Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Аннотация.  Шығармашылық  мамандықтардың  білімгерлермен  ҿнер  туындасын  қабылдау  сұрактар 
қарастырылды.  Дизайн  мамандықтың    білімгерлердің  сабақтарда  ҿтілетін  тҽжірібелік  қызметпен 
жҽне  кҿркем  қабылдау  ара  қатынастары  кҿрсетілген.        Қазiргi  оқу  бағдарламаларының  талдауы 
жасалған  жҽне  ҿзін  шығарылған  оқу  бағдарламалар  келтiрiлген,  ,  студенттердi  ара-арасындаларды 
сауал-сұрақ  жүргiзудiң  нҽтижелердi  талдауы  кҿрсетiлген.  Тҽжіребелі  қызметті  ұйымдастыру 
мҽселелер ашылды. 
Annotation.  In  this  paper,  the  perception  of  art  works  by  students  of  creative  disciplines.  Shows  the 
relationship  between  artistic  perception  and  action  in  the  classroom  with  students  of  the  fine  loop  design 
profession.  Studied  the  psychological  aspects  of  the  experience  of  art.  The  analysis  of  existing  training 
programs and presented their own programs, the analysis shows the survey results among students. Disclosed 
to the organization of practical activities. 
 
 
 
М.Б. Джанаев, Қ.А. Омирбаев, К.Т. Кенжебаева 
 
ТАБИҒАТ ЖАНРЫНЫҢ КӚРКЕМ ТАНЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
МЕН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
ӘОЖ  3708:75(574)  
   Д 37 
 
Жалпы  орта  мектептердің  бейнелеу  ҿнері  пҽні  бағдарламасындағы  жазықтықта  бейнелеу 
практикалық сабағында табиғат жанрын оқыту ерекше орын алады. Сондай-ақ, табиғат жанры мектеп 
оқушыларының сүйікті тақырыптарының бірі. Живопись ҿнерінің таиғат жанры, мектеп оқушыларын  
шығармашылық пен кҿркем - эстетикалық тҽрбиеге баулуда ҿзіндік білім-тҽрбиелік ерекше мҽнге ие. 
Табиғат, табиғат жанры мектеп оқушыларын ерекше қызықтыратындығы белгілі. Бұл жанр балалар 
табиғатына,  мінез-құлқына  етене  жақын.  Сондай-ақ,  бұл  жанрда  жұмыс  істеу  процесінің,  қызмет 
ерекшелігінің  ҿзі  оқушылар  қызығушылығын  тудыратындығы  мектеп  тҽжірибесінен  белгілі. 
Қысқаша  айтқанда,  табиғат  жанры  оқушылар  кҿңіліне  аса  қонымды,  қызықты,  сезімдік-танымдық 
шығармашылық қызмет түрі. 
Табиғат  жанрында  жұмыс  орындау  барысында  оқушылар  түрлі  табиғат  кҿріністерін,  олардың 
ерекшеліктерін бақылап ҿздерінің  эстетикалық  сезімдерін,  талғамдарын қанағаттандырады.  Табиғат 
аясына  шығып  оны  бейнелеудің  ҿзі  олардың  шығармашылық  ынтасын  арттырып,  кҿркемдік 
талғамын қалыптастырады. 
Мұндай  оқыту  ҽдістемелеріне:  мұғалім  жетекшілігімен  оқушылардың  ҿз  бетінше 
шығармашылық  ізденістері;  ҿз  бетінше  шығармашылық  жұмыс  орындау;  шығармашылық 
белсендіру;  бағдарламалық  жҽне  проблемалық  оқыту;  бейнелік  тұжырымдау;  т.б.  ҽдіс-тҽсілдерді 
жатқызуға болады. 
Мұндай  оқыту  ҽдістемелері  жҽне  шығармашылық  қызмет  түрлері  оқушылардың  белсенділігін 
арттырып, кҿркемдік дағдыларын шынықтырып, рухани эстетикалық қасиеттерін қалыптастырады. 
Бейнелеу  ҿнері,  оның  ішінде  табиғат  жанры  тақырыптарында  жұмыс  орындау,  бейнелеу  ҽдіс-
тҽсілдерін,  орындау  жолдарын  меңгерту  педагогикалық  ҿнер  танымдық  тҽсілдер  негізінде  іске 
асырылады. 
Бұл    бейнелеу  ҿнеріне  оқыту  ҽдістемелері  белгілі  ғалымдар  В.В.Алексеева,  Г.В.Беда, 
И.П.Глинская,  В.С.Кузин,  Г.В.Лабунская  еңбектерінде  жан-жақты  қарастырылған.  Онда  оқыту 
жолдары  жҽне  оқыту  проблемалары  жан-жақты  ғылыми  негізде  кҿрсетілген.  Табиғат  жанрының 
композициялық  мҽселелерін,  оны  оқыту  ҽдіс-тҽсілдері  мен  теориялық  негіздерін  кҿрнекі  педагог 
ғалымдар,  ҿнер  зерттеушілері  Беда  Г.В.,  Маслов  Н.Я.,  Ростовцев  Н.Н.,  Кузин  В.С.,  Барщ  А.О., 

 
258 
Шорохов  Е.В.,  Ящухин  А.П.,  Федров-Давыдов  А.А.,  Суздалев  П.К.,  Стасевич  В.Н.  т.б.  ҿз  ғылыми 
еңбектерінде жан-жақты талдап кҿрсеткен.  
Бұл  ҿнердің  тарихи  қалыптасқан  жанрлары  бейнелеу  ҿнерінде  бейнеленетін  сюжеттің  негізгі 
мазмұнын, композициялық құрылымын, образдық келбетін, заттың пішіндік бейнесін, жалпы негізгі 
мазмұнын  ашып  кҿрсетеді.Ҽр  жанрдың  ҿзіндік  құрылымы,  орындалу  тҽсілдері,  образдық 
ерекшеліктері   түрліше болады. 
Осы ерекшеліктерге байланысты оны оқып үйрену тҽсілдері де, оқыту ҽдістемелері де түрліше. 
Табиғат  жанрының ерекшелігі ҽлемдік табиғат тынысын,  қоршаған ортаны бейнелеу. 
Оқушылардың кҿркем талғамын,  образдық ойлау қабілеттерін, кҿркемдік дүниетанымын оқыту 
үрдісінде дамытуға табиғат кҿрінісі жанрының мол мүмкіндіктері бар.Бұл қоршаған орта дүниесінің 
шексіз  ҽсері.  Мұнда  қоршаған    ортаны  эстетикалық  тұрғыдан  сезініп  қабылдау  да,  ҿнерді  кҿркем 
қабылдап түсіну де жҽне оны ҿз мүмкіндіктерінше кҿркем образдық  негізде практикалық орындау 
дағдылары да жан-жақты ҽсер етеді.  Бұл үшін пҽнді оқытудың жүйелі ҽдістемесі қажет. 
Кҿрсетілген  мҽселелерге  байланысты  пленэр  практикасында  табиғат  жанрына  оқыту 
ҽдістемелері  жүйелі  түрде  қолға    алынуы  тиіс.  «Пленэрдегі сабақ живописьтік шеберлік  мектебінің 
ажырамас  бҿлігі  ғана  емес,сонымен  қатар  оқушыларды  рухани  дамыту  құралы  ретінде  де 
қарастырылады»[1,  20  б.].  Табиғат  кҿрінісі  жанрын  мектепте  оқыту  тҽсілдері  де  жан-жақты 
қарастырылып түрлі ҽдістемелер қолданылып жүр. 
Ҿнердегі  табиғат  жанры  адамның  сұлулықты  сезінуін  дамытып,  ҽлемдегі  ҽсемдікті  танытуға 
кҿмектеседі.  Пейзаж-картина  кҿрермендердің  ой-жүйесіне  ҽсер  етіп  түрлі  бейнелерді  елестетуіне, 
жаңа идеялар туындауына ықпал етіп отырады. 
Табиғат жанрының негізгі жетістіктерінің бірі ол табиғаттың белгілі бір жай күйін адам ойымен, 
кҿңіл күйімен үндестіріп байланыстыру.    
Табиғат  этюдін  салудың  ҿзі  осы  сезімдерді,  кҿңіл-күйді  нақты  бейнелеуге  толық  мүмкіндік 
береді. Міне, бұл да осы сабақ түрінде оқушылар танымын кеңейтудің, олардың рухани кҿңіл-күйін  
тҽрбиелеудің  негізгі  тҽсілдері.  Осының  барлығы  оқушылар  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға 
мол мүмкіндіктер туғызады. 
Табиғатты  бейнелеудегі  шығармашылық  ізденіс,  суретшінің  табиғаттың  ҿзінен  алған  
сезімдеріне, ҽсеріне байланысты ҿрбиді. Табиғатпен , қоршаған ортамен тікелей қатынаста болу ғана, 
оны  түсініп  тани  білу  ғана  оны  дұрыс  бейнелеуге  жол  ашады.Табиғат  құбылысы,  оның  түрлі 
ҿзгерістерін салу тҽсілдерін, жолдарын анықтайды.Түстер үйлесімін дұрыс шешуге кҿмектеседі. 
Бояу  түстерінің,  реңктерінің  ҿзі  табиғаттан  алынады.  Сол  себепті  суретші  кҿпшілік  жағдайда 
табиғат кҿрінісін  тікелей ҿзіне қарап салуға тырысады. 
Табиғат  тек  ҽсерлендіріп  қоймай,  салу  жолдарына    да  үйретеді.  Жоғарыда  айтқанымыздай  
оқушыларды  бейнелеу  ҿнеріне  оқытуда  табиғат  кҿрінісі  жанрының  алатын  орны  ерекше.  Бұл 
оқушылар  үшін  қызығушылықпен  орындайтын  жанрлардың  бірі.  Табиғаттың    түрлі  құбылыстары 
оқушыларға  түрліше  ҽсер  етіп  олрдың  табиғатқа  деген,  оны  бейнелеуге  деген  қызығушылығын   
арттырады. 
Бейнелеу  ҿнерінің  живопись  түріндегі  табиғат  жанры  қоршаған  орта  дүниесін  кҿркем 
бейнелеудегі  ерекше  танымдық  ҿнер  түрі  болып  табылады.  Табиғат  жалпы  қоршаған  орта,  ҽлем 
бейнесі,  оның  ҽсерлі  кҿрінісі.  Пейзаж  жанры  дҽуіріміздің  алғашқы  ғасырларынан  бастау  алады. 
Пейзаж,  яғни  табиғат  жанры  табиғат  пен  адамзат  ҿмірінің  тылсым  қатынасын  бейнелейді.  Табиғат 
аясындағы  ҿмірін  адам  ҿзінің  табиғатты  кҿруі,  түйсінуі  жҽне  ой-тұжырымы  арқылы  саналы 
бейнелейді.  
Бұл жанрдың ҿзіндік мотив-сюжеті, сезімдік бастауы, акценті, композициялық құрылымы мен 
түрлері болады. «Композициялық құрылым заңдылықтары табиғат жанрына да таралады» [2, 196 б.]. 
Пейзаж, бейнелеу ҿнерінде картинаның құрамдас бҿлігі жҽне ерекше ҿнер жанры. Пейзаждың, 
табиғат  кҿрінісінің  идеялық-саналы  мазмұны  ерекше.  Пейзаждың  түрлері:  ауылдық,  қалалық, 
индустриялық, тарихи, романтикалық, лирикалық, эпикалық, интимдік (жеке даралық), теңіз-мұхит, 
понорамалық т.б. болып келеді. 
Түрлі  жанрдағы  туындыларда  да  табиғат  кҿрінісі  үлкен  орын  алып,  мазмұндық  роль  атқарып 
отырады. Табиғат кҿрінісін бейнелеуде суретші алғаш оның жеке бҿлшектерінен бастап үйреніп дҽріс 
алады. 
Ҽр кезеңдерде ҿнердің барлық түрлерінде де картина композициясы, ҿмір жағдайларына қарай 
табиғат кҿрінісінің идеялық-саналылық мазмұнына байланысты  құрылып орындалады. 

