Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


А.Е. Жаскиленова, А. Карибаева



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

 
 
А.Е. Жаскиленова, А. Карибаева 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ ЗАМАНҒА САЙ ҚАЗАҚ  
ҦЛТТЫҚ КИІМДІ ЖОБАЛАУ ТҤРЛЕРІ 
 
ӘОЖ  638. 45: 681 
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  бекіткен  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  Отанымызда  білімді  ойдағыдай  жүзеге 
асырудың  маңызды  құралы  болып  табылады.  Соның  нҽтижесінде  қазіргі  таңда  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындарына  жақсы  жағдайлар  жасалуда.  Олар  аймақтың  білім  беру  жүйесін  тұрақты 
дамыту  мен  бҽсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ететін  базалық  ғылыми-ҽдістемелік  орталыққа 
айналуда.  Ең  бастысы,  ҿңірде  педагог  кадр  дайындау  ісі  заман  талабына  сай  орнығып  келеді.  Иҽ, 
қазір  жоғары  оқу  орындарына,  оның  ішінде  жас  ұрпақ  тағдыры  сеніп  тапсырылған  мұғалім 
мамандығын  ҽзірлеуге  қойылатын  талап  күн  санап  күшейіп  келеді.  Бұл  аймақтың  инновациялық 
үдерісі  мен  ҽлеуметтік  дамуына  да  ҿз  үлестерін  қосуда.  Жалпы,  институттардың  білім  беру 
жүйесімен  ҿзара  ҽрекеттестігінің  дҽстүрлі  үлгісін  түбегейлі  қайта  қарастыру  қажет.  Бұл  –  уақыт 
талабы. 
Аймақтық  білім  беру  кеңістігінде  педагогикалық  институттардың  алар  орны  ерекше  екені 
белгілі.Осыған  орай  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  «Кҽсіптік  оқыту» 
мамандығында заманауи ҽдіснамалық негізде жергілікті жердегі білім басқармаларымен ынтымақтас-
тықта кадр дайындау ісі ҿз жемісін беруде. Егер осыны алда да жетілдіре алсақ, екі жаққа да тиімді 
болады.  Бұл  ҿз  кезегінде,  аймақтарда  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламаның  оң 
кҿрсеткіштерге қол жеткізуіне айтарлықтай ықпал етеді. 
Халықтың  киімге  деген  сұраныстарын  қанағаттандыру  үшін  жеңіл  кҽсіптің  тігін  саласында 
кҿптеп қазіргі сҽнге байланысты киімдерді шығару. 
Дҽл  қазір  жеке  фирмалардың  кҿпшілігі  жеңіл  бұйымдар  тігуде.    Сол  себептен  де  қыздарға 
арналған  күнделікті  киюге  арналған  киім  жобалауын  қарастырдық.Сонымен  қатар  ҿзіміздің  қазақ 
халқының  салт-дҽстүрін  ұмытпау  үшін  ою-ҿрнектердің  талдауың  жасап,  оларды  қыздарға  арналған 
киімде қолдануын анықтадық. 
Қазақ  халқының  ою-ҿрнек  ҿнері  байырғы  ұлттық  ҿнерлердің  ішіндегі  ең  ежелгісі,  ҽрі  кең 
тараған  саласы.  Бұл  –  ұлтымыздың  мҽдени  дамуының  шежіресі,  адам  жанына  лҽззҽт  сыйлайтын, 
эстетикалық мҽні зор ҿнері. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден жатқан атауылары бар 
/1/. 
Ата  –  бабамыздың  қалдырған  мҽдени  мұрасының  тарихи  байыпты  зерттемей,  жаңа  ҿмірдің  
талабына  лайық  жауап  беретін  туынды  жасау  мүмкін  емес.  Жаңа  туындының    тамыры  кҿне  дүние 
тарихымен  неғұрлым    терең  астақтан    сайын  оның  ҽрбір  ҿскен  жапырақты  бұтақтары  да  жаңа 
заманың  рухынан    нҽр  алып,  сол  ортаның  идеологиялық  жҽне  рухани  жағдайына  лайықты  мазмұн  
мен  мағына    беруі    тиіс.  Демек,  ҽр  ҿнер    шеберінің    қолынан  шыққан    туынды  ата-бабадан  қалған  
мҽдени  мол    мұрадан  нҽр  алып,  жаңа  ҿмірдің    жаңа  талабына  сай  жаңаша  жырлауы  керек.  Қай 
мамандықтың  зерттеушісі  болмасын,  ескі  тарихи  мұралардың  негізіне      сүйенбесе,  оның  еңбегі  де, 
туындылары да іргетассыз  салынған үймен тең, ондай туындының  ҿмірі ұзақ  болуы мүмкін емес. 
Бұл  жағдай  мамандықтың  қай  саласы  болмасын,  барлығына    бірдей    қойылатын  қатаң  да  заңды  

 
265 
талап.  Бұл  талапты    мүлтіксіз  орындау-  мамандарымыздың  баршасының    қасиетті  борышы    болса 
керек /2/. 
Қорыта келгенде, тігін ҿндірісі саласы, алма ағашы сияқты бүршік атып келуде. 
Қазақтың ұлттық киімдері де ҿзінің сипатымен, сҽнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін 
сақтаған,  бедерін  жеткізген.  Қазақтың  ұлттық  киімдеріне  қарап-ақ  қазақтардың  қандай    халық 
болғанын  айтқызбай  немесе  ҿзін  кҿрмей  білуге  болады.  Ұлттық  киімдеріміз  ата-бабаларымыздың 
жауынгер,  жаугер,  батыр,  жаужүрек  халық  болғанын  кҿрсетер  еді.  Ҿйткені,  тірлігі  үнемі  аттың 
жалында, түйенің қомында жүген, кҿбіне мамыра-жай, жайма-шуақ жүре алмаған. 
 Қазақтың сҽндік қолданбалы ою-ҿрнегі жайлы сҿз қозғағанда, кҿз алдындыңызға, ҽсемдік пен 
сұлулық ҽлемі еріксіз елестейді. Осы бір қасиетті  сҿздер  ҿнердің қай саласы болмасын: сазгерлік, 
ҽдебиет, бейнелеу жҽне т.б.с.с. ҿнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі 
замандардан-ақ  қалыптасып,  үнемі  дамумен,  жетілдірумен  келе  жатқан  ою-ҿрнегі-сол  сұлулық 
ҽлемінің  ішіндегі  ерекше  бір  саласы.  Ою-ҿрнек  тарихы  тереңде  жатқан,  теориясы  күрделі  ҽсемдік 
ҿнері /2/. 
         Қол ҿнер шеберлерін, суретшілер мен сҽнгерлерді ұлттық рухта тҽрбиелеуде ою-ҿрнектің 
атқаратын  рҿлі  ҿте  зор.  Сұңғат  жҽне  бейнелеу  ҿнерінде,  сондай-ақ  қолҿнер  шеберлері  жасаған 
бұйымдарда  ұлттық  нақыш  анықталып  тұруы  қажет.  Сол  ұлттық  нақыштың  айқындап  бейнелейтін 
ҿнер  түрі  –  қазақтың  ою-ҿрнегін.  Қазіргі  таңда  қолҿнер  шеберлері  ҿздерінің  туындыларына  ою-
ҿрнекті ұтымды пайдалану үшін ҿрнектің жасалу принциптері мен техникасын үйренуде. Суретшілер 
мен сҽулет ҿнерінің мамандары ою-ҿрнектің сырт пішінің кҿшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, 
оның мазмұнынан, атаулары мен шығу тарихынан хабардар болса, салған суретінде немесе жасаған 
бұйымдарында сол біріктілік ізі ұлттық нақышта айқын кҿрініп тұрады.  
Жалпы ою ҿнері дүние жүзінің кҿп халықтарына тҽн. Дегенмен де қазақ  халқының  ою ҿнерінің  
ҿзіндік ерекшкліктерін  атап ҿтпеуге, сірҽ болмас. Ҿйткені, қазақтың ҿмірімен біте қайнасып, ежелгі 
замандардан пайдаланып келе жатқан  киіз үйін алсақ, есігінен аттап кірмей жатып-ақ оюлар ҽлеміне 
саяхат басталады. Демек, ою ҿнері қазақтың тарихымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан кҿне 
ҿнер.  
Қазіргі  уақытта  халқымыздың  ҿркендеп  ҿскен    мҽдениетіне    лайықты    кейбір  ою  элеметтері 
ҿздерінің    бастапқы  мҽнін  жойып,  жаңа  мағынада  ҿмірге    қайта  оралып  отыр.  Бізбен  замандас  ою 
жасаушы    шеберлердің    туындыларында    ертеректе    дүниеге  келген  оюлардың  элементтері  аз 
кездеседі  десекте  болады.  Бұл  жағдай  қазіргі  заманда    ою  ҿрнегінің    ҿзіндік  құнын  жойғаны  емес, 
керісінше, жаңа ҿмірге лайық жаңа бағыт алып, жаңаша ҿріс  тапқанын кҿрсетеді /3/. 
Қазақтың  ою-ҿрнек  ҿнерінде  кездесетін  ҽр  түрлі  саздағы  (мотивтегі)  элементер  кҿп  ғасырлар 
бойы сұрыпталудан ҿттіп, ҽр шебердің ҿзінше  ҿзгеріс ендіруіннің  арқасында бір түрден екінші түрге 
ауысып отырган. Ою жасаушылардың творчествалық еңбегіннің арқасында зооморфты саз ҿсімдіктер 
тектес  сазға  геометриялық  саздағы  элементер-зооморфты,  немесе  ҿсімдіктер  тектес  сазға  т.с.с. 
ауысып  отырған.  Бұл  жағдай  қазақ  ою-ҿрнек  ҿнерінде  бірнеше  элементерімен-ақ  шахматтағыдай 
мыңдаған түрлі композициялық вариантарды жасауға болатындығының дҽлелі. 
Сонымен қатар қазақтың ою-ҿрнек элементеріннің керемет икемділік (податливость) ерекшелігі 
де бар. Бір композициянның ішінде ҽртүрлі саздағы бірнеше элементер бір-бірімен тұтас бірігіп, бір 
бүтін аяқталған ою композициясын құрайды /3/. 
Қазақ  оюлары бойына  пластикалық  үйлесім  заңын  да  толық сіңіре  білген   ою композициясын 
құру  теориясын  жақсы  білетін  шеберлер  бір  жазықтықтың  біріне  бірнеше  оюларды  қабаттап  салу 
арқылы  да  ҿте  күрделі  бір  тұтас  ою    шығара  алады.Ҽр  оюдың  сүйегі  ҿзіне  тҽн  түрге  боялып,  бір-
бірінен  қалған  бос  орынды  жалпы  композициянның  статистикалық  теңдігін  бұзбастан  толтырады. 
Мұндай күрделі оюларды қазақтар «шытырман» оюлар дейдй. Себебі, ҽр оюдың элементері ҿздерінің 
орнына    қарай  бірде  біреуінің  астына  ҿтсе,  екінші  жагдайда  үстінен  бастап  ҿтеді  де  күрделі 
шытырман сияқты ою композициясын құрады. 
Ою  деп,  заттың,  бұйымдардың,  жиһаздардың,  ғимаратардың  сыртқы  пішініне,түріне, 
шығармашылық  ҽуеніне  ерекшк  мҽнер,  қосымша  ҽсер  беріп  қарапайым  симетриялы  элементерден 
құрылып,  ырғақ,  теңеу,    рең  арқылы  түзу  жазықтықта  немесе  квадрат,  ромб,  шеңберлерде 
тұйықталып орналасқан ҽшекейлеу ҿрнекті атайды /3/. 
Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтерге, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй жиһаздарына, аяқ киімдерге, 
зергерлік  бұйымдарға,  қару-жарақтарға,  сҽулет  ғимараттарына  ҽртүрлі  композициялық  жолдармен 
қолданылады. 

 
266 
Заттың,  бұйымның  сыртқы  пішініен,  алатын  орнына,  атқаратын  қызметіне,  пайдалану 
мақсатына  жҽне  шикі  зат  түрлеріне  қарай  ою-ҿрнекті  бояп,  ойып,  қашап,  құйып,  бедерлеп,  ҿріп 
заттардың түр-пішінімен үйлестіре іске пайдаланған. 
Оюлар ҽр шикізаттың  физикалық қасиетіне, пайдаланылатын ҿнер бұйымның қолдану аясына 
байланысты  рельефті,  барельефті  болып  шешіліп,  жазықтықта  қалай  қолданса  кеңістікте  де  солай 
орын ала білген /4/. 
Сондықтан  ою-ҿрнектерге  талдау  жасап,  ҽр  классификациялық  топқа    болмес  бұрын    ою-
ҿрнектің  негізгі  құрылымы  қалай,  ҿюдың  ҿзіне  тҽн  ерекшелігі  неде,  композициялық  орналастыру 
ережесі не, ою-ҿрнектің пішінін,  құрылысын, образдық белгісін ҿзгертуге симметрияның  ҽсері деген 
сұраққа  жауап беруіміз керек.  Ою-ҿрнекті халық шеберлері сҽулет, кескіндеме, қолданбалы ҿнерде,  
қолдан шыққан барлық ҿнер заттарын кҿркемдеуге, ҽсемдеуге пайдаланған. Осыған  орай ою-ҿрнек 
үлгілері араласқан бұйым заттарды,тұрмысқа қолдану негізіне қарай екі  топқа бҿледі. Біріншісі, ою 
ешқандай заттарды  кҿркемдемей-ақ, ҿз алдына  жеке ҽшекей ретінде қолданыланылып кҿркемдерге 
эстетикалық сүйеніс, ҽсер береді. Бұндай жағдай оның кҿркемдік,  ҽсемдік жақтары  пайдаланылады. 
Екінші    түрінде  оюлар    шебердің  қолынан  шыққан  заттарды  кҿркемдеп  толықтырып,  айрықша 
кҿрініс, сҽн мҽн-мағына береді. Яғни ою-ҿрнек  жасалған заттан ерекше  бҿлінбей оның формасын, 
пішін  түрлерін  шешеді.  Осындай  бұйымдар    күнделікті    тұрмыста  пайдаланумен  қатар, 
кҿрермендерге эстетикалық, лҽззат жіне рухани   байлық боп ерекше  сезімге тҽрбиелейді. Қазақ ою-
ҿрнектерінің  ҿздеріне  тҽн    сыңар  ою,  тең,  жүздеме  ою  секілді  композициясының    классикалық-
орталық бҿлік, шет, жиек фон негіздерімен  бірге, симметриялық тепе-теңдік, тұйықтық, орнақтылық 
категориялары  сақталған.  Мысалы,  толқын,  ирек,су  ,омыртқа,  айшық,  сыңар  мүйіз,  бұғы  мүйіз 
оюларынан шапшаң қозғалысты байқасақ, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді 
оюлардан орнылықты, байыптылықты кҿреміз. 
Қазақтың сҽндік қолданбалы  ою-ҿрнегі жайлы  сҿз  қозғағанда,  кҿз  алдындыңызға,  ҽсемдік  пен 
сұлулық  ҽлемі  еріксіз  елестейді.  Осы  бір  қасиетті    сҿздер    ҿнердің  қай  саласы  болмасын: 
сазгерлік,ҽдебиет, бейнелеу жҽне т.б.с.с. ҿнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының 
ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою-ҿрнегі-сол сұлулық 
ҽлемінің  ішіндегі  ерекше  бір  саласы.  Ою-ҿрнек  тарихы  тереңде  жатқан,  теориясы  күрделі  ҽсемдік 
ҿнері. 
Сондықтан  ою-ҿрнектерге  талдау  жасап,  ҽр  классификациялық  топқа    болмес  бұрын    ою-
ҿрнектің  негізгі  құрылымы  қалай,  ҿюдың  ҿзіне  тҽн  ерекшелігі  неде,  композициялық  орналастыру 
ережесі не, ою-ҿрнектің пішінін,  құрылысын, образдық белгісін ҿзгертуге симметрияның  ҽсері деген 
сұраққа  жауап беруіміз керек.  Ою-ҿрнекті халық шеберлері сҽулет, кескіндеме, қолданбалы ҿнерде,  
қолдан шыққан барлық ҿнер заттарын кҿркемдеуге, ҽсемдеуге пайдаланған. Осыған  орай ою-ҿрнек 
үлгілері араласқан бұйым заттарды,тұрмысқа қолдану негізіне қарай екі  топқа бҿледі. Біріншісі, ою 
ешқандай заттарды  кҿркемдемей-ақ, ҿз алдына  жеке ҽшекей ретінде қолданыланылып кҿркемдерге 
эстетикалық сүйеніс, ҽсер береді. Бұндай жағдай оның кҿркемдік,  ҽсемдік жақтары  пайдаланылады. 
Екінші    түрінде  оюлар    шебердің  қолынан  шыққан  заттарды  кҿркемдеп  толықтырып,  айрықша 
кҿрініс, сҽн мҽн-мағына береді. Яғни ою-ҿрнек  жасалған заттан ерекше  бҿлінбей оның формасын, 
пішін  түрлерін  шешеді.  Осындай  бұйымдар    күнделікті    тұрмыста  пайдаланумен  қатар, 
кҿрермендерге эстетикалық, лҽззат жіне рухани   байлық боп ерекше  сезімге тҽрбиелейді. Қазақ ою-
ҿрнектерінің  ҿздеріне  тҽн    сыңар  ою,  тең,  жүздеме  ою  секілді  композициясының    классикалық-
орталық бҿлік, шет, жиек фон негіздерімен  бірге, симметриялық тепе-теңдік, тұйықтық, орнақтылық 
категориялары  сақталған.  Мысалы,  толқын,  ирек,су  ,омыртқа,  айшық,  сыңар  мүйіз,  бұғы  мүйіз 
оюларынан шапшаң қозғалысты байқасақ, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қолтықша, тарақ, балта секілді 
оюлардан орнылықты, байыптылықты кҿреміз. 
Ҽрине, кез-келген жерге кесте тігуге немесе жапсырма жапсыруға болмайды. Ондай жағдайда 
бұл киім талғамы жоғары кҿрермен түгіл, талғамы орташа адамдардың  ҿздеріне  де күлкі тудырар 
еді. Атамыз қазақтың бұл ретте «бояушы – бояушы дегенге сақалын бояпты » деген даналық сҿзі бар. 
Бҽрі ретіне қарай, ҿз орнымен  істелгенде ғана  биік талаптың  тұрғысынан шығады.  
Ҿрнектің кҿлемі, түсі киімнің жалпы түсімен, ауқымымен жҽне салмағамен сҽйкес келуі керек.  
Бет-албаты  жапсырылған  жапсырма  киімнің    ҽрін  кіргізбек  түгіл,  ажарын  қашырып  жібереді. 
Жапсырманың гүл түріндегі формалары кҿбінесе сол жақ омырау тұсқа жапсырылады.  Ал киімнің 
етек жағына жапсырма ҽшекей келіспейді. Кҿйлектердің етектеріне  негізінен түрлі кестелер  тігеміз, 
желбірлер тігеміз /4/. 
Киімді ҿрнектегенде  оның дҽл орнын анықтау  керек  ҽр нҽрсе тек ҿз орнында тұрғанда ғана 
тартымды болмақ. Бұл орайда талғам таразысы қажет.  

 
267 
Алдымен қандай  кҿлемдегі ҿрнек керек,ол қай жерлерде тұруы керек дегенді есептеп аламын. 
Одан  кейін  енді  сол  ҿрнектің  түсі  немесе  түстері  анықталады.  Қазақ  кесте  түсін  таңдағанда  екі 
бағытты  ұстанған.Біріншісі-матаның  немесе  оның кестесінің  ҿңін  ашып  кҿрсету.Бұл  үшін   кестенің 
түсті негізгі матаның түсіне  қарсы, яғни контраста болды. Ақ матаға  қара ою, қызыл матаға  жасыл 
жапсырма    жапсыру  содан  қалған.  Мұндай  тҽсіл  шынында  тігілген  киімнің  ҿңін  ашу    үшін  керек. 
Олар бір-біріне қарсы түс  болғандықтан да бір-бірінің аражын ашады. Екінші тҽсіл- тектес түрлер 
арқылы  кесте  тігу.  Қызылдың  немесе  кҿктің  ,  яғни  жасылдың  ашық,  қалыпты,  солғын    кҿмескі, 
ақшыл  түстер  арқылы  сол  бояудың  бүкіл  ҽлемін  кҿзге  елестетуге  болады.  Тектес  бояулар  бір-бірін 
толықтыру  үшін  қолданылады.  Олар  жаңағы  түсті  одан  сайын  жеңілдете  немесе  тереңдете  түседі. 
Дұрыс ретін таба білсе тектес түстер арқылы қайталанбас түстер ҽлеміне  сүңгуге болады. Ол үшін 
үлгілеуші-сүретшінің бай қиялы болуы мендеті. 
Міне,  киімді  осылай  ҽшекейлейді.  Қандай  киімді  болмасын  ҽшекей  қалай  болатынын  кҿзге 
елестетіп алмай тұрып, бет-алдымен  ҽлмештейберудің қисыны жоқ.  
Талаптар  толық    орындалған  жағдайда  киім  бетіндегі  ҽшекейлер  адам  ажарын    аша  түсері 
даусыз.  Қалай болғанда да  сҽнді киінгенге  не жетсін!  Сҽнді киіну үшін  оның талаптарымен таныс 
болған да дұрыс. 
Ҿндірістің қазіргі  қуаттары  безендіру үшін  сансыз материалдар жасап шығаруда. Оның атын 
атап тауысу қиын. Оқырмандарға  белгілерін топтап айтсақ; тоға, тастар, моншақтар, асыл інжулер, 
зергерлік бұйымдар жҽне басқалары. Оларды ҽшекей  ретінде пайдалану   сұлулық сыйлайды. Олар 
үлгілеуші-суретшілердің  қолдарын анағұрлым ұзарта түсті. 
_______________________ 
1.Сабыркүл Асанова «Сымбат, қазақтың ұлттық киімдері» Атамұра Алматы, 1995 
2.Нүрпейісов Ҽ.Р. «Қазақ халқының ою-ҿнері» 
3.Энциклопедия  «Қазақтың ою-ҿрнектері» 
4.Козлова Т. В. «Основа теорий проектирования костюма» Москва:Легпромбытиздат 1981 г. 
5.Орлова Л. В. «Азбука моды» издательство «просвещения» 1988 г. 
 
Аннотация.  Об  умении  использования  казахского  орнамента  в  одежде.  Значение  орнаментов.    О 
необходимости приобщения молодежи к источникам истории и культуры. 
Annotation. The article is about the of use of Kazakh ornament in the clothes, what ornament mean. About 
necessity to contact with people to the sources of our  history and culture.   
 
 
М.К. Керімбеков, С.М. Керімбеков 
 
СУРЕТ САЛА БІЛУ – ШЕБЕРЛІК 
(Тараз қаласындағы №36 орта мектептің ҧстазы  С.Жамансариеваның тәжірибесінен) 
 
ӘОЖ 371 001 895 
          К 40 
 
Мектепте  жҽне  жоғарғы  оқу  орындарында  студенттерге  сурет  салдыра  білу  шеберлікті  қажет 
етеді.  Сурет  салу  -  ҿнер.  Ҿнерлі  ұрпақтың  келешегі  зор.  Ҽсіресе  жоғарғы  оқу  орындарындағы 
бейнелеу  ҿнері  бойынша  мамандану  –сурет  ҿнеріне  баулу  ҽдістері  мен  амалдарын  үйретуден 
басталады.  Орта  мектептегі  бастауыш  сыныптан  басталатын  бейнелеу  ҿнері  –  оқушылардың  сурет 
салу қабілеті мен талантынды дамытады.  
Тҽуелсіздігіміздің  алғашқы  жылында  жарық  кҿрген  Ҽ.Тҿлебиевтің  «Сурет  сала  білесің  бе?»  - 
деген  кҿмекші  оқу  құралы  (-Алматы,  «Ҿнер»  баспасы,  1990  ж)  жоғары  оқу  орындарындағы 
студенттерге,  таптырмас  оқу  құралына  айналды.  Кҿмекші  құрал  сурет  ҿнеріне  бейім,  қабілетті 
студенттер мен талапкерлерге арналған. Ҽсіресе мектеп оқушылары үшін де қажет. Тҽуелсіздігіміздің 
алғашқы жылында шыққан кҿмекші құрал 25 мың дана болып,  республика аймақтарына таратылған. 
Кҿмекші құрал жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларына қажет-ақ. Амал не, соңғы жиырма 
жылда кҿмекші құрал қайта басылып шықпаған.  
Кҿмекші  құрал  авторы  суретші-ұстаз  Ҽ.Тҿлебиев  сурет  салудың  қыры  мен  сырын  айқындап 
кҿрсете  білген:  «Сурет  салуды  сүю  -  ҿмірді,  табиғатты,  айнала  қоршаған  ортаны  сүю.  Ол  адамның 
ақыл,  ой,  парасатын  ҿсіреді.  Танымын  кеңейтеді,  ізгілікке,  ҽсемдікке  үйретеді»,  -  деп  [1]  сурет 
ҿнерінің мақсатын, міндетін түсіндіреді. Кҿмекші оқу құралының «Негізгі мақсаты  – сурет салудың 

 
268 
қыр-сырларын  оның  ең  басты  қағидаларын  меңгеріп  үйренем  деушілерге  түсіндіру»  -  деп,  автор 
сурет салудың негізі болып табылатын екі салаға ерекше тоқталады. Оның бірі  – сурет техникасын 
меңгеру мен натюрморт салу, ал екіншісі – адам кейпін пішіндеу деп [1-38] кҿрсетеді.  
Ҽ.Тҿлебиевтің «Сурет сала білесің бе?» деген кҿмекші оқу құралы жоғары оқу орындары мен 
мектеп оқушыларына да қажет. Сурет салу – оңайлықпен іске аспайды. Ол үйренуді, үйретуді қажет 
етеді. Ұстаздың сурет салу шеберлігі – студенттер мен мектеп оқушыларына да ҽсер етеді. Бейнелеу 
ҿнері  мамандығын  меңгеретін  жоғары  оқу  орындарының  студенттері,  мектеп  практикасы  кезінде 
оқушыларға сурет салудың ҽдістері мен амалдарын оқушыларға үйретуден бастайды. Атап айтқанда:   
- Тұтас кҿру жҽне перспектива; 
- Жарық пен кҿлеңке; 
- Нүкте, сызық жҽне штрих;  
- Сызық немесе сызықтық бейнелеу;  
- Ою мен ҿрнек жҽне долбар (наброск);  
- Натюрморт жҽне композиция; 
- Адам басын салу;  
- Адам тұлғасын бейнелеу;  
- Қолды (қолдың басын) салу ҽдістері;  
- Аяқты (аяқтың басын) салудың ҽдістері;  
- Тұлғаны салу жолдары.  
Мектеп  оқушыларына сурет  салудың  ҽдістерін жан-жақты  үйрете  білгенде  ғана  оқушылардың 
сурет салуға деген ынтасы орта түседі. Мектеп практикасы кезінде болашақ білімгер – ұстаздар сурет 
ҿнерінің  қыры  мен  сырын  ҿзі  меңгеріп,  оқушыларға  үйретуден  бастайды.  Сурет  ҿнері  –  қабілетті 
қажет етеді. Сурет сала алмаған суретші бола алмайды. Мектепте оқушыларға сурет салдыру, үйрету 
ісі  ҿте  күрделі.  Сабақ  барысында  сурет  салуға  үйрету  -  ұстаз  шеберлігін  қажет  етеді.  Шеберлік  – 
қабілетті  дамытады,  қабілет  –  талантты  ҿсіреді.  Оқушылардың  сурет  салудағы  қабілетін  дамыту  – 
ұстаз шеберлігіне тығыз байланысты. Ұстаз шеберлігі  – оқушылардың ой-ҿрісі мен дүние танымын 
танытады. Мектеп практикасы кезінде бейнелеу  ҿнері бастауыш сыныптардан басталатыны белгілі. 
Оқушыларды сурет салуға баулу, талабы мен талантын ҿсіру, қабілетін дамыту сабақ барысында іске 
асырылады.  
Тараз  қаласындағы  №36  орта  мектептің  тҽжірибелі  ұстазы  С.Жамансариеваның  сурет  салуға 
үйретудегі  сабақ  ҽдістері  мен  амалдары  оқушыларды  сурет  ҿнеріне    баулудың  алға  шарттарын 
жасайды. Сабақ – ұстаздың білім айнасы. Сабақ арқылы оқушылардың білімі мен қабілетін, ынтасын, 
ізденісін дамытады. Мектеп оқушыларын сурет салуға үйрету кҿп ізденісті қажет етеді. Осы мақсатта 
мектеп  ұстаздары  оқушылардың  сурет  салуға  деген  талантын  айқындау  үшін  олардың  қабілетіне 
кҿбірек  зер  салып,  талантын  ұштаудың  жолдарын  қарастырады.  Талант  тануды  қажет  етеді.  Ҽрбір 
оқушының  сурет  салуға  деген  қабілетін,  талантын,  дарынын  айқындай  отырып,  оның  ҿсуіне  жан-
жақты жол ашады. Ұстаздың сабақ беру ҽдістері мен амалдары сабақ барысында оқушы шеберлігін 
шыңдай түседі.  
І. Оқушыларды бейнелеу ӛнеріне баулу 
Пәні: Бейнелеу ӛнері. 4-сынып 
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан елі мен жері бейнелеу ҿнерінде»  
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік.  Қазақстанның  кҿркем  табиғатымен,  табиғат  кҿріністерін          бейнелеген 
суретшілердің кҿркем шығармаларымен оқушыларды таныстыру. 
Дамытушылық.  Туған  жердің  сұлу  табиғат  кҿрінісін  бейнелеуге  оқушыларды  баулу.  Жеке 
тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай туғызу. 
Тәрбиелік.  Эстетикалық  тҽрбие  беру.  Табиғатты  танып  -  білуге,  қоршаған  ортаны  сүюге, 
аялауға, баптауға бағыттау. 
Сабақтың типі: жаңа білім беру. 
Сабақтың тҥрі: аралас сабақ. 
Сабақ мазмҧнының ашылуына кӛмектесетін әдістер: сұрақ - жауап, ҽңгімелеу, топтастыру, 
галереяға саяхат. 
Сабаққа  қажетті  қҧралдар  мен  кӛрнекіліктер:  репродукциялар,  суретшілер  туралы 
окулықтар, слайд, табиғат кҿріністерінің суреттері, акварель бояуы, гуашь, қылқаламдар, су құйғыш, 
палитра, сурет дҽптер. 
Пән аралық байланыс:  Ана тілі, музыка, дүниетану. 
Сабақтың жоспары:  

 
269 
    1. Ұйымдастыру кезеңі; 
                                 2. Үй тапсырмасын сұрау: 
                                3. Жаңа сабақ; 
                                4.  Жаңа сабақты бекіту
                                5. Шығармашылық тапсырма; 
                                6. Оқушы ҽрекетін жҽне сабақ барысын бағалау; 
                                7. Үй тапсырмасын беру. 
Кҥтілетін нәтиже: 
-табиғат кҿрінісін қағаз бетіне үйлесімді бейнелейді; 
- реңдік жҽне түстік қасиеттерін ескереді; 
-жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті дамиды. 
Сабақтың барысы: 
1. Ҧйымдастыру кезеңі: 
-оқушылардың даярлығын қадағалау; 
- зейіндерін сабаққа аудару. 
2.Ҥй тасырмасын тексеру. 
Ҿткен сабақ бойынша толық аяқталмаған жұмыстарды тексеріп бағалау. 
3.Жаңа сабақ.  
Қызығушылықты ояту: 
Балалар " Қазақстан" деген сҿзді естігенде сендерге ең бірінші қандай ой келеді? 
 
 
Қазақстан - ҿте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. 
Мұнда жазық дала да, орман да, кҿл де, шҿлді аймақ та бар. 
(Қазақстан елі, жері, табиғаты жайлы интерактивті тақтадан слайд кӛрсету
Қазақстанда ҽлемге ҽйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты кҿркем қорықтар, демалыс орындары 
кҿптеп кездеседі. 
Ҿзінің үздіксіз жаңарып жатқан туған ҿлкесін асқан шеберлікпен бейнелеген суретшілердің бірі 
қазақ  халқының  түңғыш  кҽсіби  суретшісі  Ҽбілхан  Қастеев.  Оның  акварельмен  салынған  суреттер 
сериясы қазақтың шетсіз - шексіз жомарт даласы, жаннат жайлауы жайлы сыр шертеді. 
" Ҽсем табиғатқа тігілген киіз үйлер " 1944 ж 
" Қазақстан тауларында " 1951 ж  
" Биік таудағы мұз айдыны " 1955 ж  
" Таулы жердің тыңын игеру " 1956 ж  
" Есік кҿлі " 1959 ж  
" Жамбыл салт атпен серуендеп жүр " 1972 ж 
Басқа да Қазақстан суретшілері туған елінің табиғатын шабытпен жырлай білді. 
Ҽ. Ысмайылов «Хантҽңірі» 
С. Айтбаев «Бақыт» 
О.Таңсықбаев «Абай даласындағы кеш» 
А. Пластов «Күз»  
Мағынаны тану: 
«Ой шақыру»    
Ойын: Кел балалар ойнайық, ойнайық та, ойлайық. 
Балалар, біз қазір барлығымыз жапсырмалау ҽдісі арқылы сурет салып кҿрейік. Ол үшін біздің 
тапқырлығымыз қажет. Жұмбақ айтамын, шешуін табамыз, суретін жапсырмалаймыз. 
1.Ақ кҿйлекті, кҿк желек,  

 
270 
Орманда орны бір бҿлек.  
Ҽннің аты деседі,  
Сызды жерде ҿседі.                         ( Қайың) 
2.  Тікен - тікен тік пісте,  
Қысы - жазы бір түсте.                    (Шырша) 
3.  Жылт - жылт еткен  
Жылғадан ҿткен.                              (Су) 
4.  Жүр едім мен жылқы іздеп,  
Қыр үстінде құраулап.  
Кҿктен кҿрдім бір тізбек,  
Самғап ұшқан тыраулап.                (Тырналар) 
5.  Жер дүниені аралайды,  
Жел дауылды қаламайды.  
Тұрақты бір тұрағы жоқ,  
Тауға ғана паналайды.                    (Бұлт) 
Суреттерді ретімен орналастыру. Бейнелі суретке кҿңіл аудару. 
- Балалар қандай жанрда салынған сурет? 
- Пейзаж. 
- Пейзаж дегеніміз - табиғат кҿрінісі бейнеленген кҿркем шығарма. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет