – арабша, бірақ бұан жаңа кҿзқарас ендіру
арқылы ҽріп мен дыбыстың қарым-қатынасы сингармофонемография ұымына негізделіп
графемалардың сыртқы суреті де, ішкі мағынасы да ҿзгеріліп, қазақ ҽліпбиі мен орфографиясы қазақ
сҿйлесім процесінің барлық қасиеттеріне бейімделеді» - деп [5,20] кҿрсетеді.
Шындығында бұл ҽліпби қазақша болды, бірақ таңбалары арабтікі. Осы араб таңбаларын сол
күйінде алған жоқ, символикалық жүйесін ғана алды. Ҽр сингармодыбысқа меншікті ҽр таңба
ғылыми негіздемеден ҿткізіліп, алынды. Яғни А. Байтұрсынов жасаған қазақ тілі алфавитінің
құрамындағы ҽріптер саны алдымен 24 таңбадан жҽне бір дҽйекшеден құрастырылды [1]. Қазақтың
сингармоникалық сҿйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 24
ҽріптен жҽне 1 дҽйекшеден тұратын алфавиттегі таңбалар саны жеткілікті болды.
Бұл ҽліпбидің ҽлемдегі теңдестігі жоқ бірегей ҽліпби екендігін А. А. Реформатский
сүйіспеншілікпен былайша атап кҿрсетті: «Жазуда ҽріптердің жуан я жіңішке екендігін таңбалайтын
Р. О. Якобсон ұсынған (А. Байтұрсынов жасаған сингармоалфавит пен сингармоорфографияның
принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШ-тың ғұлама ғалымы Р. О. Якобсон ұсынған орфография
принциптерімен салыстырып И Қ) графикалық ҽдіс, ғылыми маңызды биік қазақ орфографиясының
таланты жобасына ҿте ұқсайды (тек қосымша таңбаның (дҽйекшенің) жазу жері керісінше
орналасқан); қазақ тілінің орфографиясының жобасында сҿздің жуан-жіңішкелігін белгілейтін таңба
(дҽйекше) сҿздің құрамындағы ҽріптермен бірге емес, сҿздің «сыртында» тұрады, жіңішке сҿздің
алдында дҽйекше қойылады, ал жуан сҿздің алдында дҽйекше қойылмайды» деп [7,193], ҽлемдік
атағы бар ғалымның Ахмет Байтұрсынов түзеген қазақ ҽліпбиі мен орфография жобасын «таланты»
жобаға теңеуі тегін емес еді.
Ахмет Байтұрсыновтың тағы бір сингармофонологиялық алфавит туралы ғылыми
кҿзқарасының маңызы бірі-бір графикадан екінші графикаға кҿшуді дұрыс кҿрмегені. Графика
таңдау-жазуы жоқ халықтардың міндеті Ал қазақ халқының ҿз жазуы бар. Ол – араб жазуы, ислам
дінімен енген қасиетті жазу. А. Байтұрсынов араб графикасынан латын графикасына кҿшудің қажет
емес екендігін Баку қаласында ҿткен Бүкіл одақтың тюркологиялық құрылтайда ҿзінің
баяндамасында (Первый Всесоюзный тюркологическии съезд. Баку 26 февраля по 6 марта) айтып
ҿтеді.
Ахмет Байтұрсыновтың тағы бір ізгілік ісін «Ҽліппе айтысы» кітабындағы «Байтұрсынұлы
Ахметтің араб ҽліпбиін жақтаған баяндамасында: Араб ҽріпінен жасап алған ҽліпбиімізге жер
жүзінде ҽліп-би баласы жетпейді. Араб ҽліпбиімен түзген елімізге бізге мҽлім емлелердің бірі де
жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды» деуінде [8, 16-298] ҿзіне деген сенімділік, ғылыми
ізділік барын тағы да дҽлелдей түседі.
53
Ахмет Байтұрсыновтың сингармофонемографиялық кҿзқарасының маңыздылығын, мҽнін ҿзінің
Араб ҽліпбиін жақтаған баяндамасындағы пікірмен толықтыра түсуге болады: «Ҽліпби деген
асылына адам арқылы жетпейтін нҽрсе емес. Ҽліп-биде бірден мҽдениет түрінің тҿбе басына
шығарып жіберетін, адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс.
Ҽліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл
дыбыстарына мол жетсе арналған дыбысқа дҽл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса,
заманымыздағы ҿнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым ҽліп-би жақсы болмақшы.
Олай болса, ҽліп-би сынға түсіп, жақсы-жаман жағы тексерілуге ҽбден
келетін нҽрсе болып шығады»- деген [8]. Онда ҽліпби деген:
1.
Ҽліпби – мҽдениет түрі
2.
Ҽліпби – адам асылы
3.
Ҽліпби – тіл дыбыстарының жұмысы
4.
Ҽріп – тілдік таңба
5.
Ҽліпби – оқуға, жазуға жеңіл жазу
6.
Ҽліпби – үйретуге оңай жазу
7.
Ҽліпби - ҿнер құралына (компьютер) қолайлы жазу.
__________________________
1.Ахмет Байтұрсынов. Оқу құралы. Қазақша алифба. I кітап. Орынбор, 1912
2.Ахмет Байтұрсынов. Баяншы Қазақ мұғалімдері үшін – Қазан, 1920.-15б.
3.Ахметтану тағылымдары//Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Қазақша алифба» еңбегіндегі
фонологиялық жҽне ҽдістемелік мҽселелер. Алматы: «Ғылым», 1998.-11-14б.б.
4.Саындықұлы. Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдары// филол. ғыл. Доктор
автореферат. Алматы, 1994
5.Жүсіпұлы «Ахмет Байтұрсынов жҽне қазіргі қазақ тілі фонологиясы. Алматы: Ғылым», 1998-214б.
6.Ахмет Байтұрсынов. Жазу тҽртібі. «Айқап», 1912 №4-5
7.Реформатский. Из истории отечественный фонологии. Очерк. Хрестоматия. Москва, 1970.-193-
194ст.
8.Ҽліппе айтысы//Байтұрсынұлы Ахметтің араб ҽліп-биін жақтаған баяндамасы, Қызылорта, 1927.-
16-29б.б.
Достарыңызбен бөлісу: |