 
259 
Пейзаж  композициясының  идеялық  мазмұнына  байланысты  картинаны  сомдау  жолдарына, 
тҽсілдеріне, құралдар мен материалдарды қолдануға да түрліше жолдар белгіленеді. Жалпы кҿптеген 
суретшілер ҿнердің идеялық мазмұнына бірінші кезектегі талаптар қоюды кҿздеген.  
Бұл ҿнер түрінде композиция құру ең ұтымды, қызықты мотив іздеуден басталады. Этюд салу 
барысында,  картина-пейзаж  мақсаттарын  белгілеп  алу  ҿте  қажет.  Алайда,  этюдтар  салуға  барлық 
ынта-жігерді жұмылдырып, табиғатпен терең қатынаста болу керек. Суретші этюд салуда қоршаған 
орта  шындығын  түсіндіруге,  ол  туралы  кҿзқарасты  тереңдете  түсуге  тырысып,  зейін  қоя  отырып, 
композициялық бейнелік талдау арқылы орындауы қажет. Пейзаж композициясында қызықты мотив 
табылған  соң,  композициялық  ізденіс  басталады.  Этюд  ҿлшемі,  форматы,  бағыты  белгіленеді. 
Табиғат  кҿрінісінің  тҽрбиелік  ҽсері  мен  маңызын  шешіп  кҿрсету  үшін  оны  орындау  жолдарын, 
техникалық  орындау  ҽдіс-тҽсілдерін  толық  қарастыру  керек.  Табиғат  кҿрінісі  табиғат  пен  адам 
қатынасын сомдайды. Табиғатты дҽл сол қалпында бейнелеу мүмкін емес, алайда табиғат құбылысын 
түрлі  қатынаста  бейнелеп  танып  білу  адамзат  табиғатына  тҽн.  Пейзаждық  жанрдың  қазақ  ҿнерімен 
мҽдениетіндегі  орнын,  оның  тарихи  дамуын  ғылыми  теориялық,  тарихи  тұрғыда  А.К.Қанапин, 
Л.И.Варшавский,    Л.Г.Плахотная,  Н.Л.Полонская,  Б.Барманқұлова,  И.А.Рыбакова,  Л.Марченко, 
Г.Сарықұлова, М. Ғабитова, Р.Ерғалиева, С.Кумарова зерттеп ҿз еңбектерінде талдап кҿрсетті. Кҿріп 
отырғанымыздай  Қазақстан  суретшілері  пейзаж  жанрының  түрлі  салаларында  еңбек  етіп,  туған  ел 
табиғаты,  халық  дҽстүрін,  еңбегін  поэтикалық  сарында  жырлайды.  Кҿркем    педагогикалық  тҽрбие 
оқушыларды біліммен, ҽдет-дағдылармен, іскерлікпен қаруландырып  қана  қоймай,  сонымен  катар  
олардың    кҿркем  образдық  ой-қабілеттерін  дамытып,  эстетикалық  талғамдарын  тҽрбиелеуді  де 
мақсат етіп қарастырады. 
Бейнелеу ҿнерінің табиғат жанры, осы мақсаттарды шешуде ҿзінің ерекшелігіне қарай зор роль 
атқарады.  Сондықтан  табиғатты  бейнелеу  ҿнері,  оқу  жұмысының  бір  түрі  ретінде  ғана  емес,  ол 
табиғатты  қабылдау  жҽне  бейнелеудің  оқушылар  кҿркем  қызметіндегі  шығармашылық  процесс 
формасы ретінде қарастырылуы тиіс. 
Табиғатты  бейнелеу  практикалық  жұмыстарында  оқушылар  алдына,  пейзаждық  живописьтің 
композициялық шешімін табу мақсатында кҿркемдік талаптары қойылуы қажет. 
Табиғатты  бейнелеу      жұмыстарында      оқушылардың      кҿркем  талғамын  қалыптастырып, 
дамыту қоршаған ортаны қабылдау мен бейнелеудің түрлі формалары арқылы іске асырылады. Бұл 
ретте  практикалық жҽне қабылдау  сабақтарының  байналысын арттырып отыру дұрыс. 
Табиғатты  бейнелеу  жұмысы  процесінде,  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  анықтау 
мен дамытуға үш негізгі фактолар ҽсер етеді: табиғатты тікелей ҿз қалпында бақылап қабылдау; ҿз 
сезімдерін,  алған  ҽсерлерін  анықтап,  ҽңгімелер  мен  репродукцияларды  кҿрсетумен  бекітіп  отыру; 
табиғатты суреттеу үлгілерімен, поэтикалық мысалдармен таныстыру. 
Оқушылардың бейнелеушілік, шығармашылық ҽдет-дағдылары пейзажды бейнелеу процесінде 
табиғат мотивімен жҽне жұмыс процесімен анықталады: 
- табиғатты жҽне оның күйін қабылдау ерекшеліктері; 
- тондық, түстік жҽне кеңістік ережелері; 
- заттар мен обьектілер мінездемесі; 
- жұмыс процесімен табиғат мотивінің ерекшеліктері; 
- образды елестету жҽне қалыптастыру ерекшеліктері; 
- жұмыс процесімен табиғат күйінің  мотиві ерекшеліктерінің сҽйкестік формасы. 
Табиғат  кҿрінісін  бейнелеуге  оқытудың  барлық  түрлері  табиғат  жанрын  оқыту  ҽдістемесімен, 
жалпы  бейнелеу  ҿнерін  оқыту  ҽдістерімен  тығыз  байланысты.  Кҿптеген  оқушылар  табиғат  кҿрнісі 
жанрын  аса  қызығушылықпен  зор  ынтамен  бейнелеуге  тырысады.  Ҽдістемелік  жұмыстың  негізгі 
мақсаты – оқушылардың кҿркем талғамын, образдық ойлау қабілетін, табиғат кҿрнісі жанрын оқыту 
негізінде дамыту. 
Бұл  мақсатты  орындауда  табиғат  кҿрінісі  жанрының  мол  мүмкіншіліктері  бар.  Бұл  қоршаған 
орта  дүниесінің  шексіз  ҽсері.  Мұнда  қоршаған  ортаны  эстетикалық  тұрғыдан  сезінуде,  ҿнерді 
қабылдап  түсінуде  жҽне  оны  ҿз  мүмкіндігінше  кҿркем  образдық  негізде  практикалық  орындау 
дағдыларыда жан-жақты ҽсер етеді. Бұл үшін жүйелі оқу ҽдістемесі қажет.   
Ҿнер  арқылы  жас  ұрпаққа  тҽлім-тҽрбие  беру  ісі,  бұл  мҽселе  тҿңірегіндегі  тҽжірибе  мен 
тұжырымдар  ғылыми  педагогикалық  тұрғыдан  ұзақ  сұрыпталып  жинақталды.  Ғылыми  теориялық 
еңбектерде 
осы 
мҽселелердің 
психологиялық 
аспектілерін 
зерттеген 
В.Т.Ананьевтың, 
Л.С.Выготскийдың,  Е.И.Игнатьевтың,  А.Л.Леонтьевтың,  Е.М.Тепловтың  түбегейлі  еңбектері  жарық 
кҿріп, кҿркемдік білім мен эстетикалық талғам мазмұнын жаңартуға мол үлес қосқандығы белгілі. 

 
260 
Бейнелеу  ҿнері  арқылы  жас  жеткіншектің  эстетикалық,  тҽрбиелік  кҿркемдік  талғамын 
қалыптастыру,  психологиялық  ҽдістемелік  байланысты  зерттеу  жұмыстарын  В.В.Алексеева, 
Н.А.Дмитриева,  Н.Н.Сакулина,  Е.Е.Рожкова,  А.В.Шербаков,  Б.П.Юсов  т.б.  жүргізді.    Бұлардың 
еңбектерінде  балалардың  жас  жағынан  бейнелеу  ҿнеріне  баулудың  саналы  аспектілері  ҽдістемелік 
теориялық тұрғыда қарастырылып дҽлелденді.  
Бейнелеу  ҿнері  түрлері  мен  жанрлары  сан  алуан.  Ҽр  ҿнер  жанрларының  адам  сезіміне,  ой 
ҿрісіне ықпал жасайтын жалпы дамуына ҿзіндік бейнелік тілі ҿзіндік ықпалы бар.  
Біздің ойымызша бұл жанр басқа жанрларға қарағанда балалар кҿркем-эстетикалық тҽрбиесіне 
мол  мүмкіншілігі  бар  жанр.  Жалпы  балалар,  жас  ҿспірімдер  қоршаған  орта  дүниесінде,  табиғат 
аясында  жан-жақты  тҽрбие  алып  ҿседі.  Табиғат  сұлулуғы,  ҽсемдік,  оның  түрлі  кҿріністері  оқушы 
сана-сезіміне ҽсер етіп, олардың ҿмірге деген кҿзқарастарын қалыптастырады.  
Табиғат тылсым дүниесі, оның мол ерекшеліктері мен түрлі құбылыстары оқушылар сезімдерін 
оятып, ҿмірге оны танып білуге деген қызығушылықтарын арттырады. 
Жалпы  оқыту  барысында  табиғат  жанрының  түрлі  мотивтерін  оның  түрлерін  жан-жақты 
оқытып  үйретуге  мүмкіншіліктер  мол.  Мысалы,  ауыл  табиғаты,  қала  табиғаты,  индустриалдық 
пейзаж, сҽулеттік пейзаж т.б. түрлерін практикалық жұмыс барысында оқушыларға салдыра отырып 
олардың түрлі қасиеттері мен ерекшеліктерін қалыптастырамыз. Яғни, табиғат жанрының оқушылар 
тҽрбиесінде орны ерекше.  
Бұл жағдай  ҽрине  оқыту-тҽрбиелеу  процесіне  кері ҽсер етеді. Сондықтан  да қазіргі кезеңде, 
қоғамымыздың  жаңа  ҿрлеу  кезеңінде  бейнелеу  ҿнерін  оқытудың  жаңа  оқыту  жолдары  белгіленіп 
кҿрсетілуі  қажет.  Ол  үшін  біз  бірнеше    оқыту  жолдарын  ғылыми    ҽдебиеттер  негізінде    талдап 
кҿрсеттік.  
Негізінен  біздің  теориялық    талдау    жұмысымыз  бейнелеу  ҿнерін  оқытудағы  кҿркем  
образдылық принципіне сүйенеді.  
Осы негізде біз тҿмендегідей  оқыту  тҽсілдерін белгілейміз:  
Оқушыларды бейнелеу ҿнеріне оқытуда кҿркем  образдық тҽсілдер қолдану. 
Оқыту мен тҽрбие процесінің бір тұтастығы. 
Оқушыларды  бейнелеу    ҿнеріне  оқыту  процесінде  оларды  ұлттық  мҽдениет  пен  рухани 
құндылықтар үлгілері арқылы тҽрбиелеу.  
Қорыта  келгенде    табиғат  кҿрінісі  жанрының  бейнелеу  ҿнері  сабақтарында  оқушылар 
шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытудағы орны ерекше.  
Қалай болмасын  ҽрбір  адам ҿнердің  игілікті  күшін  бала  кезден бастап  сезінеді. Ол біздің  
рухани    жағынан  жетілуімізге    ықпал    етеді,  жеке  бастың  жҽне    қоғамдық  ҿмірде    кездесетін 
мҽселелердің шешімін табуға, тіпті кей  жағдайда  ҿмірден ҿз орнын табуға  кҿмектеседі.  
Бастауыш  мектепте    оқыту    барасында  кезек  күттірмейтін  мҽселенің  бірі  –  эстетикалық 
кҿркемдік  тҽрбие  екені  белгілі.  Оқушылардың  кҿркемдік  танымын,  сезімін  тҽрбиелеуде  ҽсемдіктің 
таптырмас  бұлағының бірі- табиғат. Ол эстетикалық сезімнің байқымпаздықтың, қиялдың дамуына 
үлкен    ҽсерін  тигізеді.  Қоршаған  ҽлем  дүниесінде  табиғат  үйлесімділігі,  ҽсемдік,  мҽңгілік  жаңару, 
қатаң  заңдылықтар  ҽртүрлі  бояу,  дыбыстардың  кҿмегі    арқылы    балаларды  азаматтық  кҿркемдік 
сезімге  тҽрбиелейді. Табиғатқа шығу, онда  сурет  салу, балалардың  оның сұлулығын эстетикалық 
тұрғыда қабылдауын күшейтеді, ерекше рухани серпіліс, сүйсіну сезімін туғызады, ойы мен қиялын 
дамытып  ҿмірде  шығармашылыққа  деген  сүйіспеншілігін  арттырады.  Жаратылыстың  сұлу  ҽсем 
заттары адам жанында  сұлулық  сезімдерін оятады. Практикалық  жҽне  қабылдау  сабақтарында осы  
ҿнер    жанрын    толық    үйретуге    тырысамыз.  Ҽрине  табиғат    жанрында    сабақ    ҿткізу  сабақ 
барысында,  сабақтан  тыс  мезгілде,  пленэрлерде  ҿткізілуі  мүмкін.  Сабақ  процесінде  бейнелеу  ҿнері  
кҿркемдікке,  байқампаздыққа  баулиды.  Ол  оқушылардың  кҿркем  шығармашылық  қабілеттерін  ҿз 
ҽдіс–тҽсілдері    арқылы  жан  –жақты    қалыптастырып  дамытады.  В.Н.Стасевич  ҿз  еңбегінде 
«Пейзаждың  қаншама  жалпы  мҽні  немесе  функциясы  болғанымен,  олардың  ешқайсысы  жалғыз, 
сарқылған  бола  алмайтындығын    есте  сақтау  маңызды.  Олардың  барлығы  ҽлемді  танудың 
эстетикалық формасымен байланысты» дейді  [3, 155 б.]. 
Ҽрине ҽр  пейзаждың  мазмұны  біріне – бірі ұқсамайды, олар алуан  түрлі  болып  келеді, бірақ 
уақыттың  басқа    мезгілдерінде  салынған,  яғни  қараңғы  сҽттерді,  кешкі  уақытты  кҿрсететін 
суреттермен  салыстыруға  болмайды.  Ондай    кҿркем  картиналардың  мазмұны,  түрі,  түстік  үйлесімі 
ҽрқилы болады.Сонымен қатар олар  белгілі  бір ақпарат кҿзі  болып  келеді. Міне, сол қасиеттерімен  
адамның  жан дүниесіне жан-жақты ҽсер етеді.  
Осы  ғылыми  жұмыстарға,  талдау  негізінде  біз  тҿмендегідей тұжырымдар жасаймыз: 

 
261 
табиғат  кҿрінісі  жанры    оқушыларды    кҿркем    эстетикалық    тҽрбиеге    тҽрбиелеуде  
эмоционалдық  сезімдік негіздері  жағынан жоғарғы  нҽтижелер кҿрсетеді.  
табиғат  жанры    оқушылар  білім,    танымына  ,  жан  дүниесіне    ҽсер  етіп  оны    оқытуда  ҿте  
жоғарғы  ынталық пен қызығушылық туғызады.  
табиғат жанры    қоршаған  орта    дүниесімен  тікелей    байланыста   болғандықтан  оқушылардың  
білімдерін, суреткерлік ҽдет – дағдыларын қалыптастыруға қолайлы сабақ түрі.  
табиғат кҿрінісін бейнелеу  процесінде  түрлі  ҽдістемелер жүйесін қолдануға  болады.  
табиғат  жанры  қоршаған  ортамен  таныстыруда    оқушылардың    эстетикалық    талғамдарын 
қалыптастырады. 
Қорыта  келгенде  табиғат  кҿрінісі  жанрының  бейнелеу    ҿнері    сабақтарында    оқушылар 
творчестволық  қабілеттері  мен  эстетикалық    талғамдарын  қалыптастырып  дамытудағы    орны  
ерекше.  
Сонымен,  бастауыш  мектептегі  бейнелеу  ҿнері  пҽні  арқылы  балалардың  шығармашылық  іс-
ҽрекеттерінің  қалыптасуын,  дамуын  жүзеге  асыру,  кҿркемҿнердің  түрі  мен  жанрының  мазмұнына, 
мҽніне, оның атқаратын қызметіне сҽйкестендіріле жүргізілуін талап етеді. 
Бейнелеу  ҿнері  сабақтары  -  ҿнерге  тҽн жүргізілуі  шарт.  Ҿйткені  бейнелеу  ҿнері  -  адамдардың 
рухани дүниетанымын ҽмбебапты пайымдау, кҿрсету құралы.  
___________________   
1.Маслов Н.Я. Пленэр: Практика по изобразит.исскуству. Уч.пос. для студентов ХГФ пед. ин-тов. – 
М.: Просвещение, 1984.-112 с., ил., 1 л. ил. 
2.Беда  Г.В.  Основы  изобразительной  грамоты:  Рисунок,  живопись,  композиция.  Учеб.  пособие  для 
студентов пед.ин-тов.  –М.: Просвещение, 1981. –239 с., ил. 
3.Стасевич  В.Н.  Пейзаж.  Картина  и  действительность.  Пособие  для  учителей.  -  М.:  Просвещение, 
1978. -176 с. с ил.  
 
Аннотция.  В  статье  освещены  вопросы  обучения  пейзажному  жанру,  проблемы  художественно-
эстетического воспитания. 
Annotation. The article highlights the issues of training landscape genre, challenges the artistic and aesthetic 
education. 
                                 
 
 
М.К. Жантаева, С.А. Жантаев 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ МУЗЫКАЛЫҚ  
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ӘОЖ 371:78.01 
 
Еліміздің  тҽуелсіздік  алуымен  байланысты  рухани  жаңаруымыз  оқу-тҽрбие  ісіне  ұлттық 
мҽдениеттің асыл мұраларын, халқымыздың ҿзінің тҿл тарихын терең тану кеңінен ендірудің қажет 
екендігін ҿмірдің ҿзі дҽлелдеп отыр. 
Ҿткен ғасырлар жайын еске түсірсек оның беті халқымыз жайлы ҽнге, күйге, сырға толы екенін 
байқаймыз.  Ата-баба  болашақ  ұрпақтарына  мҽдени  байлығы  бар  ҿшпес  мұралар  қалдырды.  Сол 
мұраларды  жан-жақты  зерттеп,  халқымыздың  бүгінгі  игілігіне  айналдыру  зерттеушілеріміздің 
алдында  тұрған  тарихи  міндет.  Ҽл-Фараби,  Қорқыттан  бастап  дамыған  музыкалы  мҽдениетіміз 
бүгінгі күннің ҿнер, ғылым, тарих зерттеушілерінің назарын аударуда. Халық дарындары шығарған 
ҽндер мен күйлерді зерттеудің, оларды бір жүйеге келтіріп, нотаға түсірудің пайдасы болашақ жастар 
үшін үлкен тарихи, мҽдени маңызы бар екендігін баса айтқан.  
Қазақстан Республикасы тҽуелсіз мемлекет болғалы   бері   экономикалық,   ҽлеуметтік, рухани 
– мҽдениеттік жҽне т.б. үлкен жаңаруларды жүзеге   асыруда. Ел  басы, Н.Ҽ.Назарбаев құндылықтар 
жүйесінің қоғам үшін   маңыздылығы  жайлы зиялы қауыммен  кездесуде:   «Қандай  қиын – қыстау   
жағдайда да адамдар үшін ҿзекті болып қала   беретін   даусыз   құндылықтар   ҽрдайым  болған жҽне 
бола  береді.  Қоғамның  адамгершілік  деңгейін      анықтайтын  рухани  байлық    пен    мҽдениет  
осылардың  қатарына  жатады.   Мүмкін осы қиындыққа толы қым – қуат жылдарды ҿзіміздің басты   
құндылықтарымызды сақтап  қала  білгендігіміз  біздің  басты жетістігіміз   болар» - деген. 

 
262 
Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа  кҿркемдік   білім   мен   тҽрбие   беру   жүйесінде кҿркем 
ҽдебиет,  музыка  ҿнері,    бейнелеу      ҿнері,    ұлттық      қолҿнер      сияқты  эстетикалық  мҽндегі  пҽндер 
арқылы  оның  ішінде,  халықтық      дҽстүрлі  ҿнерін  игерте  отырып,  оқушының  бойындағы  ҽсемдікті 
қабылдау,  сезіну,    ҿнер  шығармаларын  ҽсемдік  заңдылықтарына  сҽйкес  бағалай  білу  қаблеттерін, 
кҿркемдік  талғам  деңгейінде  қалыптастыру    қажеттігі      маңызды      мҽселенің  бірі.  Сонымен  бірге, 
қазақ  халқымыздың  кҿркемдік  мҽдениетін,  ҿнердегі  салт  –  дҽстүрін  зерттеу    мҽселесі  де  ұрпақ 
тҽрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім  беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін 
кеңірек  пайдалану,  білімге,  шығармашылықпен  қарау,    жастардың  ҿмірінде  жасампаздық  ахуал 
тудыру,  тҽрбиенің барлық     құралдармен жастардың  бойында  білім  мен еңбекке дұрыс  кҿзқарасты,  
дүниетанымды, адамгершілікпен шынайы эстетикалық мҽдениетті қалыптастыруға мейлінше тиімді 
ықпал жасаудың жолдарын белгілеу – бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мҽселеге айналуда. 
 «Жас  шақта  берілген  тҽрбие  ҿмірлік  азық»  -  дейді  халқымыз.  Осыған  орай  ендігі  кезеңінде 
жаңа адамды жан-жақты дамыған, білімді, ҿнерлі, еңбек сүйгіш ҿндірістік бағытта тҽрбиелеп, білім 
беру  проблемалары  алдымызда  тұр.  Халыққа  білім  беру  заңының  осы  шешімдерінің  бала  ҿсіріп, 
тҽрбиелеп отырған ата-аналар қауымы сезіне түсуі ҿте қажет демекпіз. Себебі, бала мектеп жасына 
дейін  ата-ананың  қамқорлығымен  тҽрбиесінде  болып  келеді  де,  адам  бойындағы  ең  қымбатты 
адамгершілік, еңбек тҽрбиесі, табиғатты, ҿнерді сүйю сияқты алғашқы тҽрбиелік негіздер алады. Осы 
жайларға педагогикалық ғылым тұрғысынан қарар болсақ, - ешбір ата-ана «Ҿз баласын жаман ҿссін 
демейді», данышпан халқымыз айтқандай, - «Жақсы бала сегіз қырлы, бір сырлы болса керек!» деген 
мҽтелді  мҽңгілік  есте  ұстап,  тек  сезініп  қана  қоймай,  оны  жүзеге  асыру  жағын  күнделікті  тҽрбие 
жұмыстарға  ұйымдастырып  отырса,  ол  ата-ана  баласын  мектепке  қанағатты  дайындады  деп  айта 
аламыз.  
Тҽрбие  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  оның  бҿліктерінің  міндеттерін  байланыстырып  шешуді 
талап етеді. Тҽрбиенің құрамды бҿліктерінің бірі – эстетикалық тҽрбие. Бұған бастайтын жолдың бірі 
–  музыка.  Осы  музыка  арқылы  оқушыларға  эстетикалық  тҽрбие  беру  талаптарының  бірі  – 
эстетикалық құралдарды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру жҽне оқушыларға ҽсемдік үлесін 
ҿз тарапынан ҿмірге қоса білуге тҽрбиелеу болып табылады. 
Адамзаттың  барлық  жақсы  қасиеттерін  жас  ұрпақтар  бойына  сіңіруде,  олардың  қоғамдық 
кҿзқарастарының дұрыс қалыптасуына музыкалық тҽрбиенің маңызы аса зор. Музыкалық тҽрбие жас 
ұрпақтардың  ҿскен  ортасын  дұрыс  тануына,  адамдарға  сүйіспеншілікпен  қарауына,  жалпы 
адамгершілік  қасиеттерін  бойларына  сіңіруде  үлкен  тҽрбие  бере  алады.  Сонымен  бірге  балалардың 
нҽзік сезімді, ұшқыр қиялды, алғыр, мейірбан болып ҿсуіне елеулі ықпал жасайды. 
Балаларға  эстетикалық  тҽрбие  беруді  қазақ  халқы,  сонау  ертеден,  кҿшпелі  тұрмыс  кезінде-ақ 
бастанғандығын мына мысалдан байқауға болады. Қазақтың байырғы тарихын зерттеушілердің бірі 
ғалым Вольфсон ҿзінің «Қазақтар» (Киргизы) деген еңбегінде қазақ халқының ҽнге құмарлығын айта 
келіп: «Ҽннің қазақ ҿмірінде алатын зор маңызын басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті 
жай сабақты да балаларға ҽн кҿмегімен оқытады. Алдымен жеке дыбыстарды ҽндетіп, соңынан толық 
бір сҿзді ҽнмен айтады», - деп жазды. Ал Түркістанда он екі жыл тұрып, қазақ музыкасын зерттеген 
этнограф П.П.Тихов «Музыка жҽне ҿмір» журналының 1911 жылғы 3-санында: «Қазақтарға тҽн ҽнге 
құмарлық қасиет ана сүтімен бірге бітеді. Қазақтар балаларына жаңадан қаз-қаз тұра бастаған кезде-
ақ ҽн үйрете бастайды... – деп жазды». 
Ы.Алтынсарин – қазақ музыкасын ҿте жоғары қастерлеген, ҿз домбыра шерте білетін, қазақтың 
халық ҽндерін сүйіп айтатын адам болған. «Ҿнер  кҿзі халықта» деп, халықтың ҽнін, күйін, жырын, 
аңыз ҽңгімелерін белгілі адамдардан (Нұржан, Орынбай, Сейдахмет т.б.) тыңдап, олардың үлгілерін, 
жазып  алып  отырған.  Ыбырайдың  «...үйім  толы  қоңақ,  Сейдалин  екеуміз  бір  қазақ  ҽншісінің  ҽнін 
тыңдадық» - деу жоғарыда айтылған пікірлерді дҽлелдей түседі. Ол ҿзінің білген ҽндері мен күйлерін 
оқушыларына үйретіп отырды. Ондағы мақсат – оқушылардың санасына халық ҽуені мен сазындағы 
сарындылықты,  мҽнерлікті,  ырғақты,  мазмұнындағы  ғибратты,  ҿнегелі  сҿздерді  жастайынан  сіңісті 
ету, оған деген құрмет сезімін ояту. 
Музыкалық    тҽрбие    -  балалардың  музыкалық  қабілеттерін  мақсатты    бағыттап  жүйелі  түрде 
дамыту  жҽне  музыкаға  эмоциональды    қарым-қатынасын,  оның  мазмұнын  терең  толғаныспен 
түсінуге,  білуге  тҽрбиелеу.  Музыкалық  тҽрбие  жас  буынға  тікелей  жҽне  кешенді  түрде  ҽсер  ете 
отырып,  рухани  жан  дүниесін  байытады,  адамгершілікті    ҿркениеттілігін    қалыптастырады, 
дүниетанымдылық  кҿзқарастарын  кеңейтеді.  Адам  жанына    кешенді  ҽсер  ету  барысында 
оқушылардың  музыкалық  эстетикалық  қызығушылығын,  қабілеттерін,  эстетикалық  қарым-
қатынастарының  қалыптасуына септігін тигізеді. 

 
263 
Музыкалық тҽрбие - ұзақ күрделі ҽрі сан қырлы процесс. Ол ең алдымен балалардың мектепке 
дейінгі  мекемелерде  басталады.  Олар  Би  билеп,  ҽн  айтады,  музыканы,  ертегілер  мен  ҽңгімені 
тыңдағанда  жақсы   кҿреді,  түрлі  ойындарға қатысады.  Оқушыларға  музыкалық-эстетикалық  тҽрбие 
берудің  бүгінгі  күндегі  маңызы  -  музыка  ҽлемімен  танысу,  оны  сезіну  арқылы  оқушының 
эстетикалық талғамы дамиды. Бұл үрдістегі басты тұлға – музыка жетекшісі. Бҽрі де соның кҽсіптік 
шеберлігіне,  шығармашылық  еңбегіне  қатысты.  Ол  ҽр  сыныптың  жас  ерекшелігіне  қарай  ҽндерді 
іріктей  білуі  қажет.  Ҽн  тыңдату,  музыкалық-ритмикалық  қозғалыстар  жасату  арқылы  ҽрбір 
бүлдіршіннің ақыл-ойын, таным-түсінігін, ҿнерге кҿзқарасын қалыптастыруға кҿмектеседі. Мысалы, 
ол  жеке  дыбыстарды  айыра  білуден  бастап,  ырғақтарды,  тембірді,  динамиканы  саралап  аңғарудың 
дҽрежеге дейін жетеді. Музыкалық-эстетикалық тҽрбие беруді мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-
аналар  оқу  процесінде,  оқудан  тыс  іс-ҽрекеттерде,  отбасында  белгілі  бір  жүйеде  жүргізіп 
отыратындығын  айтамыз.  Педагогтар  мен  тҽрбиеленушілердің  біріккен  іс-ҽрекет  жҽне  соның 
нҽтижесінде  оқушылардың  эстетикалық  мҽдениеті  қалыптасады.  Эстетикалық  тҽрбиенің  сипаты 
ҿзгеше  –  ол  тек  адамгершілік,  еңбек,  ақыл-ой,  дене  дамуымен  тығыз  байланыста  болған  жағдайда 
ғана жүзеге асып, оқушылардың қоршаған дүниеге деген сезімін оятады. 
Оқушылардың  музыка  туралы  жҽне  ҿнердің  барлық  салалары  мен  ҽсемдік,  ҽдемілік  туралы 
түсініктерін  байқау  жҽне  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мҽселелері  музыка 
сабақтарында  іске  асырылып  отыратыны  белгілі.  Педагогика  ғылымы  ҿнердің  тҽрбиелік  орны  мен 
негізін былай айқындайды: «Баланы ҿнер арқылы ашық ойлауға, терең сезінуге үйрету керек.  Сҿйтіп 
ҿзгені түсінудің құралы етуге кҿмектесу керек»- дейді. 
Музыкалық  тҽрбие  бұл  ұрпақтың  рухани    жан  –дүниесін  қалыптастырады,  сондықтан  жас 
ұрпақты  дүниежүзілік  деңгейге  сай  тҽрбиелеуде  маңызы  ҿте  зор.  Оқушыларды  адамгершілікке, 
ҿркениеттілікке, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тҽрбиелеу, олардың ақыл-ойының, сана-сезімінің, 
талғампаздығын  жағымды  мінез-құлқының    дұрыс  қалыптасуына,  музыкалық  қабілеттің  жетілуде 
қазақ халқының ҽн ҿнерінің тҽрбиелік мүмкіндіктері аса мол. Сондықтан оқушылардың музыкалық-
эстетикалық  тҽрбиесі  саласындағы  ғылыми-  жетістіктері  мен  озық  педагогикалық  іс-тҽжірибесін, 
қазақтың халық музыка ҿнерін оқу-үстінде кеңінен пайдалануды меңзейді. Жалпы білім беретін қазақ 
мектептерінде  оқушылардың  музыкалық  дамуын  қамтамасыз  ететін  жанрлық  жүйеге  негізделген 
тиімді  жұмыс  түрлері  мен  ҽдістерін  іздестіру  керектігін  айтады.  Болашақ  жас  ұрпаққа  музыкалық-
эстетикалық тҽрбие беру негізінен музыка сабағының үстінде іске асырылатыны анық. Оқушылардың 
мектеп қабырғасының ҿзінде-ақ музыка сабағының үстінде, сабақтан тыс кҿркемҿнер үйірмелерінің 
кҿмегімен замана талабына сай, мҽдени талғамы зор, музыкалық-эстетикалық білім саласынан едҽуір 
замана талабына сай, мағлұмат алуы арнаулы оқу бағдарламаларында кҿзделген. 
Қазақ  мектебінің  музыка  сабағының  оқу  бағдарламасында,  осы  сабақтың  мақсаттарын  мына 
тҿмендегіше етіп кҿрсеткен: 
«Оқушылардың  кҿркемҿнерге    сүйіспеншілігін  арттыру,  оның  ішінде  музыкалық  тҽрбие  беру, 
адамгершілік тҽрбиенің ажыратылмайтын бір бҿлімі болып табылады. Музыка ҿнердің басқа түрлері 
сияқты  алуан,  түрлі  құбылыстардың  шындығын  ашуға  адамның  ой-ҿрісін  жаңа  ойлармен  кеңейту, 
музыкалық  сезімталдығын  кеңейту  жҽне  талабын  байқау,  есту  қабілеттілігін,  ырғақтық  сезімін, 
музыкаға деген ынта-ықыласын дамытып ҿрістету» - деп кҿрсетілген. 
Музыка  сабағының  бағдарламасында  кҿрсетілген  бұл  бҿлімде  оқушыларды  жастарына  сай, 
кҿлемі  шағын  халық  ҽндерімен, сонымен қатар  қазақ  композиторларының  дауысқа арнап жазылған 
ҽндерді, сонымен қатар басқа халықтардың ҽн шығармашылығымен таныстыру қарастырылған. 
Бағдарламаға  енген  ҽндердің  кҿркемдік  жағы,  оқушылардың  түйсігіне  жеңіл,  жастық  дауыс 
ерекшеліктерін  де  еске  алып,  іріктеліп  алынған.  Оқу  бағдарламасының  басты  міндеті  оқушыларға 
ҽнді жалпылама хорға қосылып үйретуді негіз етіп алады. Ҿйткені хорға қосылып ҽн салу жүйесінде 
оқушылардың  музыкалық  қабілеттелігін  дамыту  міндеті  жүзеге  ойдағыдай  асырылады,  олардың 
музыкаға  деген  сүйіспеншілігі  мен  құштарлығы  күшейе  түседі.  Ҽн,  хор,  музыкалық  шығармалар 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  арналып  жазылған  болса,  сонымен  қатар  басқа  халықтардың 
ҽндерін  үйрету  жағы  қарастырылған.  Дегенмен,  музыка  сабағының  бағдарламасында  ҽлі  кемеліне 
келмеген  мҽселелер  бар.  Атап  айтсақ,  бастауыш  сыныптардың  бағдарламасында  ҽндерді,  күйлерді 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай етіп ҽрбір сыныпқа бҿлуді қажет.  
Оқу-тҽрбие  үрдісінде  тҽжірибелік  жұмыстарды  жүргізу  барысында  оқушыларға  музыкалық-
эстетикалық  тҽрбие  беруде    олардың  жас  ерекшеліктерінің  ескерілу  деңгейлерінің  нҽтижелері 
тҿмендегідей: 
- халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дҽстүрімізді қастерлеуге тҽрбиелеу; 

 
264 
-  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  музыкалық  іс-ҽрекеттер  барысында  оқушыларының 
шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту; 

тыңдалатын  жҽне  орындалатын  музыкалық  шығармалардың  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне сай болуын назарға алу; 
- дҽстүрлі ҿнер негізінде музыкалық-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; 
Мектеп  оқушыларының  сана  сезіміне,  жас  ерекшеліктеріне  сай  музыка  бағдарламасында  ҽр 
жақты  музыкалар,  ҽндер  қарастырылған.  Одан  баланың  музыкаға  деген  сүйіспеншілігін  жоғалтпау 
үшін  үйде,  мектепте,  театрда,  кинотеатрларда,  радиодан,  теледидардан  тҿменгі,  жоғарғы  сынып 
оқушылары  мен  жастарға  арналған,  олардың  психологиялық  ерекшеліктерін,  музыканы  қабылдау 
қасиеттерін  еске  алып  жасалған  хабарларды  тыңдатып,  кҿрсетіп  отырған  жағдайда,  олардың 
музыкаға құмарлығы, эстетикалық талғамы арта түспек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет